Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама: "САЛАУАТТЫ ЖАСТАР — САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ".
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
САЛАУАТТЫ ЖАСТАР — САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ
Бүгінгі таңда жастар ортасындағы маскүнемдік, нашақорлық, жұмыссыздық, қылмыс пен өз бетімен кетушілік, рухани азып-тозушылық туралы жиі айтылады. Мұндай теріс ағымдардың белең алғандығын жасырмаймыз. Қазіргі таңда қоғамды алаңдататын аталған сипаттағы мәселелер.
Сол себептен де мемлекеттің жастар саясатының басым бағыттары да жоғарыдағы салаларды қамтиды. Ежелден «Бірінші байлық» аталған денсаулықтың жайын қазақ қашаннан жоғары бағалаған. Расында да адам баласы үшін денсаулықтан артық ештеңе жоқ. Денсаулық дұрыс болмаса, бойыңды дерт жайласа, ештеңенің мәні келмейді. Біздің жұрт «Қай жерің ауырса-жаның сол жерде» деп те жатады ғой. Бұл да шындық, осының бәрі ата-бабаларымыздың денсаулық мәселесіне айрықша көңіл бөлгенін көрсетеді. Халықтың денсаулығы ел қуаты. Ел қуаты болашақ жастар.
Соңғы жылдары жастар арасындағы нашақорлық аса өзекті проблемаға айналды. Мысалы: бір ғана Алматы қаласында есірткілік, психотропты және әсері күшті басқа да заттарды медициналық емес мақсатта пайдаланғаны үшін он мыңнан астам адам есепте тұр. Бұның жартысы-жасөспірімдер. Наркологтар қазіргі уақытта нашақорлықпен сырқаттанатын адамдар саны маскүнемдікке шалдыққандар санымен теңесіп қалды дейді. Нашақорлардың шынайы, дәл саны туралы нақты мағлұматтар жоқ.
Нашақорлардың іс жүзіндегі саны ресми мәліметтерден 8-10 есе асып түседі. Санақ көрсеткіштері наркологиялық есепте тұрған сырқаттар санына сүйеніп анықталады. Бұндай аурулардың азғантай ғана бөлігі емделуге өз еркімен келеді, қалғандарын полиция не туыстары алып келеді. Бұл сырқаттың отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның қасіреті. Наркологияда «контагиоздық» деген ұғым бар (мағынасы бойынша «жұқпалылық» деген сөзге жақын). Әрбір нашақор нашаға кем дегенде 10 адамды үйретеді, яғни «жұқтырады» деген сөз.
Нашақорлардың соңғы кезде не себепті қарқынды түрде көбейе түскені де түсінікті – геометриялық прогрессия заңы күшіне енеді. Демек, әрбір нашақордың анықталуы – көптеген адамдардың өміріне араша түсуге мүмкіндік беретін өте маңызды алдын алу шарасы. Нашақорлық- сырқат, емдеуден гөрі оның алдын алу жеңіл. Соңғы уақытта есірткі пайдалану салдарынан өлім көбейіп отыр. Әдетте, құмарпаз нашақор 35 жасқа жетпей өледі, ал жасөспірім нашақорлар өмірінің орташа ұзақтығы есірткі пайдалана бастаған соң 5 жыл.
Есірткіні шамадан артық мөлшерде пайдалану салдарынан соңғы жылдарда балалар арасындағы өлім көбейді. Алғашқы кезде есірткіні ағзаға енгізу адамның өзін дені сау сезініп, көңіл- күйінің алдамшы көтерілуіне толық тәуелсіз сезінуіне әкеледі. Ал шындығында есірткіден адам психикалық және дене әлсіздігіне шалдығып, бүкіл ағзалары қатты уланады. Әдетте, 1-2 рет байқап көрудің өзі адамды наша тартушылардың құлы етеді, мүгедектікке апарады. Адам ағзасындағы заттардың алмасу процесіне араласып, есірткі, ең алдымен, мидың серотанин (мидың көңіл- күй өзгерістерін бақылауына көмектесетін зат) шығаратын жасушаларын өлтіреді, бұл адамныың белсенділігін төмендетіп, селсоқтыққа әкеледі.
Иммундық жүйе зардап шегеді. Сондықтан адам ағзасы түрлі инфекцияларға берілгіш болып алады. Есірткі обырдың, асқазан жарасының пайда болуына итермелейді. Ең ауыр, қауіпті және емделуі қиын нашақорлық түрі- апиын нашақорлығы.
Ортақ ине қолдану салдарынан АҚТҚ (СПИД) және түрлі ауруларды жұқтыру қаупі ұлғаяды. Тамырға жіберілетін есірткі пайдалану нәтижесінде тек психика, жүрек-қан тамыры және жүйке жүйесі ғана емес ауруға қарсы тұру мүмкіндіктері нашарлайды. Ең жеңілі оны мүлдем пайдаланбау.
Маскүнемдік, шылымқорлық, нашақорлық-адамның үш жауы. Олардың шырмауына бір оралған кісінің қайтып құтылуы қиынға соғады. Сол себептен болуы керек маскүнемдікпен тиянақты күрес жүргізу мәселесін ерте заманнан бері қарастырып, іске асырып отырған.
Орта ғасырларда маскүнемдікке қарсы күрес мемлкет тарапынан адамды жазалау түрінде жүргізілген. Мысалы: Францияда көп уақыт маскүнемдікке салынған адамдарға жұрт алдында тәнін таяқтау, құлағын кесіп алу, жер аудару жазалары қолданылған. Ал Ресейде болса мас болып полицияның қолына түскен адамдар сотқа тартылған. Бұл мәселелер бүкіл дүниежүзіндегі басты мәселеге айналып отыр.
Біздің елімізде де маскүнемдікке салынушылардың атап айтқанда жастардың саны айтарлықтай. Ішімдікке құмартып, маскүнемдікке салыну- ішкіш адамның өзі мен отбасына ғана емес, бүкіл елге, қоғамға зиянын тигізуде.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев барша халыққа арналған «Қазақстан 2030» жолдауында: «Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға қарсы күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады.
Қоғамдық сана мен мараль маскүнемдікке, нашақорлыққа, шылымқорлыққа барынша қарсы болуға тиіс. Кеңес өкіметі жылдарында арақ біздің тұрмысымызға, әдетімізге, дәстүрімізге тереңдетіп енді. Ол ауылдық жерлерде де адам өмірінің ажырамас бөлігі болып алады. Бүгінгі көпшілік нарық қиыншылығына тап боп, күйзеліске түскенде ішімдікке, есірткіге салыну артып отыр, шылым шекендер де азаяр емес. Кейбір елдерде ұтымды ақпараттық және түсіндіру саясатын жүргізу, мәдениет пен білім арқылы едәуір табыстарға қол жеткізеді.
Өнеркәсіп дамыған елдерде ішімдікті пайдаланушылар мен темекі тартушылардың саны кеми түсуде, өйткені кәсіпкерлік – денсаулығы мықты жандардың үлесі. Өмір салтын теріс әдеттерден спортқа көшу тиімді жолдардың бірі болып табылады » деп көрсетеді. Президент өзінің 18 мамыр 1998 жылғы … жарлығында да осы мәселелерге байланысты салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да ұлт- насихатты күшейту туралы шараларын міндеттеп береді.
Сондықтан бүгінгі таңда елімізде маскүнемдік пен шылымқорлық, есірткіні тыю мәселесінде жан- жақты күрес жұмысын дәйектілік және ымырасыз түрде жүргізіліп отыту тапсырылады. Осыған орай республикамызда салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары мен оның жеке бөлімшелері құрылып, қазір ол белсенді жұмыс жүргізуде. Әсіресе, арақ- шарапқа, темекі мен есірткіге құмартушыларға қарсы насихатты батыл жүргізуді, адамдарды арақ ішпеу, маскүнемдікке ымырасыз көзқарас рухында тәрбиелеу, тіпті аз мөлшерде арақ – шараптың адам денсаулығына тигізетін нұқсанын, сондай-ақ оның қоғамдық өмірінің барлық жағына, экономикаға, адамның тұрмысына, арождандық келбеті мен санасына тигізетін кері жағын да нанымды ашып беруді қолға алып отыр.
Шындығында, салауатты өмір салты дегеніміз – тек қана зиянды әдеттерден бас тарту ғана емес, бұл өз денсаулығына деген жауапкершілікті сезіну, жанұяда бақытты тұрмыс құру, бос уақытты мағыналы өткізу, адамның рухани жан – дүниесін байыта түсу мен дене тәрбиесімен айналысу, осының бәрі қоғамдық мүддемен ұштасатынын, сонымен тоғысатынын түсіну, яғни Қазақстан азаматы деген атаққа қай жағынан болса да лайықты болу.
Жалпы республика бойынша нашақорлықтың себебі болып отырған бірқатар жағдайларды және нашақорлықтың ахуалын сараптау нәтижесінде мынандай сұрақ туады. Нашақорлыққа қарсы тұру шараларының жүйесі қандай болуы тиіс? Әсіресе, бұл сала аралық ынтымақтастықты қажет етеді, және сонымен қоса, әр ведомство өзара қатынас жасай отырып, өз мақсаттарын орындауға тиіс, яғни, ІІБ – есірткі сатумен күресу, денсаулық сақтау саласы – нашақорларға жәрдем көрсету, нашақорлардың алдын алу және тағы басқалары.
Осылай болғанда ғана халықтың және ең алдымен жастардың бойында есірткіге қарсы иммунитет құруға бағытталған, кәсіптік деңгейде орындалған кешенді шаралар іске асады. Есірткіге деген сұранысты, олардың заңсыз айналымын төмендету мақсатында барлық мүдделі ведомствалар, соның ішінде денсаулық сақтау департаменті «Нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресудің кешенді шаралары» атты қалалық бағдарлама шеңберінде жұмыстар жүргізілуде.
Бағдарлама денсаулық сақтау департаментінің мына басқармалармен қатынас жасауын реттейді:
· білім беру;
· ішкі істер;
· еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті;
· бұқаралық ақпарат құралдары;
· қоғамдық ұйымдар;
· қала әкімшілігінің бөлімдері және тағы басқалары;
Осы ведомстволармен қатынас жасау шегіндегі денсаулық сақтау департаментінің қызметі есірткі пайдаланудың алдын алуға, нашақорлар мен маскүнемдерді емдеу және қалпына келтіруге бағытталған. Бұл міндеттерді іске асыру, ең алдымен, медициналық, әлеуметтік қалпына келтіру орталықтарына жүктелген.
Орталық жұмысына әкімшілік пен денсаулық сақтау департаменті жеткілікті көңіл бөледі; нашақорлықпен сырқаттанатын адамдарға медициналық жәрдем ұйымдастыру принциптері қайта қаралады, емге әдістемелік көзқарас өзгеруде; қалпына келтіру буыны күшейтіле отырып, өзара тәуелді топтармен жұмыс жүргізіліп, емді психологияландыру принципі қолданылуда.
Қалпына келтірудің бір бөлігі ретінде есірткіден тиген «зиянды азайту» бағдарламасы жемісті жүзеге асырылуда. Біздің түпкі мақсатымыз – сырқаттың жағымсыз тәжірибені қайталаудан сақтануына және терапевтік ремиссияға қол жеткізу.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша басты ғылыми- әдістемелік мекемелер жұмыс істеуде. Бұл мекемелердің құрылымдық негізін облыстық және қалалық салауатты өмір салты орталықтары мен денсаулықты нығайту орталықтары құрайды.
Осы шараларды іске асыру мақсатында Президенттің өкімімен 1999 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы қабылданған. Оның негізгі бағыттары: жастар құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау, жас таланттарды жан- жақты қолдау, жастардың қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру, жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.
Жастар саясаты және олардың ұйымдарының құрылуы Қазақстан территориясында бұрыннан болғаны бәріне аян. Алғашқы қазақ жастар ұйымдарының құрылуы, оның мақсат- мүдделері жөнінде жастардың жетекшілерінің бірі, сол оқиғалардың куәгері С.Сәдуақасұлы былай дейді: «Ең алғашқы жастар ұйымы Омбы қаласында 1914 жылы ашылды. Бұл ұйымның аты «Бірлік» еді. «Бірліктің» мақсаты қазақ халқын мәдени һәм әдеби жағынан ілгері қатардағы жұрттарға қосу, ұлтшылдық сезімін туғызу һәм ұлттықтың сақтау.
Ұйымның саяси һәм шаралары туралы ұстаған жолы: кедейлерді, жіңішкелерді байлардың, күштілердің, зорлығынан құтқару, әйелге теңдік әперу». 1916 жылы «Бірлік», «Балапан» деген жазба журнал шығарып тұрды. Ол өз заманында ауызға ілініп, жастарға көрсеткен оның қызметі көп болды.
Бұдан басқа Қазақстанда 21 жастар ұйымы болды. Олар өз кезегінде «Бірлік» ұйымы сияқты қызметтер атқарып жатты.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы жастар жалпыға бірдей адам құқығы Деклорациясының өзекті идеялары мен қағидаларынан, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының «Жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасын 50/81 қарарына, сәби құқығы туралы Конвенсияға, Қазақстанг Республикасының президентінің Қазақстан халқыны арналған «Қазақстан – 2030» барлық Қазақстанның өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әлауқатының артуы» атты Жолдауына сүйенеді.
Мемлекеттік жастар саясатының жалпы ережелер бөлімінде мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқықтарын иеленуі мен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады.
Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекеттік жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді.
Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеуге ғана сыймайды. Ол жастардың шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден – бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан – жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізеді. Дәстүрлі жастар мәселесін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларды мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгереді.
Қазақстандағы жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркндеуіне, сондай-ақ өткен буынның әлеуметтік – мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай, әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды көздейді. Мемлекеттік жастарға, олардың материалдық деңгейі мен әлуеметтік жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау мен жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс. Сонда ғана жастар саясатының өзекті міндеті – жастардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету іске асатын болады.
Осы тұжырымдамада мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаттарын, қағидалары мен басымдықтарын анықтауды мұрат етеді. Тұжырымдаманың ережелеріне сәйкес мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын нормативтік – құқықтық тетіктер нақтыланып, оны ұйымдастырушылық, әдістемелік жене ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі қағидалары қалануы тиіс.
Тұжырымдаманың негізгі шарттарын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджетте мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бөлінген қаражат шеңберінде жүргізілуі қажет. тұжырымдаманың жекелеген ережелерін жүзеге асыруда мемлекеттік емес, соның ішінде шет елдік қаржы көздерін пайдалану да қарастырылуы мүмкін. Тұжырымдаманы іске асырудағы басты талаптардың бірі мемлекеттік жастар саясатының ұйымдастырушылық және экономикалық тетіктерін құқық жағынан қамтамасыз ету, бірінші кезекте – жас азаматтардың, жастар мен балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен өтетін түрлі қарым – қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу болып табылады. Тұжырымдама құрылымы шет елдік және отандық озық тәжірибелерді талдау мен жинақтау негізінде жасалады.
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдықтары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының басты, негізгі мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басымдық беруді көздейді:
Жастар бойына патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
Жастардың әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
Жастардың дене тәрбиесіне, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
Қазақстандағы жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және жан – жақты білім беру процестеріне тарту.
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі принциптері мемлекеттік билік органдары тарапынан қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде біртұтас көзқарас қалыптастыру төмендегі басты қағидалар мүддесіне орай іске асырылуы қажет:
жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
өркендеу мен жаңашылдық;
тұрақты негізгі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл;
жалпыға ортақ барлық жастарды жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қарамастан жаппай қамту;
жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін сараланған көзқарас;
жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей қорғау және қолдау.
Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс.
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары жүзеге асыру кезіндегі негізгі кезеңдік сипаттағы іс – қимылдардан тұрады. Мынандай негізгі бағыттарды қарастырады:
Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету.
Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау.
Жас таланттарды қолдау және шыңдау.
Жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру.
Балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.
Жастардың тән, сан саулығы елдің стратегиялық қоры және оның қазіргі дамуының шешуші факторы. Жастардың бойында ізгілікті, рухани құндылықтарды насихаттауға иек артып, жас шамасына қарай қарастырылуы тиіс. Жастарға тән құндылықтар сипаты жас азаматтың тағдыры мен тұрмыс жағдайының әркелкілігін, құндылықтарының саналуандылығын көрсетеді.
Жастардың эстетикалық, ізгілікті талғамының қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе электронды ақпарат құралдарының айтарлықтай ықпал ететіндігін ескеру қажет. Зорлық – зомбылықты, қатігездікті уағыздау жастардың мінез – құлқына жан – жақты қысым етіп, өмірді қабылдауы барысында сондай әдет – дағдыларды қалыптастырады. Дүлей күшке табынушылықты, шылымды, спиртті ішімдіктерді жарнамалауға шектеу қою – мемлекет алдындағы жас ұрпақты рухани сауықтырудың бірден- бір кезек күттірмейтін шаралар.
Жастардың төл мәдениеттер нәр алуын, еліміздің тарихи өткенін оқып үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға – Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс.
Мемлекеттің күш – жігері мәдени инфроқұрылымды материялдық қамтамасыз етуге – студент жастардың бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік жасайтын театр, кітапхана, спорт құрылғыларын қолдауға, оқу, әдіс – тәсілдемелік құралдарын, көркем әдебиеттер шығаруға, оқу орындарын компьютерлендіруге, дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларын жасауға, ізгілікті, рухани құндылықтарды, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталады. Жастарға рухани, патриоттық тәрбие беру ісінде мемлекеттік тілді оқып – үйренуге, қазақ тілін оқып – үйренудің жаңа, тиімді тәсілдерін жасап, енгізуге ерекше мән берілетін болады.
Жастарды отаншылдық, рухани, адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу ісіне оларды діни экстремизм мен фанатизмнің залалды ықпалынан қорғау аса маңызды бағыт алуы шарт. Осы мақсатта жастар арасында діни экстремистік көзқарастардың еніп кетуінен сақтау тетіктері жасалуы керек.
Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік басқаруды өз құзіреті шегінде мыналарды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы үкіметінің құрамындағы тиісті құрылымдар жүзеге асады:
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы Білім министрлігі. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Білім және Спорт министрлігі.
Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
Қорыта келгенде, бүгінгі Қазақстандық жастардың сенімі мен жауапкершілік мүдесінен шығуға мүмкіндіктері бар екенін айта кетіп, жастар қоғам белсенділігінің негізгі құраушысы екендігін ескеріп, салауатты қоғам болу үшін өз құқықтары мен бостандықтарын Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленгендей пайдалануға және де Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын толық жүзеге асыру үшін атсалысу керек.