Баяндама: Сабақ барысында интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: Сабақ барысында интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың ұстаздарға көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

152 Мектеп- гимназиясы

география пәні мұғалімі

Асанова Уржамал

Бейсенбековна.

asanova.u84@mail.ru


Сабақ барысында интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі.

Білім- қоғамды әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Осы жоғары құндылықтың басты шарты- білімді ұрпақ қалыптастыру болып табылады.Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттілікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.

Сондай-ақ заман ағымына сай, білімді тығырықтан шыға алатын баланы қалыптастыру көп ізденіс пен түрлі әдіс- тәсілдерді қажет етері анық. Баланың дарынын ашуға көмектесетін интербелсенді әдістердің маңызы зор.

Интербелсенді дегеніміз- біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әркет жасау, диалог құру. Ал интербелсенді оқу – өзара қарым-қатынасқа негізделген оқыту, диалог арқылы үйрену-үйрету. Интербелсенді әдістер- үйренуші мен үйретушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер.

Интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану үшін мұғалім өз жұмысын жан-жақты жоспарлауы тиіс: – жоғарғы сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, олардың интербелсенді әдістемелермен жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін тәсілдерді пайдалану; – оқушылар үшін тақырыпты игерудің «кілті» болатын интербелсенді жаттығуларды іріктеу; – әрбір оқушының жұмыс қарқынын және оның қабілеттерін есепке алу; – бір сабақта интербелсенді әдістердің бір-екеуін қолдану.

Интербелсенді оқытудың әдістері мен тәсілдері қолданылған сабақ бірнеше кезеңнен тұрады:        

-Мотивация. Бұл кезеңді ұйымдастыру барысында бір сабақтан екінші сабаққа өткен кезде мотивация тәсілдерін өзгерту қажет.

-Мақсат қою. Оқушыларға мақсаттарды хабарлау әрекетті мақсатты бағыттауға мүмкіндік береді. Мұғалім оқушыларға сабақтың мақсатын қоюды үйретеді.

-Жаңа ақпарат беру. Бұл кезең оқушылар нені білетінін, ненің таныс емес және түсініксіз екенін таңдап алуға мүмкіндік береді. Бұл кезеңді миға шабуылдан бастау ұсынылады.

Интербелсенді жаттығулар ретінде шағын топтардағы жұмыс ұсынылады. Әрбір топ қысқа және неғұрлым ақпаратты түрде сөйлеуі тиіс.

Ал топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Оқушыларды топқа бөлудің қызықты, әрі танымды тәсілін мұғалім білуі керек. Оқушыларды топқа бөлудің қызықты, әрі танымды тәсілі олардың алдағы жұмысқа деген ықыласын арттырады, шығармашылық ойлауын жетілдіреді. Топпен жұмыс барысында балалар уақытша болса да бастарын біріктіреді, араларында бір-біріне деген жылы сезімдер орнайды, пікір алмасып ойын нақтылайды.

Сабақта баланы қадағалау, үнемі сұрап, қозғап отыру арқылы жаман әдеттен арылту. Бұл тәсілдерді сабақта да, сабақтан тыс тәрбиелік шаралардада үнемі қолданса мұғалім жетістікке жетеді деп ойлаймын.

сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қызық  жұмыс түрлерін жүргізу;

әр түрлі тақырыпта пікірталас, сайыс, интеллектуалдық сайыстар, дебаттар өткізіп алған әсерлерін байқау;

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушылардың білімін көтеруге , шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, баланың өз бетімен ізденуіне зор ықпалын тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылықпен дамуына жол ашу дегенді білдіреді. Жүйелі түрде жүргізілген жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандыруда, жалпы білімін көтеруде  интербелсенді әдістердің маңызы зор. Қай пәнде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ынтасын дамыта түседі деген ойдамын.



    Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. «Мұғалімге арналған нұсқаулық», екінші (негізгі) деңгей (үшінші басылым) Астана, 2012 жыл (4-110 б.);
2. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С.Мирсеитова, Қарағанды, 2011 ж. (45-б.);
3. «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» «Қазақстан мектебі» журналы №3, 2012 ж. (18-б.);
4. «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі» Н.С.Байжуманова «Білім әлемінде» журналы № 5.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.05.2021
550
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі