БАЯНДАМА
«ОТБАСЫ
– қоғамның ең басты
тірегі»
“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана
оның аты Адам болады.” (А.
Құнанбаев)
Жас бала анадан
туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам
деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып,
“ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге
бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық
көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен
дегені. (А.Құнанбаевтың жетінші қара
сөзі)
Бала тәрбиелеу оңай жұмыс
емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан
халық өмір есігін енді ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен
бастаған.
Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы.
Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің
ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру –
біздің негізгі мақсатымыз.
Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан
басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді
болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты
парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына
білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан
қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті
жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың
өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала
қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы
айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы
қалыптасса елдің болашағы зор
болмақ.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10 қарасөзінде: «Әуелі баланды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста баланды алдағаныңа мәз боласың. Соңынан балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды..
Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата-ананың өзі. Балаға дүниеге келісімен көп көңіл аударып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн.
Баламызды мектепке жіберіп, мектеп тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпалықты мұғалімге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы мектепке берген соң ата-ана мұғаліммен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан-жақты білімді болуына көп байланысты.
Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып, баласының тәрбиесіне 30 минутта көңіл аударуға уақыт бөле алмайды, немесе тәрбие ісімен айналысуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады. Баланың күнделікті өмірінде бір әрекетін ата-ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нәрсесін мақтап, білмегенін айтып түсіндіріп, үйретіп отыру көп жетістікке қол жеткізеді.
Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі
ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті
болады.
Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін,
отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте жалғасын тауып,
кішкентай бүлдіршін сапалы азамат болып қалыптасу үшін мектеп,
мұғалім және ата-ана жауапты зор міндетті атқарады. Ең бастысы –
бала ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі
керек.
Кез келген бала үлгілі немесе үлгермейтін
болсын, шапшаң немесе сылбыр болсын, ол өзін жақсы көру мен
сыйлауды қалайды.
Естеріңізде ұстаңыз: баланы әлсіз деп
бағаламай, оның жақсылық жағын да көру керек. Жылы сөзді аямаңыз.
Бір нәрсені орындағанда мақтап, орындамағанда сынаңыз. Мақтағанда
жеке түрде мақтап, сынағанда елеусіздеу сынауға тырысыңыз. Олардың
алдына орындалатын міндеттерді қойыңыз. Бұйырудың орнына өзіңе тең
адамша кеңес, көмек сұрауға тырысыңыз. Мүмкіндігіне қарай бір
қателік үшін екі рет жазалауға тырыспаңыз. Бала өзін не үшін
жазалағанын түсінуі тиіс. Көп жағдайларда
баланы мазалау, шектен тыс талап қою нәтиже
бермейді.
Ата-ана мен
бала үйлесімділігі
Отбасы
тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен
үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, ата-баба
мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға
көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру
болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке, баланың
жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық – пайдалы еңбекке баулуды
іске асыру қажет. Жасөспірімнің «жауына» айналмас үшін онымен
қарым-қатынасыңыз қандай болу керек? Жасөспірім қарым-қатынасында
ең маңыздысы – «ойнамау», жағдай мен көңіл-күйге байланысты
өзгеруге икемділігіңізді көрсетуіңіз керек, баланың пікіріне құлақ
асу, оның тұлғасын құрметтеу
керек.
Ата –аналардың
міндеті
1. Бала
тәрбиесі негізі ата-анада жатқанын естен
шығармауға;
2. Мектеппен
байланыста болып, баланың сабақтан қалмауын, кешікпей келуін
қадағалауға;
3. Балалардың
өмірі мен оқуы үшін олардың рухани дамуын, адамгершілік жағынан
қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар
жасауға;
4. Баланы
оқулықтар мен басқа оқу құралдарымен толық қамтамасыз
етуге;
5. Салауатты
өмірді насихаттауда баласына үлгі
көрсетуге;
6. Баланың жеке
басын қорлайтындай жаза
қолданбауға;
7.
Мұғалімдердің құқын, беделін, абыройын
сыйлауға;
8. Көше
ережелерін сақтауды еске салып
тұруға;
9. Үнемі сынып
жетекшісімен тығыз байланыста болып, ата –аналар жиналысына қатысып
отыруға.
Тәрбиеге
қатысты кеңестер
Баланың
тәрбиесін қолға алғанда жаман көңіл-күймен бастаған дұрыс
емес.
Ең алдымен
баладан не талап етесіз,соны жақсылап анықтап алыңыз және балаға
түсіндіріп, осы ұсынысқа қалай қарайды сол жайлы біліп
алыңыз.
Балаңызға
еркіндік беріңіз.Әрбір қадамын тексермей, тек қана тәрбиелей
біліңіз.
Балаңызға дайын
шешімді шеше білуге көмектеспеңіз, керісінше оған жетудің жолын
көрсетіңіз, уақыты келгенде балаңызбен мақсатқа жетудің шынайы және
өтірік қадамдарын ажыратыңыз.
Балаңыздың ең
алғашқы арманына жеткен уақытты жіберіп
алмаңыз.
Уақытында
ескерту жұмыстарын жасаңыз, жағдайды бағалаңыз, содан соң пауза
жасап, естілген сөздерді қабылдауға мүмкіндік беріңіз. Ең алдымен
жеке тұлғаны емес, ал жағдайды бағалау керек. Баланың жасаған
қателіктеріне қарамастан, балаға мейірім көрсетіңіз, жанынан
табылыңыз.
Ата – аналарға
өсиет
Адам азса,
тәрбиенің жоқтығынан азады, қоғам азса адамдардың тәрбиесіздігінен
азады. Балаға дұрыс тәрбие беру қоғамның болашақ дамуының кепілі.
Сондықтан да баланың тәрбиесін мектепке тапсырып қоймай, ата-ана,
бүкіл қоғам, ақпарат құралдары болып атсалысу
қажет.
Бастауыш
сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты-тазалыққа, ұқыптылыққа,
жинақтылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын
арттыру.
Назарларыңызға
рахмет!!!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама Отбасы 0тбасы қоғамның ең басты тірегі

шағым қалдыра аласыз