Материалдар / Баяндама. Тақырыбы: Оқыту үрдісіндегі педагогикалық технологияларды сабақтарда пайдалану

Баяндама. Тақырыбы: Оқыту үрдісіндегі педагогикалық технологияларды сабақтарда пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндамада жаңартылған бағдарлама боынша сабақта қолданатын әр түрлі әдістер айтылады.Педагог мұғалімдерге зор септігін тигізетіне сенімім мол. Бағдарлама бойынша айта кетсем-Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Жоспар:

Кіріспе:

1.Бастауыш сыныптардағы тиімді технологиялар

Негізгі бөлім:

1.Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

2.Ойын арқылы оқыту технологиялары

3. Дамыта оқыту технологиясы

4.Түсіндіре оза оқыту технологиясы

5.Оқытудың ізгілендіру технологиясы

6.Зерттеу жобалау технологиясы

Қорытынды:

1. Өз болмысын таныта алатын жеке тұлға






























Кіріспе

Жаңартылған білім берудің негізгі мақсатына қатысты қазіргі қоғамда жаңа ұғым пайда болды. Мұғалім ең алдымен оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын сара жол.

Бүкіл дүние жүзіндегі болып жатқан осындай құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Яғни, оқушылар мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, осы алған мәліметтері пайдалы болатындай ойланулары керек. Олар жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары қажет. «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының ерекшеліктері өзекті мәселе. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген АҚШ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит, Чарльз Темпл. Бұл жоба атақты ғалым зерттеушілер Ж. Пиаже мен Л.С. Выготскийдің даму теорияларын басшылыққа алады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген құбылыс пен заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған тақта секілді таза, пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті-баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру. Бұл міндетті жүзеге асыру оқушыны іс әрекетті атқарушы объектіден нәтижесінде жеке тұлғаның өз ісін өзі басқаруға, орындауға қабілетті субьектіге көшіру арқылы мүмкін болады.

Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту саналы деңгейге көтеру – бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, яғни, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді.

Инновациялық тұрғыдан білім беру жүйесі ақпараттандырумен тығыз байланысты. Білім беруді ақпараттандыру дамуының жаңа кезеңінің ерекшелігі – бұл проблеманың инструментальдық емес, мазмұндық аспектілерінің басымдылығында және олардың шешілуінен білім сапалығы, оның әлеуметтік мәнділігінің орны анықталады. Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, ойлау стилі бастауыш сыныптан-ақ оқушыларда жете қалыптаса бастайды. Оқушылардың бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды адамзат іс-әрекетінің түрлі салаларында қолдана білудің қажетті дағдыларын игеріп үлгеруіне мүмкіндік туады.

Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту. Бұған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі нақты дәлел. Бүгінгі таңда алдымызға қойып отырған басты мақсат – оқушыларға тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, талантты жастарды тәрбиелей отыра, еліміздің мүддесіне қызмет етуге бағыт-бағдар беру. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше.

Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Жалпы алғанда, жаңа технологиялардың 40 - астам түрлері бар.

Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа технологиялар элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр. Жаңа технологиялар арасынан ақпараттық технологиясына назар аударсақ, оқытудың ақпараттық технологиясын оқу үрдісінде тиімді қолдану үшін бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті, психологиялық, тұлғалық, әлеуметтік және физиологиялық даму ерекшеліктерін есепке алу керек. Ақпараттық технологияны қолдану барысында ескере өтетін ерекшеліктер:

Оқу іс-әрекетіндегі ерекшелік – ақпараттық технология арқылы білім беру үрдісін ұйымдастыру бастауыш сынып оқушыларының оқу материаларын жеңіл меңгеруін, компьютерде жұмыс істеу дағдыларымен қарулануын жүзеге асырады.

Психологиялық ерекшелік – ақпараттық технологияны мектепте қолдану бастауыш сынып оқушыларының білуге, оқуға құштарлығы, танымдық қызығушылығы, қиялы, логикалық ойлауы мен есте сақтау қабілеттерінің дамуына үлкен септігін тигізеді.

Тұлғалық ерекшелік – бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның өзіндік оқу-танымдық әрекетін дамытуға бағытталған. Бастауыш сынып оқушыларының өз мүмкіндігін көрсете білуі үшін ақпаратты өзіндік іздеу, жоспарлау, бөлшектеу, біріктіру, суреттеу, жалғастыру және тиімді пайдалану, өз іс-әрекетінің дұрыстығын тексеріп бақылау икемділігін бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі.

Ақпараттық технологияны бастауыш сыныпта қолдану барысында оқушылардың оқу икемділігі дамиды. Шығармашылық оқу икемділігі, өзіндік жұмыс жасауды жоспарлау, бақылау, бағалау икемділіктері дамып, өзіндік ойлау икемділігі өрбіп, компьютер арқылы оқу материалдарын, оқыту және бақылау бағдарламаларын іске қосу, орындау дағдылары қалыптасып, компьютерлік стандартты бағдарламалармен, электрондық оқу басылымымен жұмыс жасау икемділіктері жетіле түседі.

Сын тұрғыдан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту арқылы

  • Мақсатым: Әріптестерімді сын тұрғысынан ойлау стратегияларымен жетік таныстыру

  • Міндетім - мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулімен таныстыра отырып ,сабаққа деген көзқарасын өзгерту, тәжірибесін жетілдіру, әр сабақты Блум таксономиясына салып жоспарлау, жаңа заман талабына сай жаңа әдіс-тәсілдермен қызмет ету қажеттілігін таныстыра кетіп, сыни тұрғыдан ойлау жолдары туралы мағлұмат беру. Өзімнің бұл модуль туралы білгендерімді әріптестерімнің білімдерімен толықтыру арқылы негізгі бөлімді мазмұнды етіп өткізуге кері байланыс орнату арқылы қол жеткіздім. Мұғалімдер қауымы білімдерін толықтырып, сыни ойлау әдістерімен кеңірек танысып, сабақтарындағы тиімділігі және сыни ойлауды дамытудың әдіс-тәсілдерін іс-тәжірибеде қолданудың қажеттілігін түсінді.

Мен үшін бұл модуль неге маңызды? Әртүрлі жастағы оқушыларға кез келген мәселені сыни тұрғыдан қарап, ақпараттарды талдап, салыстырулар жүргізе, дәлелдер бере отырып, өз бетінше білім игеруіне маңызды. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушылардың, мұғалімдердің ойлануына әер етеді. Бұл әдістерді қолданғанда оқушылар аса жоғары белсенділік танытып, қызығушылықпен жұмыс істейді. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы қабілеті төмен оқушылармен жұмыс кезінде оларды жаңа қырларын білуге көмектеседі.

Сабағымды мұғалімдерді өмірдің мәнін еске салатын, жаңа басталған күнге деген құлшынысқа арналған «Жаңа күн» бейнефильмнен бастадым. Әріптестерімнің көңіл-күйлері көтеріліп қалды. Келесі кезекте оларға түрлі күлегештерді пайдалану арқылы дәл сол мезеттегі көңіл- күйлерін анықтауын өтіндім. Әрі қарай геометриялық фигураларды таңдау арқылы топтасуларын сұрадым. Топтасудан кейін сол фигураларды таңдаған адамдарға сыни түрде берілген сипаттамаға назар аударттым, ой салдым. Әрі қарай «Миға шабуыл» арқылы «Мюнстерберг» әдісін пайдаландым. Сабаққа қызығушылығын арттыру үшін әр топқа логикалық ой қозғауға сұрақтар бердім. Әріптестер ойларын біраз жинақтап, қызығушылық танытты. Осы кезде « Ыстық орындық» ойыны қолданылды .Сонан соң ақ орамал, ер адам, әке-шешесі,үй, 20 жыл сөздерімен қысқаша мәтін құруға тапсырып, «Болжау» әдісін қолдандым. Әрі қарай «Ақ орамал» әңгімесін өзім үзіп отырып оқып бердім, мұғалімдер мәтіннің жалғасын жорамалдап, өз ойларымен бөлісті, сыни тұрғыда ойлана жауап берді. Негізгі бөлімде «Оқытудың 7 модулі» және «Сын тұрғысынан ойлау модулі» туралы мағлұмат беруден бастадым. Презентация арқылы модульдердің мақсатымен, бірнеше тиімді стратегияларымен таныстырдым, Блум таксономиясының жасалу жолдарын түсіндірдім.

