400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: "Қорықтар-Биосфера Эталоны"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қорықтар-Биосфера Эталоны
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қорықтар-Биосфера Эталоны

Жалдыбай Самал Жалдыбайқызы

Мұндағы орман-тоғай,жай алған жайылым мен шабындық,аң-құс,айдын шалқар көлдер,ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын,қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес.Өйеткені биосфера байлықтарын қорғау ондағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ,биосфера компонентерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқратыны белгілі.Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазақстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайыылып жүретін,бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың,әсіресе Бадхыз қорығында ролі орасан зор боды.Сондай-ақ,Барсакелмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты.Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде.Барсакелмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне,Іле өзеннің жағасына әкелінді.Міне,осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.

Қазақстанның біренеше табиғи- географиялық аймақтары-солтүстігінен-оңтүстігіне қарай орманды дала ,шөлейтті,шөлді өңірлерді қамтиды.Қазақстан жерінде Д.И.Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке.Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі,аңның 150,құстың 480, бауырмен жорғалаушылардың 150,қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды.Бұл бай өлкені шын мәнінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден бекер айтпаған болар.Бірақ,бұл інжу маржандар қанша мол болғанымен,ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес.Сондықтан да оны пайдаланумен бірге ,ұқыпты түрде қорғап,байлылығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек.Осы бағыттағы шаралардың бірі-“Жер жанатты “-деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді,өңірлерді қорыққа айналдыру керек екенін өмір көрсетіп отыр.

Бұл салада Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдарда қыруар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келдік.1962 жылы Қазақстан ССР Жоғары Советтінің биосфераны қорғау заңы шықты.Мұнда табиғи ортаны көркейтудің біренше нақты шаралары анық көрсетілген.Олар-қорықтар,парктер,заказниктер мен табиғат ескерткіштерін сақтау ережесі .Сонымен бірге 1972 жылы Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді.Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.

1969 жылғы 9 шілдеде ‘’Наурызым мемлекеттік қорығынның орманын қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы’’,1972 жылы 2тамызда ‘’Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту туралы’’,1976 ж 12 шілдеде ‘’Қазақ ССР-інде қорықтар жұмыстарын жақсартуда туралы’’ қаулылар жарыққа шықты. Бұл шараларды өлкеміздегі қорықтардың ғылыми ұйымдастырушылыұқ жұмыстарын жақсартуда зор болғанын айтпай кетуге болмайды.Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол жеткен табыстары мег орны алып отырған кемшіліктерде олардың жоюдың нақты жолдарында айқын көрсетілген.

Осы кезде Қазақстан Республикасы жерінде 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық(Ақсу- Жабағылы, Алматы, Наурызым,Барсакелмес,Қорғалжын және Мархакөл)көлемі 4288мың гектарға жететін 50 дей аңшылық заказниктер, көлемі3644 мың гектардай 26 зоологиялық және ботаникалық обьктілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат ескерткіші бар.Олар( Павлодардағы “Гусиный перелет”,шарын бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп өніп келе жатқан ағаштар,Іле Алатауындағы шыршалар ).Қорғауға алынған учаскелерде,әсіресе,қорықтарда,бұрын осы аймақты мекендеген,бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған.Мұндай түрлердің,мәселен,Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің 1600 түрі тек осы аймаққа тән болғандығын және сирек кездесетіндігін айтуға болады.Ал Мұғаджар далалы ауданнында 15 ке сирке кездесетін эндемик өсімдіктер, бетпақ даладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15 Каспийдің оңтүстік жағалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і Республикамызды басқа жерлерінде кездеспейді.Сондай-ақ,оңтүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездесе ,оның 18-і ,Жоңғар Алатауында 2021 түрі өссе оның 58-і,Қаратауда 500 түрі өссе,оның100-і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін түрлер.Адамның үнемі қамқорлығымен аялы алақаны болмаса,мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды.Сондай-ақ,қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісімен онда өсетін ағаш түрлерінің ерекшеліктерімен де құнды.Қорықтардың кейбіреулері ЮНЕСКО-ның жанындағы биосфераны қорғаудың халық аралық Одағының құрамына Ақсу Жабағылы қорығы.ОЛарда тек саны азайып кеткен,мүлде жойылып кету қаупі төнген хайуанаттар дүниесімен аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана қамқорлыққа аланып қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасынын ежелден бері әйгілі болған таңғажайып көрікті орындарының бұрынғы атақ даңқын арттыра беру мақсатында да зор көлемді ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндет тұр.Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компонентерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін маңызы бар.Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстанның Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян.Көлемі 2,7 млн шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да аялы қалың орман тоғайы оны мекендегіен сан түрлі хайуанаттар өзендері мен көрікті өлке.

