Материалдар / баяндама "Сын тұрғысынан ойлауға үйрету теориясы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

баяндама "Сын тұрғысынан ойлауға үйрету теориясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Сын тұрғысынан ойлауға үйрету теориясы" арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
547
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: "Сын тұрғысынан ойлауға

үйрету теориясы"

Мақсаты: "Сын тұрғысынан ойлауға үйрету теориясы"

арқылы оқушылардың шығармашылық

қабілеттерін дамыту


"Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық

және жалпы адамзаттық құндылықтар,

ғылым мен практика жетістіктері негізінде

жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға

және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу

үшін жағдайлар жасау"

Н.Назарбаев



КІРІСПЕ

Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.

"Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз" деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі жай айтылған жоқ. Осыдан бастап жас ұрпақ бойындағы іскерлік пен олардың қабілеттерін ашу туындайды. Себебі, қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Мына бейбіт заманда, көзсіз ерліктің орнын білім басып отыр. Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан біз сол мемлекеттік стандартқа сай, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыруымыз керек.

Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір-бірімен астасып жатыр.

Сондықтан оқу барысында қашанда баланың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту керек.

Ол үшін мен өз алдыма мынадай мақсаттар қоямын:

" Алдымда отырған шәкірттерімнің әрқайсысын 10 жыл өткен соң қандай деңгейде көргім келеді?


" Сол шәкіртімнің бойында қандай қасиеттер мен қабілеттер, ой-пікірлерді дамытуым керек?

" Ал осыны жүзеге асыру үшін нені біліп, нені пайдалануым керек.

Тегінде баланы өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен ізденіп білім алуға үйрету - ең тиімді жол.

Байқап қарасақ, бала көбіне өз бетінше эссе жазуды ұнатады. Себебі онда олар түрлі оқиғаларға, құбылыстарға еркін кіреді. Арман мен қиялға еркін самғайды. Оқушы қашанда өзін жаңа қырынан көрсеткісі келеді. Сондай сәттерде мынандай шығармашылық жұмыстарын жүргіземін.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мақсат - білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу - біздің қоғам алдындағы борышымыз.

Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет . Жаңалықты меңгеру мен іске асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әр түрлі кедергі жасайтындығы белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып, оның тиімді әдіс- тәсілдерін жетілдіруге болады. Атап айтқанда:

- дарынды оқушыны дамытады, оқушылар шығармашылығын арттырады;

- оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, білім сапасын көтереді;

- пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады;

Жаңа технологияның арқасында оқушының белсендігі артып, жан- жақты талдауға, өз ойын ашық айтуға, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір- түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегіміз деп түсінуіміз керек.

Бұл бағдарламаның мақсаты- барлық жастағы оқушылардың кез- келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

Сын тұрғысынан ойлау- бұл кез- келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әр түрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту.


Аталған педагогикалық технология арқылы ұйымдастырылған

сабақ мынадай 3 кезеңнен тұрады.

І. Ой шақыру.

ІІ. Мағынаны тану.

ІІІ. Ой толғаныс.

Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар. Бірақ бұлар бір- бірімен өзара өте тығыз байланысты болып келеді.

Сын тұрғысында ойлау барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болады.



Picture 1



І. Ой шақыру кезеңі.

Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа т арту.
Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т. б. деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады.
Бұл қызығушылықты ояту кезеңі -«жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады


Picture 2


ІІ. Мағынаны тану кезеңі.
Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т. б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
Picture 3

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі.

Оқуды қорытындылау.
Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен


айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жол өлең», т. б. стратегияларды қолданып тәсілдерін қолданып қорытындылайды. Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар өте көп. Мен өз сабағымда пайдаланатын стратегиялар түрі:

1. Негізгі ойды суреттеу
2. Топтастыру
3. Бес жол өлең
4. Эссе жазу
5. Болжам кестесі
6. Галереяға саяхат
7. ЖИГСО
8. Венн диаграмма
9. Қос жазба күнделік
10. Авторға сұрақ қою
11. Әлемді шарлау
12. Ой қозғау
13. Оқиға желісі

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:

1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

2. Оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс- әрекетін қолдау.

5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.

6. Оқушылардың бір- бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылар осыған байланысты:

" сенімділікпен жұмыс жасау;

" бар ынтасымен оқуға берілу;

" пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

" өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет;

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап, болжам жасатып, мақсат қойып, іс қылуға сұрақ беріп жауап алуға мазмұндық толық түсінуге жағдай жасалынған.


Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімді жақтары:


1. Оқушылардың өздігінен жан- жақты білім алуға жағдай жасалады.

2. Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды.

3. Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.

4. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілік қарым- қатынастар орнайды.

Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесінен көруге болады:

СТО сабақтарда Дәстүрлі сабақтарда

Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмысты жақсы жүргізеді Оқушылар бірден кірісіп кете алмайды, шулап кетеді

Белсенділік жоғары Орташа

Оқушының жеке жауапкершілігі басым Орташа

Қызығушылығын істе байқатады Бірқалыпты

Бір- біріне көмек, сыйлау қалыптасады Қызғаныш басым

Өз ойларын еркін жеткізеді Анықтық жоқ

Сабақта көп жұмыс жасайды Кейде берілген тапсырмаларды орындауға үлгермейдіМұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан- жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе жаңа жүйенің құны болмайды. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын математиканың геометрия сабақтарында қолдана отырып тұлға қалыптастырудың тиімді жақтары өте көп екендігіне көзім жетті. Жалпы сын тұрғысынан ойлау технологияның жетістіктері мынандай болып табылады: 1. Оқушылар күні бұрын берілген тапсырмамен де, сабақ үстінде берілген тапсырмалармен қосымша ізденеді, өз бетімен дайындалады. 2. Оқушы өз қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі. 3. Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді. 4. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді. 5. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.



6. Өз пікірін қорғай дәлелдей алады. 7. Топпен жұмыс істеуге үйренеді. 8. Жан дүниесін тәрбиелейді. 9. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.





Picture 6


Сондықтан ұстаздардың өзі тұлға қалыптастырудың қажеттілігін тұтас бір кешенді қасиеттермен байланыстырады. Математика сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясы тіл дамыту мен қатар шығармашыл тұлға қалыптастыруда маңызы зор екендігі тәжірибе негізінде дәлелденуде. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы- ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы.

Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі мен машықтық қалыпқа түскен іскерлік дәрежесіне байланысты. Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы да дарынды, талантты ұрпағы. Ал білімді ұрпақ, болашақ ел тірегін тәрбиелейтін, оқытатын- ұстаздар екені аян. Ендеше заман талабына сай оқыту, білім беру, модернизация деңгейіне жеткізу- біздің міндетіміз. Сондықтан балаға


білімді қалай игертсем, олардың сабаққа деген қызығуын қалай арттыра түссем деген мәселе қазіргі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Picture 1


Қорыта айтқанда СТО бағдарламасының әдістері арқылы оқушылардың ой - пікірі, көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады. Оқушылардың белсенділігі артады, келесі сабақты асыға күтеді. Олардың тарихи әдебиеті оқуға деген қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады. Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын қалыптастыра алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болатынына мен кәміл сенемін.





Пайдаланылған оқулық:

Мұғалімге арналған нұсқаулық


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!