МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ТОПТЫҚ ӘДІСТІ
ҚОЛДАНУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІ
Абдикаримова Гаухар
Абдикаликовна
Қызылорда қаласы
Талдыарал елді мекені №215 орта мектебі
Математиканы
білмейінше,қазіргі техника негіздерін
де,ғалымдардың табиғат
пен әлеуметтік құбылыстарды
қалай зерттейтінін де
түсіну мүмкін емес.
А.Н.Колмогоров
Математика арнайы білім
беру пәні ғана емес,сонымен қатар оқушылардың логикалық
интеллектуалдық ойлау қабілеттерін шыңдай түсетін,дүниетанымын
кеңейтетін бірден-бір мықты құрал.Оқушыларға білімді тиянақты
меңгерту ,интеллектуалды жастарды тәрбиелеу әрбір пән
мұғалімдерінің міндеті десек қателеспейміз.Ол үшін оқыту процесіне
сабақ берудің барынша тиімді әдістерін жинақтап оқушылардың өз
бетінше және шығармашылық қабілеттерін арттыруымыз керек. Қазіргі
кезде ғылым мен техниканың
даму деңгейі әрбір оқушыдан
сапалы және терең біліммен іскерліктің болуын,
олардың шығармашылықпен
жұмыс істеуін,ойлауға қабілетті болуын талап етеді.Мұғалім еңбегі
шығармашылық еңбек ,ол мұғалімге үнемі үздіксіз ізденуді өз білімін
үнемі жетілдіруді талап етеді.
Мұғалімнің негізгі мақсаты
білім сапасын арттыру.Ол үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана
отырып ең алдымен оқушыларды қызықтыру сөйтіп оқушыны ойлауға
үйрету қажет.
Жаңа талаптарға сай
көптеген оқыту әдістері бар,солардың бірі топтық әдісті қолдану.Бұл
әдістің нәтижесі барлық оқушы сабақта бағаланады,оқушылар
бір-бірінен қалмауға тырысады,белсенділігі,пәнге деген қызығушылығы
артады.
Енді топтық әдісті
қолданудың тиімділігіне тоқталып өтейін:
Сынып оқушыларын екі топқа
бөлдім.Өте жақсы оқитындар және жақсы оқитын оқушылар қалғандарына
үйретуші бола алады.
Бұл әдістің тиімділігі
мынада болды:
1.Оқушының бір-біріне
жолдастық,достық қарым-қатынастары арта түседі
2.Бір-біріне бар ынта
жігерімен көмектесуге,үйретуге бейім болады және үйрете жүріп өзі
де үйренеді
3.Сынып оқушыларының жаппай
жұмыс істеуіне әкеледі
4.Бос отырған оқушы
болмайды
5.Ұйымшылдыққа
тәрбиеленеді
Топқа бөлуді бірнеше
әдістермен жүргізуге болады.
А) Оқушылардың білім
деңгейлеріне қарай араластыра бөлу.Жақсы және өте жақсы оқитын
оқушылар қалғандарына консулътант-үйретуші бола алады.
ә) Білім деңгейлеріне қарай
топтау.Өте жақсы меңгергендер,жақсы меңгергендер,орташа және
нашарлар.Бұл топтардың аттарын «Үшбұрыш», «Төртбұрыш», «Бұрыш»
т.б.атауға болады.
Оқушылардың шағын топтарда
бірлесе істеген қызметі кейбір қатысушының өзіне сенімін
тудырады,қорғаншақтықтан арылады.
Тәрбиелік жағы оқушыны әділ
болуға үйретеді,яғни әділ бағалап,өз жолдастары арасында беделге ие
болады.Мұғалім сабақта әр балаға психологиялық қолдау көрсетіп
психологиялық жайлы орта туғызу үшін мынандай қағидаларды еске алу
керек:
1.Балаларға әрқашан сенім
көрсетуі
2.Оқушыларға оқытудың
мақсаттары мен міндеттерін белгілеп,нақтылауға көмектесу
3.Оқушылардың оқуға деген
ішкі қызығушылығына мән беру.
4.Әртүрлі тәжірибенің
қайнар көзі ретінде тұруы
5.Мұғалім әрбір оқушы үшін
осындай ролде болуы
6.Өзінде топтың көңіл-күйін
сезіну және қабылдау қабілетін дамыту
7.Топтың өзара әрекетке
белсенді түрде қатысуы
8.Топта өз сезімін ашық
білдіруі
9.Әрбір оқушының сезімі мен
көңіл толқуларын түсінуге мүмкіндік беретін дәрежеге ұмтылуы
10.Өзін-өзі жақсы білуі
тиіс
Бұл әдістің оқушыларға
тиімділігі неде?
Топтау әдісінің
тиімділігі:
1.Оқушылардың бір-біріне
жолдастық,достық қарым-қатынастары арта түседі.
2.Бір-бірлеріне бар
ынта-жігерлерімен көмектесуге,үйретуге бейім болады,үйрете жүріп
өзі де үйренеді.
3. Топтық жарыстар кезінде
ұйымдастырудың жөн-жобаларын үйренеді,ұйымдастырушылық қабілеті
арта түседі.
4.Бір сабақтың үстінде
берілген материалдарды толық қамтуға мүмкіндік туады.
5.Бағалау жұмысын
салыстырмалы түрде жүйелі жүргізе аласыз.
6.Оқушылардың өз беттерімен
ізденістері туындайды,қосымша оқулықтармен немесе өз оқулықтарымен
жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыланады.
7.Өз білімі мен
жолдастарының білімін саралай, бағалай білулеріне толығырақ
мүмкіндік туады.
Математика өмірлік маңызы
зор күнделікті тұрмыспен тығыз байланысты ғылым
болғандықтан,жанұяда да алатын орны ерекше.Математикаға деген
қызығушылық табиғи қажеттіліктен туындайды.Осы мақсатта,мектепте
оқушылар мен олардың ата-аналарынан құралған топтардың жарысын
ұйымдастыруға болады.Ата-аналар мен оқушылардың математикаға деген
қызығушылығын арттыруда мұндай топтық жарыстың мәні зор болды.Әрбір
оқушының өз мүмкіндігінше,қабылдау қабілетіне қарай оқу материалын
меңгеруін қамтамасыз ете отырып,әртүрлі категориядағы балаларға
бірдей зейін аударып,олармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін әдіс
ретінде топтық әдістің маңызы зор.Топтық жұмыс жасалар алдында
оқушының ролін анықтап білу мақсатында эксперт парағы
таратылады.Сол бойыеша әр оқушының сабақ үстіндегі әрекетін
өзін-өзі бағалауын білу мақсатында топ ішіндегі лидерге
беріліп,лидер толтырып сабақ соңында мұғалімге тапсырады.Мұғалім
осы парақ бойынша оқушыны бағалайды.Бұл оқушы ролін объективті
бағалауға мүмкіндік береді.Жалпы сабақ барысы оқушылардың өзіндік
іс-әрекетінің нәтижесінде орындалады.Сондықтан оқушының
пікірін,жауаптарын тыңдай отырып олардың өткен материалдар бойынша
білімдерін,жаңа білімді игерудегі ынтасын,берілген тапсырмаларды
топпен орындаудағы іс-әрекетін толық байқауға болады.Оқушылардың
тапсырманы топпен орындауына шыдамдылық таныта білу тиімді тәсілдің
бірі болып табылады.Әрбір оқушының және бүкіл сыныптың оқу
материалын меңгеру деңгейін анықтау,сонымен бірге оқушылардың
білімін,іскерлігі мен машығын тексеру білімді
қайталаудың,тереңдетудің,жүйелеудің пәрменді құралы болып
табылады.Осы орайда әр тарау бойынша өткен білімдерін
тексеріп,тиянақтап отырудың рөлі ерекше.Мысалы, «Білім талдау» атты
топтық зерттеу сабағында оқушыларға әртүрлі тапсырмалар
беріледі.Сынып оқушыларын топтарға бөліп,әр топтың
зерттеушілері,
сарапшылары,ойыншылары
болады.Олардың міндеттері бөлініп беріледі.
Мұғалім-басты
тұлға,шәкіртке бағыт-бағдар беруші бағдаршам десек,оқушы-өздігінен
еңбек етіп,талпынып,жеткен жетістігінің жемісін көруші,мұғалім мен
оқушы үнемі бір-бірімен тығыз байланыста болуы қажет.
Мұғалім
Оқушы
Оқиды,түсінеді жоба
қорғайды
талдайды,
зерттейді
Оқушы берілген
тапсырмаларды оқиды,бағдарламамен танысады,талдайды, зерттеу
жүргізеді,жоба жасайды оны қорғайды.Оқу үрдісінде осы бағытта
жұмыстар жүргізу арқылы төмендегідей мәселелерді шешуге
мүмкіндіктер туады:
-математикалық білігі мен
білімі нақты болу,
-математикалық
ой-тұжырымдарын жазбаша және ауызша баяндай білу,
-математикалық
ережелер,қағидалар мен формулаларды есептер шығарғанда еркін
пайдалана алу,
-әртүрлі геометриялық
фигуралар мен денелердің сызбаларын дұрыс сала білу,
-бағдарламамен ғана
шектеліп қалмай өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуге,ізденуге
үйрету.
Мұндай тәсілдер сабақтың
бірсарынды болып өтуінен сақтайды.Білім сапасы артып,оқушының
бақылаулардан қорықпай,өзіне деген сенімінің пайда
болуына,білімінің нақты,жан-жақты болулары сөзсіз.Сондықтан «ынта
болса адамда,қиын іс жоқ ғаламда» демекші,топтық жұмыс түрін
пайдалану арқылы оқушының ынтасы,білім сапасы мәнді де, нақты
жетілдіруге болатындығына сенемін.
Оқытудың топтық әдісін
пайдалануда мынандай мақсаттарға қол жеткіздім:
-Оқушыларды
ойландыруға,
-пікір таластыруға,
-дұрыс сөйлей білуге,
-өз бетімен ізденіп,жұмыс
істеуге,
-шығармашылықты
дамытуға.
Ұсыныстар:
-
Жалпы білім беретін
мектептерде қазіргі заманға сай оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін
қолдану
-
Оқушылардың ойлау
қабілеттерін дамыту,пәнге қызығушылығын арттыру,өзіндік іс-әрекетін
қалыптастыруға бағыттау оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық
технологияларды енгізу
-
Оқытудың жаңа ақпараттық
технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі
ұйымдастыру;
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
“Математика және
физика” ғылыми-әдістемелік журналы
,
№3 2003 жыл №2 2009 №2 2011
4.
Интернет материалдары : “Google” және “Mail.ru”
сайттары