Баяндама: «Күйшілік өнер»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: «Күйшілік өнер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Халық арасында күй өнерінің саз-сарындары бойынша айырып тану үшін «төкпе күй» және «шертпе күй» деген атаулар қолданып жүр. Ақселеу Сейдімбектің айтуынша, «төкпе», «шертпе» сөздері жеке күйлердің табиғатына қатысты анықтауыш бола алады. Ал, тұтас бір күйшілік мектептің қасиет – болмысына анықтауыш бола алмайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Күйшілік өнер»

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ. Қорытынды



І. КІРІСПЕ

Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған. Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше домбыра сөзі «дөпбұра», «дәлбұра», «дембұра» деген сөздердің тізбегі арқалы жасалған. Бұл белгілі бір логикаға бағындырылған қызғылықты жорамал. Тағы бір болжамды этнограф Ерік Көкеев еңбектерінен табуға болады. Ғалымның пікірінше «том» деп түрлі жұдырық немесе қолдың саласы айтылады. Кейіннен бұл түбір ұяңданып « домға» айналған, «быра» тіркесі бір нәрсені шерту, тарту, дыбыс шығару деген мағына береді. Яғни домбыра сөзі «қолдың саласымен немесе бес саусақпен шекті шерту» деген мағына береді. XVI ғасырдан бері«күй» сөзі тек аспапты музыканы ғана білдіретін мағынаға ие болады.

ІІ. Негізгі бөлім

Халық арасында күй өнерінің саз-сарындары бойынша айырып тану үшін «төкпе күй» және «шертпе күй» деген атаулар қолданып жүр. Ақселеу Сейдімбектің айтуынша, «төкпе», «шертпе» сөздері жеке күйлердің табиғатына қатысты анықтауыш бола алады. Ал, тұтас бір күйшілік мектептің қасиет – болмысына анықтауыш бола алмайды. Себебі, тұтас бір өңір – аймақта қалыптасқан күйшілік мектептер бір ғана күйші-композитор туындыларында шертіп тартылатын күй де, дауылдата төгіп тартылатын күй де кездеседі. Мәселен, бір ғана Тәттімбеттің «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ» шертіп тартылса, «Бес төре» күйі жігерлі серпінмен тартылады. Оны былай қойғанда, жалқы тұрған бір ғана күйдің өн бойыныңда бірте шертіп қағуды, бірте серпе төгіп қағуды, енді бірде іліп қағуды қажет ететін сәттер бар. Мәселен, Әшімтайдың «Қоңыр қаз», Дайрабайдың «Дайрабай» сияқты күйлері сол бір ғана күйдің өн бойында біресе шертіліп, біресе дауылдата төгіліп тартылады. Қазіргі кезеңде күйшілік өнер қанатын кең жая, қазақ деген ұлттың дәстүрлі мәдениетінде самғауда. Бодандық кезеңнен аман – есен өткен домбыра аспабы елімізде айырықша орын алуда

Қазақтың ұлы ақыны Абай: «Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй», — деп жырлағандай, қазақтардың сан буыны Құрманғазы, Дәулеткерей, Байжігіт, Тәттімбет, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, Абыл сияқты халқымыздың асыл өнерін ұстаған ұлы күйшілердің мол мұрасымен сусындап өсті.

Еліміздің алуан аймақтарында қалыптасқан Шығыс, Батыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау күй мектептері ғана емес, елімізден тысқары Монғолия, Қытай қазақтарының күй дәстүрлерінің бір жобада тоғысуын терең тамырлы халқымыздың мәдени бірлігінің айқын айғағы деп бағалаған жөн.



Қай замандағы болмасын күй өнеріндегі ортақ сарын — азаттыққа, бостандыққа ұмтылу, ел тәуелсіздігін аңсау. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ күйлері — халқымыздың ғасырлар бойы армандап, бүгінгі ұрпақ жүзеге асырған, тәуелсіздікті жақындатқан ең қастерлі құндылық.



Қазақтың Д.Нұрпейісова, Қ.Жантілеуов, Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаев, Т.Момбеков, Г.Асқаров, У.Бекенов, Қ.Ахмедияров, Ә.Есқалиев, А.Үлкенбаева, т.б дәулескер домбырашылар орындауындағы 1000 күй ұлтымыздың ұлы қазынасы ретінде туған халқының жүрегіне жол тартты. Оның бүгінгі және болашақ ұрпақтың рухани азығы мен игілігіне айналатынына және жаңа ізденістерге бастап алдағы уақыттарда жарасты жалғастығын табатынына кәміл сенемін.

1. Шығыс  Қазақстан күйшілік дәстүрі

Шығыс өңірінің күйшілік дәстүрі аймақтық жағынан кең ауқымды қамтиды. Өйткені  Шығыс Қазақстан (Семей, Шыңғыстау, Шұбартау, Аягөз, Тарбағатай), Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесі, сонымен қатар, Монғолияның Баян-Өлгий аймағы қазақтарының күй мұралары осы дәстүрге жатады. Бұл өңірдегі, негізінен, архаикалық үлгідегі аңыз-күйлерден тұратын күйшілік, домбырашылық өнердің тамыры тереңнен бастау алады. Әсіресе, теріс бұрауда (квинта) тартылатын  «Шыңырау», «Тауқұдірет», «Ақсақ марал», «Ақсақ қыз», «Ақсақ аю», «Бұлғын-сусар», «Балжыңгер», «Сұрмерген» сияқты күйлер – аңыз-әңгімелерімен астасып жатқан көне жәдігерлер. Шығыс Қазақстан домбыра күйлерінің «Сары өзен», «Беласар», «Қорамжан», «Ащы күй» сынды тағы бір бөлігі – қазақ пен қалмақ шапқыншылығы дәуірінен көрініс беретін тарихи шығармалар. Ал  «Салкүрең», «Телқоңыр», т.б. халық күйлері – өте ерте замандардан жеткен туындылар.

Қазақ халқының тарихындағы ең елеулі тұлғалардың бірі – Кетбұға күйші. Қаһарлы Шыңғыс хан заманында өмір сүрген Кетбұғаның  ержүрек батыр, ақылгөй би, дәулескер күйші ретінде есімі белгілі. Осы жинаққа енген «Кетбұғаның күйі» («Қара ала белдік мойнымда, сауға, Шыңғыс, сауға») сол дәуірлерден жеткен тарихи туындылардың бірі.

Шығыс күйшілік дәстүріндегі ең ірі тұлға – қазақ күй өнерінің, оның ішінде шертпе күй саласының дамып, көркеюіне көп үлес қосқан Байжігіт күйші. Абылай хан заманында өмір сүрген күйшінің жоңғар шапқыншылығы кезеңіне арналған күйлерін  белгілі жазушы, тарихшы М.Мағауин қилы кезең симфониясы, тайғақ кешулі жаугершілік заманның музыкалық шежіресіне теңейді. Жаугершілік заман тынысы ғана емес, бейбіт тұрмыс лебізі де сезілетін Байжігіт күйлерінің тақырыбы әр алуан. Оның «Көкбалақ», «Қайың сауған», «Шаңды жорық» сияқты күйлерінен жаугершілік заманның елесі көрініс берсе, «Ерке атан» күйі мұңды тарихымен есте қалады.

Шығыс күйшілік дәстүрінің бір тармағы – Шыңжаң өлкесіндегі Алтай, Тарбағатай, Іле күйшілік мектептері. Алтай аймағында қалыптасқан күйшілік мектептің көрнекті тұлғаларының бірі Бейсенбі Дөненбайұлы күйлерінің тақырыбы сан түрлі. Бежең (ел арасында осылай атаған) туындылары Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында, Монғолияның Баян-Өлгий өлкесінде және Қазақстанның шығыс өңірінде кеңінен тараған. Бейсенбі күйлері осы жинаққа Уәли Бекенов, Ғабдылхақ Барлықов, Тайыр Белгібайұлы, Тұрсын Кәдейұлы сынды майталман домбырашылардың орындауында алынып отыр.

