Материалдар / Баяндама. Отбасы құндылықтары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама. Отбасы құндылықтары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар жиналысына арналған баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2019
9492
38 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру(баяндама)

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Демек көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Тіпті біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр десек қателеспеген болар едік.  Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағи­­дат қай дәуірде болсын өзгер­ген емес, өзгермек те емес.

Отбасылық құндылықтар дегеніміз - бір - бірін сүйіп қосылған жандардың отбасын құрып, мықты шаңырақ болу мен бала тәрбиелеуде қолданатын ежелден келе ұстанымдар.

Әрбір отбасының өз құндылықтары болады: өзара сыйластық, қолдау, адалдық, түсіністік, үлкенге-ізет, кішіге-құрмет, ауызбіршілік, сенім арту, махабатпен бөлісу. Отбасы-жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі. Отбасында өмірдің мәнін оның мақсаты мен міндеттерін, құндылықтарын игереді, басқалармен қарым- қатынас жасау дағдыларын, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады, өзін- өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Демек, отбасы- адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Жас ұрпақты отбасылық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі.

Отбасы құндылықтары 3 топқа бөлінеді.

1.Дәстүрлі отбасы құндылықтары- дәстүрлі ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де осындай отбасы. Ата-әжелерінің немересіне берген ақыл - кеңестері. Отбасы тіршілігінде осы құндылықтар, салт-дәстүрлер үнемі сақталып отырса, баланың ұлттық сана- сезімі ерте оянады. Осы жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, балаларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.

2. Қазіргі заманғы отбасылық құндылықтар. Қазіргі таңдағы көп отбасылар заманауи салт - дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасында әр түрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әр түрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір - біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.
3. Тәрбиелі отбасы құндылықтары.
Отбасын құрғандардың басты мақсаты- бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген қиындықтарды бастарынан өткереді. Келіспеушілік болғанда олар өз қателерін түсініп, кешірім танытып, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін тәрбиелі отбасылық құндылықтар
Тәрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет, сыйластық, қолдау, отбасылық естеліктер жатады.
Балалар өз бойынан ата - анасының бар болмысын көрсетсе, керісінше ата - аналар да өмірінің жалғасын балаларынан көреді.

1-топтағы ұлттық құндылықтар және отбасылық құндылықтар барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Педагогикалық-психологиялық тұрғыдан алғанда құндылықтар адамның жеке тұлға ретінде өз өміріне деген жауапкершілігін қалыптастыру, рухани әлемін байыту, адамдар арасындағы жағымды қарым- қатынастардың маңыздылығын көрсету үшін қолданылады. Егер бала отбасының үлкен құндылық екенін түсініп, ата-ана алдындағы парызын өтеуге бейімделген болса, өсе келе ол бұл бағыттың біртіндеп Отан алдындағы борышымен, азаматтық парызына ұласатынын аңғарады. Сондықтан әр ата-ана баланың отбасылық құндылықтарды толық меңгеруіне мүмкіндік жасағаны абзал. Отбасындағы құндылықтарды бағалай алмаса, адам ұлттық құндылықтарды да құрметтемей өтуі мүмкін. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»деген қанатты сөз де осы ойдың дұрыстығын меңзейді. Отбасылық тәрбие арқылы қалыптасатын ұлттық құндылықтарды зерттей келе, оларды бірнеше бағыт бойынша топтастырып қарауға болады. Отбасылық тәрбие арқылы балада ұлттық таным жүйелі қаланып ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жағдайда ғана ол ұлт мүддесін ойлайтын, елжанды азамат бола алады. Бірақ соңғы жылдары қазақ ұлтының төл тарихында байқалып отырған отбасылық тәрбиедегі олқылықтар мен кемшіліктер ауқымы үлкен ұлттық мәселеге айналуда. Сол мәселердің бірі ретінде ұлттық тіл тағдыры, ұлттық дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарымызды дұрыс сақталмауы алаңдатады.

Отбасы-қоғамдық жүйенің бір бөлігі. Отбасындағы жақсы қарым-қатынас ұрпақты жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге жетелейді, өмірдің қыр-сырын танытады, жауапкершілікке, адалдыққа, ойшылдыққа әдептілікке баулиды. Тәрбиелі білім қазына, тәрбиесіз білім-қасірет екендігі баршамызға мәлім. Сондықтан кез келген сатыда тәрбиелі білім беру біздің міндетіміз. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында ұлттық салт- дәстүр, рухани адамгершілік құндылықтарын дамыта тәрбиелеуді ұстанамыз. Ұрпақ тәрбиесі бір күндік немесе бір уақытта аяқталатын әрекет емес, тәрбие отбасынан басталады, өмір бойы жалғасады. Бүгінгі таңда бала тәрбиесінде қоғам ата-аналар мен ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттері- ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, ар-ожданы мол, парасатты, еңбекқор, өз ойын толық жеткізіп, алған білімін өмірде тиімді пайдалана алатын, бойында басқа да ізгі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесінің негізі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Ұрпақ ата-анасының айнасы, ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады. «Тәрбиесіз берген білім қауіпті», – деген екен әл-Фараби. Технологияның дамып, әлемдік жаһандану үдерісі кезінде білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізу керектігін көпшілік мойындап отыр. Қоғамға қызмет ететін болашақ жеткіншектерге сапалы білім мен өнегелі ұлттық тәрбие беру – ұстаздар қауымының басты парызы. Ұлттық тәрбиені ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарауға болады. Ол үшін ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуді мақсат етіп алуымыз жөн. Әрине, тәрбие жалаң болмауға тиіс. Жалаң тәрбие қауқарсыз. Кез келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы керек. Сонда ғана тәрбие шынайылыққа айналады.

Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысының серіктесі. Себебі, ұрпақ тәрбиесінің отбасында, білім ордасында, қоғамда нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді. Отбасы- адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі, ол материалдық және рухани үдерістерімен сипатталады. Жас ұрпақтың әлеуметтеніп, тәлім-тәрбие алып, өсіп-өнетін негізгі институты, тал шыбықтай жас ұрпаққа бесіктен бастап берілген тәлім-тәрбие, ұстаным-тәртіп қағидалары есейгенде оның мінез –құлқының, сана-сезімінің, ар-ождан намысының темірқазығына айналады. Абай Қ. былай дейді: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі-ата-анадан, екіншісі-ұстаздан, үшіншісі-құрбысынан». Сондықтан ата-ана материалдық жағдайынан бұрын ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөліп, ал ұстаздар балаға кез келген жағымыздан өнеге болуымыз керек.

Ұрпақ-әр жанұяның бақыты. Ата-ана, ұстаз, қоғам-үшеуі, тәрбиеге жауапты басты өлшем. Бір тұтасып, күштерін біріктірсе тәрбиенің үш мектебі адамның мінез-құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіреді. Адамның кім болмағы ата-ана, ұстаз қоғамға ғана тәуелді емес, ол адамның өзіне байланысты. Бірақ адамның бірден жеке тұлға болып қалыптасуы мүмкін емес.Ұрпақ тәрбиенің үш сатысы негізінде өсіп, жетіледі. Олар: ой саулығы, жан саулығы, тән саулығы. Ұрпақ өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштары-тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата-аналардың ұрпақтарының алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал ұрпақтары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Тұғыры берік елдің отбасы да берік болады, отбасы қазығы нық қағылса, шаңырағы берік тәрбиеленер ұрпағы да өнегелі болмақ. Қай қоғамда өмір сүрмейік, ұрпақ-ол біздің болашағымыз, жарқын күндеріміз. Сондықтан болашағымызды қазіргі сәттен жақсы тәрбиелесек, ертеңгі күнімізге сеніммен басуға болады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!