400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама Қауіпсіздік техникасы қағидаларын нұсқау, оқыту және насихаттау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қауіпсіздік техникасы қағидаларын нұсқау, оқыту және насихаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы


ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ


«ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК


«Жаңашылдық жаңа талап»

Тақырыбы аясында ұйымдастырылған «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)», «Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» әдістемелік бірлестігі

ОНКҮНДІГІ

Баяндама

Тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы қағидаларын нұсқау, оқыту және насихаттау



Арнайы пән оқытушысы: И.Азларханов

ШЫМКЕНТ-2024

Қауіпсіздік техникасы қағидаларын нұсқау,оқыту және насихаттау


Газбен дәнекерлеу жұмысындағы негізгі қауіпсіздігі: инфрақызыл сәулелену; ацетилин мен кислород баллондарының жарылу қауіптілігі, зиянды заттардың бөлінуі.

Газбен дәнекерлеу постын жертөледе орналастыруға рұқсат етілмейді. Уақытша дәнекерлеу постары ширма немесе қалқанмен қоршалуы тиіс. Дәнекерлеу постына 5 м жақын орналасқан ағаш қабырғалар кірпішпен қаланып немесе металмен қапталуы тиіс. Газбен дәнекерлеушінің жұмыс орнында стол, өңделетін детальдарға арналған жабдықтар болуы тиіс.










Оттықты салқындатуға арналған су толтырылған ыдыс болуы тиіс. Тұрақты жұмыс орнында жұмыста үзіліс кезінде оттықты (кескіш) ілуге арналған ілгіш болуы тиіс. Егер дәнекерлеушінің тұрақты жұмыс орнының едені бетон немесе асфальттан болса, оның үстінен ағаш торлар салынуы қажет.

Монометрлер мен редукторлар тек стандартты болуы тиіс. Шлангалар стандарт талаптарына сәйкес болуы тиіс. Оларды зақымданудан, жоғары температураның әсерінен, от пен жалыннан қорғау керек. Шлангілерді бұрап, шатастырып, айналдыруға рұқсат етілмейді. Олар арнайы қамыт көмегімен біріктіргіш ниппельге бекілуі тиіс.

Газ таратқыш құбырлар гермиттелген, ауа кірмейтін және жерге қосылған болуы тиіс. Жер бетіндегі (үстіндегі) ацетилен құбыры ақ түске, ал кислород (оттек) құбыры ашық көк түске боялуы тиіс.

Газ құбырларының тығыздығын тексеру үш айда бір рет жүргізіліп, акт жасалынады. Ацетилин және кислород редукторлары техникалық тексеруден өткізіліп, дәнекерлеу аппаратурасын қолдануға жауапты жұмысшы сынақтан өткізілуі тиіс.

Ацетилинді генераторлар тек жеке бөлмеде орналастырылады. Мұндайда рұқсат етілген минималды кубатурасы ацетилиннің өнімділігіне қарай таңдалынады: ацетилин 10 м3/с өнімділігіне, минималды рұқсат етілетін кубатура 60 м3/с болуы тиіс. Егер 20 м3/с - 80 және 30 м3/с, 100 м3. Айырғыш бөлмеден тыс жерде орналастырады.

Уақытша жұмыстарда бөлмеге тек бір ғана жалғамалы газ генераторын орнатуға болады, мұндайда мынадай шарттар сақталуы тиіс: карбид пен кальцийдің тиелуі 10 кг аспауы керек;

Бір мезгілде қуаттылығы 2 м3/с екі оттықтан артық қолдануға болмайды, газ генераторларын газбен дәнекерлеу жұмыс орнынан 10 м алыс орналастыру қажет. Генераторларды су қақпақтары түзетілген, генератор корпусына тығыз бекітілген және тігінен тұруы тиіс. Жұмыс алдында және жұмыс барысында су қақпаларының дұрыстығы, су деңгейі тексеріліп, қажет болса толтырылады.

Газ генераторымен жұмыста:

- қоңырауға қосымша жүк салынбайды;

- генератордың жүкке арналған жәшігіне кальций мен карбидті генератор құжатында көрсетілген мөлшерден төмен тиеуге болмайды;

- генераторға ашық отпен жақындауға, темекі тартуға болмайды;

- ацетилинді шлангіні мыс трубаға қосуға болмайды, ацетилинді мыстан жарылыс болуы мүмкін;

- жұмыс уақытында генераторды қараусыз қалдыруға рұқсат етілмейді.

Тасымалды генераторларды тексеру мен сынағы жылына 1 рет өткізілуі тиіс.

Газбен дәнекерлеу жұмысында оттықты (кескіш) тұтатқан кезде басында 1/4-1/2 айналымға кислород қақпағы ашыңқырайды, содан кейін ацетилин немесе басқа газдарды ашыңқырайды. Шлангілер оттыққа қосылмас бұрын алдын ала газбен үрленуі тиіс.

Дәнекерлеуге ұсынылған заттар мен детальдар бояуынан, майынан, басқада қатып қалған кірлерінен тазартылады. Көлемі үлкен ауыр заттарды дәнекерлеу немесе кесу кезінде жүк көтеруге арналған құралдарды қолдану қажет.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.05.2024
253
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі