Материалдар / баяндама мектепке дейігі білім беру ұйымы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

баяндама мектепке дейігі білім беру ұйымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар өздерінің балаларын тәрбиелей отырып, оны қорғауға міндетті. Әлі жасы жетпегендіктен, әлі қабілеті толық қалыптаспағандықтан балалар өз мүдделерін өздері қорғай алмайды. Сондықтан ата-аналар, біріншіден, балаларының құқығын қорғауға міндетті. Бұл оның мүлкіне де, жеке басына да қатысты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2020
351
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАЛАНЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Ата-аналар өздерінің балаларын тәрбиелей отырып, оны қорғауға міндетті. Әлі жасы жетпегендіктен, әлі қабілеті толық қалыптаспағандықтан балалар өз мүдделерін өздері қорғай алмайды. Сондықтан ата-аналар, біріншіден, балаларының құқығын қорғауға міндетті. Бұл оның мүлкіне де, жеке басына да қатысты. Екіншіден, балалардың мүддесін қорғауға заң жүзінде белгіленетін құқық, мысалы, баланың мұрагер болу құқығы да жатады. Құқықты қорғауға баланың құқығын бұзуға жол бермеу үшін күресу мәселесі де қосылады. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады.

Ата-аналар өздерінің баласына былай да теріс қарамайтыны табиғи нәрсе. Дегенмен, өкінішке орай, өмірде басқа да жағдайлар кездесетіні жасырын сыр емес. Тәрбиеден қате жіберілсе, оның салдары ата-ананың өзіне тиеді. Тәрбиесіздік пен адамгершіліке жатпайтын тәртіп балаға оңайға соқпайды. Қоғам да, басқа адамдар да мұндай қылықтан зиян шегеді.

Мұның арты заңды, құқықты бүзушылыққа дейін әкеліп соғатыны тағы бар. Сондықтан өзінің борышын дұрыс атқармаған ата-анаға заңның да қолданатын шарасы болады. Кейбір сирек жағдайларда ата-ана (әкесі не шешесі) өзінің ата-аналақ құқығынан заң жүзінде айырылуы мүмқін.

Кейбір сирек кездесетін жағдайлар дегеніміз не? Енді соған келейік.

Біріншіден, егер ата-ана адамгершілік, әделетілік тәрбиесімен айналыспаса, оқуы мен қалыпты дамуына қажетті жағдай жасамаса, онда ол баласын тәрбиелеудегі өзінің міндетінен қашқандыққа жатады.

Екіншіден, мұндай жағдайда ата-аналар өздерінін құқығын теріс пайдаланған (оқуға баруына бөгет жасау, сабаққа дайындалуына мүмкіндік бермеу, қайыр сұрауға мәжбүр ету, баланы баска да теріс қылықтарға ұрындыру) болып табылады.

Үшіншіден, егер ата-ана ұрып-сабаса, баласын қорқытса, тамақ бермесе, үйден қуып жіберсе, қадір-қасиетін қорласа,

төртіншіден, ата-ана өзінің адамшылыққа жатпайтын, қоғамға қарсы қылығымен зиянды түрде ықпал етсе,

бесіншіден — үнемі маскүнемдікке, қорлыққа салынса, ондай ата-аналарды ата-аналық құқықтан айырады.

Ата-аналық құқықтан айырғаннан кейін ата-ана мен бала арасындағы байланыс тоқталады. Соттың шешімімен ата-аналық құқығын жойған адамда енді баласын тәрбиелеу құқығы болмайды, сондай-ақ ол ата-ананың басқа да құқығы жойылады. Ол ата-ана енді басқа біреуден өзінің баласын сұрап ала алмайды, баланың заңды өкілі бола алмайды, оның мүддесін қорғауға да құқығы болмайды. Бірақ ата-аналық құқығы жойылған адам баланы материалдық жағынан қамту міндетінен босатылмайды. Егер ата-аналық құқығынан айрылған адам өзінің қателігін мойындаса, жеке басының тәртібін түзесе, онда оған ата-аналық құқығы қайтадан қалпына келтірілуі мүмқін, .

Ата-анасының қамқорлық жасауынан айрылған баланы тәрбиелеп, мәпелеу — мемлекеттің, қоғамның қасиетті борышы. Жетімдерге қамқор болу — кез келген халықтың қалыптасқан дәстүрі. Бұл жұмыспен арнайы айналысатын мемлекеттік органдар бар. Бұлар — білім беру (қамқор болу, қарауына алу), денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау органдары. Ата-анасыз қалған балалар болса, осы органдарға хабарлау керек. Олар панасыз қалған балаларды өз қарамағына алады, оларға қамқорлық жасайтын адамдар тағайындайды. Баладар өздерін өздері қорғай алмайтын болғаңдықтан, оларға қамқор болып, қорғайтын мүдделерін жақтайтын адам белгіленеді. Қамкоршы не қарауына алушы болып өз міндеттерін өз еркімен орындауға дайын тұратын баланың туысы немесе басқа адам белгіленеді.

Неке және отбасы туралы” Қазақстан Республикасының заңында жазылған:

1. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.

2. Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар.

Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.

Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын “Неке және отбасы туралы” Қазақстан Республикасының заңында жазылған: Заңның 13-тарауында белгіленген тәртіппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.

Баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, аға- інілерімен, апа-сіңлілерімен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы некесінің бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиіс.

Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарым- қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Кейбір жағдайға (ұсталу, тұтқындалу, қамауға алыну, емдеу мекемесінде болу) ұшыраған баланың заңда белгіленген тәртіппен ізінің ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.

Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған бала пікірі, егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, ескерілуге міндетті.“Неке және отбасы туралы” Қазақстан Республикасының заңында көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы органдар немесе сот он жасқа толған баланың келісімімен ғана шешім қабылдай алады.

Неке және отбасы туралы” Қазақстан Республикасының заңында :

1. Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы бар.

2. Балаға ат ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) келісімі бойынша қойылады, аты-жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі. Әкесі атын өзгерткен жағдайда оның кәмелетке толмаған балаларының әкесінің аты-жөні өзгереді, ал кәмелетке толған балалардың әкесінің аты-жөні бұл туралы өздері арыз берген жағдайда өзгертіледі.

3. Баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Ата-анасының тегі әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі.

Ата-анасының тілегі бойынша балалардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесінің немесе атасының атынан шығарылуы мүмкін.

4. Баланың атына және (немесе) тегіне қатысты ата-ананың арасында туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі.

5. Егер әкесі белгіленбесе, баланың аты анасының көрсетуі бойынша қойылады, әкесінің аты-жөні баланың әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша (осы Заңның 49-бабының 3-тармағы), тегі — анасының тегі бойынша беріледі.

6. Егер ата-анасының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, аты-жінін қорғаншы және қамқоршы орган қояды.

Неке және отбасы туралы” Қазақстан Республикасының заңында ата-анасының екеуі де тегін өзгерткен жағдайда кәмелетке толмаған балалардың тегі өзгереді. Бала он алты жасқа толғанға дейін ата-анасының бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы баланың мүдделерін негізге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берілген текті басқа ата-ананың тегіне өзгертуге рұқсат беруге құқылы. Неке тоқтатылған немесе неке жарамсыз деп танылған жағдайда балалар өздеріне туған кезде берілген тектерін сақтап қалады.

Егер ата-анасы бөлек тұрса және бала бірге тұратын ата-анасының біреуі оған өзінің тегін бергісі келсе, азаматтық хал актілерін жазу органы бұл мәселені баланың мүдделеріне қарай және ата-ананың пікірін ескере отырып шешеді. Ата-ананың тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған, ол ата-ана құқығынан айырылған, әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, сондай-ақ ата-ана баланы асырап-бағу мен тәрбиелеуден дәлелді себептерсіз ретте оның пікірін ескеру міндетті емес.

Егер бала бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардан туған болса және әкесі заңды тәртіппен белгіленбесе, азаматтық хал актілерін жазу органы, баланың мүдделерін негізге ала отырып, оның тегін анасының осындай өтініш жасаған кездегі соның тегіне өзгертуге рұқсат етуге құқылы.

Он жасқа толған баланың атын және (немесе) тегін оның келісімімен ғана өзгертуге болады.

Баланың ұлты оның ата-анасының ұлтымен айқындалады. Егер ата-анасының ұлты әртүрлі болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының куәлігі немесе паспорт берілген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен айқындалады. Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша басқа ата-анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін.

Баланың мүліктік құқықтары:

1. Баланың “Неке және отбасы туралы” Қазақстан Республикасының заңында жазылған 5-білімінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде өзінің ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерінен асырау қаражатын алуға құқығы бар.

2. Балаға алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар ретінде тиісті сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билік етуіне келіп түседі және оны олар баланы асырап-бағуға, оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсайды.

3. Баланың өзі сыйға немесе мұрагерлік тәртібімен алған кірістерді, мүлікті, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлікті меншіктенуге құқығы бар. Өз еңбегінен кіріс алған бала, егер ол ата-анасымен бірге тұрса, отбасын асырау жөніндегі шығыстарға қатысуға құқылы.

Баланың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке билік ету құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 22 және 23-баптарымен белгіленеді.

Ата-ананың бала мүлкін басқару жөніндегі құқықтарын жүзеге асыруы кезінде оларға осы Заңның 114-бабында белгіленген ереже қолданылады.

4. Баланың ата-ана мүлкіне меншік құқығы болмайды, ата-ананың баланың мүлкіне меншік құқығы болмайды. Бірге тұратын балалар мен ата-аналар бір-бірінің мүлкін өзара келісім бойынша иеленіп, пайдалана алады.

5. Ата-аналар мен балалардың ортақ меншік құқығы пайда болған жағдайда олардың ортақ мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы азаматтық заңдарда белгіленеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!