Баяндама "Жеті модуль"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Жеті модуль"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама

Тақырыбы « Жеті модуль»

Осы бағдарламаның негізгі міндеті-қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан лқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Бағдарплама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады. Осы бағдарламаның осы қағидаты тәжірибелік қызметті нақтығылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Яғни, мұғалімдер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми /зерттеу

Материалдарымен танысатын болады. Мұндай жұмыс мұғалімдер Бағдарламаға кіргізілген оқыту мен оқудағы стратегия мен тәсілдерді

Қарастыру /таңдау, зерттеу, танысу / барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет. Негізгі материал тиісті сабақтарда қарастиырылатын жеті модульге сраланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.

Бағдарламаның модульдері:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

  3. Оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау.

  4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды /АКТ/ пайдалану.

  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Әлеуметтік – сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну осы бағдарламада айтылған « оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерә негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар борлып табылады. «Диолог негізінде оқыту және оқу» , метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрену» деген атаулар мен танымал пед. Тәсілдер әлеуметтік сындапрлылық идеялаларының қазіргі заманға жаңа заманға маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде « Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік, сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұқбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой – пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.

  1. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламаның бойында екі мағынада қарастырылады: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуінде дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпаратпен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.

  1. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Мұғалімдер мен балалар үшін олардың қай мақсаттарға жеткісі келетінін білу маңызды, ал ол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуді талап етеді. Сондықтан бағдарлама сыни бағалау тәсілдерін де қарастырады.

  1. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.

Осындай дағдылар негізінде АКТ туралы білм жатыр, Яғни: оларды ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу, үшін қолдану және ол ақпаратты интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жібере білу.

  1. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бір қатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Алайда мұндай сайыстық құрылымдар талант пен қабілетті өрістетудің, барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі болып табылмайтыны туралы пікірлер баршылық. Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой пікірлер мен зерттеулер жатыр.

  1. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Бұл модуль осының алдындағы талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбы мен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модульмен өзара байланысты. Сондай-ақ аталған модульдің өзге ұқсас модульдермен байланысы да бар, мысалы, әр түрлі жас шамасында өзін – өзі бағалауға жауапкершілікті зерделеуді жүзеге асыратын «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі.

  1. Оқытуды басқару және көшбасшылық

Аталған модуль білім берудің кез-келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасы мен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Көшбасшылық бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады. Сондықтан мұғалім көшбасшылығын әр деңгей қырынан қарастыру мақсатында Бағдарламада жеке модуль ретінде белгіленген. Осы модульде , әсіресе үш деңгейде, айтылған көшбасшылық тәсілі « Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жөнінде жұмыстар» қағидатына негізделген. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ, мұғалімдер Бағдарламада қарастырылатын идеялар аспектілері аясында өз тәжірибелері туралы ой тұжырымдарға сүйене отырып өзгереді. Олар осы идеяларға сәйкес өз тәжірибелерінің жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды және дамытады. Бұл модуль мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлан білу қабілеті мен және «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модульімен тығыз байланысты.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
687
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі