Материалдар / Баяндама «Пәндік дамыту ортасын қалыптастыру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама «Пәндік дамыту ортасын қалыптастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама «Пәндік дамыту ортасын қалыптастыру»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2020
1001
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









Баяндама

«Пәндік дамыту ортасын қалыптастыру»





































Мектепке дейінгі ерте жастағы топтарда пәндік-дамыту ортасын құрудың маңызы

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін, бала бойындағы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне мектепке дейінгі тәрбиенің тигізер әсері зор. Мектепке дейінгі кезеңде баланың зияткерлік, тұлғалық, эмоциялық  дамуы жүзеге аса бастайды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.Мектепке дейінгі ұйымдардың маңызды міндеті әр баланың шығармашылық қызметін қамтамасыз етуге, балаға өзін толық жетілдіруге және өзінің белсенділігін көрсетуге,балалармен дамытушы ортаны ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу жұмысының дамытушы әсерін арттыруға және педагогикалық үдерісті жетілдіруге мүмкіндік береді.Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдарда пәндік-дамытушы ортаны құру арқылы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда отандық педагогика және психологияның бай тәжірбиесі жинақталған, мектепке дейінгі және ерте жастағы балалар үшін дидактикалық құралдар және дамытушы ойыншықтар жүйесін құру.Пәндік -дамытушы орта-бұл мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуын қамтамасыз ететін жағдайлардың жүйесі.Қоғамның қазіргі сұранысына сәйкес  мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жас бөбекжай топтарға деген сұраныс артып  келеді.Бұл сұранысты қамтамасыз ету дәстүрлі әдістер арқылы ғана емес, сондай-ақ заманауи тұжырымдамаларды қолдана отырып жүзеге асырылады. Ерте жастағы балаларды дамытуда пәндік-дамытушы орта маңызды фактор болып табылады.Бала толыққанды дамуы үшін балалар әлемді жарқын, қанық әсермен қабылдайтындай жағдай жасау қажет. Ерте жастағы балалар тобында пәндік-дамытушы ортаны құру баланың толыққанды дамуы үшін, жетекші іс-әрекет түрлерін танымдық және нәтижелі іс-әрекет, заттық және сюжетті-бейнелі ойындарды  іске асыру үшін қажетті жағдай болып табылады. Ерте жастағы балалардың режимдік процестер мен  ұйымдастырылған оқу қызметінен бос уақыттарының барлығы дербес іс-әрекетпен толықтырылуы қажет. Осы кезеңдегі дербес іс-әрекет әртүрлі болуы мүмкін.Олар: сюжетті-рөлдік, дидактикалық, құрылыс ойындары, қимылдар, бақылаулар, кітаптармен суреттер қарау, танымдық әрекеттер, бейнелеу өнері, өзіне-өзі қызмет ету элементтері,ересектердің тапсырмаларын орындау.

Баланың дамуы –тәрбиелеу мен оқыту үрдісі барысында ересектермен және құрдастармен алуан түрлі формадағы педагогтар ұйымдастыратын белсенді қарым-қатынаста, мазмұндық әрекеттерде іске асырылады. Баланың айналасында, ол өмір сүретін және білім алатын арнайы пәндік- дамытушы ортасы құрылады. Бұл ортада мектепке дейінгі жастағы бала  жан-жақты дамиды, сезімталдық қабілеттерін қалыптасады, өмірлік тәжірибе жинайды, түрлі заттар мен құбылыстарды реттеуге және салыстыруға үйренеді. Ересектер ерте жастағы балаларды заттар әлеміне енгізеді, олардың қызметі мен неге арналғандығымен таныстырады,қоршаған ортаны тануға бағытталған іс-әрекеттерін ынталандырады. Осыған байланысты,  күннің кез-келген уақытында өз қалауынша заттармен әрекет етуге.ойнауға,қозғалу мүмкіндігіне ие болатын пәндік- ойын  дамытушы  ортасымен қамтамасыз етілуі қажет. Сол себепті, пәндік дамытушы орталықтарды қозғалыс белсенділігін қажет ететін ойышықтармен және жабдықтармен  қамтамасыз етіп, олардың орындарын жиі ауыстырып, санитарлық өңдеу тәртібін сақтау қажет. Баланың қолы жететін жерге автодидактикалық, ойын материалдарын орналастырып, ойын бөлмелерінде өзгертуге жеңіл тақырыптық дамыту орталықтарын: «Желілі -рөлдік ойындар бұрышы», «Сенсорлық ойындар бұрышы», «Табиғат бұрышы», «Құм және су» «Кітап бұрышы», «Қуыршақ» , «Сәндену бұрышы» «Оқшаулану бұрышын»жабдықтауға болады.

Әрбір орталықта балалардың жеке қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына, тәрбиелеу және дамыту міндеттеріне сүйене отырып, дидактикалық және ойын материалдары  іріктеледі.  Ерте жастағы балалардың дамуында  заттық-кеңістіктік дамытушы орта зор мәнге ие.

Бала –еліктегіш, әуесқой зерттеуші, қоршаған әлемді таңдана және қуанышпен ашушы, әртүрлі белсенді іс-әрекет түрлері үшін оған берілгендердің барлығын пайдалануға ұмтылушы.Дамыту ортасы бала топта өзін еркін сезініп мейлінше ұзақ қала алатындай екінші үйі сияқты болуы керек. Топта әрбір бала өзге тұлғалардың арасында өзін жеке тұлға ретінде сезіне алатындай, өзінің жеке мүмкіндігін іске асыра алатындай, өзін жайлы сезінетіндей қоршаған кеңістікті құрастыру қажет.Мақсаты:балалардың ерте жастан психо- физиологиялық мүмкіндіктерін жағымды дамытуға мүмкіндік беретін заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру.Міндеттері: балаларды жан-жақты және үйлесімді ерте жастан дамыту үшін жағдайлар жасау және оның мектепке дейінгі жаспен сабақтастығы.Дамыту ортасында мектеп жасына дейінгі баланың  сенсорлық дағдылары қалыптасады, өмірлік тәжірибе жинақтайды, әртүрлі заттарды және құбылыстарды реттеу мен салыстыруға үйренеді,ересектермен,қатарластарымен өзара эмоционалдық-практикалық тәжірибеге ие болады, өзіндік тәжірибеде білім алады. Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған пәндік-дамытушы орта (топта)әр балаға тұлғаның қандай да бір қасиетін иеленуге, жан-жақты дамуына теңдей мүмкіндік береді. Топтық кеңістікте пәндік-дамыту  ортасын  ұйымдастыру кезінде әрбір баланың тұлғалық негізгі сипаттарының қалыптасуына, оның қызығушылықтары мен қабілеттіліктерінің дамуына көмектесетін барлық жағдайды ескеруі тиіс.

Пәндік-дамытушы орта тәрбиеленушілердің  жас ерекшеліктеріне, оқу кезеңі және педагогтармен іске асырылатын бағдарламаға байланысты өзгеру

керектігін естен шығармау қажет. Пәндік-дамытушы ортаны құрған жағдайда келесі ережелерді есте сақтау қажет:

1.Пәндік дамытушы орта білім беруші, дамытушы, тәрбиелеуші,ынталандырушы, ұйымдастырушы, коммуникативтік функциясын атқаруы тиіс. Пәндік-дамытушы ортаның топтасуы балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі қажет, білім беру үдерісінің біртұтастылық қағидатына сай келуі тиіс;

2. Кеңістікті икемді және вариативті қолдану қажет. Орта баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналуы тиіс;

3. Заттардың формасы мен дизайны балалардың қауіпсіздігіне және

жасына бағдарлануы тиіс;

4. Әрбір топта балалардың эксперименттік іс-әрекеттеріне арналған орынды қарастыруы қажет;

5. Топтық кеңістікте заттық ортаны ұйымдастыра отырып , психикалық даму заңдылықтарын, олардың денсаулық көрсеткіштерін, психофизиологиялық және коммуникативтік ерекшеліктерін, жалпы және сөйлеуінің даму деңгейін, сонымен қатар,эмоционалдық -қажеттілік саласының көрсеткіштерін ескеру қажет;

6. Түс палитрасы жылы, пастельді түстерде болуы тиіс;

7. Топтық бөлмеде дамытушы кеңістікті құру кезінде ойынның басты рөлін ескеру қажет;

8. Топтың заттық -дамытушы ортасы балалардың жас ерекшеліктерін, оқу кезеңі мен білім беру бағдарламасына байланысты ауысуы тиіс.

Ерте жастағы балаларды дамытуға арналған пәндік-дамытушы ортаны ұйымдастырға қойылатын талаптар:

·        Дамытушы орта қауіпсіз, жайлы, қолайлы, әрі эстетикалық тұрғыдан әсем болуы тиіс.

·        Заттық әлем балаға белсенді және жан-жақты  әрекеттерде қажеттіліктерін іске асыруын қамтамасыз етуі тиіс

·        Пәндік дамытушы орта топтағы барлық балаларды белсенді танымдық әрекеттерге тартуға мүмкіндік беруі тиіс.

·        Балалар өз қабілеттерін жүзеге асыру үшін орта дербестікті, бастамалықты дамытуда ынталандыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Балалардың өз бетімен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін төмендегілердің болуын қарастыратын дамытушы -пәндік ортаны құру қажет.

Танымдық даму аймағы -сенсорлық ойындар бұрышы,  заманауи ойыншықтар,

эксперимент жасау бұрышы,  табиғат бұрышы, әдеби- тілдік аймақ,  қуыршақ бұрышы, кітап бұрышы, қуыршақ театры бұрышы , сюжетті-рольдік ойындар бұрышы, шығармашылық даму аймағы , музыкалық ойыншықтар бұрышы,бейнелеу бұрышы, шығармашылық іс-әрекет үшін атрибуттар, белсенді қозғалыс аймағы, спорт құралдары мен жабдықтары және т.б. қозғалмалы ойыншықтар бұрышы.

Топтық кеңістік шартты түрде үш аймаққа бөлінеді:

-тыныш: оқу, «оқшаулану», кітап бұрышы;

-орташа қарқынды: театрланған, музыка, құрастыру зонасы;

-қарқынды қозғалыс зонасы: спорт бұрышы.

Топтар кеңістігі аясында шартты түрде баланың барлық қызығушылықтарын қамтитын ойын және тақырыптық аймақтарды атап көрсетуге болады:

Танымдық даму аймағында,ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жиынтықтар, ойыншықтар мен материалдар жинақталған дидактикалық үстел, сенсорлық дамуға арналған дидактикалық ойындар, құламайтын қуыршақтар, ұсақ конструкторлар, ағаш конструкторлар, мұнаралар, алынбалы-салынбалы ойыншықтар, құм мен су құйылған ыдыстар.

Танымдық даму аймағы қоршаған ортадағы  заттардың қызметі мен қасиеттерін іс-жүзінде тануға қызығушылықтарын дамыту, сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру, жақын қоршаған ортасы туралы түсінік беру, байқағыштығы мен белсенді сөйлеуін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылады.Танымдық даму аймағында балалар үлкендер көмегімен түрлі мұнаралармен, кубиктермен, алынбалы-салынбалы ойыншықтармен, конструкторлармен ойнау арқылы заттардың түсімен, пішінімен, көлемімен танысып, жинауға және сұрыптауға үйренеді. геометриялық пішіндер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыруға, ұсақ қол моторикасын дамытуға септігін тигізеді.

Ерте жастағы топтарда дидактикалық үстел оқу аймағында да, ойын аймағында да

қолданылады. Бұл үстелде  балаларды түрлі бағытта жан-жақты дамытатын

ойыншықтар мен  материалдар жинақталады. Бұл ойыншықтар балалардың

зейінін, ойлау қабілетін, қиялын, ұсақ қол моторикасын  дамытады ойыншықтар

мен материалдарды ұтымды орналастыру тәрбиешіге балалардың заттармен

әрекетін түрлендіріп қолдануға, ойындар жүргізуге  мүмкіндік береді

Сенсорлық  ойындар бұрышы -түрлі-түсті мұнаралар, баулар, конструкторлар балалардың  сенсорлық тәрбиесіндегі міндеттерді шешуге және ұсақ-қол маторикасын дамытуға мүмкіндік береді. Сенсорлық аймақта балаларды заттарды аңғарып қарауға және оларды салыстыруға, әртүрлі түстерді танып білуге үйретіп, түйсіктерін, көру мен қозғалыс қабілеттерін  үйлестіруді,  ұсақ қол маторикасын дамытады (ұсақ алмалы-салмалы заттар, түрлі пішін мен өлшемдегі ойыншықтары бар “ғажайып қалта”)сенсорлық-дидактикалық ойындар балалардың сенсомоторлық көз бен қолдың үйлесімділігін қалыптастырады.

Құм және су бұрышы -құммен, сумен ойнауда  балалар олардың  қасиеттерімен танысып, су туралы түсініктері (төгіледі, жылы, суық, сумен жуынады, шомылады) бекиді. Құммен, сумен ойнағанда ойыншық жабдықтарды дұрыс қолдануға ынталанады. Арнайы су толтырылған ыдыстардан шарларды, жүзіп жүрген ойыншықтарды қармақпен, ожаумен, тор сүзгімен алуға жаттығады. Құммен ойнағанда қалақша мен күрекшені дұрыс қолдануға үйреніп , кішкентай шелекпен қалыпшаға құмды салуды, ылғал құмнан пішіндер жасауды меңгереді.

Табиғат бұрышы балалардың  өсімдіктер мен жануарларға қызығушылықтарын қалыптастыру, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу мақсатында табиғат бұрышында бірнеше гүлдейтін бөлме өсімдіктері, аквариум, шығармашылық жұмыстары үшін табиғи материалдар (дәндер, тастар, бақалшақтар, кепкен жапырақтар) жинақталады. Табиғат бұрышы жыл мезгіліне сай безендіріліп, үй және жабайы жануарлардың  макетімен, жемістер мен көкөністер муляждарымен толықтырып отырылады.

Әдеби -тілдік  аймақ- Қуыршақтар бұрышы, кітап бұрышы, қуыршақ театры бұрышы,  желілі- рөлдік ойындар бұрышы,  оқшаулану бұрышы, қуыршақтар бұрышы

Кітап бұрышы-түрлі дыбыстар шығаратын шулы ойыншықтармен қатар орналасады. Кітап бұрышы түрлі ертегі, суретті, дыбыс шығаратын кітаптармен үнемі толықтырылып отырылады. Кітап бұрышында балалар кітаптағы суреттерді қарауға үйренеді.

Желілі -рөлдік ойындар бұрышы- балалардың танымдық белсенділіктерін сюжетті ойындар арқылы дамыту,сюжеттік ойыншықтармен ойнауға үйрету

мақсатында ұйымдастырылады.Ерте жаста жетекші әрекеттер желілі -рөлдік ойындар болып табылады. Бұл жаста орта көлемді ойыншықтардың бәрі сәбиді қоршаған кеңістікті әрқалай пайдалануға, ашық әрі мазмұнды сюжет

құруға мүмкіндік береді.

Оқшаулану бұрышы- жиналатын ширмалармен, жапқыштармен, ленталармен бөліп жасауға болады. Бұрышты жұмсақ дивандармен, жастықшалармен, әдемі ойыншықтармен жасақтайды.Бұл жерде балалар ұнататын ойыншықтармен ойнап, кітапшаларын көріп,  тыныш, өзімен-өзі ойнайды, демалады.

Қуыршақ бұрышы –балаларға эстетикалық тәрбие берумен қатар, балалардың ойын жиһаздарының жиынтығын қамти отырып, белгілі рөлді орындауға бағыттап, желілі-рөлдік ойындардың алғышарттарын қалыптастырады. Ойында жолдасымен бірге ойнап, қуыршақтарды бірлесіп қолдана білуді үйренеді, ойыншықтармен әрекет жасау біліктерін бекітеді. Белгілі рөлге сай әрекет жасауға талпындырады (анасы баласын тамақтандырады,  жүргізуші көлік жүргізеді). Көп көлемдегі түрлі жұмсақ, резина, пластик, ойыншықтар және түрлі көлемдегі қуыршақтар, жиһаздар жинағы, үстел – үсті ойыншықтар, ыдыс-аяқтар жинақталады. Қуыршақтар бұрышы бірнеше бөліктен тұрады: асхана, жатын бөлмесі,ойын бөлмесі. Қосымша ойыншықтар бесікарба, бесік және басқада ойыншықтармен  толықтырылады

Қуыршақтарды, ойыншықтардың әртүрлілігін ескере отырып,

сипатына, көлеміне қандай мақсатқа арналғанына қарай орналастыру өте маңызды,  әрі тиімді. Баланың заттық әлемінде ойыншық ерекше орынға ие. Ол ойында дос, әріптес, әңгімелесуші болып келеді. Қуыршақ терапиясы сенімсіздікті, ұялшақтықты жеңу, эмоционалдық тұрақтылық пен өзін-өзі реттеу сияқты маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Қуыршақ театры бұрышы- тіл дамытудың оңай құралдарының бірі –театрландырылған ойындар.Олар балалардан рөлді орындау кезінде әдеби мәтін, сөз ойлап шығаруға, ырғақты, ым-қимылды, бет қимылын білуді талап етеді. Әртүрлі қызметте күні бойы театрландырылған ойындарды пайдалануға болады.Театрланған аймақта әртүрлі театр қуыршақтары, кастюмдер,маскалар, декорациялар, ширмалар, фланеграф жинақталады. Бұл жерде қуыршақ, саусақ, конус, көлеңке театры түрлері орналасады.

Шығармашылық  даму  аймағында – музыкалық ойыншықтар бұрышы, бейнелеу бұрышы, шығармашылық іс-әрекет үшін атрибуттар орналастырылады.

Музыкалық ойыншықтар бұрышы  шығармашылық қызмет ерте жастан бастау алады.Бұл топта музыкалық орталықты қолданған өте тиімді. Ерте жастағы кішкентай балалар сылдырлайтын, сыңғырлайтын, салдырлайтын түрлі дыбыс шығаратын заттармен, ойыншықтармен ойнағанды жақсы көреді.Шулы ойыншықтар үлкендерге ыңғайсыздық тудырғанмен, балаларды дамытуда маңызы зор.Түрлі музыкалық құралдар мен дыбыстар шығаратын ойыншықтар (металлофон, кішкентай бубен , барабан , қоңыраулар, шиқылдайтын ойыншықтар, кішкентай балалайка)  балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасайды.

Бейнелеу бұрышы – Балалардың  ерте жастан- ақ  сурет салуға, бояуға, мүсіндеуге қызығушылығы мол болады. Балалардың бояулармен, қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға ынталарын қолдау, саз балшықпен тәжірибе жасауды, саз балшықты алақанына салып, домалатып кішкентай шарлар жасауды, жалпақ дөңгелек пішіндерді мүсіндеуді үйрету мақсатында жасақталады.

Белсенді қозғалыс аймағы- ерте жастағы балаларды дамытудың басты бағыттарының бірі-балалардың қимыл-қозғалыс белсендігін арттыру.Әртүрлі қимыл қозғалыс балада жағымды көңіл күй туғызып, өмірлік маңызды қимыл-қозғалыстарын жетілдіреді.шаршаудың алдын алады, бұлшық еттерін дамытады.

Белсенді қозғалыс аймағында ірі конструкторлар, үлкен машиналар,  тербелгіш ойыншықтар,  жалаушалар-таспалар,“Үйшік” моделі,доптар, кеглилер, таяқшалар, жіптер.

Спорт құралдары балалардың қолы жететін жерде ыңғайлы орналасу керек.Алуан түсті сырғанақ, әткеншек, тербелгіш ойыншықтар, қозғалғыш машиналармен ойнау балалардың қимыл- қозғалыстарын, дұрыс дене бітімдерін қалыптастырады, бұлшық еттерін  жетілдіреді. Бұл жердегі доптарды, кеглилерді, ілмек сақиналарды көз тартатын ашық, жеңіл себеттерге салған өте ыңғайлы. Балалардың табан бұлшық еттерін нығайтуға, май табандылықтың алдын алуға  арналған қолдан жасалған кілемше көп міндетті атқарады.

Көптүрлі конструкторларды ыңғайлы орналастыру бұл аймақты балалар үшін тартымды етеді.

Сәндену бұрышы-жеке бас гигиенасының ережелеріне үйрету, мәдени- гигиеналық және өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру, алған тәжірибені қолдануға үйрету.

Жеке тұлғалық және мазмұндық тәрбиелік бағытты қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Мен өзім ерте жастағы балаларды дамытуға арналған түрлі ойыншықтар мен материалдардан басқа баланы жан-жақты дамытатын түрлі дидактикалық құралдарды қолдан жасап дамытушы орталықтарды толықтырып отырамын. Бұл дидиактикалық құралдарды оқу  қызметінде де және барлық белсенді іс-әрекет түрлерінде:

·        танымдық даму

·        тілдерін жетілдеру

·        ұсақ қол моторикасын дамыту

·        белсенді қимыл қозғалыстарын дамытуда қолданамын.Эстетикалық талғаммен жасақталған дамытушы орта мектеп жасына дейінгі балаларда қуаныш сезімін оятып, балабақшаға деген жағымды эмоционалдық  қатынасты,  оған бару ниетін тудырады, жаңа әсерлері мен білімдерін байытады , белсенді шығармашылық қызметке шақырады, балалардың зияткерлік дамуына көмектеседі .Дамытушы ортада ұйымдастырылатын белсенді іс-әрекеттер, белсенді ойындар, жаттығулар,еркін ойындар, танымдық тапсырмалар балалардың  ерте жастан белсенділігін, байқампаздығын, даралығын, шығармашылық қабілеттерін дамытып,  балаларды бір-бірімен және үлкендермен жағымды  қарым-қатынасқа, ұйымдаса ойнауға, еркіндікке, тәртіпті болуға тәрбиелейді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың

мемлекеттік жалпыға     міндетті стандарты.

Астана .2016 жыл.

2.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы.

Астана .2016 жыл.

3.Мектепке дейінгі балалық шақ.

4.Мектепке дейінгі ерте жастағы балаларды дамытуға арналған дамытушы

ортаны құруға  арналған талаптар.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!