Маңғыстау облысы, Бейнеу
ауданы, Бейнеу селосы.
«Бейнеу ауданының
әкімдігінің
«Ы.Алтынсарин атындағы орта
мектебі» КММ-нің
Математика пәнінің
мұғалімі
Садакова Гулсара
Серкенбайкызы
Тақырыбы: Логикалық
тапсырмалар арқылы оқушылардың математика пәніне деген
қызығушылығын арттыру
Қазіргі таңда Қазақстанда
білім беру жүйесін дамытуға баса көңіл бөліп отыр. Білім беру
саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өскелең ұрпақты
тəрбиелеу жүйесін дамыту. Қазақстан Республикасының білім беру
стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту
болып табылатындығы атап айтылған.
Логика дегеніміз – ойлауды
дұрыс құрудың заңдары мен формалары, ережелері туралы философиялық
ғылым. Ойлау – шындықтың санада бейнеленуі. Ол біріншіден –
дүниетанудың нәтижесі болса, екіншіден – дүниені тереңірек,
толығырақ танып – білудің құралы.
Оқушыларды логикалық ойлауға
үйретуді, сол арқылы ой - өрісін кеңейтуді, математикалық тілде
сөйлетуді, ұқыптылыққа баулуды мақсат еткен әрбір мұғалім қызықты
тапсырмалар арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,
логикалық есептерді тиімді тәсілдермен шешу жолдарын үйрету
проблемасын қояды. Логикалық тапсырмалар оқушының жас ерекшелігін
ескере отырып құрастырылады да, теориялық білімдерін кеңейтіп, оны
практикада қолданылуына ықпал етеді. Оқушылардың логикалық ойлауға
үйренуі және логикалық ойлауының дамуы олардың өздігінен ізденіп
жұмыс жасауына жол ашады. Логикалық тапсырмалар оқушының
интеллектуалдық деңгейін көтеретін болғандықтан әр сабақта
тапсырмаларды түрлендіріп, қызықтырып қолдану көзделеді. Бұл
оқушылардың жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін
дамыту, оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру, шығармашылық
қабілетін дамыту мәселесін шешуге
көмектеседі.
Оқушылармен математикалық
ойындар, ауызша есептер, шығармашылық тапсырмалар жүргізіп, олардың
ойша болжай білу, тапқырлығы мен аңғарымпаздығын байқауға болады.
Аңғарымпаздық оқушының өз білімін пайдалана білуінің көрсеткіші.
Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастарды логикалық ойлау
жолымен жылдам шешілетін мынадай тапсырмалар ұсынуға
болады:
Бақытжанның 4 ұлы, олардың
әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше перзенті
бар?
Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға
жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды. Ол неше сағат
ұйықтады?
Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.
Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу
керек?
Бөлмеде 12 балапан, 3 қоян, 5
күшік, 2 мысық, 1 әтеш және 2 тауық бар еді. Осында тағы ит және
оның қожайыны кірді. Бөлмеде қанша аяқ
болды?
Аулада жүрген бұзаулар мен
тауықтардың аяқтарының саны 10. Аулада неше үй жануары болуы
мүмкін?
Аулада тұрған әр түрлі
көліктердің дөңгелектерінің саны он. Аулада неше жеңіл машина,
мотоцикл, велосипед болуы мүмкін?
«Ойлау логиканың заңдылықтары
мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ
өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып
жатқанын білмейді» – дейді В.И.
Кириллов. Сондықтан оқушылардың
логикалық тапсырмаларды орындауы барысында олар өздерінің ойлауы
логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын
сезінетіндей, берілген тапсырмалардағы ұғымдар арасындағы
байланыстар мен қатынастар қисынды тағайындалып, одан қатесіз дұрыс
қорытындылар ойлау жолымен ашылғанын нақты көрсетіп, дәріптеп,
отыру қажет. Ол үшін оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды
негізгі үш бағытта іске асыруға болады:
Оқушыларды топ - топқа бөліп,
өзара ақылдасып ойлану арқылы жұмыс жасатуға да болады. Оқушылардың
оқу ісін осылай ұйымдастыру оқушыны тапқырлыққа, тез есептеуге,
өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, топпен жұмыс жасауға
үйретеді. Логикалық ойлаудың қай тұсында қателескенін өздері
сезініп, түзетуіне де жол ашады.
Математика сабақтарында
логикалық тапсырмаларды көптеп қолданудың нәтижесінде оқушылар
математика сабағын асыға күтіп, барлық ынтасымен дайындалатын
байқаймыз. Есептердің қиындығынан қорықпай, қызықты есептер көп
екендігіне сеніп, математика сабағын басқа – логикалық ойлау,
қырынан тануға көмек береді
Логикалық тапсырмаларды
біртіндеп қиындату және оқытылатын тақырыпқа сәйкестендіру де
қажет.
Логикалық ойлау дегеніміз –
логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой - пікірлерді тұжырымдарды
қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту,
ұғымдарын өсіру, оқу - тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.
Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында,
олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс
түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар
арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен
ашылады.
Мен өз сабақтарымда қолданып
жүрген логикалық тапсырмалардың түрлерімен бөліскім
келеді.
-
Судоку —
сандары бар танымал бас қатырғыш. Сөзжұмбақтың түрлерінің бірі
болып табылады. Жапоншадан аударғанда «су» — «сан»,
«доку» — «бөлек тұрған ». Кейде судокуды «сиқырлы
шаршы», кейде латын шаршысы деп те атайды. Судокуды әлемнің әртүрлі
елдеріндегі газеттер мен журналдар белсенді басып шығарады. Судоку
жинақтары үлкен таралымдармен (тираж) басылып шығарылады. Судоку
шешу — бос уақыт өткізудің танымал түрі.
Ойын алаңы 3 торкөзден тұратын
кішігірім шаршыларға бөлінген 9х9 мөршерлі шаршы болып табылады.
Сонымен барлық ойын алаңы 81 тордан тұрады. Торларда бастапқы
күйінде "сыбырлама" деп аталатын цифрлер (1 ден 9 дейін) тұрады.
Ойыншыдан бос торларды 1 ден 9 дейінгі цифрлармен толтыру талап
етіледі, сондағысы әр жолда, әр бағанда және әр 3х3 шаршыларда әр
цифр тек бір рет қана кездесуі керек.
Мен сабақтарымда ең оңай
түрінен, аз сандардан бастап қолдандым. Оқушылар қалай шығару
керектігін меңгергеннен кейін бірте - бірте көп сандарға көштім.
Судоку орындату арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттыра алдым. Әсіресе 5 - 6 сынып оқушылары үшін қызықты
тапсырма.
а) 4х4 судоку. Ең алдымен
судокудың осы оңай түрінен бастадым.
ә) 6х6 судоку. 4х4 судокуды
меңгеріп болғаннан кей ін 6х6-ға көштік.
б)
9х9
2.
«4 сурет 1
сөз» бұл тапсырманы оқушыларды
сергіту мақсатында қолдандым. 4 суретте бейнеленген заттардың ортақ
атауын табу керек. Мысалы: 1 тапсырманың жауабы «квадарат».
Өйткені: квадраттың формуласы, санның 2 дәрежесі, яғны квадраты,
квадраттан құралған тор көз және квадрат стикерлер көрсетілген. Бұл
тапсырма 7-11 сынып оқушылары үшін жасалған болатын. Нәтижесі
жақсы. Оқушылардың қызығушылығы байқалды.
3. «Сіріңке» немесе ши
есебі. Оқушылардың қызығушылығын
тудыратын есептердің бірі – сіріңке есептері. Мұндай есептер
олардың логикалық ойлауын дамытудың алғашқы көмекшілері. Оқушылар
үшін қызықты тапсырмалардың бірі.
4. Сандардың орналасу
заңдылығына берілген логикалық тапсырмасы.
Бұл логикалық есептерде сандар
белгілі бір заңдылықпен орналасқан оқушы сұрақ белгісінің орнындағы
санды табуы керек. Қазіргі кезде математикалық сауаттылықта көп
кездесетін есептердің бірі. Осы арқылы оқушыны әртүрлі мағынадағы
логикалық есептерді шығаруға дайындай
аламыз.
5.
«Сиқырлы таңбалар» логикалық
тапсырмасы. Бұрыннан белгілі логикалық есеп түрлерінің бірі. Теңдік
дұрыс болатындай етіп таңбалар, жақша қою
керек.
Осындай логикалық
тапсырмаларды өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Оқушылардың пәнге
деген қызығушылығы артып келе жатыр. Тапсырмаларды бір рет қана
пайдалануға емес үнемі пайдалануға ыңғайлап жасаған дұрыс. Қазіргі
технологиялардың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, логикалық
тапсырмаларды қызықты және сапалы қылып жасап, дайындау әр
мұғалімге сабақ барасында көп көмегі тиеді деп
есептеймін.