Сонымен қатар, жинаққа Алтай аймағында өмір сүрген Мүкей, Шақабай Шалап, Тайыр Белгібайұлы сияқты күйшілердің туындылары енгізілді.

2. Жетісу  күйшілік дәстүрі

Бұл өңірдің де аспаптық музыкасы қаншалықты қызықты, әрі стильге бай болғанмен, осы күнге дейін түбегейлі зерттеу нысанасынан тыс қалып келеді. Жетісу дәстүрі Шығыс күйшілік дәстүрімен өзектес.

Еліміздің Жетісу өлкесінде ертедегі аңыз күйлермен қатар авторлары ұмыт болып, ел арасында сақталып қалған халық күйлері молынан кездеседі. Мысалы: «Аққу», «Аққудың зары», «Жеті атан – ерке атан», «Мұңлық – Зарлық», «Жетім қыз», «Жетім бала», «Жиренше шешен», «Тепеңкөк», «Шұбар киік», «Ақсақ қыз» сияқты көне күйлер ерте дәуірлерден сыр шертеді. Тамырын тереңнен тартатын Жетісу күйшілік өнерінде, бертін келе, үлкен екі мектептің қалыптасқандығын байқаймыз. Бұл мектептер  дәулескер күйші-композиторлар Байсерке Құлышұлы және Қожеке Назарұлы есімдерімен тығыз байланысты. Осы бір ұлан-ғайыр күйшілік мектептің жұқанасындай болып жинаққа Байсеркенің «Ұран күй», «Толқытатын күй» деп аталатын туындылары ғана енді.

Жетісу өңіріндегі тағы бір оқшау көзге түсетін мектеп – Шыңжаң өлкесі күйшілік дәстүрімен сабақтас, Қожеке Назарұлы бастаған домбырашылық үрдіс. Қожеке күйші Жетісудың төрі Қарқара жайлауында дүниеге келген.  Қожекенің өмір сүрген заманы аумалы-төкпелі қиын кезеңге тұспа-тұс келді. Жетісу күйлерін зерттеуші, күйші Б.Мүптекеев Қожеке күйлерін тақырыптық мазмұн жағынан бірнеше топқа жіктейді:

Жинаққа Қожеке, Сыбанқұл мектептерінің өкілдерімен қатар, Бөлтірік, Қосдәулет, Омархан Керімқұлов, Елемес Таласбай сынды күйшілердің, Тіленді, Шортанбай сияқты Жетісу өлкесінде өмір сүрген белгілі тұлғалардың  шығармалары   да қосылды.

Төкпе күй

Төкпе мәнерінің көрнекті өкілдері

Орындалуы

Күйлері


Құрман­ғазы, Сейтек, Ұзақ, Дәулеткерей, Абыл, Дина, Қазанғап, Есір және тағы бас­қалар.




Құрманғазы мен Дәулеткерейдің орын­даушылық үрдістері бір-біріне мүлде ұқсамайды. Дина күйлері де айрықша мектеп құрайды. Сыр бойының, Маңғыс­тау өңірі­нің күйлері де өзіндік орындаушылық дәстүрімен айрықша құрылым­дық, орындаушылық мәнерлерді байқатады.

Төкпе күйлер өзінің өлшемі мен ырғағы жағынан нақты болып, саусақтардың бірыңғай сілтеуімен орын­далады, олар көбінесе жігерлі, асқақ келеді. Төкпе күйлердің өзі ішкі мазмұны мен орындалу, тартылу әдіс-тәсілдеріне орай, түрлі салаларға бө­лініп, жеке-жеке қалыптасқан, бір-біріне ұқсамайтын, әр­түрлі орын­­дау­шылық мектептер құ­райды. Мұн­дағы әр мектептің өзіндік саусақ басу, қағыс қолдану әдістері бар .

Ықыластың «Қоңыр», Тәттімбеттің «Көкейкесті»,

Қазанғаптың «Көкіл», Дәулеткерейдің «Жігер»

сияқты күйлерін а

йтуға болады.

