Материалдар / Баяндама. Реферат. Сарыарқаның Грейг қызғалдағы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама. Реферат. Сарыарқаның Грейг қызғалдағы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Гүл мәдениетін дамыту мемлекетіміздің экономикалық, рухани, мәдени құндылықтарына да жақсы әсерін тигізетіні белгілі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2018
1161
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Астана қаласы Әлкей Марғұлан
атындағы №40 орта мектептің
биология пәні мұғалімі
Сулекешова Фатима Жұмағазықызы

Сарыарқаның -Грейг қызғалдағы

Гүл - адамның жан дүниесін жаңартады, - дейді халық. Расында да, шаршағаныңды, ашуланғаныңда, жайқалған бір шоқ гүлін көргенде бәрін де ұмытып, қуанышқа бөленетініміз бар. Гүлге арнап өлең жазып, оны жырламаған ақын жоқ шығар, сірә. Немістің ұлы ақыны Гетенің өзі: Өмірден шаршағанымды сезінгенде, гүлдеріммен тілдесемін- деген екен. Гүл өскен ортада тазалық пен бірліктің, жақсылық пен жарқын болашақтың болары сөзсіз. Гүл жайнаған ортада тәрбиеленген балалалар келешекте де әдемілікке, белгілі бір ретке ұмтылатындары хақ.
Гүлді жұлмау оны аялау, күтіп баптау секілді жанашырлық қасиеттерді бойына сіңіріп өскен бала еш уақытта жамандыққа бармайды.
Қазақстанда өсетін гүлдердің ішінде көпшілікке танымал нәзік, көркіне көз тоймайтын- қызғалдақ гүліне кеңінен тоқталайық. Қазіргі көктем мезгілінде қызғалдақтардың барлық көптеген түрлері гүлдеп табиғатты әсем сұлулыққа бөлейді. Қызғалдақтың отаны-Қазақ жері. Жер жүзінде қызғалдақтың 150-ден аса түрі болса, соның 34 түрі Қазақстанның далалы аймақтары мен тауларында кездеседі. Сол себепті де Қызғалдақтың Отаны- Қазақстан деп мақтанышпен айтуға болады.
Ұлан ғайыр жеріміздің ол шетімен бұл шетіне жету үшін қыран қанаты талатын, сұңқар тұяғы сынатын – Қазақстан елі қызғалдақтың Отаны. Мысалыға, Колпаковский қызғалдағы Қызыл кітапқа енген, Жоңғар Алатауының шығыс бөлігінде, Іле-Алатауында өседі. Алматы қорығымен және Алтынемел, Іле-Алатауы ұлттық парктерінде қорғалады. Регель қызғалдағы Алматы облысының шығыс беткейлерінде және Жамбыл облысының даласында өседі. Альберт қызғалдағы Сырдария және Шу-Іле тауларында, Оңтүстік Бетбақдалада, Жоңғар Алатауының Оңтүстік – Батыс жағында тамыр тарқан.
Қызғалдақтың Тulipa аталуының себебі, өсімдік гүлінің ерте замандағы түркілердің бас киімі - тюрбанға ұқсастығында болса керек. Қызғалдақ әрқашан танымал, көпшіліктің сүйікті гүлі болған. Жалпы қызғалдақ-лалагүлділер тұқымдасына жататын пиязшықты көпжылдық өсімдік. Қызғалдақ гүлінің Қазақстандағы 34 түрінің ішінде 12-сі эндемикалық болып саналады.
Табиғаттағы Грейг, Кауфман, Шренк деп аталатын түрлері табиғат аясында сиреп кеткендіктен ерекше қорғалатын өсімдіктер қатарына жатқызылған.
Грейг - жабайы түрде тек Қазақстанның оңтүстігінде, Сарыарқада және Өзбекстан мен Қырғызстанның шектесетін жерлерінде өссе де әлемге жақсы таныс. Тау етегінде, жазықтарда, сазды және ірі қиыршық тасты Батыс Тянь-Шань және Шу-Іле тауларының беткейлерінде. Іле Алатауындағы Қордай асуына дейін таралған. Басқа түрлерден мөлшерінің ірілігімен, кең жапырықтарымен, күңгірт-күлгін дақтарымен бокал тәрізді гүлдерімен, 10-12см биіктігімен ерекшелінеді. Түсі ашық, түрге бай, бәрінен бұрын қызыл, кейде қызғылт-сары, ашық-сары, ақшыл-сарғыш, тіпті ақ түске дейін гүлдейді.
Қызыл гүлді түрлерінің түбі қара немесе сары, ашық түс түлерінің гүлсерігінің жапырақшаларының ішкі жағында әдетте қызыл дақтар болады. Әр түрлі пішінде, әртүрлі мөлшерде.
Елдің бәрі біле бермейді, біздің Грейг қызғалдағының ғылымға тек 1868 жылы ғана белгілі болғанын, ал 1877 жылы ол Голландияда бірінші дәрежелі сотр дипломын алды. Осы уақытқа дейін осы түрдің қатысуымен табиғи сұрыптау және будандастыру әдістері арқылы қызғалдақтың 300-ге жуық мәдени сорты алынды. Қазіргі жүйелеу бойынша олар Грейг қызғалдағы және оның буындары атты ерекше класқа бөлінеді. Cелекция нәтижесінде алынған Грейг қызғалдағын сәнді өсімдік ретінде өсіріп жүрміз. Сондықтан Қазақстан халқының алдындағы ең жауапты міндет тек табиғатта біздің ландшафтың әшекейін қорғап қана қоймай, табиғи сортты байытудың бағалы көзін қорғау болып табылады. Қорғалатын жерлерде Ақсу- Жабағалы және Қаратау қорықтры, Берікқара мен қызыл тау қорықшаларында, өзін жақсы сезінеді. Кейде оның тығыздығы 1 шаршы метр жерде 150 дараға дейін жетеді, оның алпысы гүлдейді. Осындай керемет көріністі қызықтау үшін Қазақстанға жыл сайын Англиядан, АҚШ-тан. Германиядан, Жапониядан және т.б елдерден жүздеген адамдар келеді.
Гүл мәдениетін дамыту мемлекетіміздің экономикалық, рухани, мәдени құндылықтарына да жақсы әсерін тигізетіні белгілі. Гүлденген мемлекетіміз әлемдік деңгейде өз дәрежесін үлкен мақтанышпен көрсете алады.
Әрбір Қазақстандық азамат гүл мәдениетіне көңіл бөле отырып, гүлдерді күтіп- баптап, оларды өсіруі қажет. Өйткені,гүл әлемі сондай ғажап. Гүлді сүймейтін, қадірлемейтін адам баласы жоқ шығар. Себебі, гүлдер - адамдар арасын жалғастырушы, нәзік сезім, сыйластық, достық белгісі. Мен де гүлді сүйіп, оны қадірлейтін жандардың бірімін.
Қызғалдақ - қырдың сәні, жырдың сәні,
Өзіңе арналады ақын әні.
Көрік беріп көктемде кең далаға,
Жайқалған жасыл желек жапырағы- деп ақындар жырлағандай еліміз
жасыл желек жамылып, гүлдер жайнап өсіп, құлпырып тұрса нұр үстіне нұр болар еді.












Қызғалдақ гүлдері
Гүлдер, гүлдер ал қызғалдақ, көп гүлдер
Қызыл гүлдер алдымызда, көк гүлдер.
Жайнар кезім менің дағы келді деп,
Қанаттарын қағып жатыр желбіреп.

Таң сәріде таңмен бірге оянып,
Шұғыласы күн нұрына боянып
Гүлдеп жатыр дала жайнап құлпырып,
Қып-қызыл болып қызғалдаққа оранып.

Қызғалдақтар жайқаласың даламда,
Ізгі ойларды сіңіресің санаға.
Қызғалдақтар қызықтырып адамды,
Көрік бердің Елордама, қалаға.

Альберт, Борщов, Грейг қызғалдағы,
Сырдария, Сарыарқа, Қаратауда құлпырады
Зинайда, Кауфман, Колпаковский,
Жайқалғанын қарасаң көз тұнады.

Леман, Островский дарагүлдер,
Кеш Жатаған, Регель лалагүлдер
Дала сәнін келтіріп өңін берген,
Ал қызылға оранып жарған гүлдер.

Алакүлте күмәнді Шренк, Шымған
Қызғалдаққа бүрінде дала тұнған.
Ақындары бұларды әнге қосып,
Шашу шашар қуана алып жырдан.

Гүлдер, гүлдер көрінесің не түрлі
Құлпырасың даламызда сан түрлі
Барлық дала жатқандай боп өртеніп
Көз алдымда бара жатқан секілді

Өрт дегенім енді ойласам гүл екен
Қызғалдақ боп отқа ұқсап тұр екек
Гүл дегенім шабыт берер адамға
Ақындарға рух берер жыр екен

Лүпіл қағып соғып менің жүрегім
Жақсы көріп үзіп алдым біреуін
Сыйлайын деп осы гүлді анама
Ұзақ ғұмыр тек жақсылық тіледім.

Гүлдер,гүлдер қызғалдақтар шоқ гүлдер
Қызыл гүлдер алдымызда көк гүлдер
Гүл терумен балалықтың базары
Өтіп кетті ұмытылмас көп күндер

Тұра берші қызғалдақтар ырғалып
Тұра берші қызғалдақтар нұрланып
Сол қызғалдақ көздің жауын алады
Қарай бергім келеді тұрады

Қызғалдақтар сол тұрғаның ұнайды
Қызғалдақтар құлпырғаның ұнайды
Қызғалдақтар бүр жарғанда ашылып
Көрінеді туған жерім шырайлы!



































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!