Материалдар / Баяндама. Математика сабағында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама. Математика сабағында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты: 1.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. 2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау. 3.Оқушылардың ой-өрісі артады,үнемі ізденісте болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1236
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика сабағында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру


Абдикаримова Гаухар Абдикаликовна

Қызылорда қаласындағы №215

орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі


Математика арнайы білім беру пәні ғана емес,сонымен қатар оқушылардың логикалық интеллектуалдық ойлау қабілеттерін шыңдай түсетін,дүниетанымын кеңейтетін бірден-бір мықты құрал.Оқушыларға білімді тиянақты меңгерту ,интеллектуалды жастарды тәрбиелеу әрбір пән мұғалімдерінің міндеті десек қателеспейміз.Ол үшін оқыту процесіне сабақ берудің барынша тиімді әдістерін жинақтап оқушылардың өз бетінше және шығармашылық қабілеттерін арттырумен бірге сыныптан тыс жұмыстарды пәрменді де сапалы жүргізуі қажет.Оқушылардың логикалық ой-өрісін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы ерекше.

Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты:

1.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

3.Оқушылардың ой-өрісі артады,үнемі ізденісте болады.

Ал, осындай шаралар кезінде оқушыларға берілген тапсырмалар оқушылардың шығармашылық

қабілеттерін шыңдап,олардың үнемі ізденісте болуына көп әсерін тигізеді. Тапсырмалар пән бойынша,пәнаралық және танымдық деңгейлерін кеңейту бағыттарында берілуі тиіс.

Математиканы оқыту,одан терең де сапалы білім беру-әр математик ұстаздың міндеті.

Оқушылардың ой-өрісін дамыту,пәнге деген қызығушылығын ояту математикадағы басты проблемалардың бірі. Осындай мақсаттарды жүзеге асыруда матем атика пәнінен өткізілетін сыныптан тыс шарасына тоқталып өтейін.

Тақырыбы: “Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»

Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру,ой-өрісін дамыту,алған білімдерін пысықтау.Танымдық белсенділіктерін,логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі: Компъютер слайды,үлестірмелі тапсырмалар,логикалық есептер.т.б

Барысы: І.Ұйымдастыру

Сайысқа қатысатын оқушылармен таныстыру

ІІ.Сайыстың жоспарымен таныстыру

  1. тур. « Бәйге»

  2. тур. «Дода»

  3. тур. «Көп ойла,тез ойла»

  4. тур. «Жорға»

Жүргізуші: Біліміңнің ұшқырлығын танып сен,

Асып-тасып,асықпа,қалыспа сен!

Уақыт деген зымырап,зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен,-дей келіп, кезекті бәйге сұрақтарына береміз.

Мақсатымыз: Алғырлықты байқау

1-кезең: «Бәйге»

1.Жазықтықтың шегі бар ма? (жоқ)

2.90º-тан кіші бұрыш? (сүйір)


3.Ең үлкен хорда? (диаметр)

4.Екі нүкте арқылы неше түзу өтеді? (бір)

5.ах+ву=с функциясының графигі қандай сызық? (түзу)

6.Математикаға координаттар әдісін енгізген Француз математигі,әрі физигі?

(Рене Декарт)

7.Тік бұрыш неше градусқа тең? (90 º)

8.7 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан)

9.Ең кіші натурал сан? (1)

10. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)

11. 60-тың 50%-ы? (30)

12.3/4-ке кері сан? (4/3)

2-кезең: «Дода»

Ойын-толқын,айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын-толқын,жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым,біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып.

2-кезеңнің шарты:

Таблода сәйкес сұрақтың тұсында сол сұрақтың құны белгіленген.Егер таңдалған сұраққа дұрыс жауап берілсе,ұпай сол ойыншыға беріледі.

Арифметика

5

10

20

10


Логика

5

10

20

10


Жұмбақтар

5

10

20

10



  1. Арифметика.

1) 5,075 санын ондық үлестерге дейін дөңгелекте? (5,1)

2) Шаршының қабырғасы 9 см.Периметрі неге тең? (36 см)

3)Бірдей үш цифрмен жазылған үш таңбалы сан 3-ке де, 37-ге де бөлінеді. Сол санды табыңдар? (111)

4) Бөлімдері 10,100,1000 болып келген бөлшектер қалай аталады? (ондық)

2.Логика

  1. 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көріну керек? (5 бала)

  2. «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті.Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1сағ 43 мин)

  3. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойғанда 4-тен артық,5-тен кем сан шығады? (үтір)

  4. 10 ақ шар, 8 қызыл шар, 11 қара шар бар.Міндетті түрде бір ақ шар алып шығу үшін неше шар алу керек? (20)

3.Жұмбақтар

  1. Біз санбыз...

Сызықпыз бөлінген

Математиканы ұқпас адамға.

Құбыжық болып көрінген,


Дұрыс,бұрыс, аралас.

Ондық болып бөлінген.

Қандай сан? (Бөлшек сан)

  1. Бір,үш,бес,он,

Жиырма, елу,

Жүз,екі жүз,мың бар,

Әрқайсының құны бар.Ол не? (теңге)

  1. Бүтін сан, бөлшек сандар,

Барлығы да бар онда.

Бұл қандай сан айтыңдаршы,

Оң,теріс сандар осында! (рационал сан)

  1. Алды артымыз шексізде,

Жете алмайсың біздерге,

Сәуле менен кесінді,

Шыққан еді біздерден. (түзу)

3-кезең: «Көп ойла,тез ойла!»

1.Ертеде саусақпен санау үлкен мәнге ие болған.Оны қазір негізінен санауды жаңа үйреніп жүрген балалар қолданады.Қазіргі заманда саусақпен санау тағы қайда қолданылады? (биржаларда)

2.Бақыт ақиқат тұжырым айтты.Марат оның сөзін қайталап айтып еді,ол жалған болып шықты. Бақыт не айтты?

(Менің атым Бақыт)

3.Квадрат пен ромбының периметрлері бірдей.Қай фигураның ауданы үлкен?

(квадрат)


4.Қоймада 16 кг,17 кг,40 кг-дық жәшіктерде шегелер салынған.Жәшіктерді ашпай-ақ 50 кг шегені сатып алуға бола ма?

(16кг+17 кг+17 кг)

5.Квадрат пен ромбының периметрлері бірдей.Қай фигураның ауданы үлкен?

(Квадрат)

6.Үшбұрыштың қабырғалары 5,6,11см-ге тең.Үшбұрыштың периметрі неге тең?

7.Бір үлкен үйде 100 пәтер бар.Есіктің бетінде 9 цифры неше мәрте жазылуы мүмкін? (20 рет)

8.Нәтижесінде 1 саны шығатындай 188 санын бөлу керек.

4-кезең: «Жорға»

1.Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі)

2.Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу (параллелъ)

3.Екі теріс санның көбейтіндісі? (оң сан)

4.Санның жүзден бір бөлігі? (пайыз)

5.Бір нүктеден шыққан түзу (сәуле)

6.Ең кіші үш таңбалы сан? (100)

7.Шеңбердің радиусы 6 см.Диаметрі неге тең? (12 см)

8.Жазыңқы бұрыштың өлшемі (180º)

9.Милли санының жазылуында неше нолъ бар? (6)

10. 20 минут сағаттың қандай бөлігі? (1/3)

1.Барлық қабырғалары тең болатын үшбұрыш? (тең қабырғалы)

2.Қанша цифр білесіз? (10)

3.Таңбалары қарама-қарсы екі санның көбейтіндісі қандай сан? (теріс)

4.Бұрышты өлшеу құралы (транспортир)


5.Шеңбер диаметрі 8 см.Радиусы неге тең? (4см)


6.Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы қалай аталады? (периметр)

7.Сағаттың ¼ бөлігі неше минут? (15 мин)

8.Метрдің 1%-ы? (1 см)

9.Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

10.Бөлімінен алымы көп бөлшек? (бұрыс)

Қорытынды: Жеңімпаздарды марапаттау.


Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда оқушыларды қызықтыратындай логикалық есептерді шығарудың білімділік те тәрбиелік те маңызы өте зор.Өйткені, есептерді шығару барысында оқушылардың математикалық ұғымдарды меңгеруі және ойлау қабілеттері дамиды.

Өз пікірін логикалық жолмен дәлелдей білуге,алған білімдері бойынша қорытынды жасауға жаттығады.Бұл сабақтарда:

1.Оқушылардың білімдері жүйеленеді

2.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері ,білім мен білік дағдылары дамиды,интеллектуалдығы

қалыптасады.

3.Еңбекке, өзін-өзі басқаруға,ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.

Оқушылар әртүрлі тапсырмалар орындайды.Жұмбақтар шешу,қызықты есептер шығару,амалдарға байланысты есептер, сиқырлы квадраттар т.б.

Енді мынадай сиқырлы квадраттарға тоқталып өтейін.

«Ғажайып десерттер»

А) Тиісті сандарды тауып,сиқырлы квадраттың бос тор көздерін толтыру.

Сиқырлы квадраттың қатары бойындағы және қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінділер диагоналъдар бойындағы сандардың қосындысы тең болуы және бір сан қайталанбауы шарт.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын,математикадан алған білімін қолрытындылауда,тәлім-тәрбиесін,танымдық қабілетін,белсенділігін арттыру мақсатында «сыныптан тыс өтілетін іс-шаралардың алатын орны ерекше.

Математика сабағында оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету,пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында бағдарламадан тыс логикалық тапсырмаларды орындауды ұсынамын. Өйткені логикалық ойлау арқылы оқушының шығармашылық қабілеттері дамиды.Ол өз беттерінше жұмыс істеуге үйренеді,шығармашылық ізденісте болады.

Шығармашылықпен еңбек ететін оқушыда логикалық ойлау зеректігі,терең білім алу қабілеті дамиды.Сондықтан мен өзімнің сабағымда оқушылардың ізденімпаздығын қалыптастыру үшін, танымдық,шығармашылық,логикалық тапсырмалар ұсынып отырамын.Тапсырмалар пәнішілік,пәнаралық байланыста болу керек.Олардың мазмұны мен танымдық деңгейі сараланған,проблемалы болу керек.

Математика сабақтарында қатыстыруға болатын логикалық тапсырмалардың мазмұнын тиімді құрастыру керек.Халық даналығында да логикалық есептер көптеп кездеседі.Бұл есептерді халқымыз өз ұрпағын ұшқыр ойлы,есте сақтау, бақылағыш қабілеттерін жоғары етіп тәрбиелеуде пайдаланып келген.Логикалық есептерді


шешудің негізгі мақсаты-жас ұрпақ тәрбиесінің негізгі міндеттерінің бірі-баланың ойлау жүйесін ретке келтіріп,шыңдай түсу,өмірдің кез-келген жағдайында дұрыс

және ұтымды шешім таба алатындай ұшқыр ойлылыққа тәрбиелеу.Оқушылардың пәнге қызығушылығын мен ынтасын арттыруда,шығармашылық қабілеттерін арттыруда,логикалық ойлау қабілеттерін арттыруда математикадан сыныптан тыс жұмыстар өткізудің маңызы зор.




Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Математика және физика журналдары

2.Б.Адилова «Жедел-тест»Математика және физика №4.2009 ж.

3.А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер,З.Ә.Жұмағұлова Математика

әдістемелік нұсқау Алматы «Мектеп» 2009 ж.

4.Т.А.Алдамұратова

Математика.Методическое руководство: для учителей 6 класса

общеобразователъной школы.-

Алматы:Атамұра.2006-176 стр.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!