Қазақстан Республикасы территормиясында 34-35 млн гектар егін егуге бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар.186-187 млн гектар шабындықтар мен жайылымдықтар 22 млн гектар орман .Д.И.Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементерін жинақталған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары 11000 өзен,7000 астам көлдер мен су қоймалары бар.Сондай-ақ, туған өлкеміз меннің Қазақстаным елім меннің алуан түрлі жан жануарларға өте бай.Осымен биосфера қазыналарын көздің қарашығындай сақтап,қорғауға ҚР-дағы жоғарыда айтылған ,Ақсу-Жабағылы,Алматы,Наурызым,Барсакелмес,Қорғалжын,Марқакөл,Батыс Алтай,Үстірт , Алакөл,Қартау және тағы басқа қорықтардың маңызы зор.Ұлан-байтақ Қазақстан мемлекеттердің территориясында келешекте де осындай табиғи қорықтар лабороторияда көбейе берсе екен деген ойдамыз.

Жер көлемі 2754 мың шаршы километр ұлан байтақ жерде алып жатқан Қазақстан Республикасында небары 10 қорвқ бар дегенге сенудің өзі қиын.

Республикамыздағы табиғи ресурстарын қорғайтын жаңа қорықтарды ұйымдастыру үшін алдымен ол маңда арнайы түрде ғылыми зертеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.Қорықтарды ұйымдастыру үшін ғылыми деректер керек.Табиғи қорықтардың бірін Бетпақ дала шөлді аймағында ұйымдастырылған жөн деген ғалымдар бір ауыздан шешімге келген.

Бетпақ дала қорығы территориясында Шу өзеннің солтүстігінде жатқан ұсақ тасты шөлді аймақты енгізу жоспараланып отыр.Бетпақдаланың шөлді даласында жусан,баялыш,бұйрығын өссе,ал үстіртті жерлерде қараған теріскен өседі.Өте көне заманның ескерткішіндей болып реликті бұта көзге шалынды.Ауа райы өте құбылмалы жазы ыстық,қысы аязды болып келеді.Небары 90-100 мм.Бұл қорықта сүтқоректілердің 40,құстардың150-200 дей түрі.Бауырмен жорғалаушылардың 15-тен астам түрі тіршілік етеді.

Екінші- далалы аймақ.Оған Жезқазған обылысына қарасты Ағадыр селосының батысындағы бұталы дала жатады.Көлемі 40-50 мың гектар болуы мүмкін .Мұндай негізгі обектілер жұпар ,камшат,орман сусары ,құр,шегершін сияқты сирек кездесетін аң құс өсімдіктер.

Үшінші –шөлейтті аймақ қорықтары.Бұл қорықта ең көлемдері-Үстірттің батыс тік жарлы қыраттары.Үстүріт қорығында кекілік,құлан болса,гепард бұлдырықтарда көзге жиі-жиі шалына шалына береді.Шөлейтті аймақтық қорықтардың бірі-Аңдысай қорығы.Оның көлемі 330 мың гектар жерді қамтиды.

Алматы облысы. Балқаш ауданындағы күрті өзеннің Ілеге құя берісіндегі тоғайлы алқапты да шамамен алғанда 20-30 мың гектар жер босқа жатыр.Ол жерге қорық ұйымдастыратыны анықталып отыр.Іле өзені Тоғайлы қорығын ұйымдастыру ғалымдар ойында.Мұнда мекендейтін жабайы шошқа ,тоғай бұғысы ,шұбар бұғы сарғыш күзен, қырғауыл және сирек кездесетін тоғай өсімдіктері қорғалуға тиіс.

Қазақстан Республикасында алдағы уаққытта ұйымдастырылатын қорықтардың бірі тобы-тау қорықтары болуы тиіс.Бұл қорықтардың көлемдісі-Жоңғар Алатауы.Басқан өзені САрканд ауданының территориясын қамтиды.Қорғалатын негізгі обьектілер –марал ,ақтырнақты аю,барыс, тас сусары,қызыл қасқыр,арқар,таутеке, ұлар,сабыншы құр,май қарағай,алый шабындықтары , оларда өсетін сирек кездесетін өсімдік түрлері.Ал сауыр тауларында Шығыс Қазақстан облысы,қорық ұйымдастыратын көлемі 200 мың гектар жерлер кездеседі.Мұнда қорғалатын обьектілер өте көп-марал,қоңыр аю,таутеке,тұндыра шілі,тырбақ қайың,жапырақты орман.

Ал Шыңғыстау ,Тарбағатай бұл өңірде қорық ұйымдастыруға келетін көлемі 50-60 мың гектар жер бар.Бұл жерде қорғалатын обьектілер –бадам,жабайы алма бағы,субальпі шабындығы өсімдіктердің кейбір түрі.

Зайсан ойпатында да қорық ұйымдастыруға болатын жерлердің бар екенін дәлелденәп отыр.Өйткені бұл өңірде сирек кездесетін хайуанаттардың өкілдері бар.Олардың ішінде елік,қарақұйрықты жерсіндіруге болатыны толығымен дәлелденәп отыр.Алакөл көліндегі «Реликті шағала» қорғау үшін заказник ұйымдастыру күн тәртібінде тұр.

Міне, осындай шараларды іске асырғанда ғана биосфера байлықтарын ғылыми тұрғыдан қорғауға болатыны анықталды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
345
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі