Материалдар / Баяндама тақырыбы: Ақпараттық коммуникациялық технологияның математика сабағындағы тиімділігі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама тақырыбы: Ақпараттық коммуникациялық технологияның математика сабағындағы тиімділігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Коммуникативті технологияны математика сабақтарында қолдану білім сапасының артуына оң әсерін тигізеді: Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникативті технологияны пайдалану оқушылардың өз бетімен білім алу құзіреттілігін дамытуға және білім сапасын арттыруға үлкен әсер етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2020
380
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Ақпараттық коммуникациялық технологияның математика

сабағындағы тиімділігі.



Сағызбаева Алмажай Анировна

Атырау облысы

Индер ауданы

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің

жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі.



1.ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым - қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. Білім беруді жаңарту, 12 жылдық білім беруге көшу - бұл барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол «жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзіретті тұлғаны қалыптастыру және дамыту» болып табылады. Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар педогог қызметінің барлық саласына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр.

Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып,өз сабақтарымда жаңа







ақпараттық технологияларды пайдаланудамын.

Ақпараттық - ақпарат, жаңалық.

Коммуникациялық – байланыс, қатынас.

Технология – іскерлік, шеберлік ұғымдарын береді.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ)– пайдаланудың екі бағыты бар:

1. Білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып,

оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды.

2. Оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты

құралы болып табылады.

Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты:

Оқушыларға білім алу процесінде көмектесу. Оларды ақпаратты беру,

түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыра отырып, компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу

қабілеттерін қалыптастыру.Осыған байланысты  күнделікті сабаққа:-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);-компьютер компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне байланысты.  Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің  бүгінгі даму деңгейінде белгілі  болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін  де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білу қажет. Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат-оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сайбілім беру.Сақтың сәтті өтуі: 1) Мұғалімнің біліміне, іскерлігіне,тәжирбесіне байланысты  болса, 2) Сабақ материалына,3)сынып типіне, 4)мұғалім мен оқушының көңіл-күйіне де байланысты.Сабақты тар-тымды әрі сәтті өткізе

 білу мұғалімдер қауымынан  көп  ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет  етеді.







Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: Интерактивті тақта, мультимедия, интернет кеңістігі, электронды оқулық. Математика сабағында АКТ-ның мұғалімге де,оқушыға да әсері өте үлкен.Сабақта АКТ-ны қолданудың тиімділігі:

1.Бормен тақтада жазған кескінді,интерактивті тақтада түрлі түспен

көруге болады.

2.Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

3.Аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу.

4.Тақта мен бор арқылы сызылған кескіндерді жандандыруға, қиын

тұстарын көруге болады.

5.Сабақта белгілі программалар арқылы тест тапсырмаларын құрастырып,

оқушыларға ұсынып,тезарада тексеруге болады.

6.Оқушының көріп, есте сақтау қаблеті артады,қашықтықтан білім алу ,

білімдерін тексеру мүмкіндігі туындайды.

7. Өткен сабақты қайталауға,шығарылған есептерді еске түсіруге мүмкіндік

жасайды.

8.Оқушылардың білім деңгейіне оң әсерін тигізеді,түрлі ақпараттар

арқылы.

9.Ең бастысы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып , ой-

өрісін дүниетанымын кеңейтеді.

2. «ГеоГебра » геометрия және алгебраны байланыстыратын компьютерлік интерактивті бағдарлама. Қазіргі таңда әлем бойынша ең көп таралған математикалық бағдарламаларының бірі ретінде танылып отыр. 150-ден астам елде қолданылып жатыр, 50-ге жуық тілге аударылған. Авторы – австриялық математик, PhD докторы Маркус Хохенвартер, бұл бағдарлама төңірегіндегі жұмысын 2001 жылы бастаған еді.Қазіргі уақытқа дейін 11 рет Еуропа және Американың байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған.ГеоГебра – тегін болғаннан кейін, оны кез келген компьютерге орнатып, қолдануға болады.Проекторы бар әр сыныпта математиканы көрнекі түрде түсіндіру мүмкіндігі бар. Оқушылар абстрактілі түсініктерді өз көздерімен «көре алады». Әсіресе жаңа тақырыпты түсіндіру барысындабұл бағдарламаны қолданған тиімді. Әрі математикалық формулалармен шешілген есептерді көрнекі түрде графиктер салу арқылы тексеруге болады. Бұл әдіс оқушыларға ерекше қызық болып, формулаларды түсінікті түрде жеткізеді.ГеоГебра арқылы:– «Жансыз» фигуралар мен графиктерге жан бітеді. Яғни, олар интерактивті болады. Фигураларды анимациялауға болады.Компьютерлік сауаттылықты арттырады, ол қазақ тіліндегі математикалық жалғыз бағдарлама. Қазақтілді геогебра бағдарламасының авторы Қостанайлық жас математик Талғат Байназаров.





Менің бұл бағдарламаны өз сабақтарымда қолданғаныма бірнеше жыл болды.Математика,алгебра,геометрия сабақтарындағы түрлі есептер шығаруда таптырмайтын құрал екендігіне көзім жетті. 10 сынып алгебра курсында «Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері» тақырыбы бойынша есеп шығаруда,оқушылар туындының көмегімен ең үлкен және ең кіші мәндерін тауып біледі, геогебра бағдарламасы сол мәндерді сызбада өзі сызып көрсетіп отырады. Есеп: У=х4-4х+5; функцияның берілген кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін тап. Ол мәндерді сызбада көре аламыз. [1-сызба]

Функцияның графиктерін түрлендіру тақырыбы бойынша,10 сынып алгебра курсында «Тригонометриялық функциялардың графигін түрлендіру » тақырыбы бойынша өткізілген сабақта у=cosx функциясының графигін көрнекі түрде түрлендіруге болады.

Есеп. У=cosx функциясының графигін түрлендіру. У=cos(аx) , У=аcosx Функцияларының графиктерін түрлендіріп,анимациялайды. Осы жағдайды оқушы өз көзімен көріп тамашалайды. Косинусойда абцисса, ордината осімен жиырылады,созылады. Слайдер құралы -5;5 аралығында болғандықтан,график осы аралықта болады. Керек болған жағдайда өзгертеміз. [2-сызба].9 сынып алгебра курсындағы у=ах2 параболаны түрлендіруде осындай көрніске ие боламыз. У=ах2 ; У=х2+в ; У=(х-в)2 ; параболасын түрлендіру, анимациядан оқушылар параболаның тармақтары жоғары,төмен қозғалатындығын жақсы көре алады,ОХ және ОУ остерімен қозғалыстарын да тамашалауға болады. [9-сызба].[3-сызба] .9 сынып алгебра сабағындағы«Екі айнымалысы бар екінші дәрежелі теңсіздіктерді шешу» тақырыбы бойынша: Жүйенің шешімдер жиынын бағдарлама өзі сызып береді. Есеп: х22≤81; │х│ жүйесінің шешімдерін көрсет. [4-сызба]. 11-сынып алгебра курсы бойынша сызықтармен шектелген фигураның ауданын табу есебінде,бағдарлама функцияның графигін сызумен қатар ауданды да тауып береді.Есеп: у=х2 функциясының графигімен, х=1, х=2,у=0 түзулермен шектелген фигураның ауданын тап. Барлық берілген түзулерді геогебра алаңына орналастырып,графикті тұрғызып нәтижесін көреміз. [5-сызба].Геогебра бағдарламасы бойынша функцияның туындысын табу есептерінде шығаруға болады.у=-2,4х3 функциясының туындысын табу. [6-сызба].Бағдарлама көпжақтың жазықтықпен қималарын өте көрнекі етіп көрсетеді.Есеп: Куб табанының екі төбесі арқылы және бүйір қырының ортасы арқылы өтетін қима жүргіз. [7сызба].Бағдарлама көпжақтардың жазбасын да сызып береді. [8-сызба].

Оқушыларға үшбұрышқа іштей сызылған, сырттай сызылған шеңберлердің центрлері әртүрлі болатындығын көрнекі түрде көрсетуге болады. [9-сызба].







Дөңгелек диаграммаға берілген есепте,бағдарлама секторлардың градустық өлшемдерін өзі сызып береді. [10-сызба]. 11-сынып. Конусқа шар іштей сызылған. Жасаушысы L табан жазықтығына α бұрышымен көлбеген,шардың көлемін тап. [11-сызба]. Дұрыс төртбұрышты пирамиданың табан қабырғасы 8-ге,жасаушысы 9-ға тең.Пирамидаға сырттай сызылған шардың радиусын табыңдар. [12-сызба]. Дұрыс көпжақтарды да сызып көрсетуге болады. [13-сызба]. [14-20-сызба].Бағдарламаның көмегімен түрлі сызбалар сызу,есептер шығару.

3. 5 «А» сыныбында жүргізілген «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тарау бойынша қайталау сабағы.

Мақсаты:

Білімділігі: Тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау,жай бөлшектерге

амалдар қолдануға есептерді шығара білу.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін,

танымдық белсенділіктерін арттыру;

Тәрбиелігі: Әр оқушыны өздігінен еңбектенуге шапшаңдыққа,

дәлдікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Қайталау, қорытындылау сабағы.

Сабақтың әдісі: Саралап-деңгейлеп оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: Деңгейлік тапсырмалар, MyTestX –тесттік

бағдарлама , бағалау парағы, интерактивті тақта.

Әр оқушыға бағалау парағы беріліп оқушылар сол параққа сабақта алған бағаларын жазып отырды. [16-сызба].

Сынып оқушылары топтарға бөлініп:

І топ: Оқулықпен жұмыс.

ІІ топ: Деңгейлік тапсырма.

ІІІ топ: МytestX бағдарламасы бойынша тест.

Деңгейлік тапсырмалар:

1.Бөшкедегі барлық жанармайдың 9/28-ы құйып алынды,барлық жанармайдың 2/7-і тағы құйып алынды сонда бөшкеде 99 литр жанармай қалды.бастапқыда қанша литр жанармай болған?







2. Дымбілмес жаңа өмір бастағысы келді.

Ол өзіне бір күнге мынадай кесте құрды:

Бір күннің-1 \ 6 бөлігін кітап оқуға.

3 \ 8 бөлігін жақсы тиімді жұмыс жасауға.

1 \ 12 бөлігін тамақ ішуге (таңертеңгілік, түскі ас, кешкі ас);

2 \ 8 бөлігін спортпен айналысуға.

8 сағатын ұйқыға.

Дымбілмеске көмектесейік жоспары орындала ма,әлде жоқ па?

3. Амалдарды орындаңдар:


1) 2) 3)


4) 5)


Тест тапсырмасы: MyTestX бағдарламасы арқылы беріледі.

1.Көбейтуді орында: . (бір жауап)


А) ; Ә) ; Б) ; В) .


2. Бөлуді орында: : (көп жауап)

А) Ә) Б) 1 В) Г)

3. Сәйкестендіру

1)5 ; 2) 72 санының бөлігін тап; 3) 2 ; 4) = .

1) , 2) ; 3) ; 4) 32 ;

4. Өсу ретімен орналастыр:

1) көбейтуді орында; 2) бөлігі 60-қа тең санды тап.











3) Амалдарды орында: ; 4) Теңдеуді шеш: = .

1)100 ; 2)22 ; 3) 3 ; 4)

5. Ия,жоқ

1)Бөлшектерді қосқанда алымын ,алымына,бөлімін бөліміне қосамыз.

2) Математикада бес амал бар.

3)Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосқанда ортақ бөлімге келтіреміз.

4) Аралас сандарды көбейткенде алымдары көбейтіледі.

5)Бөлшектің алымын да,бөлімін де бірдей санға көбейтуге,бөлуге болады.


4. MyTestX бағдарламасымен бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келем, бұл бағдарламаның авторы Башлаков А.С. Бағдарламаны өз компьютеріңізге құйып алған соң мына түрдегі үш белгі жұмыс үстеліне орналасады.Бағдарлама оқушылармен тақырып бойынша,тарау бойынша тест жұмыстарын жүргізуге арналған. Бұл арада мұғалімнің көп жұмыс жасауына тура келеді,себебі өзіңіз сабақ беретін сыныптың деңгейіне қарап тест есептерін мұғалім өзі құрады,ол бағдарламаның Editor атты бөліміне кіріп тест есептерін жазамыз. Бұл жерде тест бірнеше түрге бөлінеді,қазіргі жаңа форматтағы ҰБТ есептері , КИО олимпиадасындағы тест есептері сияқты . Тест есептері дайын болса мүғалім бағдарламаға жаза бастайды,ол тест есептері Student бөліміне түсіп ,оқушы берілген тест есептерін компьютер арқылы орындай бастайды. Бұл бағдарламаның тиімділігі сол ,компьютер оқушы жұмысын тексеріп бағалап береді,жай сабақтағы сияқты мұғалім оқушы жұмысын тексеруге уақытын жібермейді. Сыныпта тест жүргізу үшін ,барлық оқушылармен қайталау сабағында бір компьютерде жарайды. Ал жеке оқушының білімін тексергіміз келсе оқушыларды топтарға бөліп барлық оқушыларды компьютерге отырғызуымыз керек.Қазір өзім сабақ беретін сыныптарға тарау бойынша,кейбір тақырыптар бойынша тест құрастырып осы бағдарламаға салудамын,ондағы мақсатым әр сабақ алдында оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеріп отыру.

Тест түрлері: 1.Бір жауабы бар .2. Бірнеше жауабы бар.3.Сәй

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!