Материалдар / Баяндама: "Жылқы малдың патшасы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама: "Жылқы малдың патшасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке даярлық топтар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
222
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Акмола облысы, Көкшетау қаласы
МКҚК №6"Нұрай" балабақшасының
Тәрбиешісі: Ауган.К Нургазина.Ж.К

Ұйымдастырылған ашық оқу-қызметінің технологиялық картасы
Сабақтың тақырыбы: Жылқы –малдың патшасы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Жылқының қазақ тұрмысындағы өзіндік орнын ұғындыру, оның еті мен сүтінің адам денсаулығына шипалық қасиетін және еліміздің азық –түлік бағдарламасын іске асыру мен ұлттық спортымыздың даңқын көтерудегі маңызын түсіндіру.Оқушыларға жылқы малы,оның шығу тарихы,жылқының тұқымдары,жылқының пайдасы мен бабына, сыны мен сипатына толық тоқталып, жылқы малы туралы жан-жақты түсінік беру.
Дамытушылық:Оқушылардың тіл байлығын, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Жылқы малын қадірлеуге, күте білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер,слайдтар, еті, қымызы, ат әбзелдері.
Техникалық құрал: Экран тақта
Ұйымдастыру кезеңі:.
1. Жылқы –малдың патшасы. Қамбар ата
1.Мамандық иелері сөйлейді...
а)Жылқы бағудың ерекшелігі. жылқышы
ә)Әдебиетке үңілейік. Этнограф,әдебиетші, оқушылардың өлеңдері, «Сәйкестендір.
Ойын: «Жоғалған сөздер» мақал-мәтел
б)Елтаңбадағы пырақ.сәулетші
в)Музыка әлемінде.Сазгер.
г)Жылқының пайдасы.Дәрігер,аспаз, шебер. Сұхбат.
ғ)Қазақтың жылқыға байланысты ат спорты.Жаттықтырушы/
д)Аман болсын мал басы.Мал дәрігері.
«Көкпар» ойыны
Барысы:
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
«Жылқы- малдың патшасы» /музыка баяу ойнайды/
Бүгінгі сабағымыз ерекше. Себебі, бізге бүгін көптеген қонақтар мен жылқы малының қасиетін , сипатын, тарихын, бабын,пайдасын білетін бірнеше мамандық иелері келіп отыр.
1.Кіріспе. Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ . Дегенмен ілгері заманда жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын. “Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы” деген мақал сол кезде туған болатын. Мереке-қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен не ауыр күндерде де бұл түліктер адамның жан серігі, айырылмас досы болған.
«Қазақ тарихы- жылқы тарихы да, жылқы тарихы-қазақ тарихы»
Қажытай Ілиясұлы
Сөз кезегін тарихшыға берейік.
Тарихшы:
.Жылқы-қазақ даласының екінші есімі. Қазақ ұғымында қазақ, дала және жылқы деген сөздер бір-біріне етене жақын тамырлас та тағдырлас айтылады.
Ең алғашқы жылқы осыдан 50 млн. жыл бұрын өмір сүрген және оның дене тұрқы мысықтай ғана болған. Оны зоогипус деп атаған.Кейіннен сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты түр тұлғасы сомдалып, дене бітімі ,аяғы өсіп, қазіргі жылқыға ұқсай бастаған.Қазіргі жылқының атасы осыдан 15-20 млн. Жыл бұрын өмір сүріп, ол плиогиппус деп аталған. Жылқыны ең алғаш қолға үйреткен шығыс елдері(Монғолия, Қазақстан) Оны шанаға, арбаға, малға жегеді, салт та мінеді. Дүние жүзінде жылқының 250-дей түрі бар. Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі. қазақ халқы өсіретін жылқыларды 3 топқа бөледі.
1.Күшті, еті тығыз аттар.
2)Жүрдек аттар
3) Жүйрік аттар.
Мұғалім: Әр түліктің өзінің пірі, иелері болады деп есептелген. Жылқының пірі кім?
Жылқыны бағатын адамды кім дейміз?
Олай болса, жылқы атасы Қамбар ата мен жылқышыға сөз берейік.
Қамбар ата
Жылқының қазақ тарихында алатын орны ерекше. Шетсіз –шексіз далада адам жаяу ұзақ жүре алмайды, ал астында аты бар адам қашқанда құтылып,қуса жетіп тіршілік етеді. Сол себепті қазақтың «Жылқы –ер қанаты» деген сөзі жылқының адам өміріндегі орнын көрсетеді. . Жасына қарай жылқы атаулары: құлын, 6 айдан асқанда жабағы,2-3 жас –құнан, 3-4 жас- дөнен, 4-5 жас- бесті,айғыр, ат, бие.
. Ал оның жүйріктігіне, тағы да басқа қасиеттеріне қарай әсіресе батырлар жырларында жорға, су жорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл, арғымақ деп аталады.Қазіргі машина ,ұшақ, пойыздың орнын бір кезде жылқы атқарған.Сондықтан да қазақ жылқыны өте жоғары бағалаған. Жылқы малы ең алдымен жұмыс көлігі. Алғаш темір жол құрылысы басталғанда 1450 км-ге созылған жанқиярлық істе жылқы малы қазақтың алғашқы жұмысшы табымен бірге тауды бұзып, тас тасыған.
Жылқышы:
Басқа малдан гөрі жылқыны бағу қиын. Жылқыда өт жоқ.Ол күйіс қайтармайды. Күндіз-түні бірдей жайылымда, далада жүреді.Суыққа да шыдамды.Қыс айларында суықта,түнде бағу оңай емес. Жылқы шөптің шүйгінін жеп, судың тұнығын ғана ішеді.Сондықтан жайылымды дұрыс таңдау керек.Апталап үй бетін көрмей жылқы бағатын күндер де болады.

Этнограф:Қазақ халқының тарлан тарихының тереңіне үздіге үңілгенде де тәнті болатынымыз-бабаларымыздың елін,жерін қорғап, ата жауымен алысқандағы қанды көйлек жолдасы да жылқы екенін көреміз. Қазақтың халық жырларындағы батырлардың қайсысын алсақ та жаяуы жоқ және олар құр көлік емес,батырдың жан серігі, жебеушісі ,құтқарушысы, өте қасиетті жануар ретінде суреттеледі.
-Қандай батырларды білесіңдер?
-Олардың тұлпарлары қалай аталады?
Бұған көз жеткізу үшін мынадай ойын ойнайық.
Осы ойында айтылғандай,жылқыларға түсіне ат қойылады екен. Жылқының қандай түстері болады екен?
1-оқушы:Ұшып жүру үшін де
Жаралған бұл мүсін бе?!
Сезімталы осы мал
Төрт түліктің ішінде.
2-оқушы:Оларға да керегі
Жылы лебіз дер едім.
Кім бар, кім жоқ артында
Бұрылмай-ақ көреді.
3-оқушы: Керек сенің еліңе,
Құлын байла желіге.
Кірпияз да талғампаз
Суың менен жеміңе.
4-оқушы:Арудан асқан жан бар ма,
Жылқыдан асқан мал бар ма?
Биенің сүті-сары бал,
Қымыздан асқан дәм бар ма?
5-оқушы:Желіде құлын жусаса,
Кермеде тұлпар бусанса,
Сәні келер ұйқының.
Жылқы қолдан тайған соң,
1.Ойын «Жоғалған сөздер»мақал-мәтел
«(Жылқының) сүті –шекер ,еті -бал»;
«Жүзден жүйрік, мыңнан (тұлпар)»;
«Ағайын тату болса( ат) көп,абысын тату болса ас көп»;
«(Атын )барда жер таны желіп жүріп ,асын барда ел таны беріп жүріп»;
«Арық( атқа) қамшы ауыр»;
«Құнан атқа жеткізер,ат мұратқа (жеткізер)»
«Аттың көркі-құйрық-жалы,құлағы
Таудың көркі-тасы менен (бұлағы).»
«Тай мінген (балаға )жарасады»;
«Жақсы ат жанға серік, жақсы ит малға (серік)»;
«Ат сүрінбей( жер) танымас»;
«Сырын білмеген аттың (сыртынан) жүрме».т.б.

