БҚО, Сырым ауданы Қоңыр
ауылы
ЖББ А.Жұмағалиев атындағы Жосалы ОМБК
психологы Ж.Ж.Мендалиева
Жасөспірімдер арасында
зорлық-зомбылықтың,
қатыгездіктің алдын
алу
Әлемде қазіргі ең өзекті
мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің,
балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы.
Барлық балалар үйінде, мектепте және басқа да
қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық –
зомбылықпен ұшырасып отырады. Баланың болашақта қандай азамат болуы
оның мектепте, отбасында қоршаған ортада алған тәрбиесіне
байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және
адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам
құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық саяси,
экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы көзделген заң
тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.
Бала өз ата – анасының
тәрбиесін алуға, өз қызығушылықтарын жан – жақты дамуын қамтамасыз
етуге құқылы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабы
кәмелетке толмаған баланы ата-анасының немесе осы міндет жүктелген
басқа адам, сонымен қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не
кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің
қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны үшін шара
қолдануды қамтиды.
Зорлық – зомбылық тақырыбы
мектепте тәрбие сағаттарында қаралып, ата-аналар үй жағдайында
баласының қатеріне сала отырып, оқушыларға зорлық – зомбылық туралы
мағлұмат беруі, ол адамның ең жаман қасиеті екенін түсіндіріп
отыруы қажет. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай
болса оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын
қорғауы туралы санасына сіңіріп, тәрбиелеуі аса маңызды іс. Зорлық
–зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін, жаман әдеттерден
бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу немесе
ондай әрекеттерден сақтандыру адамгершілігі мол саналы азамат болып
өсуіне ықпал жасау барлығымыздың міндетіміз.
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін-
бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық.
Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық –
адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас
бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – Конституциялық
заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты
өмір
салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен
нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау,
зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Зорлық балалардың денелік және
психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр
машақат болып табылады. Әсіресе, өмір жағдайында түрлі соққылар, зорлық –
зомбылық жағдайы көп кездеседі. Балаларға қатысты зомбылықтың алдын
алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде
ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу бүгінгі күннің басты
талабы болып табылады. Адамға зорлық көрсетудің екі түрлі жағы бар.
Олар: Тән
азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер
ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын
шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян
келтірілуі мүмкін.
Жан
азабын шектірген зорлық –
жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін
қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның
психикасына әсер ету. Жан
азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына
ұшыратуы мүмкін. Көп уақытта балалардың өміріне балта шаппау
мақсатында, олардың кішігірім қылмыстарын жауып тастауға, ешкімге
айтпауға тырысамыз, бірақ, қазіргі қоғамның қажеттілігі сол
жағдайлардың айтылып, оқушының түпкілікті бақылауға алынуын қажет
етеді.
Осы оқу жылындағы
педагог-психологтың құрылған жоспар бойынша
8-11 сынып оқушылар арасында өткізілген
«Зорлық-зомбылықтың алдын-алу» тақырыбындағы сауалнамаға 51 оқушы
қатысты. Ал аудандық прокуратураның жасақтаған сауалнамасына 2-8
сынып оқушылары арасында 76 оқушы қатысты. Алынған сауалнамалар
қорытындысы бойынша ешбір оқушыға мектептегі құрдастарынан,
мұғалімдерінен, үй жағдайында зорлық жасалмағаны анықталды. Алдағы
уақытта педагог-психологтың жоспарында әлеуметтік педагог, сынып
жетекшілермен бірігіп өткізілетін «Балаларымыздың қауіпсіздігі
біздің қолымызда» тақырыбында шаралар
жоспарлануда.
Азаматтық – патриоттық тәрбие
мен зорлық – зомбылық екеуін қатар қарауымыз керек. Егеменді елдің
азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, әр ұстаздың ең басты мақсаты –
дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,
мәдениеті, парасаты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында игі
қасиеттері бар адамды тәрбиелеу болса, бүгінгі қоғамда жас ұрпақтың
бойында зорлық – зомбылық жасауына жол бермеу, өзін – өзі қорғай
білуін қалыптастырудың, оқушыларға осы патриоттық сезімдерді
жеткізе білсек, оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек,
үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат,
отансүйгіш, елін сүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер
тәрбиелейміз деген сөз.
Қалай зорлық –
зомбылыққа душар болмау керек?
(Ата-аналарға өз балаларына айтып жүру үшін
жаднама)
-Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу,
көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы
жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге
бармау.
-Егер Сізге тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп
төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді
дайындау, тиісті құжаттарыңмен бірге, көрші – көлемдеріңмен
сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға
хабарлау.
-Қауіп-қатерді азайту, балаларды зейінділікке,
сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай
жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі
мүмкін.
-Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге
кіргізбеу керек;
-Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып
жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету
қажет;
-Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін
саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл
мынадай принциптерге сүйенеді:
1)
заңдылыққа;
2)
адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды
мүдделерінің кепілдігін сақтауға;
3)
адам мен азаматтың тәніне және психикасына азап әкелуге жол
бермеуге;
4)
отбасын қолдау және сақтауға;
5)
тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету
кезінде құпиялылықты сақтауға;
6)
өмірде қиын жағдайға душар болған адамдармен жеке жұмыс жүргізуге
негізделеді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл
жүзеге асыратын субъектілер
1)
Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2)
жергілікті атқарушы органдар;
3)
отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі
комиссия;
4)
кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау
жөніндегі комиссиялар;
5)
ішкі істер органдары;
6)
қамқоршылық және қорғаншылық органдары;
7)
білім беру органдары;
8)
көмек көрсету ұйымдары;
9)
дағдарыс орталықтары болып табылатынын біле
жүріңіздер.
БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ, СЕБЕБІ БАЛА – ӨМІРДЕГІ ЕҢ
ҚЫМБАТТЫ ЖАН!
Қымбатты ата-аналар, зорлық – зомбылықсыз
болашақ, біздің болашағымыз үшін, кейінгі ұрпақ үшін қажет, сол
себепті барлығымыз бірігіп жұмыс атқаруға
шақырамын.