Материалдар / Баяндама «Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама «Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Оқыту барысында шәкірттердің танымдық қызығушылығы мен ізденімпаздығын арттырудың маңызы зор»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2022
488
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту»

І. Кіріспе бөлім.

«Оқыту  барысында  шәкірттердің танымдық  қызығушылығы  мен  ізденімпаздығын арттырудың  маңызы  зор»

Сократ

 Қазіргі ғаламдану және техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

         Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру – жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.

        Бастауыш мектеп- бұл оқушы тұлғасымен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондыктан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше.

       Бүгінгі білім беру сапасы- бұл біздің қоғамымыздың ертеңі. Сондықтан да  біздің еліміздің болашағы, бәрінен де әрқайсымызға, соның ішінде мұғалімге, біздің азаматтық көқарасымызға байланысты! ”Неге оқыту керек?”,  ”Қалай оқыту керек?”, ”Кімді оқыту керек?” деген бұрынғы шешілетін теориялық-практикалық міндеттер бірігіп кеткен тәрізді. Мен кешегі күннің атақты ойшыл – педагог  Ф.Бэконның ойына:"Оқытудың ақиқатты мақсаты білім емес, іс-әрекет” деген тұжырымымен толықтай келісемін.

   Менің ойымша,  оқушы қабілеті дегеніміз - оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.

     Қай салада болмасын, ондағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенеді. Мектептегі сан-салалы жұмыстың құйылатын арнасы да білімнің сапасында болатыны даусыз. Білім қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Сондықтан алға басқан сайын біз халқымыздың тарихи құндылықтар, ұлттық тіл қазынасын, яғни халық қазынасының бағалы жақтарын келешекке өзімізбен бірге индустриясы дамыған, толық техникаланған болашаққа ала баруымыз керек, сонда ғана біздің ұрпақ өз тілегін,өз тілін, сабаққа деген қызығушылығын,  танымдық қабілетін дамытады.

      Менің  ұстаздық тәжірибемде, оқыту-тәрбиелеу  барысында алдыма қойған мақсатым – әлемнің  бүтіндей  бейнесін  қабылдай  алатын,  шығармашылық  таныммен  тікелей  қатынас  жасайтын  жаңаша,  тәуелсіз  ойлай  алатын   шығармашыл  тұлға  қалыптастыру.

        Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Педагогикалық психология бастауыш сатыда  оқушының эмпирикалық (көрнекі-бейнелі және көрнекі әрекеттің) ойлау түрлерінің деңгейі жоғары болса, осыны тірек ете отырып логикалық (теориялық) ойлауы да тиімді дамиды деп есептейді. Осы саладан түйгенім-оқушылардың оқу материалымен белсенді түрде жұмыс істеуі, өздігінен жасайтын жұмыстары олардың белсенділігін арттырады, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амалдарын қалыптастырады.

     Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда жаңа технологияны тиімді пайдалана білу үлкен рөл атқарады. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру-әр ұстаздың негізгі міндеті.

  Мұғалім бұрын жаңалықтың жаршысы, білім нәрін өзі айтып қана жеткізуші, ал оқушы тыңдаушы, дайын білімді тыңдап қайталаушы болды. Қазір бәрі өзгерді. Оқушы – өздігінен ізденетін, шығармашылық әрекеттер  жасайтын жеке тұлға.Мұғалім – нақты бағыт сілтеп, оқушы еңбегін ұйымдастырушы, бақылаушы. Қай технологияны қолдансақ та естен шығармайтын нәрсе – оқушының өзіне деген құштарлығын, қызығушылығын жоғалтып алмау.

  В.Сухомлинский «Бала бойындағы білімге деген құштарлық, талап, ынта отын сөндіріп алмаңдар... Партадағы жұмыссыздық – аса қатерлі қауіп» деген екен.

      Мен өзімнің сабақтарымда дамыта оқыту теориясын басшылыққа аламын. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей  құрамдас бөліктерден тұратын болады:

1.     Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.

2.     Оны шешудің жолын бірге қарастыру.

3.     Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Дәстүрлі оқыту жаттауға, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай қайталап беруге дағдыландырса, дамыта оқыту шығармашылық ізденістерін, өз ойларын айта алу, дербес жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Дамыта оқытуды жүзеге асыру барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады. Деңгейлеп оқыту, ойын-сабақтар т.б.

  Мысалы: Деңгейлеп оқыту ол негізінен 3 деңгейден тұрады.

І. Міндетті: оқушылардың міндетті түрде игеруге, білуге және үйренуге тиіс жаттығулары қамтылады.

ІІ. Алгоритмдік деңгей: жаттығулары күрделірек, оқушылардың білімділік дағдыларын жетілдіретін  жаттығулар.

ІІІ. Эвристикалық деңгей: оқушылардың терең ойлауға жетелейтін сұрақтар мен тапсырмалар.

  Осы 3 деңгей бойынша жұмыстың мақсатын 4 жүйеге бөліп қарастыруға болады:

1.     Байқампаздық, зейінін қалыптастыру мақсатында;

2.     Іскерлігін, білімділігін қалыптастыру мақсатында (қабылдаған ұғымды, жаттаған ережені тәжірибеде қолданып, орындаудың оңай жолдарын іздестіреді).

3.     Өз бетіндік жұмысын қалыптастыру мақсатында(схемалық есептер шығару, тест тапсырмаларын орындау, сызба бойынша сөйлемдер құрастыру т.б.)

4.     Шығармашылық жұмысты қалыптастыру мақсатында (логикалық есептер, сөзжұмбақтар шешу, жұмбақ, өлең т.б. құрастыру.)

Сондай-ақ ана тілі сабақтарында кез келген мәтіннің мазмұнын ғана  меңгертумен  ғана шектелмей, түрлі шығармашылық ізденістерді талап етуін, ойлауын, салыстыруын, бағалауығ жетілдіретін жұмыстарды көп ұйымдастыру керек.

       Мысалы: 2 мәтінді салыстыру, кейіпкерге мінездеме бергізу, мәтінді өз бетімен аяқтату, ертегі құрату, ұйқас бойынша өлең құрату, ребус, сөзжұмбақ, жаңа тақырыптың мазмұнына байланысты мақал, жұмбақтар құрату сияқты түрлендіріп қолданылатын әдістер.

      

 ІІ. Негізгі бөлім. 

Дамыта оқыту технологясының кезеңдерінен өту  арқылы оқушының  танымдық қабілетін және  сабаққа деген  қызығушылығы  арта  түседі.    Оқушылардың танымдық қабілеттерін  арттыру  жолдары:

Мәтінмен  жұмыс;

Тіл  дамыту  жұмыстары;

Өзіндік  жұмыс;

Ізденімпаздық  жұмыстары;

    Мәтінмен  жұмыс: шығарманың кейіпкеріне талдау; мәтіннің  тақырыбын  талдау;сөздік  жұмыс;өз бетінше  тақырып  бойынша  мәлімет  алу; мәтін бойынша сурет салу.

    Тіл дамыту  жұмыстары:

Шығарма;

Мазмұндама;

Мәтінді аяқтау;

Әңгімені, ойды жалғастару;

Ертегі  ойлау, өлең  шығару;

Өзіндік  жұмыс;

Тірек-сызба  толтыру;

Кестелер  толтыру:

Жағдайлардың  шешімдерін  табу;

Салыстыру  жасау.

      Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының  дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен

практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білемін. Мен әр сабағымда оқушының  алдына проблема қоюға, және сол проблемаларды тікелей қазіргі өмірмен байланыстыруға тырысамын. Дамыта оқыту жүйесінде менің байқағаным мұнда:

    Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

        Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы”, "Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

        Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

        Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – "орындаушы”, "мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы білімге ие болады.

      Ана тілі пәнінде әр тақырыптың өзі бүгінгі күні проблема болып отырғаны хақ емеспе?Оқушының оқырман ретінде автордың көзқарасымен келісе ме, әлде...  бүгінде сондай дәстүр сақтала ма, жоқ па неліктен деп ойлайсың? Бұл кімнің кінәсі, әлде...

      Дүниетану пәнін алсам да толып тұрған экололиялық проблема.Мұнда да мен әр түрлі әдіс-тәсілдермен қызықты сабақ өткіздім.Мәселен,

 -Неге? Неге?;Сараптама;Тоқтам;Бір ауыз сөз;Тірек;Даналық ағашы;

-Хат т.б оқушының коммуникативтік, ақпараттық, проблеманы шешу құзыреттілігін арттыру мақсатында мен көптеген ізденімдік тапсырмалар, әдіс- тәсілдерді тиімді қолдануға тырысамын.

   Математика пәнінен мәселе есептерді талдауға да ерекше назар аударамын.Мысалы: -Бұрын мұндай есептер кездесіп пе еді? -Бірден орындай аламыз ба? -Өрнек құрып шығаруға бола ма? –Мына сан нені білдіреді? деген сұрақтар арқылы талдаймыз.

     Әдістемелік   тақырыбымды жүзеге асыруда оқушының субьектілік позициясын қалыптастыруға маған көп мүмкіндік береді.

      Дамыта  оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

 Тіпті айтып айтпай не керек, дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарған болатын.

         Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

     Ойын сабақтар. Қазіргі оқыту технологиясының ең қажетті әдістерінің бірі-ойын. Ойын теориясы өте ертеден-ақ дидактиканың    саласы.

       Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес» деген. Ойын формасын қолдануда 2 жақты дидактика байқалады: біріншіден-ойнау үшін білу, үйрену қажеттілігі; екіншіден-адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттілігі.

     Ойын кезінде бала көңілі көтеріледі , өзіне сенімділігі артады, білімге деген ынта-ықыласын жетілдіреді. Ойынды ойнағанда мұғалімнің мақсаты айқын болу керек, оқушылардың ерекшелігіне сай таңдап алынуы тиіс. Оқушының сабақты жақсы меңгеруінің бір айқын кепілі оның сөйлеу тілінің дамуына байланысты. Халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлі жұмбақ, жаңылтпаш сияқты ойындары-тіл дамытудың әсерлі құралы.

   Мысалы:

1.     Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік пштім,

Барлығы неше ішік піштім?

 2.     Үлкеніміз Мүсілім,

Мен екі жас кішімін.

10-ға толып, туған күнін,

Тойлап отыр Нұрлан інім.

Үш жас кіші Нұрлан менен,

Нұрланның дәл жарым жасын,

Жасап отыр қарындасым.

Тапқыш болсаң, ал сана,

Әрқайсымыз қаншадамыз?

ІІІ. Қорытынды бөлім  

      Алайда ойын түрін сабақ тақырыбының мазмұнына лайықтау керек. Мысалы, «ұшты» деген баяндауышы бар бар сөйлемдерді үйрету үстінде «Ұшты-ұшты» деген өздеріне белгілі ойынды ойнатқан жөн. Бұл ойын оқушыларды сергітумен қатар, сөйлем мағынасын жете түсінуге көмектесіп, олардың ойлау қабілетін жетілдіре түседі.

      «Әліппеде» екі сөзді сөйлемдер жасауған арнайы материалдар  беріледі. Мысалы оқу құралдары(дәптер, сызғыш), жеміс-жидек аттары(алма, өрік, шие), көлік аттары(автобус, троллейбус. ) Бұлардан «Бұл –дәптер, Бұл-сәбіз, сәбіз-сары, Бұл – шие, Шие-қызыл, Мынау троллейбус» сияқты екі сөзді сөйлемдерқұрастыруға болады.  

    Сөйтіп, екі сөзді сөйемдер құрастырып айтуға төселген оқушыда «сөйлем» туралы біршама ұғым қалыптасады. Бұл екзде өзі үш, төрт сөзді сөйлемдерді сөйлеу тәжірибесінде ажырата білуге мүмкіндік жасайтын болады.

       «Сөз» деген ұғым оқушыларға практикалық жолмен түсіндіріледі. Практикалық жолмен үйрету дегеніміз-ережесіз, баланың өз тәжірибесіндегі қабылданған білім негіздеріне сүйене отырып, нақты заттар мен суреттерді көрсету арқылы әңгімелесіп түсіндіру.

      «Сөз» деген терминді білдіру оқушыларға таныс заттарды көрсетіп, лардың аттарын өздеріне атату арқылы тұсіндіріліп, әр сөйлемде неше сөз бар екенін анықтаумен бекітіледі.

      Ойын түрлері сан алуан. Оларды қайталап ойната беру де жалықтырады. Әр ойынның өз жаңалығы болуы қажет. Сонда ғана оның дамытушылық маңызы болады. Ж.Аймауытов: «Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болу керек»,-дейді. Ендеше, оқытумен қатар тексерудің де түрлерін ауыстырса, бала ізденісі арта түседі. 

        Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізу, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Оқу-тәрбие үрдісінде АКТ-ны да  кеңінен  қолданамын.

    Қорыта келе, оқу сапасын арттыруда әдіс-тәсілдерді мейлінше түрлендіріп отырған дұрыс. Ағартушы-қайраткер А.Байтұрсынов «Қай әдіс жақсы?» деген мақаласында: «Жалғыз әліп-би үйренудің өзінде толып жатқан әдіс бар. Әр әдіс-өз орнында жақсы. Әдіс көрнекіліктен шығады. Әдістің жаман-жақсы болмағы жұмсалатын орнына қарай» дейді.  Ал Л.Н. Толстой «Үйрету әдістері туралы» еңбегінде: «Олақтықтың белгісі-бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті білу, керек кезінде жоқ әдісті де таба білу. Мұғалім көп әдісті білу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс есебінде қолдану керек» деген.

       Олай болса, күнделікті ізденісіміз, жаңа технологияларды оқып- үйреніп өз тәжірибемізде шеберлікпен қолдануымыз – алдымыздағы шәкірттерге терең де тиянақты білім берудегі қажеттілігіміз.

  

 

  

 

 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!