Баяндама: Оқытудың белсенді әдістерінің тиімділігі

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Баяндама: Оқытудың белсенді әдістерінің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытудың белсенді әдістерінің тиімділігі туралы баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы



Оқытудың белсенді әдістерінің тиімділігі


Амиржанова Каншайм Амиржановна


Атырау қаласы, Жалпы білім беретін Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі,педагог-сарапшы


Қазіргі уақытта индустриалды және ақпаратты қоғамға жедел қалыптасып дамуына байланысты өркениетіміз түгелдей өзгеруде. Білім беру саласына да бұл өзгерістер әсер етуде.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілікке жету мақсатында белгіленген стратегиялық бағыттар білім беру іс әрекетінің басымдылықтарын жаңаша құруды талап етуде. Осыған орай, білім беру жүйесін әлемнің дамыған мемлекеттерінің талаптарына және инновациялық даму парадигмасына сәйкес интеграциялау қажет.

Еліміздегі білім беру жүйесін реформалау нәтижесінде айқындалған жаңа бағыттар болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беруде оларды қоғамның жаңа жағдайында өмір сүруге дайындайтын нақтылы бір оқыту құралдарын табу мәселелерін көздейді[1].

Бұл қадамдар білім беру мазмұнын, оқытудың әдістері мен тәсілдерін қолданудың жаңа жүйесін құруды ұсынады.

Сол себепті де оқушылардың ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып,дүниетанымын қалыптастыруға әсер ететін заманауи әдіс-тәсілдерді қалыптастыру керек екенін түсіндік. Педагогикалық дәстүрлі әдістер оқушының білім мен білік дағдысын және оқуға деген құштарлығын қаңағаттандыра алмайтынын сеземіз.

Қазіргі таңдағы білім ордасы мектептің басты мақсаты мен міндеті – әрбір оқушының қабілетін аша отырып, бәсекеге қабілетті,заманға сай білімді тұлғаны өмірге дайындай отырып дамыту. Дәстүрлі репродуктивті оқыту бұл міндеттерді шеше алмайды. Оларды шешу үшін жаңа педагогикалық технологиялар, оқу процесін ұйымдастырудың тиімді формалары мен белсенді әдістері қажет.

Белсенді әдістерді қолдану арқылы мұғалім оқушыны ойлануға, практикалық іс-әрекет дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасайды. Белсенділіктің басым бөлігі бастауыш сыныпта қалыптасады.

Оқытудағы белсенді әдістер – оқу материалдарын игеру кезінде оқушылардың ойлауы, практика кезіндегі іс-әрекетінің белсенділігін қамтамасыз ететін әдістер жүйесі[4]. Белсенді оқыту әдістерінің басты принципі – оқушылардың «мен істей алмаймын», «мен білмеймін» деген ұстанымдарына тосқауыл қою. Еркін кеңістік принципін ұстану арқылы оқушылар еркін қозғалып, топта бірігіп, мәселені шешуге, тапсырманы орындауға талпыныс жасайды.


«Жаратылыстану» және «Дүниетану» пәнінде белсенді әдістерді қолдана отырып оқушылардың дүниетанымын дамытуға болады. Себебі, Дүниетану интеграциялық пән ретінде, биология, география, химия, экология сияқты пәндердің негізін үйретеді.

Бастауыш сынып оқушысы ғылыми ұғымдармен таныса отырып, қоршаған ортаға деген өзіңдік көзқарасын қалыптастырады. «Кластер», «Миға шабуыл» сияқты белсенді әдістерді сабақ үрдісінде қолдануға болады. Ол, оқушылардың логикалық ойлау дағдысын дамытады.

Табиғатқа адам әрекеті қалай әсеретеді? Жерде тіршілікті, адамды қалай сақтап қалуға болады?- деген сұрақтарды қою арқылы, оқушылардың креативті ойлау дағдысын, тез шешім қабылдау ептіліктерін дамытуға болады.

Оқушылар миға шабуыл әдісі арқылы дерек көздерді пайдалана отырып өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады. Оқушы бір мәселенің бірнеше шешімін іздеу арқылы шығармашылықпен ойлауды үйренеді. Табиғатта болатын өзгерістер, табиғат құбылыстары (көктем, жаз, күз және қысқы мезгілдердегі маусымдық өзгерістер, туған жердің табиғаты, табиғатты қорғау т.б.) мәселелерді зерттеу үшін жоба әдісінің маңызы зор.

Оқушылар жобаны жазу кезінде тақырыпқа сай фактілер мен аргументтер іздестіреді. Тапсырмаларды орындау кезінде оқушыдан ақпаратты жүйелей отырып талдауды, қорытынды жасау қабілеті талап етіледі.

Дүниетану сабағында адам, табиғат, қоғам арасындағы интеграциялық байланысты және табиғи үйлесімділікті көреді. Қоршаған ортада болатын әртүрлі құбылыстарды сезіну арқылы олардың таным мүмкіндіктері артады. Дүниетану пәнінде оқушылардың алғашқы зерттеу әрекеттері қалыптасады. Оқушының зерттеушілік мүмкіндіктерін ашуға осындай жұмыс түрлері көмектеседі. Сабақ үрдісінде әртүрлі әдістерді қолдану дидактикалық принциптерді дамытуға және әдістемелік тәжірибені жетілдіруге көмектеседі. Сабақ үдерісі кезінде пайдаланып отырған әдістерім арқылы оқушыларымның пәнге қызығушылы артты.

Қазақ тілінде үй тапсырмасын тексеру барысында «Ақиқат, жалған» әдісін қолдануға болады. Әр топтағы оқушылардың алдарына ақ және көк түсті қиылған қағаздар беріледі. Мысалы, «Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді, жуан және жіңішке; а-дауысты жуан дыбыс» — деп айтқан кезде оқушылар ақиқат болса ақ түсті қағазды, жалған болса көк түсті қағазды көрсетуі керек. Бұл әдіс арқылы оқушы шапшаңдыққа үйренеді.

Үй жұмысын тексеруде «Жалғасын тап» әдісі тиімді әдіс. Оны ұйымдастыру үшін сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратып, әрі қарай олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырады. Сөйтіп, мәтін мазмұнын өздері шығарады, барлық оқушы қатысады.

Оқушылардың шығармашылық дағдысын дамытуға «Шығармашылық шеберхана» әдісі жақсы көмектеседі. Сабақ үдерісінде оқушылар мәтіннің мазмұнына сай суреттер, иллюстрацияларды дайындайды. Сонымен қатар эссе, өлеңдер, әңгімелер жазады. Оқушылардың шығармашылық әрекеттері нәтижесінде керемет туындылар пайда болады.Бұл әдісті сабағымда қолдану барысында оқушыларым шағын әңгіме,өз қиялдарынан ертегі және өтірік өлеңдер құрастыруға деген белсенділігі артты.

Белсенді оқу қызметі оқудың уәжінен, мақсаты мен шартынан және нәтижесiнен құрылады.«Топтық пікірталас» әдісі, «Рөлдік ойын», «Шатастырылған логикалық баулар» тағы да басқа белсенді әдістер оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.Рөлдік ойын арқылы әртістік қабілеттерін көрсете білді.

Жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу арқылы мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды. «Кластер құрастыру» әдісі кең тараған әдістердің бірі. Оқылған жаңа тақырыпқа болжам жасай алады, не білетінін есіне түсіріп, жазады және салыстырады. «Кластер құрастыру» әдісмен жұмыс жасаған кезде оқушылардың еркін ойлануына көп мүмкіндік беріледі. Кластерді сабақтың барлық кезеңдерінде пайдалануға болады. Ол материалды жүйелеуге көмектеседі.

Белсенді әдістердің бірі — «Үштік әдіс». Қазақ тілі сабағында оқушылардың оқылым, айтылым, тыңдалым дағдылары қалыптасады. Оқушылар бірнеше жұптарға бөлінеді. Бірінші оқушы мәтінді оқиды немесе мазмұндайды, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы керек жерлерін түртіп алады, кейін өз пікірін айтады. Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау шеберлігінің дамуына бұл әдіс жақсы әсер етеді. Бұл әдіс бірін-бірі тыңдай білуге,ынтымақтаса жұмыс жасауларына ықпал етеді.

Алынған ақпараттың жағымды және жағымсыз жағын анықтау үшін тәжірибиеде «SWOT – талдау» әдісі бар және жиі қолданылады. Мысалы, Дүниетану сабағында табиғат құбылыстарын зерделеу барысында табиғатта, экологияда кездесетін жағдайлардың адам өміріне тигізетін жағымды және жағымсыз әсерін анықтауға болады. Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды және жағымсыз жақтарына сипаттама беріледі, қауіп-қатері туралы дәлелдемелер мен аргументтер келтіріледі. Табиғатта, экологияда болатын күнделікті жағдаяттарды анықтап, оны шешудің жолдарын ұсынады. Салыстырмалы талдау жасау нәтижесінде табиғи құбылыстарда болатын әртүрлі өзгерістерді анықтайды.

Сабақ үдерісінде оқытудың белсенді әдістерін қолдану кезінде оқушылар арасында ынтымақтастық және бір-біріне деген құрмет көрсету сезімдері қалыптасады.Бұл әдістерді қолдана отырып бала бойына құндылықтарды да қалыптастыра аламыз.

Қорытындылай келе оқытудың белсенді әдістерін сабақта тиімді қолдану, оқушының танымдық белсенділігі мен қабілетін арттыруға, өз бетінше ізденіп білім алуға, шығармашылық дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушы өз ойы мен пікірін ашық,еркін айта алады, бірін-бірі тыңдауға үйренеді, сыныпта ынтымақтастық құндылық қалыптасады. Осы әдістерді өз тәжірибемде қолдана отырып оқушыларымның білімге деген ынтасы мен қызығушылығы артқанын байқадым.







Пайдаланған әдебиеттер

1. А.Д.Майматаева Болашақ биолог мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі. Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы. -Алматы, 2019.

2. Назарбаев Н.Ә. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасы. — Нұр-Сұлтан, 2016 //www.akorda.kz/

3. А.М.Малофеева школе https://nsportal.ru/nachalnaya Использование активных методов на уроках в начал





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі