400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Шығармашылыққа баулу жолдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық жоба туралы жалпы түсінік. Оқушыларды шығармашлыққа баулу, өздігінен жұмыс жасауға бағыт-бағдар беру. Көркем еңбек пәні бұл-арнайы және жалпы еңбекті ұйымдастыруды меңгеру, үй шаруашылығына аса қажетті, өз жеке өмірінің және болашақ мамандығының жоспарларын өз бетінше ойлап шешуге, білімділік пен қызығушылықтарын дамыту, ойлау, қиялдау, шығармашылық қабілеттерін, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, тапқырлыққа, жан-жақты қоршаған ортадағы мамандықтар иелеріне ой сый құрметпен қарауға үйрететін- өмір сабағы.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Шебер шәкірт - шебер ұстаздан шыққан еңбегі!
....еңбек тәрбиесіне баса назар аудару керек.
Еңбекке тәрбиелемей тұрып, балаға
дұрыс тәрбие бердім деп айту,- екі талай.
Спандияр Көбеев
Көркем еңбек пәні сабақтарында оқытудың негізгі аспектісі - оқушылардың
шығармашылық іскерліктерін дамыту болып табылады. Бұл ұзақ процесс
болғандықтан бірінші оқу күндерінен жүргізген қолайлы. Қысқа мерзімде баланың
шығармашылық мүмкіндіктерін, оңаша атқарған жұмысы мен қалауына зейін қою
күрделі, кейде баланың еңбегі дұрыс бағаланбай қалуы да мүмкін.
Көркем еңбек пәні бұл-арнайы және жалпы еңбекті ұйымдастыруды меңгеру, үй
шаруашылығына аса қажетті, өз жеке өмірінің және болашақ мамандығының
жоспарларын өз бетінше ойлап шешуге, білімділік пен қызығушылықтарын дамыту,
ойлау, қиялдау, шығармашылық қабілеттерін, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа,
тазалыққа, тапқырлыққа, жан-жақты қоршаған ортадағы мамандықтар иелеріне ой
сый құрметпен қарауға үйрететін- өмір сабағы.
Пән мұғалімі оқушының қызығушылықпен еңбек етуіне үлкен ықпал етуі тиіс.
Мұғалім, “Білгім келеді” деген оқушының қызығушылығын дамытып, сонымен
қатар “Өзім жасап көремін” деген этапқа шығарып, және “Менің қолымнан
келеді” деген сенімге әкеп , соңында “Бұл менің еңбегім” деген нәтижеге жеткізуі
тиіс. Мұндай процесс баланы жаңашылдықты ізденуге және күрделі жұмыстарды
атқаруға ынталандырады.
Оқушыларды көркем еңбек пәні сабақтарында жетістікке жеткізетін этап ол шығармашылық жоба.
Шығармашылық жоба дегеніміз- әр оқушының жыл бойы бағдарлама бойынша
берілген тақырыптарды меңгере отырып, мұғалімнің немесе сыныптастарының
көмегімен , болмаса өз ой-қиялының күшімен орындайтын жеке шығармашылық
жұмысы.
Жалпы бағадарламаны жыл бойы меңгертетініміз анық, бірақ шығармашылық
жобаны қысқа мерзімде жасап шығу оңайға тимейді. Сондықтан оқу жылының
бірінші тоқсанында оқушыға жобаның тақырыбын ізденіп, ойланып , нақты шешім
жасауын қадағалау керек. Екінші тоқсан барысында оқушы жобаның теориялық
негізін қарастырып, жан-жақты ізденіс жұмысын атқаруы тиіс, яғни эксперимент
(зерттеу әдістерін) жасап , салыстырып, ең қолайлы әрі нәтижелі нұсқаларын таңдап
алуы оқушының өте маңызды жұмысы болып табылады. Әрине бұл жерде оқушының
жас ерекшелігіне, психологиялық және физиологиялық тұрғысына, әлеуметтік
жағдайына , жалпы ортадағы қарым-қатынасына үлкен мән беру керек. Мұғалім осы
аталған жағдаяттарды ескерсе - оқушының таңдаған жобасын орындап шығуына
сенімі қаншалықты берік екенін сараптай алады.
Жобаның ең күрделі әрі ең қызықты уақыты - үшінші тоқсанда, ол кезде
практикалық кезең басталуы тиіс. Күрделі деп айтқаным : оқушы өзінің теориялық
білімін енді практикаға шығарады, яғни таңдаған бұйымын өз қолымен жасап шығу
процессі алда күтіп тұр дегенім. Ал қызығы сол бұйымды жасау барысында оқушы
теория мен практиканы салыстыра отырып , бастапқы (бірінші-екінші тоқсан)
ой-тұжырымдарынан өзінің дұрыс немесе бұрыс ойларын қорытындылайды.

Осы этаптан өткен бала өз еңбегінің нәтижесіне жетіп, ендігі күрделі жұмыс:
жасалған дайын бұйымның өзіндік құнын шығару яғни, өз еңбегін бағалау мен
бұйымды сату жолдарын қарастыруы болып табылады.
Жобаны орындауда негізгі мақсат - оқушының қаржылық сауаттылық, логикалық
ойлау, болжау, сараптау, ұмтылу, сабырлы болу, көмек көрсету, есептеу, оқу
(сызбаларды) , қиындықтан шығу, әдемілікті көре білу т с с қасиеттерін дамыта түсу
болып келеді.
Қазіргі қоғам талабына сай адам - рухани интеллекті, шығармашылық қабілетті болу
керектігі өмір талабынан туындап отыр. Сондықтан білім беру жүйесі де қоғам
дамуымен байланысты дамып, жетіліп отыруы анық. Ендеше еліміздің болашағы мен
қазіргі кезеңі үшін жас ұрпаққа сапалы білім, ұлағатты тәрбие беру, жалпы адамдық
құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани адамгершілік
қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, ата-бабаларымыздың дәстүрлері мен ұлттық
қолөнер тәжірибелерін үйрету, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім
беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.04.2022
468
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі