Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Қазақ тілі сабағы арқылы танымдық құзыреттілікті қалыптастыру". Мұғалімдерге

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзге ұлт балалары оқитын мектептерде жұмыс істейтін ұстаздар қауымының басты мақсаты-өзге ұлттың баласын мемлекеттік тілде сөйлету, сұрақтарға жауап қайтара білуге үйрету. Қазақ сөзінің құдіреттілігін, сырын сезіндіру, тіл үйренуге ынталандыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Әуезов ауданы

1 мектеп-гимназия




Қазақ тілі сабағы арқылы танымдық құзыреттілікті қалыптастыру






Мұғалім: Картанбаева Г.Т.














Алматы 2018

Қазақ тілі сабағы арқылы танымдық құзыреттілікті қалыптастыру



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

Дербес тұлғаны жаңа заман талаптарына лайық даярлау жолында оқытушының көтерер жүгі ауыр. Әр адам өзінің өмір сүру жолында түрлі әрекеттерді игереді. Осындай әрекеттердің бірі- тіл үйрену. Қазіргі заман талабы- мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, іс-қағаздарын сауатты жаза білу.

Өзге ұлт балалары оқитын мектептерде жұмыс істейтін ұстаздар қауымының басты мақсаты-өзге ұлттың баласын мемлекеттік тілде сөйлету, сұрақтарға жауап қайтара білуге үйрету. Қазақ сөзінің құдіреттілігін, сырын сезіндіру, тіл үйренуге ынталандыру. Шәкірт талабын шыңдау қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы орайда сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану мақсатқа қол жеткізудің бастамасы болып саналады.

Сабақ барысында қазақ халқының асыл қазынасы болып саналатын ауыз әдебиеті жанрларының түрлерін, тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді, жұмбақтар мен жаңылтпащтарды, ырымдар мен тыйым сөздерді, нақыл сөздерді, халықтың тәрбиелік дәстүрлері сияқты т.б. тағылымдарды үйрету арқылы оқушылардың танымы кеңейтіледі. Осылайша дербес тұлғаның дүниетанымыкеңейіп, тіл үйренуге ұмтылысы артады. Кез келген сабақ таным әрекетін іске асыруға бағытталады.

Таным-адамдардың жаңа білімді игеру үдерісі. Түсіндірме сөздікте «таным-білімге қол жеткізу, тиісті білімді алу», «тану-заттардың пайда болуын, маңызын білдіреді» деп көрсетілген. Таным- адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани байлығының өсуі. Тіл үйрету барыснда оқушылардың дүниетанымын кеңейту- сол халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, мәдениеті, тарихы, әдебиетін үйреніп, зерттеп-білумен тікелей байланысты.Таным- ақиқатқа жету, бұрын таныс емес шешімдерді іздеу, жаңалық ашу, оны іздеу. Соның нәтижесінде ғана оны практикалық өмірде пайдалануға жол ашылады.

Мақал-мәтелдер-халық даналығының бір көрінісі. Олар аз сөзбен көп мағына береді. Халық өмірден көрген-білгенін келесі ұрпаққа мақал-мәтел арқылы жеткізіп отырған.

Қазақ халқы «Сөздің көркі- мақал» деген, өйткені мақал-мәтелдер сөзді ажарландырып, сөйлеушінің ойын басқаларға айқын да айшықты түрде жеткізеді.

Мақал-мәтелдер әр алуан тақырыптарға айтылған. Олар: Отанын сүюге, адамгершілікке, ынтымақ-бірлікке, әдептілікке шақырады.

Қазақ халқының бай ауыз әдебиетімен және ақын-жазушылардың шығармаларымен танысу. Ауыз әдебиеті арқылы қазақ халқының рухын, болмысын тануға болады.

Жалпы, қазақ әдебиетінің есігін Халық ауыз әдебиетімен ашып, ертегілер әлемімен, тұрмыс-салт жырларымен, аңыз-кейіпкерлерімен танысады.

Қазақ тілі сабағында өзге ұлтты балаларға сабақ қызықты да тартымды өту үшін танымдық ойындардың рөлі өте жоғары. Оқушылар сабаққа қарағанда ойынды ұнататыны белгілі. Ойын оқушылар сабақта зерігіп, шаршаған кездерінде сергіту мақсатында ғана емес, оларға негізгі ұғым, түсініктерді толық меңгерту мақсатында да жүргізіледі.

Мысалы бастауыш сынып оқушыларымен асық алып келіп, «Ханталапай» ойынын ойнауға болады.

Жоғарғы сыныптарда әдебиет сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдалануға болады.Мысалы: наурыз көже әкеліп, дәмін татыру. Бұл тағамның аса қасиетті екенін, міндетті түрде ауыз тиіп қана қоймай, толығымен тауысып ішу керектігі қадағаланып айтылады.

«Менің Қазақстаным» тақырыбын бекіту үшін мына ойын түрлерін алуға болады:


1-бекет: «Менің елордам-Астана». Сурет көрсету арқылы ғимараттарды атау.

2-бекет: Қазақ халқының мақал-мәтелдері. (1 оқушы бастайды, 2 оқушы аяқтайды)

3-бекет: Қазақ әндері (қазақша бір ән айту)

4-бекет:Қазақ халқының ертегілері (үзінді бойынша қандай ертегі, кейіпкерлерін табу)

5-бекет:Салт-дәстүрлер,әдет-ғұрыптар (5 салт-дәстүр атау,1 айтып беру)

6-бекет: Атақты адамдар ( жазушының өмірбаянын оқу, кім екенін табу)

7-бекет: Ұлттық киімдер ( суретте берілген киімдерді атауын табу)

8- бекет:Қазақтың ас үйі ( бір қағазға ұлттық тағамдарды жазу)

9- бекет: Қазақстанның ұлы күндері.


Кең байтақ Қазақстанды мекендейтін өзге ұлт диаспоралары қазақ халқының мәдениетін, өнерін танып, біліп қана қоймай мемлекеттік тілді меңгеріп, қазақ тілінде халық ауыз әдебиетімен, ақын-жазушылардың шығармаларымен танысу керек.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
541
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12