Тәрбие жұмысы педагогтардың нақты міндеті,
яғни шәкірт тұлғасын сомдау мәселесін саналы түрде шешуге
бағытталған үйлесімді іс әрекеті. Осыған орай окыту мен тәрбиені
ұйымдастырушы және осы сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдермен,
ата-аналармен жағымды карым-қатынасты реттеуші ретінде сынып
жетекшісінің рөлі көтерілуде. Тәрбие және тәрбие жұмыстары әр
баланы қайталанбас тұлға ретінде қарап, оның өзгеше қасиеттерін
дамытуы қажет. Әрбір бала-тұлға, өзінше бір әлем,
ұстаздың міндеті
әр тұлғаны көре білу, жүректеріне жол табу. Бүгінгі күнде
барлық мұғалімдердің, әсіресе сынып жетекшісінің
алдындағы мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді,
шығармашылык іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып
табылады.
Осы мақсаттан
төмендегідей міндеттер туындайды:
·
тұлғаның мәнін
айқындау;
тұлғаның түрлі қырының пайда болуын,
психикалық үрдістің өту
ерекшелікерін;
пайда болуын, психикалық үрдістің өту
ерекшеліктерін;
психикалық күйдің өзгешеліктерін, тұлғаның
психологиялық қасиеттерін
зерттеу;
тұлғаның даму заңдылықтарын
тану.
Сынып жетекшісі болу -бұл өз балаларының
ортасындағы карым-қатынас қуанышына
кенелу.
Сынып жетекшісі болу-педагогикалық
карым-қатынасты, ынтымактастықты жүзеге
асыру.
Сынып жетекшісі болу- бұл өзіңнің әрбір
тәрбиеленушіге қажет болуға талпыныс және адам тәрбиелеудегі
кішігірім жетістіктер мен үлкен жеңістердің
қуанышы.
Әрбір баланың жан дүниесін түсіне білу, этика,
эстетика, жан-жақтылығы, барлық баланы өзіне тарта білуі, тек қана
бір ғана балаға көңіл бөлмей, жақсы көрмей, бәрін бірдей қамти
білуі нағыз педагогтың жұмысы. Мысалы, ұрып- ұрысу арқылы баланы
өзіне жақындата алмаймыз. Керісінше, балаға жылу сөйлеу арқылы,
баланың жан дүниесін түсіну арқылы өзіне жақындата алады. Шәкірт
ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие
алады.
Индивид - биологиялық
тіршілік иесі, барлық адамдар тумысынан индивид болып
табылады.
Тұлға - өзіне
биологиялық және әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды меңгерген
адам.
Даралық - бір адамды
басқа адамнан ерекше көрсетіп тұратын интеллектуалдық, еріктік,
моральдық, әлеуметтік және тағы басқа қасиеттерінің
жиынтығы.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»
деген Абай атамыздың сөзінің өзіне өмір қағидасы ретінде ұстаған
ұстаз әрдайым ардақты.
Тәрбиелік процестің тиімділігі педагогтың,
оқушылардың және ата-аналардың арасындағы қарым-қатынасына
байланысты. Үлкендермен балалардың арасындағы ынтымақтастықты
қалыптастыру үшін педагог, ата-аналар, балалардың бірлескен қызметі
ұйымдасқан болса, онда ұжым біртұтас үлкен отбасы ретінде қызықты
өмір сүруі өте маңызды. Бұл отбасының ынтымақтастығының
қалыптасуына ата-аналар мен балалардың арасындағы өзара
түсінушіліктерін белгілейді, отбасында жағымды жағдайларды
құрайды.
Жеке оқушылар жайлы
сынып жетекшісі төмендегідей мәліметтерді білуі
қажет:
- Баланың
денсаулығы
- жанұядағы баланың
өмірі мен тұрмыс жағдайы
- баланың ішкі жан
дүниесі, рухани байлығы
-мінез-құлқын,
темпераментін, психологиялық ерекшеліктерін т.б.
-адамгершілік
қасиеттерін, еңбек көзқарастарын, эстетикалық талғамдарын,
қызығуларын, интеллектуалдық дамуы.
Зерттеу талаптары
-
Үздіксіз,Жүйелі,жоспарлы
-
Оқушылардың тәрбиесімен сабағына
бағытталуы
-
Әр түрлі әдістерді қолдану
арқылы
-
Оқушылардың өмірі мен қызметінің табиғи
жағдайында
-
Оқушыларды
жан-жақтызерттеу
-
Оқушылардыңтұрмыс жағдайы мен
өміріментанысу

-
Мектепте оқу жылының
басында негізгі пәндер бойынша әр баланың білім деңгейі
анықталады.
-
Сынып жетекшісі
ата-ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес,
қарым-қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші.
Оқушылармен, ата-аналармен және педагогтадың
арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру ең алдымен, осы үрдісте
үлкендермен өзара іс-әрекет қалай құралатына байланысты болады.
Ата-аналар, сынып жетекшілері, балалардың педагог-тәрбиешілері және
олардың тәрбиелік нәтижелері тиімді болады егер, мұғалімдер мен
ата-аналардың бірлесуі болуы мүмкін. Осы бірлестік негізінде –
берілген нәтижеге жету жолдары мен жалпы мақсатына деген ұмтылыс
бірлігі, тәрбиелік үрдіске деген көзқарас.


Қорытынды: «Баланың жаны дүниеге келгенде таза тақтаға
ұқсас болып келеді және оның өмір жағдайлары мен тәрбиесі ғана жеке
тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің пайда болуына себепші болады»
,сондықтан
келешек ұрпағымызға сапалы білім саналы тәрбие беру біздің басты
міндетіміз. Әрбір бала бір жұлдыз жарқырауына жәрдем
берейік.
«№1
мектеп – гимназиясы» КММ
Б
«Оқушыларды тәрбиелеуде жеке тұлғаны зерттеу және
түзеу»
аяндама:
Ильясова
А.С.
2017-2018 оқу жылы