Материалдар / Баяндама "Критериалды бағалау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Критериалды бағалау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Критериалды бағалау бұл жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін ұстардар қауымына керек болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
771
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңаөзен қаласы

11 орта мектеп




Shape1

Баяндама











ТАҚЫРЫБЫ: БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІ БОЙЫНША КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫ ЖОСПАРЛАУ







Дайындаған: Шамшетова Баян





2016 / 2017 оқу жылы


БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІ БОЙЫНША КРИТЕРИАЛДЫ

БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫ ЖОСПАРЛАУ

Критериалды бағалау

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің (Глейзердің енгізген ұғымы, 1963) нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшеленеді.

Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және жиынтық бағалау (ЖБ).


Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқуды өлшеу үшін және алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады.

Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін/ ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады, алайда бағалау тәсілдері пәннің мазмұны мен ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленуі мүмкін.

Мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелерін оқушыларға кері байланыс беру үшін және оқу үдерісінің барысында ата-аналарға ақпарат беру үшін пайдаланады.

Бағалаудың барлық түрлері пән бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнына негізделеді.

Қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы бағалау оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне және алға ілгерілеуіне тікелей ықпал ететін және оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін оқыту мен оқудың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады.

Тиімді оқыту және оқу мақсатында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау мақсатында оқу мақсаттарына жеткендігінің немесе алға ілгерілеуінің деңгейі қадағалануы тиіс. Әрбір оқушы үшін оқу мақсатына жетудегі оқушының үлгерімін көрсететін портфолио жинақталып, ол қалыптастырушы бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Портфолиода көптеген деректер қамтылуы мүмкін, соның ішінде:

жазбаша жұмыстар (мысалы, жұмыс дәптерлері, бағалау журналы, үй тапсырмалары, оқушылар жазбалары);

фотосуреттер немесе бейне дәлелдемелер (мысалы, көркем сурет жұмыстары, сыныптағы көрме, модельдер, таныстырылым, оқушылар қатысқан музыкалық көрсетілім және оқушылар қатысқан іс-шаралар);

электронды жазбалар (мысалы, таныстырылымдар, құжаттар, анимациялар);

мұғалімнің жазбалары немесе сабақты қадағалау жазбалары;

ата-аналардың пікірлері.

Жиналған дәлелдемелердің сипаты дәстүрлі тест көмегімен анықтау қиынға түсетін дағдыларды бағалауға мүмкіндік беретінін байқатады. Дарлинг-Хэммонд және Печеон (2010) бұл әдіс «оқушылардың проблемаларды шешу үшін ақпаратты іздеу және ұйымдастыру, зерттеуді жоспарлау және жүргізу, деректерді талдау және жинақтау, осы үйренгендерін жаңа жағдайларда қолдану сияқты жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуға және көрсетуге мүмкіндік береді» деп тұжырымдайды.

Жиынтық бағалау

Жиынтық бағалау бөлім/ ортақ тақырыптар және тоқсан бойынша оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың алған білімдері мен жинаған дағдыларының нәтижесін бағалай отырып, қалыптастырушы бағалау нәтижелерін толықтырады.

Әр тестінің құрылымы мен ұзақтығы туралы және оларды басқару әдістері туралы ақпаратты пән бойынша тест спецификациясынан табуға болады. Жиынтық бағалауға арналған спецификацияда сұрақтардың үлгілері мен бағалау сызбалары ұсынылған, одан мұғалімдер әртүрлі дағдылар қалай бағаланатынын көре алады.

Нақты бағалау критерийлері болған күннің өзінде де

қалыптастырушы бағалау кезінде баға қою әлі де күрделі үдеріс болып табылады және мұғалімдер олар бойынша түсініктеме бере алады. Мұғалімдер қойған бағаның сенімділігі мен дәлелділігін арттыру мақсатында модерация қолданылады. Блэк және басқалар (2011) бұл үдеріс екі қадамнан, стандарттау және модерациядан тұрады деп сипаттайды:

«Стандарттау мысалдардың жалпы жиынтығының негізінде оқытуды көздейді, одан кейін мектептер өз жұмысында жалпы стандарттар мен критерийлерді қолдануға құзыретті болады деп болжанады. Модерацияның талаптары анағұрлым қатал, ол жыл сайын ағымдағы шынайы деректерді белгілей отырып, мектепішілік және мектепаралық кездесу өткізуді талап етеді».

Модерация кәсіби оқудың маңызды бөлігі болып табылады және тәжірибе жүзінде критерийлер қандай болатыны туралы пікірталасты қамти отырып, мұғалімдерге ол критерийлер қатысты болып табылатын стандарттарды түсінуде көмектеседі.

Сонымен қатар, қалыптастырушы бағалау қолданылатын сабақтарды алдын ала анықтау қажет болады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!