Материалдар / Баяндама. отбасылық тәрбие
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама. отбасылық тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада отбасындағы тәрбие туралы баяндалады. Онда отбасындағы құндылықтар, бала тәрбиесі туралы айтылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2021
722
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мамай орта мектебі











БАЯНДАМА

Тақырыбы:

«Отбасы – бала тәрбиесінің бастауы»









Оқыған: Қойшыбай Е.

Тексерген: Мұсабаева Г. Қ.















2015 жыл

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді қазақ нақылы. Әр баланың тікелей тәлім-тәрбие мен үлгі-өнеге алатын негізгі ортасы ол – отбасы. Баланың болашақ өмірдегі жетістіктері мен сәтсіздіктерін де отбасында алған тәрбиесімен байластыруға болады. Сонымен біз бүгін балаға өмірлік «жолдама» беретін отбасы туралы сөз қозғаймыз.

Отбасындағы ата-ананың, жалпы отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы, үйдегі психологиялық ахуал, ата-ананың өмірлік ұстанымдары мен көзқарастары, тіпті жүріс-тұрыстары мен әдет-дағдылары осының бәрі баланың мінез-құлқының және жеке тұлға ретіндегі қалыптасуының тікелей әсер етуші факторлары. Мұның дәлелі, балалар өз бойынан ата - анасының бар болмысын көрсетсе, керісінше ата - аналар да өмірінің жалғасын балаларынан көреді. Бала отбасындағы барлық жағымды-жағымсыз әсерлерді толық бойына сіңіріп алады. Отбасы тәрбиесінде бала тәрбиесіне байланысты жіберілетін қателіктер кейін орны толмас өкініштерге душар етеді. Қисық өскен ағашты түзете алмайтынымыз сияқты, бала күннен отбасы арқылы қанға сіңген теріс тәрбиені ешқашан дұрыстай алмаймыз! Сондықтан отбасында ата-ана өз баласының тәрбиесіне өте мұқият болуы тиіс.

Ал отбасында тәрбиеге мұқият болу деген не өзі? Ол дегеніміз баланы отырғызып қойып, тәрбие тақырыбында сөз сөйлеу емес. Ол дегеніміз ата-ананың өздерін дұрыс ұстауы. Өзің қандай болсаң, балаң да сондай! Өмірде кездесетін түрлі жағдайлар мен отбасылық проблемаларды шешуде, сәтсіз жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, сабырлылық, байсалдылық, ата-ананың жалпы болмысындағы, ішкі жан дүниесіндегі тазалық, қамқорлық, мейірім мен жанашырлық, біреудің қайғысына ортақтасу, көпшілдік тағы басқа құндылықтар мен қасиеттерді берік ұстану – міне осының бәрі баланың бойына табиғи жолмен көшеді. Бала тікелей көзбен көргені мен естігені, түйсініп-сезінгені арқылы қалыпсады.

Отбасы арқылы бала санасына дарытылатын басты құндылықтар:

  • Өзін өзгеден жоғары санап, тәкәппарланудан аулақ болу.

Өкінішке орай, қазіргі өлшемнің барлығы материалдық құндылықпен өлшенетін заманда көптеген отбасылары дүние-мүлік, атақ-абыройының артықшылығымен өздерін өзгеден жоғары қояды және балаларына да сондай талап қойылады.

Ал ұлы Абай атамыз: «Адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез» сияқты төрт нәрсемен ғана артық болады. Одан басқаменен артылдым дегендік – ақымақтық»- деп айтқаны белгілі.

Әр ата-ана өзінің ішкі жан дүниесін барынша таза ұстауға тырысқаны жөн. Ішкі тазалық, адамның сыртқы келбетін де нұрландырады. Ал ішкі тазалыққа барлық жақсы қадір-қасиеттерді сыйдыруға болады. Жоғарыда атап өткеніміздей ата-ананың бойындағы бар жақсы қасиет атаулы бала бойына дариды.

  • Балаға әрдайым «болмайды-болмайды» деп шектеу жаса беру дұрыс емес. Бала мұндай жағдайда өзіне деген сенімін жоғалтып, тек біреудің ықпалымен ғана іс жасайтын құлтемірге (роботқа) айналады. Сондықтан балаңыздың бойынан бір нәрсеге деген қызығушылық пен ынтаны байқасаңыз оны керісінше қолдап, көмектесіңіз. Ол баланың өзіне деген сенімін арттырады және келешекте өзі шешім шығара алатын жеке тұлға болуына әсер етеді.

Халқымыздың ұлттық болмысында әркез отбасында ер-азамат, яғни отағасы ұлықталып, үйдің иесі ретінде жоғары құрметке ие болған. Үйде анасы күйеуін құрмет тұтып, оның абыройын балаларының алдында көтеріп, әрдайым оған бойұсынса, үйдегі ер бала да әкесіне ұқсап, беделді болып өсуге тырысады. Ал өз кезегінде отағасы да зайыбына лайықты сый-құрмет көрсетсе, балалар ананың өмірдегі құдіретін түсініп, оның көңіліне қаяу салмауға тырысады. Ал үйдегі ата мен әженің орны ерекше екенін айтып өту орынды. Олардың сөзін жерде қалдырмай, өмірден көрген тәжірибелерінен сабақ алу - таптырмайтын өмір мектебі десе де болады.

Балалармен әңгімелесуге де уақыт тауып отыруымыз қажет және олардың сан алуан пікірлерімен санасып, есепке алып отырған орынды. Өз туған баласымен түрлі тақырыпта ашық сөйлесе алмайтын, сырласа білмейтін ата - аналар да жеткілікті. Олар оны «Күндізгі уақытта екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үйдің тірлігінен қол босамайды, баламен отырып сөйлесуге уақыт та, шама да жоқ» деген себеппен түсіндіреді. Бұл дұрыс емес бала тәрбиесіндегі өте дөрекі қателік болып саналады. Баламен ашық сөйлесу үшін арнайы уақыт бөлудің де қажеті жоқ. Ата - ана өз балаларымен үй шаруасында жүріп - ақ әңгімелесуіне болады. Бұл ата - ана жағынан жасалған іс - әрекеттер келешекте ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынастың сенімді деңгейде болатынын көрсетеді.
Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту мен оларды жан-жақты дамыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, баланың бойында табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау - ата - ананың басты парызы.
Отбасында баламен қарым - қатынас жасау үшін ата - аналар мынадай ақыл-кеңестерді ескере жүрсе артық болмас:
- баланы бар қалпында сүйіп, оны жастығына қарамастан құрметтеп, пікірімен санасу қажет.
- баланың жасаған келеңсіз іс - әрекеті үшін ата – анасы жаза қолдана білгені жөн, ол баланың жауапкершілікті сезініп өсуіне ықпал етеді. Бірақ ешуақытта баланың намысына тиіп, қорламаңыз, себебі бала жаман емес, оның қылығы жаман.
- күнделікті балаға қанша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға мән беріңіз, шыққан қорытындыдан шешім жасаңыз.

- бала жастығына қарамастан, ата - ана тарапынан қадағалағанды жек көреді, өз өміріне тек шын ықыласпен араласқанды ғана ұнатады. Бала табиғатынан ата - анасын сүйеді;
Бала отбасы тұрмыс – тіршілігінде болып жатқан барлық жағдайларға, барша отбасылық өмірдің тікелей қатысушысы. Сондықтан да баланы тәрбиелеу үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ, тек қана ата - ана мен отбасы мүшелері тарапынан дұрыс, инабатты, адамгершілік әдебі сақталған қарым - қатынас арқылы баланы тәрбиелеп, өз болашағында осы қасиеттерді басты ұстаным етіп алуын ұғындырған жөн.
Ендеше бала тәрбиесінде «ұсақ - түйек» деп атап, мән бермей қалдыра салатын ешнәрсе жоқ және еш қателесуге қақымыз да жоқ. Бала - әр отбасының бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік, құрметті ата-аналар!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!