Тақырыбы: «Мүсіндеу»
Мазмұны
Кіріспе
Мүсіннің шығу тарихы
Негізгі бөлім
Пішін тұлғасын жасау.
Тұзды қамырды дайындау реті
Қорытынды
Мүсін жасау.
Тақырыбы: «Мүсіндеу»
Қазақстан жерінде тас өңдеу кәсібі ертеректе пайда болған. Тас мүсіндер жасалған. Көне замандарда тас қашағыш шеберлер болды. Олар жануар бейнесіндегі қойтас, қошқартас сияқты ескерткіш белгілерді жасаған, зират басына тас мүсіндер орнатқан.
Ата-бабамыз мүсін жасаудан қалыс қалмаған. Жалпы мүсін өнерінде аңдар тұлғасын бейнелеп мүсіндеу ерекше орын алады. Піл, арыстан, жолбарыс, барыс мүсіндері таңбалық белгілер ретінде жасалынған. Мысалы, Алматы қаласының таңбалық белгісі ретінде барыс басты орын алады. Алатауды мекен еткен қар барысының бейнесі таңбалық белгіге енген. Барыс мүсіні Алматы қаласының ортасында орнатылған «Тәуелсіздік монументі» ескерткішінде ерекше бейнеленген.
Кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалған көркем шығарма мүсін деп аталады.
Мүсін негізінен екі түрге бөлінеді.
-
Бедер (рельеф) – көлемді бейненің жазықтық бетінде сәл шығыңқы етіп бейнеленген түрі.
-
Дөңгелек мүсін – бейнеленген нәрсенің көлемді бейнеленуі.
Мүсіндеу – бейнелеу өнерінің ең ежелгі түрі. Оның тарихында небір қайталанбас туындылар өмірге келген. Мысалы, мысыр перғауындары, Грециядағы «Родос алыбы», Микеланджелоның «Давид» мүсіні, т. б.
Ірі көлемдегі, ауқымды ескерткіштерді монументті мүсін ескерткіштері деп атайды.
Мүсін өнерінің бір түрі станокты мүсін. Станокты мүсінге көбінесе шағын көлемде орындалған жұмыстар жатады. Мүсіндердің түрі станок-мольбертінде сомдалады.
Мүсіндеудің ең бір қарапайым құралдары: әр түрлі қалақшалар, тұзақшалар, қол тоқпақ (үлкен ағаш балға).
Мүсін сомдауда материал бола алатын заттар әр түрлі. Мысалы, ағаш, түрлі тастар, саз балшық, металл, пластилин, тұзды қамыр және т. б. Мүсіндеуді алғаш үйренушілер үшін пластилин мен саз балшық ыңғайлы. Олардың ең жақсы қасиеті – ырыққа көнгіш, тез иілгіш, мүсін формасын қалай өзгертем десең де, өз еркіңе көнеді. Сондықтан пластилинмен, саз балшықпен жұмыс істеуге бейімделу керек.
Мүсін өнерінің бір түрі рельеф болып табылады. Рельефтің екі түрі бар: мүсінделген бейне мен нәрсе кеңістіктен, яғни қалыңдығынан жартылай шығып тұрса рельеф дейді.
Ал мүсінделген тұлға, нәрсе жартысынан көбірек шығып тұрса да рельеф дейді.
Адамның кеудеден жоғары тұлғасын сомдаған – бюст деп аталады.
Рельеф – іштей ойылып, қалыңдықтың ішінде бейнеленген мүсін.
Мүсіндеу жұмысы арнайы станок-тұғырда сомдалады. Сомдалуға тиісті мүсіннің алдымен ішкі қаңқасы жасалады. Қаңқа сомдайтын нәрсеге лайық болуы тиіс. Ол әдетте ағаштан, иілгіш сым темірден құралады. Мүсіндеу процесі бас бармақ пен сұқ саусақ қимылдары арқылы істеледі. Жұмыс барысында мүсінді айналдыра отырып, жан-жағынан сомдап, қадағалап, артық-кем жерлерін түзеп отыру керек.
Пішін тұлғасын дайындау.
Бейненің қаңқасы сым темірден жасалады. Қол, аяқ бөліктерінің және тұтас дене бітімінің сәйкестігін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Екі иықтың арасын өлшеп алып, иық, тізе, шынтақ буындарын белгілеу керек.

Пішінді үлкейту.
Бірінші кезекте ермексазды қаңқаға бекітеміз. Аяқ-қол, саусақ, бармақ бастарының және тұтас дене бітімінің сәйкестігін тексеріп, дәл қалпына келтіреміз.
Жапсырмалаудың екінші кезеңінде пішінді қозғалыстағы жағдайға келтіреміз. Басын бұрып, қол, аяғын да қозғалтуға ыңғайлап, өзгертеміз. Дененің қаңқасын сым темірден жасау – оны қозғалыс жағдайына келтіруге қолайлы.
Жапсырмалаудың үшінші кезеңінде пішіннің жекеленген бөліктерін жетілдіріп, тірек-тұғырға мүсінді біржола орнатамыз.
Тұзды қамырды дайындаудың екі түрі бар.
-
Керек заттар: тұз, ұн, май, су, үлкен ыдыс, стакан және қасық.
Ыдысқа 1 стакан тұз, 1 стакан ұнды араластырамыз. 1 қасық май, 1стакан су құйып, жұмсақ илейміз. Пакетке салып, тоңазытқышқа 2-3 сағатқа қоямыз.
-
Керек заттар: крахмал, ұн, тұз, кастрюлке, стакан және қасық.
1 стакан суға 1 қасық крахмалды отқа қойып, қайнатамыз. Мөлдір, тұнық болғанша қайнатамыз. Крахмал ерітіндісі салқындағасын 1 стакан ұн мен тұз салып, илейміз. Тұзды қамыр өте жұмсақ болса, ыдысқа 1 қасық ұн мен 1 қасық тұз салып, қамыр қатты болғанша илейміз.
Мүсін жасау.
Мүсіннің негізгі бөліктерін: басын, мойнын, кеудесін, қолдарын, аяқтарын белгілейміз. Содан соң бас, мойын, кеуде және аяқтарына керек бөлшектерді дайындаймыз. Сым темірдің ұзындығы – 40 см. Қолдары үшін ұзындығы 15 см сым темір аламыз.
Сым темірден жасалған қаңқаның бұл қасиеті біздің әрқайсымыздың шығармашылықпен қиялдап, ойлануымызға мүмкіндік жасайды.
Жұмсақ, өте нәзік сымдар ауыр нәрсені көтермейді, сондықтан мыс немесе алюминий сымды пайдаланған жақсы.
Сым темірмен жұмыс істегенде, бізге кемпірауыз бен тістеуік керек.
Сым темір жұмсақ, созылмалы және барынша майысқақ болғаны жөн.
Қаңқа – ойыншық пен мүсіннің өлшемдеріне сәйкес, лайық етіп жасалады. Материалды тесіп кетпеу үшін, сым темірдің ұштарын ілмектеп ию керек.
Қамырдан мүсінді жапсырмалағанда, жұмсақ ойыншық жасағанда, сым темірді пайдаланамыз. Мыс немесе алюминий сымдары жұмсақ, иілгіш келеді. Тістеуікпен кесіп алып, кемпірауызбен орап бекітеміз.
Сым темірден қаңқа жасау.
Жұмсақ ойыншықтар жасау үшін, адам мен жануарлар мүсінін жапсырмалау үшін, керек қаңқаны біз өзіміз дайындаймыз. Қаңқа (бейненің негізі) – бұл ойыншық пен мүсіннің негізі.
Сым темір қаңқасынсыз адам мен жануарлар пішіндері орнықты тұра алмайды. Қаңқаның иілгіштігінің, икемдігінің арқасында адам мен аңдардың пішіндері өзінің кейіп-қалпын оңай өзгертіп, әр түрлі жағдайға түсе алады.
Мүсін жасау үшін, оқушыға мыналар керек:
-
Сым темір (40-50 см)
-
Ағаш тұғыр.
-
Қамыр.
Жұмыс реті.
-
Бейнелеп көрсетуге арналған сюжетті таңдау (оқушының қимыл-қозғалысы, оның көңіл күйі – қуаныш, реніші). Мүсінді оқушы алманың пішінін жапсырмалап отырған кезін бейнелеуі шарт.
-
Мүсіннің негізгі пішінін айқындау.
-
Пішін бөліктерінің өзара сәйкестік қатынастарын анықтау.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама «Мүсіндеу»

шағым қалдыра аласыз