-Балалар, ҚР-ның қай рәмізінде тұлар бейнеленген? Ол туралы сәулетші әңгімелейді.
Сәулетші:Елтаңбадағы ерекше айырым белгілерінің бірі-ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ.Шаңырақты биікке көтерген қанатты тұлпарлар елдің ертеңіне деген сенімнің белгісі десе болар еді.Жылқы бейнесі ерте заманнан рәміздік белгі ретінде қолданылып келеді.Ол арыстанның батылдығы, қыранның қырағылығы және адамның күшті ерік-жігері сияқты ұғымдарды білдіреді.Жұлдыздарға ұмтылған қанатты тұлпарлар кеңістікті бағындыру нышаны іспеттес. Қазақтар дүниетанымындағы барлық өмір құбылыстары жылқы бейнесімен байланысты.Бұл оның Мемлекеттік рәмізде пайда болуының кездейсоқ еместігінің бір дәлелі.
Сазгер:
Композиторлардың құйқылжыған күйлері мен әндеріне де жылқы арқау болған. Ақансерінің «Құлагер», «Маңмаңкер»,, Біржан «Бурылтай», «Телқоңыр»әндері , Абайдың «Торыжорға» күйі, Кенен «Көкшолақ» әні,халықтың «Бозжорға», «Қара жорға», «Бестай»т.б ән мен күйлері бар.
Сергіту сәті : «Қара жорға»
«Жылқының сүті-шекер, еті-бал, иісі-жұпар,терісі –киім, мінсең –тұлпар»-деген екен Досбол би.
«Ана сүті мен жылқы сүті- біздің тарихымыздың басы»
Ғ.Қайырбеков.
Дәрігер: . Жылқы еті де , сүті де ,майы да пайдалы. Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы қымыз. Бие сүтінде қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татып білуге болады.
Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде “ С” витамині мол болады. Сондықтан оның емдік қасиеттері, әсіресе туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. . Қазысының майы адамның сүйегін балқытыды.Сынықшылар адамның қисық біткен сүйегін осы майды пайдаланып қайта салады.Еті бауыр ауруларына, асқазан астындағы ұйқы бездерінің, асқазан-ішек жолдарын емдеуге пайдалы.Жылқы еті бауыр ауруларына,асқазан астындағы ұйқы бездерінің, асқазан-ішек жолдарының дертін емдеуге пайдалы, ал жылқы майының ет айдағыш қасиеті бар және бойға өте сенімді.
Аспаз:Жылқы еті өте бағалы, жоғары сапалы тамақ, ал қазысының тағамдық та, емдік қасиеті көп. Қазы, шұжық,қарта, жал, жая сияқты жылқы етінен істелген тағамның дәмділігі тіл үйіреді. Қымыз - көптің сүйсініп ішетін сусыны болып келеді. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп атаған

Шебер:
Жылқы терісінің де пайдасы мол. Одан әр түрлі бұйымдар, ат әбзелдері,ыдыстар жасалады.Өмілдірік, айыл ,құйысқан,тізгін, ноқта, қамшы,шылбыр, жүген өреміз.
Торсық пен саба қымыз құятын ыдыстар болып табылады.
Торсық дегеніміз- жылқының терісінен шелін алып, ыстап жасалған,сиымдылығы 10-30 литр тері қап.
Саба - төрт бұрышты түбі және ұзын мойыны бар.
Қымыз ыдыстарының ендігі бір негізгі түрі – күбі. Күбінің ауыз жағы тарлау, түп жағы кеңірек болып келеді. Көбінесе еменнен жасалады. Аса шеберлер арша, шырша ағаштарынан да жасайды.
Мұғалім: Бала тәрбиесіне, денсаулығына ,мықты болуына ерекше мән берген ата-бабаларымыз балаларын көбіне ат үстінде шынықтырған. Ол туралы қазір жаттықтырушымыз әңгімелейді.
«Аман болсын мал басы» -дегендей жылқыны асырап, пайдасын көргеннен кейін оны дұрыс күтіп, баға да білу керек. Сондықтан оның қандай аурулармен ауыратынын, оны қалай емдеуін білу де артық болмас. Ол туралы мал дәрігеріне сөз берейік.
Қорытынды:Қазақ жақсы көрген баласын «Құлыным» дейді.Бата бергенде «Атың арымасын, тоның тозбасын» дейді.Адам есімдерін Жылқыбай, Құлыншақ, Торытай, Қаратай, Ақтай, Тайшық,Құнанбай, Дөнентай Т.б жылқымен байланыстырып

1 «Айгөлек» ересек логопедтік тобының











Тақырыбы: Жылқы малдың патшасы





Тәрбиеші:Ауган:К ; Нургазина.Ж.К





















Көкшетау-2020ж




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!