Шертпе күй

Қазіргі уақытта шертпе дәстүрін дамытып, аймақтық күйшілік мектептердің салтын сақтап жүрген домбырашылардан – Боранқұл Қошмағамбетов (марқұм), Мұхаметжан Тілеуханов, Таласбек Әсемқұлов, Дәулетбек Садуақасов, Білал Ысқақов, Секен Тұрысбеков, Рымхан Әбілханов, Базарәлі Мүптекеев, Саян Ақмолда, Сәрсенғали Жүзбаев, Мұрат Әбуғазин, Қайрат Айтбаев, Арман Қадырбектердің есімдерін атауға болады.

Шертпе күй - аты айтып тұрғандай шертіліп тартылатын күй. Шертпе - тарту техникасы көбінесе бір ішекті саумалай шерту әдісіне құралған күйлер.

Шертпе күйлер



«Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ» шертіп тартылса, «Бес төре» күйі жігерлі серпінмен тартылады.

Әшімтайдың «Қоңыр қаз», Дайрабайдың «Дайрабай».







Shape1













Осы атлаған күйшілік өнер тақырыбында «Күйлерді талдау» атты ашық сабақ өткізген болатымын. Ашық сабақта үй жұмысына– Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі күйші-композитор Қаршыға Ахмедияровтың “Алтын ұя” күйін оқушыма ойнатқан болатынмын.

Бұл күй нәзік лирикаға толы, адамның туған жеріне, өскен ортасына деген сағынышын бейнелейді. Күйдің әуені мейірімді, жылы, терең сезімге құрылған, ал құрылымы төкпе күй дәстүріне жақын. Бұл сабақта оқушы шертпе күй, төкпе күй ойнау техникасына тоқталып өткенбіз.

ШPicture 1 ертпе күй дәстүрінде бас бармақ 1-ші саусаққа алшақтау тұрады,алақан жазыңқы болады. Дыбыстың сапалы шығуы үшін оң қолдың осылай ұалыптасуының мінң өте зор.





ТPicture 2 өкпе күй дәстүрінде бас бармақ 1-ші саусаққа жақын орналасады. Төкпе күй дәстүрінде білезік буынымен төрт саусақ жартылай бүгілгенкүйінде,алақан домбыраның бет қақпағына қарай орналасады.



Жаңа сабаққа :

Сексен ер” күйi – қазақтың батырлық рухын, ел қорғаған ерлердің ерлігін бейнелейтін шығармалардың бірі. Бұл күйдің атауы “Сексен жігіт” немесе “Сексен сарбаз” деген ұғыммен байланысты болуы мүмкін, яғни, жауға қарсы аттанған 80 батырдың ерлігін суреттейді.

Күйдің ерекшелігі:

Күйдің әуені қуатты, жігерлі, екпінді, төкпе дәстүріне жатады.

• Орындалуында жігерлі қағыстар мен серпінді әуендік өрнектер бар.

• Күйдің құрылымынан Сейтектің Құрманғазы дәстүрін жалғастырғаны байқалады.

Сейтек – Құрманғазының шәкірті, оның күйлерінде азаттық рухы, халықтың басынан кешкен қиындықтары мен жеңістері көрініс тапқан. “Сексен ер” күйі де осы сарынмен үндесіп, батырлық пен ел қорғау тақырыбын көтереді.

Сергіту сәті: «Ою» әдісі

Оюларды әуен ырғағымен саусақтарыңды икемге келтіріп көрсетуге тырыс

Оюларды әуен ырғағымен саусақтарыңды икемге келтіріп көрсетуге тырыс.

Үй тапсырмасына : Сексен ер күйін үйрену.

ІІІ. Қорытынды



Жалпы қорыта айтып тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Қазақтың ұлттық өнері болған, қазірде бар және де болашақта да өз қасиетін жоғалтпай қала береді» ! Күй — көне замандардан күні бүгінге дейін халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ең киелі де қастерлі, сырлы да сұлу өнер.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2025
149
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі