Баяндама: "Жас мамандардың ізденістері мен жетістіктері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: "Жас мамандардың ізденістері мен жетістіктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға қажет. баяндамада жас мамандардың шығармашылықпен жұмыс істеу жолдары көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жас маманның ізденістері мен жетістіктері


«Еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, озық ойлы, ұшқыр қиялды, жаны жайсаң, кең жүректі білікті ұстаздардан білімдіде білікті шәкірттер шығатыны өз-өзінен түсінікті. Жас маманмен жұмыс – жас маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі. Білім беруде нәтижеге жету оңай жұмыс емес. Білім беру міндеті білім сапасын көтеруді мақсат етіп қояды. Педагог алға қойған мақсатқа жету үшін үнемі шығармашылықпен жұмыс жасап, педагогикалық құзыреттілігін дамытып отыруы қажет.

Қазан айында жас мамандарды мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиналыста мұғалімдікке қабылдау рәсімі өткізіліп отырады. Кәсіби дайындығын бағдарлау мақсатында диагностика жүргізіледі.

Жас мамандар мектепте тәлімгерлердің көмегімен бейімделу уақытынан өткеннен кейін кезең-кезеңімен әдістемелік дайындық жұмыстарын бастады. Тәлімгерлері жас мамандардың сабағына, жас мамандар тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып отырады. Сабаққа қатысуды талдау әдістеме отырысында жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда жан-жақты білімді, өз істерінің білгірлері болғысы келетін жас ұстаздар бар. Олар түрлі сайыстарға қатысып, өздерінің жетістіктерімен көзге түсіп жатады. Біздің мектепте де осындай жас мамандар баршылық. Мектепке келген жас мамандар мектеп қабырғасына жаңадан келгендіктеріне қарамастан, мектептің сабақ, сыныптан тыс іс-шараларына өз үлестерін қосып жатыр. Жас мамандар мектебімізде қараша айында өткізген «Жас ұстаздар апталығына» белсене қатысты. Апталықта инновациялық технологияларды қолдана отырып ашық сабақтар көрсетті.

Елбасы- ел тірегі, абыройы, айбаты тақырыбында ашық тәрбие сағатын

6 сыныппен Алтынбекова Сымбат өткізді.

Ақпаратты іздеу, жазу және оқу тақырыбында ашық сабақ 5 сыныпта, Информатика әлеміне саяхат атты сыныптан тыс жұмысты 6-7 сыныптар арасында информатика пәні мұғалімі Карипжанова Айгерім, 4 сыныпта орыс тілі пәні мұғалімі Қаражанова Айнұр «Теремок» урок-спектакльін , «Пушок» тақырыбында 3 сыныпқа ашық сабақ өткізсе,





Мен мамандықтар әлеміндемін тақырыбында тренинг сабақты 9-сыныпта психолог Еркінбекова Айнаш өткізді.





Кез келген кәсіби ортада жылдар өткен сайын ұжым мүшелерінің ауысуы – заңдылық. Егер жаңа келген буынды жақсылап педагогикалық тұрғыдан қаруландырмаса, болашаққа балта шабылатыны ақиқат. Жас мамандармен толық жұмыс барысын қамтитын жұмыс жоспары құрастырылды. Олар бірнеше бағыттардан тұрады: оқу бағдарламасымен танысу, түсініктеме хат, тақырыптық – күнтізбелік жоспар, оқулықтармен, әдістемелік әдебиеттермен танысу, сабақ жоспарын дайындау, сынып журналымен жұмыс. Мұғалім – мұғалім сабақтастығы барысында жас мамандардың тұлғалық ерекшелік қасиеттерімен бірге ұстаз ретіндегі педагогикалық ұстанымдары мен біліктілік, білімділік, шығармашылық шеберліктерінің артуы мен жан – жақты дамуына көмек қолдарын созуымен қатар, дамуына да көмек үлестерін тигізіп келеді. Олардың ұстаз тұлғасы ретінде қалыптасуы және бар тәжірибесінің іс жүзінде іске асырылуы үшін жан – жақты жағдай қарастырылған. Мұндай педагогикалық өсу үшін тәжірибелі ұстаздар тарапынан әдістемелік көмек қажет. Ұстаз – жас маман арасындағы қарым – қатынас әріптестік бағытта қарастырылған. Әр жас маман үшін тәжірибелі ұстаз бекітілген . Әдістеме бірлестік жетекшілері жас мамандар және жұмысқа жаңа орналасқан мұғалімдермен жұмыс жасаудың жоспарын жасайды. Жас мамандармен ұлағатты ұстаз арасындағы сабақтастық мектебіміздің жыл бойына қаланып келе жатқан дәстүрін жалғастыру мақсатында көп көмек беріп келе жатыр. Біршама педагогтардың жоғары сапалы сабақтары, білім сапасының жоғарылауы, пәнге деген, мектепке деген қызығушылықтың артуы жұмыстың жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын байқатады.

Жас ұстаздар өздерінің бірлестік апталықтарында ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізді. Мектепішілік «Үздік сынып жетекші» сайысына 10 б сынып жетекшісі А.Қаражанова қатысып ІҮ орын иеленсе,

6-сынып жетекшісі С.Алтынбекова «Ізденімпаз ұстаз» номинациясын алды. Мектепішілік «Жыл мұғалімі -2015» сайысына қатысқан жас ұстаздар С.Алтынбекова Бас жүлде, А.Қаражанова ІІІ орын, А.Карипжанова, А.Алмасова номинацияларға ие болды. Қоғамдық жұмыстар мен спорттық шараларға жас ұстаздарымыз белсене қатысып, өздерін жоғарыдан көрсетіп келеді.

Ағылшын тілі пәні бойынша С.Алтынбекова «Learn English» атты үйірме жұмысын жүргізеді. Тіл дарыны-2015 сайысына қатысып сертификат алды. Оқушысы Қазыбекова Алтынай «Leader» дарынды балаларға арналған конкурста ІІІ орын алды.

Орыс тілі пәні бойынша А.Қаражанованың оқушылары Халықаралық «Русский медвежонок» сайысында 3 сынып оқушысы Болатбергенов Ерсін ІІ орын, 4 сынып оқушысы Ахатаева Толғанай І орынды иеленді.

Информатика пәні бойынша А.Карипжанова 2014 жылы “Үздік информатика” сайысына қатысып, 5 сынып оқушысы Халелов Әділжан екеуі ғылыми жоба қорғап, аудандық білім бөлімінен “Сертификат” алды.

  • Ғылыми жоба тақырыбы:

  • WORD, WORDPAD, бағдарламаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары. 5-7 сыныптар арасындағы информатика пәнінен аудандық олимпиадада 6-сынып оқушысы Марат Еркежан III орынға ие болды.

Психолог А.Еркінбекова 2014 жылы Қашықтықтан өткен республикалық психологтар олимпиадасында аудан бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін сертификат алды, 2014 жылы «Сеңгір-2014» лагерін ұйымдастыруда белсенділік көрсеткені үшін АБББ-нің мадақтамасын, 2015 жылы Қашықтықтан өткен республикалық психологтар олимпиадасына қатысып сертификат алды.

Сурет, сызу пәні бойынша Қ.Абусағиевтың 4 сынып оқушысы Ахметқанов Асыл аудандық бейнелеу пәні олимпиадасына қатысып ІІІ орын алса, 5 сынып оқушысы Жанарбекова Динара сертификат алды. Бұл жетістіктер ұстаздарымыздың еңбокқорлықтарының нәтижесі демекпіз. Жас мамандарымызға осы жолдан тайынбай ары қарай ізденімпаздықпен жұмыс жасауларыңызды және алғашқы ұстаздық еңбек жолдарыңызға одан әрі сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.06.2018
5408
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі