Материалдар / Баяндама "Қашықтықтан оқыту жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқуға қалай ынталандырамыз?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Қашықтықтан оқыту жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқуға қалай ынталандырамыз?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шебер педагогтар конференциясына дайындалған баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2021
341
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қашықтықтан оқыту жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқуға қалай ынталандырамыз?


«Адамның алдында ақылға апаратын

үш жол бар: ойлау жолы, бұл - ең жақсысы;

ұқсау жолы, бұл – ең жеңілі; жеке тәжірибе

жолы, бұл – өте жауаптысы»

Конфуций

Мақсаты:

Қашықтықтан оқыту жағдайында бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын арттырудың түрлі шарттарын қарастыру.

Өзектілігі:

1. Қашықтықтан оқытудың артықшылығы мен кемшіліктері саралана отырып, оқу форматының тиімді тұстары таңдалады.

2. Әдіс-тәсілдердің тиімділігін қарастыру барысында бастауыш сынып оқушыла-рының мотивациясын жетілдіру шарт-тарына талдау жасалып, ұсынылады.

Түйінді сөздер: қашықтықтан оқыту, бастауыш сынып, технология, мотивация.


Кіріспе:

Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алуы сол мемлекеттің біліміне, білім сапасына байланысты. Кез келген елдің басты капиталы ол - үздік технология және қазіргі заманға сай білімді адамдар, инновациялық жаңалықтарға ашық, өзін-өзі дамыта алатын және шығармашылықты жүзеге асыра алатын тұлғалар.

Осыған орай тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бірінші міндет ретінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі факторы ретінде білімділік деңгейін жоғарылату ұсынылады. Жиырма бірінші ғасырдың маңызды міндеттерінің бірі - өмір сүру сапасын жоғарылату, оның ішінде тұлғаның даму шарттарын анықтайтын білім беру сапасын жақсарту болып табылады.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты білім беру саласында үлкен өзгерістер орын алғаны баршаға белгіл. Осыған орай, дәстүрлі білім беру жүйесінен  жаңа форматта жұмыс жасауға көшу қажеттілігі туындады. Барша ұстаздар қауымының алдына жаңа мақсат-міндеттер қойылды. Ол әлбетте, қашықтықтан оқыту.

Қашықтықтан оқытудың бірнеше артықшылығын тізбектеп айтып өтуге болады.

Артықшылығы:

1.Кез-келген уақытта білім алу мүмкіндігі.

2. Өз қалауыңыз бойынша білім алу мүмкіндігі

Білім алушыларға қатарластарымнан артта қаламын деп қобалжудың қажеті жоқ. Ол әрқашан күрделі мәселелерді зерттеуге қайта орала алады, бірнеше рет видео дәрістерді көре алады, мұғаліммен хат алмасып және оны қайта оқи алады.

3. Кез-келген жерде білім алу мүмкіндігі

Оқуды бастау үшін білім алушыда интернетке қосылған компьютер немесе смартфон болуы керек. Сонда ол кез-келген жерде сабаққа қатысып, жұмыс жасай алады.

4. Негізгі жұмысыңызға кедергісіз оқу

Оқушы қашықтықтан білім ала отырып, сонымен қатар бірнеше курста, қосымша білім беру орталықтарында білім алу үшін уақыттың тапшылығын сезінбейді.

5. Оқудың жоғары нәтижелері

Американдық ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, қашықтықтан оқыту нәтижелері дәстүрлі білім беру нәтижелерінен кем түспейді, тіпті, одан да жоғары. Қашықтықтан білім алушы оқу материалдарының көпшілігін өз бетінше оқиды. Бұл тақырыптарды есте сақтау мен түсінуді жақсартады.

6. Мобильділік

Мұғалімдермен, репетиторлармен байланыс әр түрлі жолдармен жүзеге асырылады: on-line және off-line. Электрондық пошта арқылы мұғаліммен кеңесу кейде жеке немесе сырттай кездесуден гөрі тиімді және жылдамырақ болады.

Қандай жағдайдың болмасын артықшылықтарымен қатар оның өзіндік кемшіліктері де бар.

Кемшіліктері:

1. Жаңа форматқа көшудегі қиындықтар, бейвербалды жағдайда әңгімелесушіні түсінудегі жайсыздық.


2. Компьютерлік сауаттылықтың жеткіліксіздігі

Негізінен, бұл жағдай мұғалімдер қауымының аға буыны қашықтан оқыту технологиясын меңгеруде қиындықтар туындады.


3. Күшті мотивация қажет.

Қашықтан білім алатын оқушы барлық оқу материалдарын дербес оқиды. Бұл ерік-жігер, жауапкершілік пен ұстамдылықты талап етеді. Сыртқы бақылаусыз оқудың қарқыны төмендейді.

4. Қашықтықтан білім беру коммуникативтік икемділікті дамыту үшін қолайсыз. 

Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың бір-бірімен және оқытушылармен жеке байланысы аз болады. Сондықтан оқытудың бұл формасы сыпайылықты, сенімділікті, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға жарамайды. 

Негізгі бөлім:

«Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?..» - деп Мұқағали атамыз жырлағандай, уақыттың жүйріктігін, оны ешқашан ұстап тұра алмайтындығымызға күн өткен сайын көзіміз жетіп келеді. Атап айтылған кемшіліктер мен қиындықтарды жеңіп шығу мақсатында не істедік? Міне, соны саралайтын да уақыт келді.

Енді менің айтатын өзекті тақырыбым, әрине бастауыш сыныптағы оқушылардың мотивациясы мен коммуникативті икемділігін арттырудың тиімді тәсілдерін қарастыру.

Мотивация отандық және шет ел психологиясындағы іргелі проблемалардың бірі болып табылады. Қазіргі күнгі психологиядағы зерттеме үшін оның маңыздылығы адамның белсенділігінің көзін, оның іс- әрекетін, мінез-құлқын қозғаушы күшін талдаумен байланысты. Адамды іс- әрекетке не итермелейді, оның түрткісі қандай, ол оны не үшін жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап оның сәйкес түсіндірмесінің негізі болып табылады. Ең жалпы түрде түрткі -бұл адамды осы түрткімен анықталатын іс-әрекетке енген қандай да бір әрекетке итермелеуші, ынталандырушы, анықтаушы.

Оқушылардың оқу  үлгеріміне ең көп әсер ететіні оқу мотивациясы. Оқу мотивациясы – (латын тілінен “moveo” – қозғалтамын) – білім алушылардың  білім мазмұнын белсенді меңгеруге, өнімді танымдық әрекеттерді оятатын процесс. Білім игеру процесі – белсенді процесс. Ол тек әрекет арқылы ғана жүзеге асырылады. Бұған қоса іс-әрекеттердің түрлері мен өзінділік дәрежесі неғұрлым көп және жоғары болса, білім игерудің тиімділігі де арта түседі. [Жұманбаева А.О]

Әдетте сабақта оқушы көбіне-көп екі жұмыс атқарады, олар – тыңдау мен жазу (көшіру). Ал белсенді әрекеттер дегеніміз өздігімен түсіну, таңдау, талдау, шешім қабылдау, жаңа мазмұн құрастыру, өз біліміңді бағалауға негізделген ойлану, талқылау, өз пікіріңді қалыптастыру, оны дәлелдей және қорғай білу, пікір алмасу мен таластыру, өзгенің пікірін тыңдап, оны қабылдау, өз пікіріңді жазу секілді жеке және бірлескен жұмыс түрлері. Осындай белсенді әрекеттер тұлғаны жан-жақты дамыта түсіп, оның білім игерудегі көкжиектерін кеңейтеді.

Бетпе-бет оқу процесінде оқу мотивациясын көтерудің мәселесінің өзі күрделеніп тұрғанда қашықтықтан оқыту барысында бұл тіпті кезек күттірмес жағдай екендігі баршаға мәлім. Бұл әрине, мектеп мұғалімдерінің шебелігі мен ізденімпаздығын іске қосатын, таным белсенділігін танытатын үдерістің бастамасы болуы шарт.

Енді мен шамам келгенше өзімнің атқарып отырған ынталандыру шараларын жариялап, әріптестеріммен пікір алыспақпын.

Оқушы ынтасын қалай көтереміз?

  1. Ең алдымен балаларды сабаққа кіруге ынталандыру. Сабаққа кіру үшін оқушы асыға күтіп отыратындай шақыру әзірлеу.

  2. Сабақ басталған кезде балалардың көңіл-күйін, жағдайын сұраңыз. Жауапты көңілді смайликтер түрінде жіберуін сұраңыз.

  3. Сабаққа қатыспай қалған баланың қатыспау себебін сұрамай, өзіңіз пікір білдіріңіз. Мысалы, Әділеттің сабаққа себепсіз қатыспауы мүмкін емес, мүмкін оның дербес компьютері немесе смартфоны бұзылып қалған болар, немесе желі дұрыс істемей тұр ма екен деген сияқты.

  4. Балаларға дайын видеоларды жібере бермей өз түсірген видеоңызды жіберіңіз, сіздің дауысыңызды естіп, тынысыңызды сезсін. Себебі, сіз баланың ата анасынан кейінгі ең жақынысыз. Сіздің айтуыңыз әсерлілеу болады. Сонымен қатар, балаларға да тапсырманы видео түрінде түсіріп жіберуге мүмкіндік берсеңіз, қызығушылық пен жауапкершілік артады.

  5. Әдіс-тәсілдерді ауыстырып отырыңыз. Топтық және жұптық жұмысты үзбей жүргізіңіз. Сіз баламен қашықтықта топтық жұмыс жүргізе алмаймыз дерсіз. Оның да көзін табуға болады. Сіз алдымен топқа топтастырудың түрін өзгертіңіз. Мәселен, қашықтықтан оқыту кезінде мен оқушыларды алфавит ретімен топтастырамын. Екінші бір түрі – туылған мезгіліне қарай топтастыру. (Қыста, жазда, күзде, көктемде) Жұптастыру да осылай жүзеге аса береді. Т.с.с.

  6. Бірге жаттығу, сергіту сәтін жасаңыз. Зум платформасында әуен қосып, сол әуен ырғағымен 2 минут билеу немесе жаттығу жасау. Балалар жеке емес, олардың қасында достары бар екенін сезіну керек.

  7. Мұғалімдердің жаттанды кері байланысы мен рефлексиясы оқушыларды жалықтырып жібереді. Мұны болдырмау үшін кері байланыс пен рефлексияны өзгертіңіз. Қатып қалған бас бармақпен бағалау, Екі жұлдыз бір тілек, Қол шапалақтау тәрізді тәсілдердің сәні кетті демесек те, қашықтықтан оқыту жағдайында тигізер әсері шамалы. Менің қазір пайдаланып отырған тәсілдерімнің бірі және бірегейі – ол ИНСТОГРАМ әдісі.

  8. Өзін-өзі бағалауды және өзара бағалауды жүзеге асырыңыз. Ол тек бетпе-бет оқу кезінде ғана емес, қашықтықтан оқу кезінде де қолдануға болатын ең тиімді тәсіл.

  9. Бұл технологияның негізгі аудиториясы — ата-аналар. Егер біз бастауыш сынып оқушыларының қашықтан оқытуға шынымен қатысуын қаласақ, сапалы білім беруде ата-аналарға сенім артуымыз керек. Оларды мұғалімнің көмекшісі ретінде қарастыру керек. Мұғалім оларға жеткілікті ақпарат бергені жөн, сол кезде ғана ата-аналар балалармен мектептегі оқу тәжірибесін пайдалана отырып жұмыс істей алады. Ең алдымен мұғалім ата-аналарға арналған жұмыс жоспарын жасауы тиіс. Онда оқушыларға қойылатын әр білім беру тапсырмасы бойынша олардың іс-әрекет алгоритмі жазылады. Ата-аналар не істеуі керек және оқушылар не істеуі керек.Мұнда оқушылардың қандай іс-әрекеттерді жасау керектігі көрсетілген, сонымен қатар оқушылардың белгілі бір ұғымдармен жұмыс жасау кезінде жіберуі мүмкін жалпы қателіктерге сілтемелер көрсетілуі тиіс. Ата-аналарды балаларының нақты нені білуі және істей алуы керектігін түсіну үшін жұмыс жоспарын құру өте маңызды.

  10. Оқушыларды онлайн олимпиадаларға қатыстырыңыз. Өйткені олимпиада бәсекелестік алаңы. Егер оқушылар жарысуға, сайысуға құмар болса, онда оларға ол сөзсіз ұнайды. Онлайн сайыстарды балалар ойын ретінде қабылдайды. Сондықтан бұл жұмысты жиі қолға алып отырған дұрыс.

Қорытынды:

Сабақ барысында оқушының жеке ерекшелігін есепке алу - бұл әрбір оқушының қызығушылығын, сапасын, талабын, мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беруде педагогикалық әдіс, құрал, әдістемелердің барлығын пайдалану. Жеке ерекшелікті ескеру маңызды жағдай. Мұғалім бұл мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни оқушының мүмкіншілігін артық бағалау да, ескермеуі де оның оқуға деген қызығушылығына зиянын тигізеді. Оқушының жеке ерекшелігіне орай мұғалім әр оқушымен жеке қарым-қатынас жасайды. Мұғалім оқушының күшті жағына сүйенуі керек.

Сүбелі сегіз кеңес.

1. Алдымен үйрет, содан соң талап ет.

2. Оқушының тәртібі мен білімін бағалауда әділ бол.

3. Балаларға берген уәдеңе берік бол.

4. Әрқашан сабырлы, шыдамды бол.

5. Оқушының құпиясын сақтай біл.

6. Оқушыдан өзің орындамайтын істі талап етпе.

7. Оқушыға сенім арт.

8. Оқушының ата-анасын сыйла, ол туралы жаман сөз айтпа.

Бүгінгі мұғалім, жаңа заман қойып отырған талаптарға, керемет қарқынмен өзгеріп жатқан заман ағымына ілесетін, мұғалімге тән барлық мүмкіндіктерді игерген ұстаз. Ол тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын, оқушының жан дүниесін түсінетін, олардың биік жетістіктерге жетуіне көмектесетін қолдаушысы, көмекшісі досы болуы керек. Ж.Аймауытов айтқандай баланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы арқасында жетіледі. Мұғалім балаларына салақ, селқос қараса, олардың жан қуатын кемітіп, тәрбие де бере алмайды. Сондықтан да бүгінгі күні біздің мұғалімдеріміз оқушылардың оқуға деген мотивациясын көтеру мақсатында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақтарын түрлендіріп өткізуге мүмкіндігі бар деп ойлаймын. Алдағы атқарар жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

Енді сіздердің кері байланыстарыңызды тыңдағым келеді.



















Әдебиет:

  1. Андреев, А. А. Средства новых информационных технологий в образовании: систематизация и тенденции развития: Сб./ Основы применения информационных технологий в учебном процессе вузов.

  2. М.: ВУ,2015. Полат Е. С., Петров А. Е. Дистанционное обучение каким ему быть?

  3. [Электронный ‏ ресурс] http://distant.ioso.ru/library/publication /razvitie.htm https://infourok.ru/organizaciya-distancionnogo-obucheniya-v-nachalnoj-shkole-iz-opyta-raboty-4547956.html

  4. Бочков В. Е. Учебно-методический комплекс как основа и элемент обеспечения качества дистанционного образования // Качество. Инновации. Образование. — 2004. — N

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!