Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама Қашықтан оқытудағы қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтан оқу жағдайындағы жалпы педагогтарға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы

10 жалпы білім беретін орта мектебі




БАЯНДАМА


«Қашықтан оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер»





Дайындаған: Бекниязова Айнұр Ергазықызы





















2020/2021 оқу жылы

Қашықтан оқыту үдерісіндегі тиімді әдіс тәсілдер


Қазіргі таңда білім саласында цифрлық жүйе кеңінен қолданылуда. Білім алушыларда ақпараттық технология мен компьютерлік желілер арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану дамытылып келеді. Осы секілді жаңа технологияларды білім кеңістігінде тиімді қолданудың түпкі қозғаушы факторы – мұғалім. Дамыған ХХІ ғасыр - цифрландыру жүйелерінің дамып, қарыштап, даму кезеңі. Соның ішінде, қоғамдық ортаның негізгі құралы болып ақпараттық технологиялар табылады. Ақпараттық технология білім ортасына ене отырып, жаңадан білім алу процесін дамыту үшін әр түрлі әдіс-құралдарды тиімді түрде пайдалануға әкеледі. Жалпы, қазіргі жағдаяттарға байланысты қашықтан оқыту мүмкіндіктері жан-жақтан шығармашылық ізденіс пен нәтижелі еңбекті ұстаздар қауымынан талап етеді. Өйткені оқушының білімін, үлгерімін көтеруіміз үшін оқытушының біліктілігін көтеруіміз керек. Қашықтан оқыту бұл мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді. Сондықтан, білім алушылардың оқытуды басқарып, оқушылардың өз бетімен білім алуын бақылау – мұғалімнің негізгі міндеті. Қашықтан оқыту технологиясы аясында ауылдық жерлерде жылдам ақпараттандыру өркендеуде.

Сабақты оқушылардың қызығушылығын оятатындай ұйымдастырып, әр баланың жүрегіне жол таба білу арқылы мұғалім жұмысы көрінеді. Жаңа технологияны қолдану мұғалімдерге дайындық жұмыстарына көп уақытты керек етеді. Әрбір мұғалімнен ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс – жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді.

Оқушылар қашықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйлерін пайдалану мүмкіндігі артады. Мысалы керекті әдебиеттер мен оқу кітаптары іздеу, бақылау және тестік тапсырмаларды орындау, лабороториялық жұмыстар, дайын баяндамалар, қашықтан олимпиядаға қатысу оқушының шығармашылық потенциалының дамуына әсер етеді.

Қашықтан оқуда оқушылар мәдениет арасында байланыс орната алады. Басқа елмен сұхбаттасу үшін сол елдің мәдениетін жақсы білу керек. Сонда мәдениеті, білімдері, діни бөлек оқушылар емін-еркін ақпарат алмаса алады. Басқа елмен байланысу үшін алдын ала оқушының психологиясын дайындау керек. Оларда мезгіл уақыттары мен уақыт арасында айырмашылық болады. Қашықтан оқыту оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де тиімді екенін уақыт дәлелдеді. Қашықтан оқыту жүйесіне ата-аналардың көзқарасы жақсы қалыптасып келеді. Әсіресе ата-аналар үшін қашықтан оқыту материалдық жағдайының тиімді болуын қарастырады.

Қашықтықтан оқытуда жетекші рөлді интернет, ақпараттық технологиялары орын алады. Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру үшін мұғалімге оның негізгі қағидаларын білген жөн

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша мұғалімнің негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Оқушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан оқушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Сонымен, қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп, білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қорыта келе айтарым, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік алады.

Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал, жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тәрбие ұйымдастыруына көмектеседі.

Өз бетімен шығармашылық әрекет жасауға қабілетті мамандар даярлауда жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеуге бағытталған педагог пен оқушы әрекетінің тиімділігін арттырудың жолдарының бірі – педагогикалық жаңа технологияларды орынды қолдану болып табылады. Педагог білім беру іс-әрекетінің субъектісі ретінде оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерін, формаларын жүзеге асыратын кәсіп иесі. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер падагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, өзіне және шәкіртіне деген жаңа қатынасымен тікелей байланысты болмақ.

Әрбір ұстаз өз оқу үрдісінде сабақтың мақсаты мен мазмұнына сай өз қалауы бойынша инновациялық технологияларды қолдана алатыны белгілі. Ал, білімгерлердің біліктілігін шыңдау мақсатында пән оқытушылары жаңа технологияларды жүйелі қолданса, оны өзіне түртіп алған болашақ маман кейінгі қызметінде сол іс-әрекетке қайта оралып, тәжірибесінде жемісін көрері сөзсіз.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2020
337
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12