Материалдар / Баяндама: Математика сабағында ұлттық құндылықтарды дәріптеу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама: Математика сабағында ұлттық құндылықтарды дәріптеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада, математика сабағында қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеу мақсатында тапсырмалар алынған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2021
1771
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Алға селосы

Әбу Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебі

Конкаева Гульнар Батыргалиевна

Математика пән мұғалімі

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ


Математика сабағында ұлттық құндылықты қолданудың маңызы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу» делінген.

Қазақ елінің болашағы бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Ендеше, ертеңгі қоғам мүддесіне лайықты, жан жақты жетілген, бойында ұлттық тәрбие, ұлттық сана қалыптасқан, білімді, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру басты міндетіміз екенін үнемі назарда ұстап жүруіміз қажет. Бүгінгі таңда білім беру мазмұны жаңару үстінде. Сол жаңару жолындағы міндеттерді іске асырушы маңызды мекемелер балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары.
Мектеп қабырғасынан бастап ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағыттауымыз керек. Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани – мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.
«Елiмiздiң, ертеңі – бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында», - деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін ұлттық құндылықтарды оқу – тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.
Бүгінгі мектептегі оқып жатқан жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейтін тағылымды тәлім – ұлттық рухта тәрбиелеу мен оқыту.
«Тәрбие – табалдырықтан басталады» деген нақылдың өзі өмірден алынған шындық. Халық тәрбиесі ғасырдан – ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Нақты математикалық тақырыпты халқымыздың тұрмыс – салтымен байланыстыра оқыту оқушыларымыздың, өз халқымыздың тарихын білуге, тұрмыс салтын ұғынуға үйретеді.
Мұғалім жан – жақты жетілген, білімді, халықтық дәстүр, әдет – ғұрып пен салт – сана ерекшеліктерінен сусындаған шәкірт тәрбиелеуі тиіс. Өйткені, білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана экономикалық дамуда әлемдік дамудың алдыңғы көшінде бола алады.
Қазақ халқы ерте замандарда ғылым мен білімге еркін қолы жетпесе де өмірлік тәжірибеден оқып үйреніп талғай біліп, шеберліктің небір сан саласын асқан ұқыптылықпен сақтап, біздің дәуірімізге жеткізе білген.
Қазақ ағартушысы М. Жұмабаевтың «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелі қылуға міндетті» деген ұлағатты сөзі қазіргі заманға сай еліміздегі ұлттық мектептің қалыптасуын меңзейді.
Елбасымыздың сөзімен айтқанда, «Қазақстан біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи Отаны». Адам бойына біткен алуан қасиет, дарын туған топырақтан дариды. Туған жерге деген сүйіспеншілік пен мейірім кейінгі ұрпаққа ана сүтімен, бесік жырымен сіңірілген.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызудың жолдарының көзі қазақ халқының тәрбиелік және танымдық мәні бар, баға жетпес асыл қазынасы, тарихи – мәдени мұраларында жатыр. Соның бірі – Қазақтың ұлттық шежіресі. «Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, біліп оны ескерсе, дүниедегі алыс – жақын мен жақсы – жаманды білгені мен көргені көп болған адам білімді болады» – дейді Абай Құнанбаев.
Халықтық педагогиканың бір саласы – ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану – тасада қалып келген дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым – қатынасты, салт – дәстүрлерді саналы түрде сезінеді.

Математика сабағында ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында, төмендегідей ойын түрлерін алған болатынмын.
«Квадрат теңдеу» тақырыбында “Зерде” ойынында мақал – мәтелдер, даналық сөздер жүргізуге болады. Оның ішінде екі сан есім квадрат теңдеудің түбірі, яғни Виет теоремасына кері теоремасы бойынша квадрат теңдеу құру керек.


1. х2 – 11х+10=0/ х1=1; х2=10
Бір тал кессең, (он тал ек).
2. х2 – 8х+7=0/ х1=1; х2=7
Жеті рет өлшеп (бір рет кес).
3. х2 – 9х+8=0/ х1=1; х2=8
Жігіт сегіз қырлы (бір сырлы).
4. х2 – 70х+1200=0/ х1=7; х2=7
Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі білім ал)
5. х2 – 10х+24=0/ D=4 х1=6; х2=4
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді (төртеу түгел болса, төбедегі жетеді).
6. х2 – 1001х+1000=0/ D=998001 х1=1; х2=1000
Білімді мыңды жығады (білекті бірді жығады).
Санға қатысты жұмбақтар:
1. Бес, он,
Жиырма, елу,
Жүз, екі жүз, бес жүз, мың бар.
Әрқайсысының құны бар. (Теңгелер)
2. 100 мүйізі бар
Үстінде киізі бар. (Киіз үй)
3. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар. (Домбыра)
Математикалық сандармен берілген мақал – мәтелдер:
Ел құлағы – елу.
Елу жылда – ел жаңа.
Бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем бер.
Халық педагогикасының тағылымдарын математика сабақтарында қолдану – оның білімдік және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар халқымыздың салт – дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар.
5 сыныпта бөлшек тақырыбын өткен уақытта бөлшектің негізгі ұғымын біздің ата бабаларымыз өте ерте кезден бері қолданғаны туралы айта кеткен жөн, яғни қазақтың төрт түлігі он екі жілікке, төрт аяқ бөлінген. Бір жілікті – 1/12 бөлік, бір аяқты 3/12=1/4 бөлік.
Ет мүшелеу дегеніміз – сойылған малдың етін жілік – жілігімен бөлшектеу. Малдың төрт аяғындағы 12 жіліктегі жамбас, ортан жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік, жауырын сүйектеріне орай ет мүшелегенде осы жіліктерді буын – буыны бойынша ажыратып жіліктейді: жамбас – 2, ортан жілік – 2, асықты жілік – 2, бел омыртқа – 1, сүбе қабырға – 2, (сүбемен бірге бүйректен жоғары 5 қабырға кетеді), қабырға – 2, төс – 1, омыртқа – 1, жауырын – 2, тоқпан жілік – 2, кәрі жілік – 2, бұғана – 1, мойын – 1 етіп бөледі.

Ұлттық құндылықтардың бірі халықтық есептер.

Табақ тарту есебі: Тәттібек дейтін кісінің үйіне қонақ келді. Шайдан соң қонақтарға табақ тарту кезінде Тәттібек жұбайына келіп, «Екеу ара табақ тартсаң, онда бір табақ ет артылып қалады, не істеу керек» деген екен. Сонда қонақ қанша? табақ қанша?
Шешуі
: Х қонақ, У табақ
3у – 3=2у+2
3у – 2у=3+2
у=5
х=2у+2=2*5+2=12
Жауабы: 12 қонақ, 5табақ.
Шәкәрім мұрасы математикалық жұмбақтарын өзімнің сабақтарымда жие қолданамын.
Тоғыз жиылып бір толғатқан
Бірін бірі буазғыз жуандатқан
Тоғызының киімі тоғыз түрлі
Келген кісі сияқты әр тараптан…
Ал, балалар бұл не?
(математикалық цифрлар)
Тамам сөзді сөйлейді сөйле десе,
Етінен ет кесемін сөйлемесе
Айт демес, айтпайтұғын жауабы жоқ.
Сүйгенімді сөйлеттім әлденеше.
(қарындаш)

Оқушыларға тек пәндік білім, білік дағдыларын меңгертпей ұлттық құндылықтардың тәрбиелік мақсатын түсіндіре отырып сабақтарда қолдану қажет.

Бәйтерек монументінің шармен қосқандағы биіктігі 105 метр, шарсыз биіктігі 97 метр. Осы сандарды пайдаланып дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сандарды жазыңдар.

Киіз үйдің биіктігі 4м 20см. Бұл оның керегесінің, уық бөлігінің және шаңырағының биіктіктерінің қосындысына тең. Оның керегесінің биіктігі 1м 60см, уық бөлігінің биіктігі 2м. Шаңырағының биіктігі киіз үй биіктігінің қандай бөлігін құрайды.

Домбыраны координаталық сәуле бойына орналастырғанда домбыраның тиегіне (А нүктесіне), мойына (В нүктесіне) және құлағына (С нүктесіне) қандай бөлшектер сәйкес келеді. А, В және С нүктелерін координаталарымен жазыңдар. Домбыраның басы(құлағы) 1/10 м, мойны 1/2 м, шанағы 2/5м. Домбыраның ұзындығы неше метр.
Сандықтың биіктігі 50см. Ұзындығы 1м 50см, ені 55см. Сандықтың көлемін және ауданын тауып, оларды бұрыс және дұрыс бөлшек түрінде жазыңдар.

6 сыныпта өстік симметрия тақырыбын өткенде үй жиһаздарына бедерлеп салынатын ою өрнектер түзуге қатысты симметриялы түрде салынатынын айтып кеткен жөн.

Бабаларымыз ошақпен мосыны жасауда және пайдалануда «бір түзу бойында жатпайтын үш нүкте арқылы жазықтық жүргізуге болады және ол біреу болады» деген заңдылықты тұрмыста шебер пайдалана білген. Конус тақырыбын түсіндіргенде қазақ қыздарының басына киетін сәукеле ер адамдардың басына киетін тақияны айтып кеткен жөн.
Халқымыздың осындай асыл тәрбиелік мұраларын күнделікті сабақ мазмұнымен байланыстыра оқушыларға жеткізіп отыру жас ұрпақтың таным дүниесін кеңейтіп, ұлттық тәлім береді. Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып ықпалдастыру мүмкін болмайды.

Еліміздің тұғырын берік ұстап тұра алатын, оны одан әрі дамытып көркейтетін ұрпақ даярлау ұстаздардың ең басты мақсаты.

Қорыта айтқанда, бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат-мұраларды жастардың санасына сіңіре білуіміз қажет. Тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған мұралар мен дана сөздер десек, біз соларды насихаттайтын жүргізушіміз. Бүкіл қоғам болып қолға алып, мәдениетті, тәрбиелі болып жүруді әрқайсысымыз өзімізден бастасақ, жас ұрпақтың тәрбиесі де өз жемісін берері анық.







ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Ш.Елеукенов, Замандас парасаты. Әдеби сын. Алматы.

2. Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы сынып жетекшінің орны.

3. Бастауыш мектеп журналы/ республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал/ №7, 2017.

4. Сынып жетекшінің анықтамалығы/ №1(01) 2019.















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!