Баяндама "Қазақ тілі мен ағылшын тілінің байланысындағы кірме сөздер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Қазақ тілі мен ағылшын тілінің байланысындағы кірме сөздер"

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен ағылшын тілі пән мұғалімідеріне керек мәлімет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі мен ағылшын тілінің байланысындағы

кірме сөздер


Қазақ халқының ертедегі даму тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланысты болғандығын көреміз.

Кез-келген халықтың тілі жеке өмір сүрмейді.Қандай да бір тілге басқа тілден кірме сөздердің енуі сол тілдің дамуына қажетті табиғи үдеріс болып табылады.Кірме сөздер дегеніміз — тілдің өзіндік сөзжасам тəсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай- қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Ағылшын тілінен еңген сөздерді англицизмдер деп атайды. Англицизмдер – қоғамдағы саяси, мəдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар.

Ағылшын тілі әлем тілдерінің үн­діеуропа тобының батыс герман тар­мағына жатады. Үндіеуропалықтар біздің жыл санауымызға дейінгі 5000 жылдары Шығыс Еуропа мен Батыс Азияны мекендеген. Олар көшіп-қонып жүріп, бірте-бірте Кавказға, солтүстік Үндістанға, Еуропаның батыс аймақтарына барып қоныс тебеді. Сондықтан ағылшын тілінен қазір бір-бірінен алшақ жатқан латын, санскрит, галл, скандинав тілдерінің табын байқауға болады. Сонымен қатар бұл тіл ежелден кірме сөздерді өзіне сіңіріп өнген. Ағылшын тілінің сөздік қорының молаюы­на әлемнің 1000-нан аса тілі үлес қосқан. АҚШ-тың «Global Language Monitor» лингвистикалық компаниясының 2006 жылдың сәуір айындағы есептеуі бойынша, ағылшын тілінде 988 968 сөз бар екен. Сол қордың 65-70 %-ын кірме сөздер құрайды. Британ аралдарына келушілер өздерімен бірге тілдерін де ала келіп, кетерде көп сөздерін қалдырып кетіп отырған. Кейде өздері де, сөздері де жергілікті халықпен біте қайнасып, сіңісіп кеткен.

Ағылшын тілінің шығу тегі:

Үндіеуропа

Герман

Батыс Герман

Англо-Фриз

Англик

Ағылшын

Тарихта бір неше тілдердің  және диалектілердің қосылып араласуы ағылшын тілінің келіп шығуына себеп болған. Олардың жиынтығы Көне ағылшын тілі деп атаған. Бұл тілді 5 ғасырда Ұлы Британияның шығыс жағалауына Аңло-Саксон деп аталған герман кошпелі тайпалары алып келген. Ағылшын сөзі яғни “English” сөзі тайпаның аты -“Angles” сөзінен, женеде олардың сол кезде қоныстанған аймақтарының атауы-“Anglen”сөзінен шыққан, Қазірде ол аймақ «Schleswig- Holstein» деп аталады.



Ағылшын тіліндегі сөздердің басым бөлігі латын тілінен құрылған себебі латын тілі Христиан шікеүлерінің және Еуропаның интелектуал өмірінің «lingua  franca» тілі болып есептелген.



Ал 11 ғасырда Нормандардың Англияны басып алуы себепті Норман-Француз тілі сөздерінің белгілері ағылшын тілінде көрініс табады. Орта ағылшын тілінің сөздігінде Роман тілдерінің сөздерімен тығыз байланыста.



15 ғасырда Англияның оңтүстігінде басталған Ұлы дауыстылардың өзгеруі бұл Орта ағылшын тілідегі  Қазіргі замандағы ағылшын тілінің алғашқы белгілері.



Тарих бойында ағылшын тілі әр түрлі Еуропа тілдерімен ассимиляцияға ушырағандығы себепті ағылшын тілі сөздігіндегі кірме сөздер қатары өте бай есептеледі. Ағылшын тілінде Үнді және Африкан тілдерімен ассимилацияға ушраған сөздерде көп кездеседі.



Дүние жүзіндегі түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өз ара бір-бірімен қарым- қатынаста болады да, бір-біріне сөз ауысады. Ағылшын тілінің лексикасынан роман тілдерінен енген сөздерді өте жиі кездестіруге болады. Шет тілдерден сөздердің ену сипаты əр түрлі болады. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысуы белгіленетін заттар мен ұғымдардың ауысып келуімен байланысты.

ағылшын тілінен қазақ тілдеріне енген сөздерді осы сөздер арқылы белгіленген жаңа ұғымдардан бөліп қарауға болмайды. Бұл жаңа сөздердің жаңа ұғымдармен бірге енгені əркімге аян.

Соңғы 20-30 жыл бедерінде англицизмдер қазақ тіліне қарқынды əрі үлкен көлемде енгені соншалық, лингвистер оларды ағылшын – қазақ билингвизм құбылысы деп атап жүр. 



Англицизмдер лексикалық жəне семантикалық болып екіге бөлінеді. Лексикалық англицизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа терминдер жатса, семантикалық англицизмдер деп сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады. Мысалы, human factor – антропогендік фактор, fresh juice – жаiа сызылған жеміс шырыны, yogurt – йогурт, pudding – пудинг, fast food –( фаст фуд) жеiіл əрі тез əзірленетін тағам, week end – уик энд – демалыс кcндер, party – парти – сауыX кеші, sponsor – спонсор – демеуші, прайс – баға, бизнесвумэн – бизнес əйелі, юзер – Xолданушы, computer system – компьютерлік жcйе, computer center – компьютер орталығы т.б.

Англицизмдердің екі түрлі жасалу жолдары бар: 1) Бұрын-соңды тілде болып көрмеген, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты. Мысалы : hot dog – хот дог, yogurt – йогурт, pudding – пудинг, fast food- фаст – фуд, spray – спрей, скраб – scrub, bowling-боулинг, cartridge – картридж, printer – принтер, disk – диск, file – файл, air conditioner – кондиционер, cooler – кулер, mixer – миксер, toaster – тостер, blender – блэндер, manager-менеджер, promoter – проумотер, distributor – дистрибьютер, dealer – диллер, mentality — менталитет, stapler – степлер, scotch tape – скотч, computer – компьютер, monitor – монитор, display – дисплей, presentation – презентация, calculator – калькулятор, notebook – ноутбук, жəне т.б. 2) Бұрыннан тілде бар атауларды жаңартып, ескіні жаңғыртып, жаңаша мəн беріп, түрлендіріп қолдану негізінде пайда болады. Англицизмдердің ұлттық тілдің байып, дамуы үшін, оның жаңа мағыналы сөздермен толықтырылып отыруы үшін мəні зор. Мысалы :briefing – брифинг, candidate – cміткер (кандидат), journalist – тілші(журналист) 

Бұл дегеніміз кейбір терминдердің, шетелдік сөздердің қазақ тіліне аударылып қоолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Керісінше тіліміздің сөзді қоры кеңейіп, кемелденуінің белгісі екенін көрсетеді. Қазақ тілінде кездесетін осы сияқты сөздер тілдердің өзара əсерінен пайда болады. Тəуелсіздік алған уақыттан бері ұлттық құндылықтарымызға қайта үңіліп, тіліміздің өзіндік болмысын тарихи тұрғыдан тану, сөйлеу мəдениетін көтеру, тіл тұғырын берік ұстау міндеті бүгінгі күннің келелі мəселерінің бірі болып отыр. 

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
1160
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі