Баяндама "Қазіргі жағдайда шағын жинақталған мектептерде математика пәнін оқытуды ұйымдастыру."

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Қазіргі жағдайда шағын жинақталған мектептерде математика пәнін оқытуды ұйымдастыру."

Материал туралы қысқаша түсінік
Математиканы ұйымдастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы









Баяндама: «Қазіргі жағдайда шағын жинақталған

мектептерде математика пәнін

оқытуды ұйымдастыру.»

     Қазіргі уақытта, яғни ақпараттық технология заманында, жалпы білім беретін мектептің түріне, типіне, тіпті орналасқан жеріне де қарамастан білім берудің сапасын одан әрі жетілдіру басты, әрі маңызды мәселе болып отыр. Қалалық жердегі бала саны көп және ауылдық жерлердегі бала саны салыстыруға да келмейтін шағын жинақталған жалпы білім беретін мектептердің алдына қойған талап та, мақсат та бір. әрине, әр істің өз қиындығы, сонымен берге артықшылығы, жалпы айтқанда кез келген жағдайдың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктерді осы салада үзбей жұмыс атқарып жүрген, өз істеріне шын берілген, тәжірибе жинақтаған мамандар ғана біле алады.

 Шағын жинақталған мектептер негізінен келешегі бұлыңғыр, қазіргі таңда бала санына ғана байланысты ауыл мектептері екені белгілі. Осыған дейін де, қазір де ауылдың шағын мектептері оқу-тәрбие үрдісін іске асыруда күрделі мәселелерге, қиыншылықтарға тап болып отырғаны ешкімге де құпия емес. Әсіресе оқу үрдісіне байланысты шешілмеген, ғылыми жүйелендірілмеген мәселелер толып жатыр. Атап айтсақ, оқу бағдарламасын қазіргі заман талаптарына сай іске асыру.

Алдымен шағын жинақталған мектептердің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталайық:

·        Бала санының аздығына байланысты жастары сәйкес емес екі түрлі сынып біріктіріледі

·        Мұғалім 45 минут берілген бір сабақта екі түрлі сыныпқа екі түрлі тақырыпты қамтитын дәріс беруі керек

·        Сабақтың құрылымы өзгертіледі

 Аталмыш мәселелер оқушылардың білімді қабылдауына біршама нұқсан келтіреді. Олай деуімнің себебі бар:

Біріншіден, жас ерекшеліктеріне байланысты оқушылардың даму ерекшеліктері, мінез-құлықтарының қалыптасу мерзімі ескерілмейді. Бір сыныптың оқушылары өте белсенді, өздігінен жұмыс жасаулары қиындық тудыратын болса, келесі сыныптың оқушылары тым селсоқ, немесе ұяң. Мұндай балалар белгілі бір уақыт аралығында үнемі жеке жұмысты қажет етеді. Кейде жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде түрлі сауалдармен кедергі келтіруі мүмкін.

Екіншіден, назары ауып, көңілдерінің бөлінуі. Бір сынып бөлмесінде отырғандықтан, жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде өзіндік тапсырма алып, жұмыс жасап отырған басқа сынып оқушысының еріксіз көңілі бөлініп, назары басқаға ауады. Мұғалім тақта алдында, бар сыныптың назарын өзіне аударатындай қалыпта дауыстап жаңа тақырыптың мазмұнын ашу кезінде қайтіп сыныпта отырған балалардың назары аумайды? Нәтижесінде бала ойын жүйеге келтіре алмай қиналуы мүмкін.

Үшіншіден, үлгерімі төмен оқушылар мұғалім назарынан тыс қалуы ықтимал. Өйткені екі түрлі сыныпқа, екі түрлі тақырып бойынша сабақ беріп тұрған мұғалімнің уақыты шектеулі, ол үй жұмысын тексеріп, оқушының өткен тақырып бойынша нені ұғып, нені ұқпағанын біліп, көмек көрсетіп, жаңа тақырып түсіндіріп, бекіту жұмыстарын өткізіп, бағалап, үй жұмысын түсіндіріп үлгеруі керек емес пе!

Төртіншіден, психологиялық, эмоционалдық қиыншылық. Бір сабаққа біріктірілген екі сыныпта бір үйдің екі баласы оқуы мүмкін. Мұндай жағдайда балалардың бірі психологиялық күйзеліске түсу қаупі бар:  нашар оқитын бауырының кемшіліктері, қателері үшін ұялып, үнемі қорқыныш үстінде отыруы мүмкін. Мұндай жағдайда бала өзге түгіл өзінің не оқып, не қойғанын білмей қалары сөзсіз.

Бесіншіден, әртүрлі жастағы екі түрлі сынып-кешендерде жеке пәндерді оқытудың арнайы әдістемесі жоқ және сынып-кешендерде жұмыс істей алатын педагогикалық мамандардың сандық-сапалық тұрғыдан қамтамасыз етілмеген. Жаңа келген жас маман жоғары оқу орнында оқығанда мұндай жағдайдан бейхабар болып келеді, яғни бірден екі сыныпқа қатар сабақ беруді, жоспарлауды оларға ешкім үйретпейді. Өздігінен үйреніп, әдістенгенше уақыт өтеді, оқушылардың білім алуына міндетті түрде қиыншылық пайда болады. Мысалы, 5 сынып оқушыларының адаптация кезеңі болады: бала жаңа мұғалімге үйренумен қатар басқа сынып оқушыларына да үйренуі керек. Бұл жағдай бала үшін өте қиын.

Оқушы саны аз сыныптарда сабақ берудің жақсы жақтары да баршылық:

1)Оқушы саны аз сыныптағы әрбір оқушы, оның сабақтағы іс-әрекеті мұғалім назарында болады;

2)Әр оқушының дара ерекшеліктері, танымдық қызығушылығы есепке алынады.

3)жеке тапсырма беруге, тексеруге уақыт жеткілікті

4)даму деңгейін бақылап отыруға мүмкіндіктер молаяды.

5)жаңа педагогикалық технологияларды ебін тауып қолдануға болады.

6)Әр оқушымен, қабілетті, үлгерімі төмен оқушымен жеке жұмыстар жүргізу мүмкіндігі;

7)Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете алады. Біздер, мұғалімдер үшін әңгімелесу кәсібіміздің басты құралы болып саналғандықтан, оны пайдалану мүмкіндігі мол.

Бала саны көп қалалық, үлкен мектеп оқушылары үшін ата-аналар жеке репетиторлардың көмегіне жүгініп жатады, ал шағын мектептің балаларына репетитордың қажеттілігі шамалы болып қалады, өйткені мұғалімнің әр оқушыға жеке көңіл бөлуіне мүмкіндік бар. Шағын мектеп мұғалімінің сабақ дайындалу кезіндегі жеңілдіктері сол, мұғалім әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырма дайындайды, дәптерлерін тексеруге уақыт аз кетеді. Сонымен қатар оқушылардың сабақтағы белсенділігі артады, ал сабақта белсенділік танытатындардың есте сақтау қабілеті артады, білімді орнықты меңгереді, танымы кеңейеді, шығармашылығы артады.

Қазіргі кезде кез келген ауыл мектебі компьютермен, т.б. техникалық құралдармен ішінара болса да жабдықталғын. Интернет жүйесі іске қосылған, басқа да ақпараттық құралдар, әдістемелік баспасөз құралдары: газет, журналдар, олармен байланыс бар. Дегенмен, ауылдың шағын жинақталған мектептерінде баланың толыққанды, жан-жақты дамуына әлі де кедергі болатын жағдайлар өте көп. Мәселен, оқушыларды қабілетіне қарай дамытатын ешқандай жағдай жоқ: мұғалім болса, кабинет жетіспейді, кабинет болса, тиісті құрал-жабдық жоқ, мектептің материалдық-техникалық базасы нығайтуды талап етеді. Немесе топтар құруға бала саны жетіспейді, сондықтан үйірмелердің бірен-сараны ғана жұмыс жасай алады. Бір сөзбен айтқанда ауыл мектебі оқушыларының оқуын одан әрі жалғастыруға қажетті кәсіптік бағдарланған білім алу қиынға түсуде. Осыған байланысты шағын жинақталған ауыл мектептерінде оқушы саны аз сыныптарды оқыту үрдісі туралы педагогика-психологиялық зерттеулер, ғылыми тұжырымдамалар қажеттігі туындап отыр. Сонымен қатар осындай сыныптарда жаңа педагогикалық технологияларды, өзге елдің оңтайлы озық тәжірибелерін  қалай тиімді қолданып, білім деңгейін әлемдік стандартқа сай болуына қалай қол жеткізуге болады деген сауал қазіргі жағдайда  шағын жинақталған ауыл мектептерін ғана емес бүкіл еліміздің білім беру жүйесінің басты да, маңызды мәселесі болмақ. Өйткені жалпы орта білім беретін мектептердің басты бөлігі ауылдарда орналасқан. Ал мектептегі білім беру сапасы әрине, мұғалімнің қолында. Шағын жинақталған мектепте сабақ беретін мұғалімдердің қолында нақты көмек бере алатындай бірде-бір әдістемелік құрал жоқ. Сондықтан мұғалім пәнді оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспарынан бастап әр сабағын шағын жинақталған мектептің өзіндік ерекшеліктеріне бейімдеп мұқият жоспарлау керек.

 Әрине, шағын жинақталған мектепте әр пәнді оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар, яғни оңтайлы жағы да, қиындығы да бар.

Әр түрлі жастағы екі түрлі сыныпты біріктіп оқытудың тиімді ерекшеліктері:

1.     Сабаққа қатысып отырған екі сыныптың жоғарғысының өткен тақырыпты есіне түсіріп қайталап отыруына жағдай бар;

2.     Сабаққа қатысып отырған екі сыныптың кішісінің алдағы өтілетін материалдан хабардар болып отыруы олардың танымын белсенділейді;

3.     Оқушылар арасында өзара көмек, саналы ынтымақтастық, сабақтастық іске асады;

4.     Сыныптар арасында еңбек нәтижесімен тікелей алмасу мүмкіндігі туады;

5.     Екі сынып арасында туындайтын бәсекелестік есебінен оқушылардың сабақтағы белсенділігі артады;

Біріктіріп оқытып жатқан сыныптарда оқушы саны аз болса да мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу бағдарламасын орындап, оқытудың тиімді инновациялық технологияларын пайдалану шағын жинақталған метептің мұғалімінің құзырында. Мұғалім таңдаған оқытудың әдіс-тәсілдері алдымен оқушы үшін тиімді болуы керек, яғни осыдан жақсы нәтижеге қол жеткізіп жатса, неге сол тәсілдерді қолданбасқа?

Назарларыңызға жоғарыда баяндалған екі түрлі жағдайда математикадан сабақ берудің үлгісі-жоспарын ұсынамын:

Сабақ жоспары:

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшектерді қосу

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушыларға ондық бөлшектерді қосу алгоритмін үйрету

2.     Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, қырағылық дағдысын дамыту

3.     Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, өзара көмек, бір-біріне деген жанашырлық сезімін ояту.

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру сәті

2.     «Ой қозғау» 68-20:4-2=58 мына өрнектің қай жеріне жақшалар қойылмаған?

Дұрыс жауабы: 68-20:(4-2)=58

3.     Үй жұмысын тексеру

4.     Жаңа тақырыпты түсіндіру. 1)Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

2)Оқушылардан кез келген ондық бөлшектер атауын сұраймын.

3)Аталған сандарды қосу арқылы ондық бөлшектерді қосудың ережесін шығарамыз.

4,283              4,283

1,7                   1,700

----------------                 -------------

5,983               5,983



     283          7      983

--------     +  1----- = 5----------

             1000        10      1000

Ондық бөлшектерді қосу аттас разрядтардың кішісінен бастап қосу арқылы жүзеге асады, ондық бөлшектің соңынан ноль тіркеу жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру дегенді білдіреді.

5.Есеп шығару:

1)Оқулық бойынша

2)Тақта алдында кезекпен шығару

3) Жеке тапсырмалар орындау(карточкамен жұмыс)

6.Сабақты бекіту

Шағын тест жұмысын алу

7.Сабақты қорытындылау:

Бағалау, қайталау

8.Үй тапсырмасын беру



Мұндай сабақтардың нәтижесінде екі сыныптың да тек жақсы нәтижеге жететіні айқындалды:

1)Бәсекеге деген қабілеттіліктің қалыптасуы;

2)Екі тілде де еркін жауап бере алу дағдысының қалыптасуы;

3)Орыс тілді оқушылардың мемлекеттік тілге деген ықыласының артуы;



Әрине, екі тілде сабақ беру мұғалімнің шығармашылығы мен педагогикалық шеберлігіне тікелей байланысты екенін естен шығармауымыз жөн.

Ал бір сыныпқа жинақталған екі түрлі сыныптың алдымен тақырыптық-күнтізбелік жоспарын ыңғайлы етіп жсаған жөн, өйткені екі сыныпта өтілетін тақырыптардың мазмұндары бір-бірінен өте алшақ.

 Мысалы, 5-6 сыныптағы математика пәнінен тақырыптық жоспарынан үзінді:

Сабақтың реті

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

5 сынып

6 сынып

1-3

4 сыныпта өткенді қайталау

5 сыныпта өткенді қайталау

3 сағ

4

Санды өрнектер, әріпті өрнектер.

Қатынастар

1

5

Тақырып бойынша есеп шығару

Тақырып бойынша есеп шығару

1

6

Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып өрнектерді ықшамдау

Берілген қатынаста бөлу

1

7

Тақырып бойынша есеп шығару

Тақырып бойынша есеп шығару

1

8

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып өрнектерді ықшамдау

Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті

1

9-10

Тақырып бойынша есеп шығару

Тақырып бойынша есеп шығару

2

11

Теңдеу.

Тура пропорционал шамалар

1

12-13

Тақырып бойынша есеп шығару

Тақырып бойынша есеп шығару

2

14

Формулалар.

Масштаб.

1

15

Тақырып бойынша есеп шығару

Кері пропорционал шамалар

1

16-17

Қайталауға арналған жаттығулар

Қайталауға арналған жаттығулар

2

18

Бақылау жұмысы

Бақылау жұмысы

1

19

Қатемен жұмыс

Қатемен жұмыс

1



Сабақ жоспары мынадай болмақ:

5 сынып

6 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Формулалар.

Масштаб.

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушыларды формула ұғымымен таныстырып, оларды қолданып, есептеуге үйрету

2.     Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,танымдық белсенділігін арттыру.

3.     Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

1.     Оқушыларды масштаб ұғымымен, оларды қолдану салаларымен таныстырып, картаның масштабын табуды үйрету.

2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,танымдық белсенділігін арттыру.

3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру сәті.

2. «Ой қозғау» (2 сыныпқа бірдей тапсырма беруге болады.)

3.Үй жұмысын тексеру

4.Жаңа тақырып түсіндіру

5.Есеп шығару (оқулық бойынша)

6.Жеке тапсырмалар орындату


1.Ұйымдастыру сәті.

2.«Ой қозғау». » (2 сыныпқа бірдей тапсырма беруге болады.)

3.Үй жұмысын тексеру

4.Есеп шығару (жеке тапсырмалар)

5.Жаңа тақырып түсіндіру

6.Жаңа тақырыпты бекітуге арналған есептер шығару


7.Сабақты бекіту:

5-сыныпқа сұрақ: формула деген не?  6-сыныпқа сұрақ: масштаб деген не?

Енді, оқушылар бәріміз бірігіп масштаб табудың формуласын құрайық. Демек масштабты табу үшін сызбадағы кесінді ұзындығын жер бетіндегі қашықтыққа бөлеміз.

М=С:Ж


8.Бағалау

9.Үй жұмысын беру



Сабақ нәтижесінде

1)5-сынып  оқушылары алдағы өтілетін тақырыптан хабардар болып қана қоймай, формула құрастыруға үйренеді;

2)6-сынып оқушылары өткенді пысықтайды

3)Бір сөзбен, сабақтастық мәселесі жүзеге асады.

Кіріктірілген сабақтардың әр кезеңінің мәні бар, мәселен, 1)үй тапсырмасын тексерубір мезгілде екі сыныпта жүргізу тиімді; 2)өткен сабақты бір сынып бекіту кезінде екінші сыныпқа жаңа тақырып бойынша өз бетінше жұмыс жүргізу тапсырылады. Мұнда мұғалім оқушыға оқу материалын баяндаумен шектелмейді, педагогикалық басшылық жасай отырып, білімнің түрлі арналарына жетелейді және ақпараттармен жұмыс жасау, компьютермен, интерактивті тақтамен жұмыс істеуге мүмкіндігі болады.3) Бекіту кезеңінде түрлі тесттермен жұмыс жасау дағдысы дамытылады.

Сонымен қатар мұндай біріккен сабақтарда 5-6 сынып оқушылары арасында өзара көмек, өзара тексеру жұмыстарын ұйымдастыруға болады.

Жоғарыда айтылған шағын жинақталған мектептерде математика пәнін оқытуды ұйымдастыруға қойылатын басты талаптар:

1)    Тәрбиелік талаптар, яғни мұғалімнің жинақылығы, оқушылардың білімге деген ынта-ықыласы;

2)    Дидактикалық талаптар, яғни тақырыптық-күнтізбелік, күнделікті сабақ жоспарларының дұрыс жасалуы;

3)    Психологиялық талаптар, яғни мұғалім мен оқушы арасындағы түсіністік, эмоция және психологиялық ырғақ;

шағын жинақталған ауыл мектептерінде математиканы біріктіре оқыту тұлғаның жан-жақты қабілеттерін: фантазиялық еркіндігін, зерттеу жұмыстарын жүргізу  дағдысын қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.

 Дегенмен, жоғарыдағы сабақтардың ең тиімдісі оқушылар саны аз болсын, көп болсын әр сыныптағы сабақты жеке  өткізгеннен тиімдісі жоқ дер едім. Шын мәніндегі оқу сапасына қол жеткізу үшін алдымен ұстаз уақытын, үкімет қаржыны, ал оқушы күш-жігерін, ынта-ықыласын аямауы керек деп ойлаймын.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2019
668
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі