Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама Тақырыбы: «Мектеп жасына дейнгі балаларды оқытуда интерактивті ойындарды қолдану ерекшеліктері»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«BABY CARE» балабақшасы
Баяндама
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейнгі балаларды оқытуда интерактивті ойындарды қолдану ерекшеліктері»
Тәрбиеші: Ахметова Г.Т.
Семей-2021жыл
«Мектеп жасына дейнгі балаларды оқытуда интерактивті ойындарды қолдану ерекшеліктері»
Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:
ойлану - ең ізгі жол;
Еліктеу – ең жеңіл жол;
Тәжірибе жолы – ең ауыр жол.
Бенедикт Спиноза
Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны
ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі
ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс
таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке
тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке
дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар
мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға
бағытталған.
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің
болашағы.
Білім берудің алғашқы
деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты - мектепке дейінгі білім
балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз
ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық,
психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық
шеберлікті, бабалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді
талап етеді.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде
қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне
тоқталайық.
Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе
отырып, “жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын”. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
«Интерактивті» сөзін ағылшын тілінен аударғанда «бірлесіп әрекет жасау» деген мағынаны білдіреді. Білім берудегі интерактивтік технология -бірін-бірі толықтыратын және барлық балалардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту технологиясы. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «интерактивті оқыту әдісі».
-
Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;
-
Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау;
-
Өздерін – өздеріне бағалату;
-
Іс – әрекет барысында білім алу;
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты
дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа
жету. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық
қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек
те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын
балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана
қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де
қалыптастырады.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін
қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.
Дамыта оқыту
технологиясы - баланы оқыта
отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс,
мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік,
белсенділік т.б. қасиеттер дамыту.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру
құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру
құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта,
интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу
әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық
сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген
интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға
мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып,
қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық
оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші
әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған
болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты
тиімді және ұтымды пайдаланар еді.
Заман талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ
(Ақпараттық
коммуникациялық технология) оқыту процесінде кенінен пайдаланады. Түрлі танымдық
салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда. Баланың жас
ерекшелігіне және пайдаланатын компьютерлік бағдарламаларға
сай интерактивті тақта ойындағы баланың оппоненті, бағдарлаушы
(әңгімелеуші), жаттықтырушы болуы мүмкін.
Оқытуда балалардың түрлі психикалық
функцияларын дамытуға араналған пайдаланатын компьютерлік құралдар
бар: олар қөру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық
ойлау, т.б.
Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда оқуға,
жаңа білім алуға деген құштарлық туғызады.
Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну
құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді.
Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы (түс, графика,
дыбыс, замануи видеотехникалық құралдар) түрлі жағдайлар мен ортаны
моделдеуге болады. Мультимедиалық бағдарламаларға еңгізілген ойын
компоненттері үйренушінің таңымдық әрекетін белсендіреді және
материалды ұғынуды күшейтеді.
Мен Таным білім беру саласы бойынша, көркем әдебиет сабағында компьютерді пайдалана отырып, балаларға тосын сый:сыйлық, дидактикалық ойындар: Бұл қай жыл мезгілінде болады? (Балалар суреттерге қарап сыйпаттау), «Кім қалай жүреді?», («Үйшік» ертегісінің кейіпкерлерінің жүрісін, дыбысты есту арқылы қыймыл жасау) , Сергіту сәті (Бақа биін билеу), «Құйрығын тап» (үрлестірмелі материалдар) міне осындай интерактивті оқыту әдістерін қолдандым. Сонымен қатар Луллия шеңбері «Осындай түстерде не болады?», «Балықтарды сандарға сәйкес қой» дидактикалық ойындарды математика негізі сабағында қолдандым.
Оқытуда пайдаланатын интерактивті құралдар: тақта,
компьютерлер балаларды диагностикалауда жақсы көмекші болып
келеді:
-
Зейінің дамытуда
-
Есте сақтау қабілетін дамытуд
-
Ойлау қабілетін дамытуда
-
Тілің
-
Жеке тұлғасың дамытуда
-
Оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда
Ақпараттық мәдениетке бейімдеу – ол тек қана компьютерлік сауаттылық емес, сонымен қатар этикалық, эстетикалық және интеллектуальдық сезімін меңгеруі болып табылады. Балалардың онай түрде түрлі электронды, компьютерлік жаңалықтармен жұмыстана білу тәсілдерін меңгеруі сөзсіз. Бала бір минутта 1 мыңға дейін шартты бірлік ақпаратты қабылдап өндей алады, ал көру органдары «қосылғанда» 100 мың шартты бірлік ақпаратты қабылды деген эксперимент арқылы дәлелденген. Мектепке дейінгі ересек жастағы балада ырықсыз зейіні жақсы дамығаны белгілі, бірақ балаға ақпарат қызықты, көрнекілік болғанда зейіні жинақталатыны, жағымды эмоциялар туғызатыны да белгілі. Компьютерді біріккен және өзбетімен әрекеттенуде қолдану баланың мотивациясын көтеру және оқуға деген жекелендіруінің бір тиімді тәсілі болып келеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады және жағымды эмоциялық фон туғызады. Осыдан АКТ-ні оқытуда пайдаланудың тиімділігі көрінеді.Мектепке дейінгі мекемелерде АКТ пайдалану балаларда қоршаған ортаның ақпарат ағымын бағдарлай білу дағдыларын дамытуға, ақпаратпен жұмыстанудың практикалық тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, заманауи техникалық құралдар арқылы ақпаратпен бөлісу дағдыларын дамытады.Оқу іс-әрекеттерінде АКТ пайдалану түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту тәсілінен гөрі әрекет жасауға көшу мүмкіндігін береді, бала педагогикалық ықпалдын пассивті обьектісі емес, белсенді субьекті болады. Осы, мектепке дейінгі балаларды саналы білім алуға әкеледі.
Интерактивті оқу іс-әрекеттерін өткізу бөлмесі келесі міндеттерді орындайды:
-
балаларды жаңа технологиялары арқылы оқыту;
-
сауық және ойын орталығы;
-
мұнда көлемді білімдендіру және сауықтыру міндеттер орындалады;
-
балаларға және тәрбиешілерге жұмыстануға өте жағымды жағдайлар туғызады;
-
балаларды компьютерлік технологияның мүмкіндіктері мен дағдыларымен таныстырады.
Интерактивті тақтаны пайдалану
Оқытуда интерактивті
кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді.
Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және
педагогикалық инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде үнемі қолдану
дайындығы әртүрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігін көтереді.
Бірнеше технологиялардың пайдаланудың әсері, оқыту
нәтижесінін сапасын күшейтеді.
Электрондық жүйеде оқытуда мультимедияны пайдалану, балаларға
ақпаратты беру жылдамдығын, оны түсінуді көтеріп ғана қоймай,
соңымен қатар мынандай маңызды сапаларды интуиция, образдық ойлауын
дамытады.
Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті тақтаны пайдалану тәсілдері
өте көп. Бұлар презентациялар, интерактивті оқыту бағдарламалары,
графикалық, бағдарламалық орталықтарда жобалар
құрастыру.
Интерактивті тақтаны пайдалануда қандай дағдылар болу қажет:
-
Компьютерді қолдана білудің бастапқы білімі
-
Word, Power Point бағдарламаларымен жұмыстану
-
Интернет жүйесінде жұмыстану практикасы (бейнелерді, әзір презентациялар мен оқыту бағдарламаларын тауып алу).
Баланың сезім тәрбиесі, баланың қабылдауын дамыту және қоршаған әлемдегі заттардың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру: пішіні, көлемі, түсі, салмағы, кеңістіктегі орны, шығаратын дыбысы, т.б. болып табылады.