Баяндама "С.Мұратбеков әңгімелеріндегі өмір шындығы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "С.Мұратбеков әңгімелеріндегі өмір шындығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндама С.Мұратбеков әңгімелерін талдау барысында жазылған. Әңгімедегі өмір шындығы, автордың айтар ойы, идеясы талданды. Жазушының шығармашылығын, бағыт-бағдарын, өмір сүрген дәуірін зерттеймін деген әрбір талаптыға құнды дерек болады деп ойлаймын. Және жазушы шығармаларын қызыға оқуға себеп болу. Оқырманды әңгімелердегі кейіпкерлердің өмірінен сабақ алуға, ой түюге, қорытынды шығаруға, сезіне білуге, шындықтың бетіне шымырқанбай қарауға тәрбиеленуіне ықпал ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алиева Ляйла Мирамбековна

«Мұрагер» мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі


Сайын Мұратбеков әңгімелеріндегі өмір шындығы

Қазіргі тәуелсіз заманда қазақ әдебиеті жылдан-жылға дамып, рухани жаңару үстінде десек те, 1960-1970 жылдары қара сөздің қан майданына енген, майлы сияларын қазақтың өміріне арнаған әдебиеттің тума талант, дарындылары батыл қадам жасап, елдің тұрмыс-тіршілігін, қайғы-қасіретін, заманының ащы шындығын суреттеуге бар күш жігерін салғанын аңғарамыз.

Қазақ әдебиетінде артында дара қолтаңбасы қалған Сайын Мұратбеков бірнеше повестер мен әңгімелер жазған, әр шығармасында тың тақырып, дара тәсіл қолданған, шынайы образдар мен көркемдік ізденістер, әр алуан бейнелер жасай алған бірегей жазушыларымыздың бірі. Сөз өнеріне қанық, кқисынын тауып, қиуадан шапқан қара сөздің майын ішкен тума талант иесі әдебиеттің алтын қорына "Жабайы алма" (1972), «Көкорай», «Басында Ұшқараның» «Қалың қар»(1989 ), "Өліара" (1995), «Жусан иісі», "Көкорай" (1967), «Төл өскен ұл», повестері мен «Ұлтуған» "Менің қарындасым" (1961), "Ауыл оты" (1964), "Отау үй"(1968), "Дос іздеп жүрмін" (1973) , «Махаббат», «Кәментоғай», «Ары-бері жол», «Алғашқы қар», «Райгүл» әңгімелері секілді шығармалар топтамасын енгізді.

Қай уақытта болмасын тарихи тақырыппен қатар бүгінгі күннің шындығы туралы айту, әдебиетте халықтың арман тілегінен туған дүниелер. С.Мұратбеков замана шындығын жазған әрбір шығармасы оқырман қауым назарын аударған елеулі туындылар болып отырды.

Жазушы С.Мұратбеков күнделікті өмірде байқала бермейтін кішкене детальдарды, тың проблемаларды көтере білуімен қатар шырғалаңға толы өмір мәселерінің бір күнде емес, бір жылда шешіле салмайтын , кешегі арқылы бүгінгі ұрпақты ойландыруға апаратын терең философиялық ойларға толы тағылымды туындылар. Жазушының қай әңгімесін оқысаңда, ондағы өмір шындығын ғана аңғармайсың , шығарма кейіпкерлерінің қуанышына немесе қайғысына еріксіз ортақтасып, басқа өмірге еніп кеткендей терең толғаныста, сағынышқа толы балалық шаққа, басыңнан өткен қимас сезімдерге орала бересің.

Әрбір жазушының әдебиет тарихында орнын белгілейтін ерекшелігінің болуы, оның әдебиеттен ойып тұрып орын алатындығы заңды құбылыс. С.Мұратбековтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі зор және өмір шындығын кестелі көркем сөзбен суреттеп, кейіпкерлердің өзіндік символы, олардың жан дүниесін жасандылықтан аулақ етіп шындықпен бейнелейді, ауыл өмірі, еңбек адамдарын, тарих толқынындағы соғыс алапатының зардабын тың шеберлікпен суреттейді.

Жазушының алғаш қаламынан туған «Менің қарындасымдағы» алғашқы пәк махаббатын оқуға жөнелткен Әлима ғана емес, баяндаушының да өткен сезімі оралғандай. Қарындасының жай-күйін жіті бақылаған әңгімеші де өзінің жоғалтқан ыстық бір нәрсесін еске алғандай әсер қалдырады. Табы кетпес әдемі сезіммен кезінде тегін айырылғанына өкінеді. Әңгімедегі ағаның бейнесі - тұнық сезімге селкеу түсіргісі келмеген ағаның әдемі әдебі.

Қарындастың бейнесі – қазақтың салтын сақтаған оң жақта үкілеп өсірген, тал шыбықтай бұралған қара торы ерке қыз. Салиқалы, салмақты, балаларын тек ақылды болуға тәрбиелейтін, сарабдал ойдың иесі, үй иесі, ошақ қасы болған ананың бейнесі – барша қазақ әйелдерінің ибалылығын көрсеткен секілді. [1.23]

Ертеңгі күні өсірген ұл, тәрбиелеген қыздың, еркелеген қарындастың, қамқор болатын ағаның болашағын ойлап қам жейтініміз анық. Десек те, әңгімедегі шындық – жаңа заманның ашықтығын көрсетеді. Махаббат сезімінің енді басталар ұшқындарын бейнелеп, бұл нәзік сезім айдынында қадамымызды шалыс баспауға, сезім жетегінде кетіп алданбауға үндейді.

«Райгүл» әңгімесінде ерке, ешкімнен қағажу көрмеген әке-шешенің жалғызы – Райгүлдің бейнесінде қазақ халқына тән ұлттық та, жаңашылдық та қасиет бар. Өзінің ерке, өжет қылығымен оқырман қауымды тез баурап алып, жанында жүргендей күй кештіріп, шығарма соңында қоштасуға қимай, қайта орала оқи түсесің.

Сондай-ақ, «Ары-бері жол » атты әңгімеде адал жар мен көңілдес адамдар арасындағы қатынас, көзқарастар кішкентай Бөкеннің таным-түсінігі арқылы беріледі. «Жақсыдан-үйреніп, жаманнан-жирену» сынды халықтық қасиет, адалдық Бөкен бейнесі негізінде бар қырынан жарқырай көрінеді. Соғыс зардабын көрген сол кезең адамдарының қалауы қанша арсыз, қанша өткір болса да, шындықты жұқалап, кішкентай детальды майда сөзбен жеткізеді. Автор осы туындысы арқылы адам орнын, адалдық істі көпке үлгі етеді.

«Жеңеше» атты әңгімесіндегі жиыра жылдай жарының жолын тосқан Қамар он бес жыл бұрын келген қара қағазды көргенде де үмітін үзбейді. Айттырып келген Тілепбергенге үзілді-кесілді шешімін айтқанда, Салиқа шешейдің де соңғы үміті үзіледі. Автор Салиха шешейдің үмітінің үзілуін оның иіріп отырған ұршығының үзіліп түсуімен образды бейнелеген. Әңгімеге арқау болған оқиға қайғылы болған соң, автор соған сай қақаған қыс мезгілін алған. Бұл әңгімеден сол кездегі тыл өмірінің шындығын көрсетеді. Жазушы Қамар арқылы сол тұстың типтік бейнесін жасаған. Өмір өксігі өзегін талдырған Қамар бойында адамдықтың алапат қуаты жатыр. Әңгімеде шындық шеңберінен шашау шығып тұрған бірде-бір деталь жоқ, өзімізге көптен таныс, қарапайым қазақы жандардың тірлік кешуі. Мәдениетті прозаның психологиялық нәзік желісі,эстетикалық көркемдігімен философиялық тереңдігі тоғысар тұс шығарманың аяқталуынан байқалады. «Жеңеше» әңгімесінде негізгі идея – соғысқа қарсы лағынет айту болса да, ой түйіні адами характер, пендешілік мінез иірімдері қарама-қайшы тұлғалар арқылы шешіледі. «Күзгі бұралаң жол», «Жанболат», «Ары бері жол» , «Қылау» сияқты әңгімелерінен өткен өмір өткелдері, келер күн өнегесімен бірге әртүрлі іс-әрекеттері, адам мінездерінің қыры мен сыры толық ашылып, жан сарайларының құбылыстары терең танылады. [2.119]

Егер біз жазушылықтың қасиеті өмір шындығын өткір сезіне біліп, сол сезінген шындықты заманның алдыңғы қатардағы идеясына сәйкестендіріп, көркем түрде қорыта сипаттап бере алуда десек, сыншылдықтың қасиеті әрбір жазылған көркем шығармалардың авторларының да, геройларының да жан-жүйесіне терең сүңгіп, солардың сана-сезіміндегі, психологиясындағы, ісіндегі жетістіктер мен кемшіліктердің жеке адамдық және қоғамдық сырын ашып бере алуда. Көркем шығармаларды бұлай түсіну үшін терең ақыл, ыстық жүрек керек. Олар талантқа ғана тән қасиеттер. [3.210 ]

Бақылап білген, сезген шындықты кең өріске шығаратын қанатты творчестволық қиял – таланттың серігі. Мұның өзі ойдан шығара білушілік. Ал ойдан шығару жоқ жерде жалпы әдеби шығарма болуы мүмкін емес. Гегель: “...суреткердің творчестволық фантазиясы – ұлы ақыл мен жүрек адамының фантазиясы”, - деген.

Сайын Мұратбеков - осы екі қиялды қисынын тауып ұштастыра білген шебер жазушы. Көркем­ сөз­дің құ­діретін көрсететін ма­ңызды шы­ғармалар жазған бақытты жа­зушы, шебер ұста.












Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұратбеков С. Таңдамалы: повесть және әңгімелері. – Алматы, 1981 – 480 бет

  2. Қазақ әдебиетінің тарихы,9-том. - Алматы,2004

  3. Жұмалиев Қ. Стиль – өнер ерекшелігі(әдеби-зерттеу мақалалары). – Алматы: Жазушы, 1966. – 210б.

  4. «Қазақ тілі мен әдебиеті», № 7-8,1997.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.02.2018
1320
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі