Материалдар / Баяндама: «Қашықтықтан оқыту жағдайында ата-аналармен байланыс орнату жолдары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: «Қашықтықтан оқыту жағдайында ата-аналармен байланыс орнату жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама: «Қашықтықтан оқыту жағдайында ата-аналармен байланыс орнату жолдары» тақырыбында. Мұнда зерттеу жұмысын жүргізе отырып сынып жетекшісі балалар тәрбиесін тиімді ұйымдастыруда ата-аналармен байланыс жасауы және байланыстың әр түрлі формада ұйымдастырылуы жайлы мағлұмат алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2022
305
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Қашықтықтан оқыту жағдайында ата-аналармен байланыс

орнату жолдары»


Өкпебаев Ербол Шерниязұлы, М.Әубәкіров ат ОМ-нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Қайырлы күн құрметті әріптестер! Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!

Қазіргі таңда елімізде тосыннан келген індетке байланысты қашықтықтан оқыту жүріп жатыр. Қазақстанның барлық мектептері  өткен оқу жылының IV тоқсанынан осы қашықтықтан оқыту жүйесімен оқытуда. Бұл төтнеше жағдайға байланысты Білім минстрлігінің шұғыл қабылдаған шешімімен, Білім және ғылым минстрі Асхат Аймағанбетовтың тікелей басшылығымен көршілес елдер мен халықаралық тәжірибеге сүйеніп, аз уақыттың ішінде осы жұмыстарды атқару республика, облыс, қала, аудан, ауыл мектептерінің басшыларына мектеп әкімшілігіне және бүкіл ұстаздар қауымына жүктелген болатын. Осы шараларды ауданымыздың ұстаздары да абыроймен атарып шықты. Алтыншы сәуірде сабақ басталғанға дейінгі ата-аналар мен оқушыларға түсінік жұмыстарын жүргізу ұстаздар жауапкершілігіне жүктелді. Бұл күрделі сыннан ұстаздарымыз сүрінбей өтті.

Қашықтықтан оқыту – бұл ғаламторды пайдалана отырып, жүзеге асырылатын оқыту. Қашықтықтан оқытуға оқушыларды дайындау үшін, біз олардың ата-аналарымен жүйелі жұмыс жасадық. Осынау қиын шақта үштік одақ өз жұмысының нәтижесін көрсетті: мектеп – бала – ата-ана. Біз ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орната білдік. Ата-аналар да балаларының білім алуына қолдарынан келгенше жағдай жасады. Алғашқы күндері біршама кедергілерге тап болдық. Бұл кедергілердің болуы заңдылық дер едім. Қысқа мерзімде жаңа нәрсенің енгізілуі ата-ана, бала тіпті мұғалімдер үшін де оңайға соққан жоқ. Бірақ біз қиындықтарды жүйелі жұмысымыз және өзімізді сабырға шақыра отырып жеңе білдік.

Ал мектептің отбасымен ынтымақтастығы, ата-аналармен байланыс орнату жұмыстары, оқушыға беретін тәрбие жұмысы ең алдымен оқушыны, оның отбасы жағдайын зерттеуден басталады. Ол сынып жетекшісі тарапынан төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады. Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтасқан бірліктегі еңбектерінің бағыттары іс жүзінде іске асырылса, онда тәрбиелеу тиімді болады, тәрбие сағаттары, кәсіптік бағдар, экскурсиялар, сайыстар, олимпиадалар мақсатымызға жете түсуге негіздеме бола алады.Зерттеу жұмысын жүргізе отырып сынып жетекшісі балалар тәрбиесін тиімді ұйымдастыруда ата-аналармен байланысады.


Олар әр түрлі формада ұйымдастырылады:

  1. Әр сыныптың әлеуметтік паспортын жасау. Сол арқылы мектептің әлеуметтік картасы жасалды.

Қашықтықтан оқыту барысында жұмысымызды мектеп әкімшілігі мен әр сыныптың сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, ең әуелі мектеп оқушыларының әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын зерттеп, қашықтықтан оқыту жағдайына даярлығы жайында ақпарат жинаудан бастадық. Мектебіміздің басқа мектептерден ерекшелігі мектеп жанындағы интернатта әр алыс ауылдардан келген малшы, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасының 55 оқушылары тәрбиеленеді.

  1. Қашықтықтан оқуға мектеп оқушыларының даярлығын (смартфон, планшет, ноутбок, компьютерлер, теледидар, Отау ТВ, интернет желісіне кіре алуын) зерделеу.

Мектеп оқушыларының әлеуметтік тұрмыстық жағдайын сынып жетекшілер және ата-аналармен байланыс жасай отырып, олардың қашықтықтан оқуға даярлығын зерделеп, жағдайы жоқ отбасы балаларына қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету жолдарын қарастырдық.Қашықтықтан оқуға мектеп бойынша 261 оқушы толық смартфонмен қамтылған. 1 оқушы Шынжылы ауылында интернет байланысы болмағандықтан қамтылмай отыр. Ал теледидармен барлығы толықтай қамтылған. Бірақ 6 оқушы 3 отбасының балаларында ОТАУ ТВ-мен қамтылмаған. Бұл жанұялардың ата-аналарымен хабарласып, бұл жағдаяттан шығудың жолын қарастырдық. Нәтижесінде екі отбасының ата-аналары өздері алды, ал бір отбасына «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп директоры Нусупова Гүлнар Қасымбайқызы ОТАУ ТВ алып беріп, оқу-құрал жабдықтарымен, телефондарына интернетке және сөйлесуге қажетті бірліктер салып беріп, киімдей демеушілік жасады.

  1. Әр сыныптың және мектептің жалпы ата-аналарының Whatsapp-чаттарын және Telegram-арналары құрылды.

Бұл Whatsapp-чаттарын және Telegram-арналары сәуір айынан бері жүйелі жұмыс істеуде. Жаз кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік ережелері, карантин кезіндегі қауіпсіздік шаралары жайында, жаз айларында мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар беру мақсатында түрлі хабарламалар, оқу орындарының жарнамалары жіберіліп, ата-аналар хабардар болып отырды.

  1. Whatsapp-чаттары және Telegram-арналары арқылы ата-аналар қашықтықтан оқыту кезіндегі ата-аналарға және оқушыларға арналған нұсқаулықпен, түрлі жаднамалармен таныстырылды.

  2. Әр сыныптың сынып жетекшісі сыныбындағы оқушылардың ата-аналарының kundelik.kz сайтына кіруін ұйымдастырды.

  3. Волонтерлар арқылы интернет желісінен тыс шалғай ауылдағы оқушылармен, ата-аналармен байланыс орнатылды.



Whatsapp-чаттары және Telegram-арналары арқылы kundelik.kz сайтына кіру , оны қолдану, оның мүмкіншіліктері жайлы ата-аналарға дәрістер жүргізіліп, сайтқа кіру жолдары түсіндірілді. Осы арқылы kundelik.kz сайтында балаларының әр пән бойынша оқу үлгерімдерін қадағалауына, пән мұғалімдерімен кері байланыс жасауына ықпал еттілді.

Осы тұста қашықтықтан оқытудың біршама артықшылықтарын, тиімділігін де сезіндік. Мұғалім де, ата-ана да, оқушы да ақпараттық-коммуникациялық құралдарды тиімді пайдалануды үйренді. Бұрын бұл біз үшін тек сөйлесу құралы еді. Ал дұрыс пайдалана білсек, мүмкіншіліктері көп екенін аңғардық. Ата-аналармен күнделікті байланыс орнатылды.

Төтенше жағдай кезінде біз коммуникацияның түрлі құралдарын пайдаланып отырмыз. Олар-мектеп сайты, әлеуметтік желілердегі Фейсбук, Инстаграмм парақшаларымыз, Call-орталығы, онлайн-конференциялар, арнайы чаттар мен басқа да форматтар. Кері байланыс орнату барысында 4 сәуір күні ашылған, іске қосылған Call түсіндіру - орталықтары ерекше рөл атқаруда.Саll түсіндіру орталықтарының байланыс телефон номерлары жалпы ата-аналар чатында белгіленіп, ата-аналарға таратылды.

Сонымен қатар, біз Whatsapp-чаттарын және Telegram-арналарын тиімді қолданамыз. Мұндай жұмыс форматы туындаған сұрақтарға дереу жауап, түсініктемелер беруге, қажетті ақпаратты тез арада алуға және жеткізуге мүмкіндік береді. Бізге жалпы білім мен тәрбие берудегі және мектебіміздің жұмыс жүйесінің тиімділігін үнемі арттырып отыру үшін әрдайым ата-аналармен байланыста болу, ұсыныстар мен пікірлерді, тілектер мен ескертулерді естіп-біліп отыру — өте маңызды. Осы мақсатта әр сынып бойынша ата-аналарының жеке чаттары бар және мектептің барлық ата-аналарымен құрылған «Жалпы ата-аналар» чаты бар. Бұл чаттар арқылы жалпы ата-аналарға арналған хабарламаларды, ата-аналар жиналыстары өткізіліп тұрды.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының табысты немесе табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау керек.

Ата-аналардың өзіне мектеп тарапынан алға қойған мақсатымызды жүргізу үшін нақты педагогикалық көмектер ұйымдастырған абзал. Бұл-тәрбие саласындағы аса бір қажеттілік. Тәлім-тәрбие беру барысында ата-аналардың да саяси сауатты, көкірегі ояу болғаны жөн. Осы мақсатта мектебімізде ата-аналар комитеті құрылып, оның мүшелері сайланды. Ата-аналар комитеті мүшелерінің өз алдына жұмыс жоспары құрылып, кездесулер өткізіліп тұрады.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формалары

- Даралық Топтық
- Педагогикалық Ашық Сұрақ-жауап, Жалпы лекция есік кеші ата-аналар жиналысы
- Мектептің ата-аналармен әлеуметтік серіктестігі
- Педагогикалық лекция,
- консультация
- Ашық есік күні
- Сұрақ-жауап кеші

Қашықтықтан оқытудың тиімділігі – сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту, олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз ету. Мұндайда оқытушы мен білім алушылар физикалық тұрғыдан әр түрлі орындардан табылады. Уақыт үнемділігі, орын, ыңғайлы кесте, оқытушы мен білім алушының жаңа рөлі, ата-ананың бақылауы, ата-ана мен бала арасындағы тығыз қарым-қатынастың орнауы, мұғалім беделінің артуына әкелді.

«Әр нәрсенің бір қайыры бар» – деген ғой дана халқымыз. Жұмыс басты болып, бала тәрбиесінен алшақтап кеткен ата-ана мен бала арасында тығыз байланыс орнады. Бала жанұядағы ата-анасының жылылығы мен қамқорлығын сезінді. Тіпті балаларына ертегі оқып, қосылып ән салып, қолөнер бұйымдарын жасап, тәтті тағамдар пісіріп бір-бірін қуантып жатты. Төтенше жағдайға байланысты бетперде тапшылығы байқалғанда, оларды қолдан үйде тігіп , таратқан жандар да табылды. Осының бәрі отбасының адам баласының өмірге жолдама алатын кәусар бастауы, арқасүйер алтын діңгегі екенін көрсетті. Қашықтықтан оқыту басталғалы ата-ана тарапынан мұғалімге деген көзқарастың жақсы жағына өзгергенін сезіндік.

Қашықтықтан оқыту кезінде ақпараттық -комуникациялық  құралдардың қай түрін пайдалансақ та, білім алушыға тиімді жағын қарастырғанымыз жөн деп ойлаймын.
















Тығырықтан шығар жол әрқашан табылады екен, тек оның көзін таба білсек. Осы тұста әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидей ғұламамыздың мына тамаша сөзі ойыма орала береді: «Өзін-өзі тану – даналықтың белгісі, жеке тұлғаның рухын тану – адамгершіліктің белгісі»

Бүгінгі таңның ұстазы жаңашыл тұлға. Ол санқырлы, өзгені ғана емес үнемі өзін де дамытып отырады. Заманы қалай өзгерсе бөркін солай бұра сала түлкі заманды тазыша шалып, жаңа коғамға сай бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу ағартушылардың басты міндеті. Өткеннен өнеге ала отырып, ақпараттың аламанына ат қосарда бүгінгі күннің талабына сай, келешегі жарқын, толыққанды тұлғаны қалыптастыруда мұғалімнің еңбегі ерен.



































Қашықтықтан оқыту кезеңінде оқушыларға арналған ұсыныстар


Карантин кезеңінде қашықтықтан сапалы білім алу мақсатында kundelik.kz ұсынады: 

1. Сынып жетекшісінен кесте туралы ақпаратты нақтылау. Өзгерістер болған жағдайда - сұрап білу.
2. kundelik.kz сайтына кірудің болуын тексеру егер болмаса, оны сынып жетекшісінен сұрап білу.
3. Интернет желісіне қосылған құрылғылардың болуына көз жеткізу.
4. Күн сайын, сайтқа кіріп, үй тапсырмалары мен хабарландырулардың болуын тексеру.
Пайдалы сілтемелер тізімі:
• Ата-ана, оқушыға қалай тіркелуге болады? 
• Жүйеге кіруді қайта қалпына келтіру.
• Парақшаның электронды мекен-жайын қалай өзгертуге болады?
• Кесте, ҮТ және бағаларды қалай көруге болады?
• Жобаның әлеуметтік бөлімі (желілер, достар, топтар).
Қашықтықтан оқытуға қатысты ұйымдастыру сұрақтары бойынша сынып жетекшісіне хабарласыңыз.
Сайт жұмысының мәселелері және kundelik.kz қолжетімділікті қалпына келтіру бойынша сұрақтар туындағанда Қолдау қызметіне 8-727-313-18-32 нөмірі және team@kundelik.kz электрондық мекен-жайы бойынша хабарласуға болады.







Қашықтықтан оқыту кезеңінде ата-аналарға арналған ұсыныстар


 Қауіпсіздік мақсатында басқа адамдардың немесе жалпыға ортақ электрондық пошта мекен-жайларын қалдыру ұсынылмайды және сіз күрделі құпия сөздерді енгізуіңіз керек.
• сайтқа бірінші кіргеннен кейін, жүйе уақытша (тіркеу) құпиясөзін тұрақты күйге келтіруді ұсынады. Тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін, жеке профиль параметрлерінде бір рет өзгертуге болады.
• талаптарға сай келетін жаңа құпиясөзді енгізіңіз;
Ескерту: тіркелу кезінде өзіңіздің жарамды және қолжетімді электрондық поштаны көрсетуіңіз керек.
• «Қауіпсіздік параметрлері»: электрондық поштаны (міндетті) толтырыңыз. Бұл деректерді енгізу, ең алдымен, парақшаны қорғау үшін, сондай-ақ жоғалған жағдайда логин мен парольді жылдам және өздігіңізден қалпына келтіру үшін қажет;
Ескерту: егер жеке деректердегі қате табылса, профильді өңдеу үшін білім беру ұйымымен хабарласыңыз. 
• ашылған тіркеу парақшасында жеке мәліметтерді тексеру қажет. «Келесі» батырмасын басыңыз;
• алынған пайдаланушы аты мен құпиясөзді тиісті өрістерге енгізіңіз және «Кіру» батырмасын басыңыз;
• «Кіру» батырмасын басыңыз;
• https://kundelik.kz/ сайтына мына мекенжай арқылы өтіңіз:
Қызметкерлер тіркелуге арналған пайдаланушы аты мен құпиясөзді алу үшін білім беру ұйымының Әкімшісімен байланысуы керек.
Ата-аналар мен оқушылар жүйеге тіркелуге арналған пайдаланушы аты мен құпиясөзді алу үшін сынып жетекшіден немесе білім беру ұйымындағы деректерді толтыруға жауапты қызметкерге байланыса аласыз(қажет жағдайда байланыс телефонын өз сынып жетекшіңізден алуға болады).
• жалпы білім беру ұйымының қызметкерлерінен тіркеу үшін пайдаланушы аты мен құпиясөзді алу қажет;Қалай тіркелуге болады (оқушы/Ата-ана/қызметкер)?
«Күнделік» жүйесіне тіркелу үшін сізге қажет:
• жалпы білім беру ұйымының қызметкерлерінен тіркеу үшін пайдаланушы аты мен құпиясөзді алу қажет;
Ата-аналар мен оқушылар жүйеге тіркелуге арналған пайдаланушы аты мен құпиясөзді алу үшін сынып жетекшіден немесе білім беру ұйымындағы деректерді толтыруға жауапты қызметкерге байланыса аласыз(қажет жағдайда байланыс телефонын өз сынып жетекшіңізден алуға болады).
Қызметкерлер тіркелуге арналған пайдаланушы аты мен құпиясөзді алу үшін білім беру ұйымының Әкімшісімен байланысуы керек.
• https://kundelik.kz/ сайтына мына мекенжай арқылы өтіңіз:
• «Кіру» батырмасын басыңыз;
• алынған пайдаланушы аты мен құпиясөзді тиісті өрістерге енгізіңіз және «Кіру» батырмасын басыңыз;
• ашылған тіркеу парақшасында жеке мәліметтерді тексеру қажет. «Келесі» батырмасын басыңыз;
Ескерту: егер жеке деректердегі қате табылса, профильді өңдеу үшін білім беру ұйымымен хабарласыңыз. 
• «Қауіпсіздік параметрлері»: электрондық поштаны (міндетті) толтырыңыз. Бұл деректерді енгізу, ең алдымен, парақшаны қорғау үшін, сондай-ақ жоғалған жағдайда логин мен парольді жылдам және өздігіңізден қалпына келтіру үшін қажет;
Ескерту: тіркелу кезінде өзіңіздің жарамды және қолжетімді электрондық поштаны көрсетуіңіз керек.
• талаптарға сай келетін жаңа құпиясөзді енгізіңіз;
• сайтқа бірінші кіргеннен кейін, жүйе уақытша (тіркеу) құпиясөзін тұрақты күйге келтіруді ұсынады. Тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін, жеке профиль параметрлерінде бір рет өзгертуге болады.
 Қауіпсіздік мақсатында басқа адамдардың немесе жалпыға ортақ электрондық пошта мекен-жайларын қалдыру ұсынылмайды және сіз күрделі құпия сөздерді енгізуіңіз керек.





Ата-аналар мен оқушыларға арналған «Күнделік.Мектеп» мобильді бағдарлама

«Күнделік.Мектеп» мобильді бағдарламаны App Store-дан (IOS пайдаланушылары үшін) және Play Market-тен (Android пайдаланушылары үшін) жүктеп алуға болады.

Мобильді бағдарламаға кіру үшін ААЖ «Күнделік» жүйесіндегі профильдің пайдаланушы аты мен құпия сөзін енгізу қажет.

«Күнделік. Мектеп» мобильдік қосымшасы - барлық білім туралы ақпаратты дереу, Жүйеге кірмей-ақ алғысы келетін студенттер мен олардың Ата-аналарына ыңғайлы болу үшін арнайы әзірленген қосымша коммерциялық қызмет. Мобильді қосымшаны пайдалану міндетті емес. Барлық білім туралы ақпарат сайтта тегін.

Ескерту: «Күнделік» ААЖ - бұл жеке инвестициялар есебінен әзірленген автоматтандырылған ақпараттық жүйе (мемлекеттік бюджет есебінен емес). Жүйе коммерциялық қызметтер есебінен (барлық ақылы қызметтерді пайдалану міндетті емес) және жарнамалық ақпарат есебінен монетизацияланады.

«Жаңалықтар» виджеті

Бағдарламаның басты бетінде әрдайым «Жаңалықтар» виджеті көрсетіледі, ол жаңалықтарды тез арада қарауға арналған, оның ішінде:

  • бағаларды және қойылған күнін қарау;

  • берілген үй тапсырмаларын қарау;

  • сабақ кестесін қарау;

  • мектеп хабарландыруларын қарау.

«Күнделік» виджеті

Бұл виджеттің мүмкіндіктері:

  • Көрсетілген күннің сабақ кестесі (әдепкі бойынша, ағымдағы күннің сабақ кестесі орнатылған).

  • Әр сабаққа берілген үй тапсырмасы.

  • Әр сабаққа қойылған бағалар.

Ескерту: егер үй тапсырмасының жанында белгісі болса, тапсырмаға салынған файл бар дегенді білдіреді.

Салынған файлды, сабақ жайлы толық ақпаратты көру үшін, сабақ атауы жазылған жолға басу қажет. Сабақ парақшасында келесі ақпарат болады:

  • сабақ өткізу уақыты;

  • кабинет;

  • сабаққа қатысу белгісі, бағалар қойылған сабақтағы жұмыстың типі;

  • үй тапсырмасы;

  • сабақ тақырыбы;

  • пән мұғалімнің Аты-жөні.

«Бағалар» виджеті

Бұл виджетте бірнеше бөлім бар:

  • «Пән бойынша»;

  • «Қорытынды».

«Пән бойынша» бөлімінде, пән бағалары қойылуы уақыты бойынша реттеліп көрсетіледі. Яғни, соңғы қойылған баға ең алдында тұрады. Бағаларға қарама-қарсы пән бойынша орташа балл көрсетілген.

Маңызды жұмыстың түрлері (бақылау жұмысы, өзіндік жұмысы және басқалар) түрлі-түсті болып көрсетіледі:

  • жасыл - жақсы белгі;

  • қызғылт сары – қанағаттанарлық;

  • қызыл - нашар.

Бағаның оң жағында көк түсті шеңбер, қойылған бағаның жаңа екенін яғни соңғы екі күннің ішінде қойылғанын білдіреді.

Ескерту: орташа баллдың жанындағы жебе, оның өткен аптамен салыстырғандағы өзгерістер үрдісін көрсетеді.

Сабақта қойылған бағаларды көру үшін, сабақ атауы жазылған жолға басу керек, сабақ бетінен келесі ақпараттарды көре аласыз:

  • Сабақтағы жұмыстың маңызды түрлеріне қойылған орташа балл және жалпы балл.

  • Өткен аптаға қарағанда баллдың өзгеру үрдісі.

  • Орындалуына қарай пән бойынша қойылатын бағалар.

«Қорытынды» бөлімінде, пән бойынша қойылған бағалар есептік кезең бойынша көрсетіледі:

  • «Тоқсандар»;

  • «Триместрлер»;

  • «Семестрлер»;

  • «Модульдер».

Есептік кезеңнің бағалары журналға қойылғаннан кейін көрінеді. Пән бойынша қорытынды бағалар оқу жылының соңында қойылады.

Ескерту: «Бағалар» виджетінде қосымша түрде сөздік белгілерді көруге болады.

«Тағы» виджеті

«Тағы» виджеті келесі функцияларды атқарады:

  • қолдау орталығына жүгіну;

  • жазылымды басқару;

  • аккаунттан шығу.

  • тілді ауыстыру.

Ескерту: жазылымнан бас тартқаннан кейін бағдарламаның толық нұсқасы, жазылым уақытының соңына дейін сақталады. Жазылымның автоматты түрде жаңартылуы өшіріледі.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!