Келесі кезеңде сын тұрғысынан ойлаудың «Ақылдың 6 қалпағы» стратегиясы арқылы «Өкініш. Сағыныш» тақырыбына ой қозғадық, бұл тапсырманы орындамас бұрын алты қалпақтың жұмысына сипаттама бердім. Топтар қызыға талқылады. Өз жұмыстарының орындалуын бағалауда «Бағдаршам» сигналдарын қолданды. Қызыл сигналды мұғалімдерге бағыт-бағдар, кеңес берілді. Алты қалпақты иеленген мұғалімдер өз пікірлерін ортаға салды Мұғалімдер тапсырманы жақсы деңгейде орындады. Бұл жұмыс соңында әріптестерім сын тұрғысынан ойлау технологиясының осы әдісін сабақта пайдалануға қызығушылықтарын білдірді. Бұл әдістің оқушылардың ойын шыңдап, мәтін мазмұнын ашуға көп пайдасы бар екені айтылды. АКТ пайдалана отырып, «Қызыл өрік» биін биледік. Келесі тапсырма «Дананың кілттері» болды, оған «Егер мен...», «Мен ешқашан...», « Керісінше... не ешқашан болмайды?» тапсырмаларын алдым.Бұл тапсырма да мұғалімдерге жаңалық әкелді, қазақ тілінен қолдануға тіптен болатынын айтып, қызығушылық білдірді және топтар бір-бірін ыммен бағалады. Көру айғағы бойынша сыни тұрғыдан ойлауға «Қошқар мен теке» мультфильмінің бейнежазбасын алдым, топтарға проблемалық сұрақтар қою мақсатында «Кубизм» әдісін көрсеттім. Мультфильмнің идеясы, мазмұнына байланысты сұрақтар құрастыру, өмірмен байланыстырулары, талдаулары сәтті өтті. Бүгінгі коучингты саралау үшін осы тақырыпқа байланысты постер жасау тапсырылды.Әріптестерім бұл тапсырманы да жақсы меңгерді, топ басшылары оны жақсы қорғап,соңында ұнаған топтарына «2 жұлдыз, 1 тілектерін» жазды. Сабақ соңында алған білімдері мен әсерлері жөнінде сауалнама алдым. Сабақ көңіл-күйлерінің көтерілгендігін білдіретін күлегештерді көтерулерімен аяқталды.



Ойын технологиясын бастауыш сыныпта қолдану тиімділігі

Білім  беру жағдайындағы инновациялық үрдіс – педагогикалық идеяның, деректер мен тұжырымдамалардың, теорияның, әдіс-тәсілдердің жаңа сапалық өзгерістерін қамтамасыз ететін үрдіс, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту. Оқушының құзіреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялардың алатын рөлі зор.

Бастауыш сатыдағы оқытуда  ойын технологиясын сабақ барысында қолдану тиімді әрі  жеңіл. Ойын технологиясы сабаққа ойын түрлерін тиімді кіріктірумен жүзеге асырылады. Ойындар - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген екен. Ендеше, сыныпта және сыныптан тыс уақытта ойын технологиясын пайдаланудың нәтижесіқандай?
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.    

Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?

1.Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

2.Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше  шеше білуге үйретеді.

3.Оқу процесінде алған білімді нақты әрекетте қолдана білуге мүмкіндік береді.

4.Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

5.Уақытты үнемдеуге үйретеді.

6.Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

7.Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

8.Оқушылар үшін қауіпсіз.

9.Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.

10.Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.

11.Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі

12.Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.

Әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Ойындар мынандай бөлімге бөлінеді.

1) Дидактикалық ойындар

2) Қозғалыс ойындары

3) Рөлдік ойындар

4) Грамматикалық ойындар

5) Фонетикалық ойындар

6)Лексикалық ойындар
7) Іскерлік ойындар
8) Интеллектуалдық ойындар
9) Ұлттық ойындар

Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.

Ұлттық ойындар отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал ретінде  баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады. Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. 

Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білімін өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады. Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибелерін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған.

Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады. Мұғалім ойындарды қолдану үшін жете дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Олар: грамматикалық лото, грамматикалық тренинг, грамматикалық гимнастика т.б.

Ойынға қойылатын талаптар мыналар:

- балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру

- баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру

- білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету

- ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету

-баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдылармен сәйкес келетіндігі.[3, 12б ]

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А.С. Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады» - деп балалар ойынын жоғары бағалаған. [5, 36 б ] Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен әрі сапалы орындайтын болады.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Сонымен бірге оқушы ұлттық құндылықтар туралы мағлұмат алып, халықтың өзіндік ерекшелігі мен мәдениетін құрметтеуге талпынады.


Дамыта оқыту технологиясы

Негізгі көздейтін мақсатым:

Жаңа технологияны кеңінен қолана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыстануын дағдыландыру

Теориялық білімді тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрету

Оқушылардың компьютерлік іскерлігін дамыту

Міндеттері:

Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастыру

Оқушылардың өз бетімен білім алуына көмектесу

Күтілетін нәтиже:

Қызығушылықты оятады

Сабақ беру әдісі өзгереді

Оқушылар ізденуге үйренеді

Уақыт тиімді пайдаланылады

Оқушылардың даму деңгейін үнемі бақылап отырамыз

Тыңдау, жазу, сөйлеу, оқу біліктіліктері артады.

Ең алдымен жаныма жақын, өз іс-тәжірибеме ертерек еніп кеткен әдіс – сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясына тоқталғым келеді.


Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет – ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деген түсінік береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады. Бұл оқушылардың да мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбіне қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс – әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Бұл жолдағы ең оңай тәсіл балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.

Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан – жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады. Кейбір сабақтарымда кедергілерге ұшырасам да,оны жеңу жолдарын іздестіре бастадым . Сын тұрғысынан ойлау модулін реті келсе әр сабақта қолданған ұтымды .

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, «Т» кестесі, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы, кубизм , дискуссиялық өрнек, кластер, ішіне сыртына , синквин, т. б.

Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Shape2

Бастауыш сыныптарда оқытуда мына төмендегі айтылып отырған оқыту қағидаларын қажет етеді



Shape3

1. Оқушылардың оқудағы белсенділігін , десбестігін, инициативасын арттыру








Shape4

2. Оқу іскерлігі мен дағдыларын, зерттеушілік, рефлексивті, өзін-өзі бағалауын дамыту





Shape5

3.Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту







Shape6

4. Өмірмен байланысты оқыту қағидасын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін оқыту әдістерін қажет етеді.









Бастауыш сынып оқушылары үшін ең жоғарғы бедел иесі мұғалім. Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Оқу мен оқытушы ол үшін бөліп – жарғысыз нәрсе. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тұрақтанған қалпы бар сала- бастауыш мектеп. Әйтсе де соңғы уақыттарға дейін бастауыш мектеп балаларды оқу, жазуға, есептеуге ғана үйрететін, қоршаған орта, қарапайым дүниетанымға жалпы түсініктер беретін білім ошағы болып саналады. Қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды.

Бастауыш сыныптардағы оқытудың мазмұнында оқытылатын пәндер ерекше орын алады. Мұнда пәннің алдына қоятын ең негізгі мақсат, міндеттерінің бірі:

Shape7

Бастауыш сыныптағы оқытылатын пәндердің негізгі ерекшеліктері




Shape9 Shape8

Shape10

Shape11

Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, адамгершілігін, азаматтық тәрбие беру;





Shape12

Жазушы туындысына бейнеленген дүниелерді эстетикалық тұрғыдан қабылдауға қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру;




Shape13

Оқушының логикалық ойын, ауызша сөйлеу және жазба тіл мәдениетін қалыптастыру








Оқушының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруды оқытудың жаңа технологияларын оқу үдерісіне еңгізудің маңызы ерекше.

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.




Shape14

Қабылдаушы



Shape15



Shape17 Shape16

Орындаушы

Тыңдаушы




Shape18 Shape19








Shape20

Бұрынғы оқушы









Shape21 Shape22

Дүниетанымы қалыптасқан


Shape23

Дарынды , өнертапқыш


Shape24

Shape25 Shape26



Shape27

Өз алдына мақсат қоя алатын


Shape28

Ізденімпаз, талантты





Shape29

Қазіргі оқушы





Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Басты мақсаты оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Сабақта Сыни тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша жоспарланған сабаққа қалған модульдерді еркін енгізуге болады деп есептеймін. Оқушылар сабаққта қалай оқу керектігін меңгереді және дағдыланады. Яғни метатаным пайда болады. Өздері ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді. Дәстүрлі оқыту әдісінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту әдісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер- оқушы. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет. Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Менің әр сабағым диалогқа құрылды.

Топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы арасында, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Нәтижесі таңғаларлық! Оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» оқушылар «сөйлеп кетті».

Оқушы бұл сабақта аз ғана нәрсені айта отырып, өзіне көп нәрсе ала алады деп ойлаймын.

 Осы сыныпта Әуелбек Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы», Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» оқыған кезде Білгенім, үйренгенім, үйренгім келеді стратегиясын қолдандым.











Түсіндіре оза оқыту технологиясы


Оза оқыту – бұл қарапайым кәдімгі тақырыптық бағдарлама тізбегіне көмекші құрал. Мұнда жаңа тақырып оқу бағдарламасында берілген уақытынан бұрын әр сабақта қысқаша түсіндіріліп отырады. Бұл толықтыру уақытты үнемдеу және оқушыларды үнемі жаттықтыру арқылы жаңа материалды тез игеруге жол ашады.

Түсіндіре басқару - әрбір оқушыны іске жұмылдыратын сабақтың қозғаушы күші. Мәселен, жақсы оқитын оқушы түсіндіріп тұрады, ал қалғандары өздерінің күш-жігерін жұмсап, оған ілесіп отыруға тырысады. Ал егер әлсіздеу оқушы түсіндірсе, ол да жауапкершілікті сезінеді, өйткені ол бүкіл сыныпты жетелеп жолдастарын соңынан ертіп отыруы керек. Түсіндіре басқару үш түрлі әрекетті ойлаймын, айтамын, жазамын қатыстыра отырып, оқу еңбегін ойлы етуге мүмкіндік береді және сонымен бірге кері байланысты қамтамасыз етеді.

Мұғалімнің оқушылардың білім дәрежесін қадағалап, артта қалушылықты дер кезінде байқауына, білім мен білікті меңгеруде ілгері болуын қамтамасыз етеді.

Тірек үлгілері, немесе жай ғана сүйеніштер дегеніміз сабақты түсіндіру сәтінде оқушылардың көз алдында туындап, кестелер, карточкалар, әшекейлік полотно, сызбалар, сурет түрінде көрінетін тұжырымдар. Үлгілермен жұмыс істеудегі маңызды шарт – сабақта ілініп тұрмай, үнемі іс-әрекетке қосылуы тиіс. Сонда ғана олар мұғалімнің жақсы оқытуына, оқушылардың оңай оқуына көмектеседі.

Н.П. Гузик «Сынып ішілік деңгейлік саралау»

Бұл технологияны автор «деңгейге қарап сыныпішілік саралап оқыту» және дамытушы сабақтар циклы бар «қиыстырылған оқыту жүйесі» - деп атаған.


Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар бес типтен құралады:

-тақырыпты жалпы талдау сабақтары (дәрістер);

- қиыстырылған семинар сабақтар (оқушылардың оқу үрдісінде оқу материалдарын тереңдей талдауы);

- қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сынықтар);

- материалды пәнаралық қортындылау сабақтары;

- тақырыпты тапсырмаларды қорғау сабақтары, практикум сабақтар.


Балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктері мен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі. Сондықтан да мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде: жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны бағалау кезінде деңгейлепсаралап оқытуды ұйымдастырады. Онда әртүрлі қиындық дәрежесіндегі үш типті «А», «В», «С» деңгейлеу бағдарламасы алынады.

Деңгейлік бағдарламалары (деңгейлік тапсырмалар емес, тек бағдарламалар ғана) маңызды екі тұсты қарастырады:

а) белгілі деңгейдегі білім, білік, дағдының меңгерілуін қамтамасыз етеді (репродуктивті деңгейден шығармашылыққа дейін);

б) балалардың белгілі деңгейді өз бетімен оқуына, білім алуына жағдай жасалады (мұғалім тарапынан көрсетілетін тұрақты көмек, үлгі бойынша жұмыс, кеңес беруден бастап, өз бетінше толық жұмыс істеуге дейін).

Дамыта оқыту Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:

- оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек,

- іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою,

- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне таратуы қажет ол үшін екі шартты орындау керек.

1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек.

2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.

3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып оның басқа міндеттрді шешу үшін қаншалықта пайдалануға болатынын түсіндіреді.


Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.

Бүгінгі өскелең ұрпаққа тәлім тәрбие үйретіп, білім беру әр ұстаздың міндеті. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап, болжам жасатып, мақсат қойып, іс қылуға сұрақ беріп жауап алуға мазмұндық толық түсінуге жағдай жасалынған.


Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімді жақтары

1. Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады.

2. Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды.

3. Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.

4. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілік қарым-қатынастар орнайды.


Сонымен, оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы ең алдымен мұғалімнің өз міндетіне, шеберлігіне байланысты. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан да жоғарыда айтылған жаңа технологиялар – жетістік көзі.


Оқытуды ізгілендіру технологиясы

Ізгілікті тұлға педагогикасы- Ізгі Адам тәрбиелеуді өзінің басты мақсаты етіп қояды. - Ізгіліктік педагогика- педагогиканың рухани аспектілерін анықтай отырып, оның жаңа Ізгіліктік қырын ашады. - Рухани-ізгіліктік педагогика- Руханилық және Ізгілік ұғымдары тығыз байланысты, ол екеуі ізгілік педагогикасының негізін құрайды. Қазіргі таңда еліміздің оқу орындары мен педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалылыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды.Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға еніп келеді.Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі.Түсіндірме сөздікте «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Лихачев педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсаткөздей отырып әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді.Ал технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, «бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым» дейді.

Бір технологияның өзі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданып жүргені мәлім.Бірақ, мұғалімдер оны өз тәжірибелерінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды.Сондықтан біз оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.Поташник ұсынған критерийлерін көрсете отырып, олардың (технологиялардың) кейбіреуіне талдау жасап көрелік.Критерийлері мыналар:

- елдің, аймақтың, қаланың талап-тілегі – мектепке әлеуметтік сұраныс;

- мектептің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар – мемлекеттік сұраныс;

- қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;

- педагогикалық озат тәжірибе;

- мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы, шығармашылығы;

- мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.

Бұдан педагогикалық технология барысында алынып отырған

технологияның мектеп мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы, жүйелілігі, және тиімділігі, т.б.ескерілуі керек деген қорытынды шығады.

Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты.Оның құрылымына мыналар кіреді:

а) тұжырымдық негізі; ә)оқыту мазмұндық бөлімі (оқытудың нақты және жалпы мақсаты және оқу материалдарының мазмұны); б) үрдістік бөлім – технологиялық үрдіс (оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары, мұғалім жұмысының әдістері мен формалары, мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті мен оқу үрдісінің диагностикасы).

Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне мыналар жатады:

- әрбіроқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;

- оқушылардың қабілеттері мен ерекшеліктерін арттыру;

- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа педагогикалық технологияларға ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, мәселелік оқыту технологиясы, тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы, түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы, модулдік оқыту технологиясы

және жобалап оқыту технологиясы кіреді.Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты – талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері мына төмендегідей:

- мұғалім – оқушы, оқушы –мұғалім, оқушы – оқушы.Оқушы да субьект,

мұғалім де субьект;

- оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас;

- оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық

қарым-қатынас.

Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.Аманашвили.Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты – баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

Мәселелік оқыту технологиясының негізгі мақсаты – оқушыны өз бетімен ізденугу үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.Мәселелік оқыту технологиясының ерекшеліктері мынадай:

- оқушының белсенділіктерін арттыру;

- оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;

- оқушы материалды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.

Тірек белгілері арқылы технологияның негізін қалаған В.Шаталов болды.

Бұл оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты көздейді:

- білім, білік, дағдыны қалыптастыру;

- барлық баланы оқыту;

- оқытуды жеделдету.

Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:

- үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;

- жеке бағдарлы қарым-қатынас,ықпал;

- ізгілік, еркімен оқыту;

- әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;

- оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Модулдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген.Модулдік оқытудағы негізгі мақсат – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы

жұмыс істеуге үйрету.

Модулдік оқытудың өзегі – оқу моделі.Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша

берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты

бағдарламасынан тұрады.

Модулдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше

жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойыншаоқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықпен қалыптастыру.

Зерттеу, жобалау технологиясы

Жұмыс  мақсаты: бастауыш  сынып  оқушыларына  жобалық  оқыту  технологиясының  әдіс-тәсілдерін  үйрету, сабақтары  барысында  және   сабақтан  тыс  уақытта  оқушылардың  жоба  жұмыстарын  ұйымдастыру  тәжірибесін  талдау, оның  тиімділігін  анықтау. Оқушының өзіндік іс- әрекетін қалыптастыратын өмірлік жағдаяттардың  шешімдерін таба алатындай білім беру әдіс- тәсілдер жиынтығы болып келетін оқыту технологиясын зерттеу, өзіндік тәжірибеде қолдану, көздеген нәтижелерге жету.

Міндеттері:

оқушының ғылыми — зерттеушілік іс- әрекеттерін қалыптастыру;

  жобаның кезеңдерінің технологиясын  меңгеру және оқу- тәрбие

үрдісінде қолдану;

-оқушы тұлғасының  өзіндік дамуын жүзеге асыру;

-   оқушының ерекше (жобалық) ойлау қабілетін және өмірге деген ғылыми көзқарасын қалыптастыру;

- оқушыларға  болашақ мамандықтарды жобалауға , оған дайындалуға

жәрдемдесу;

-   оқушының шығармашылығын дамыту;

- оқушы дамуына мониторинг жүргізу.

Күтілетін нәтиже: жеке тұлғаға , тәжірибеге бағытталған, үздіксіз білім беру принциптеріне негізделген танымдық іс- әрекетті ұйымдастыру формаларын, әдістемелерін, оқу бағдарламаларын, авторлық зерттеулерді жасақтау. Жаңа  жобалап  оқыту  технологиясы   оқу – тәрбие   үрдісінде  жоғарғы  нәтижелер  береді:

* Сабақтың  нақты  мәнін  терең  ашуға  көмектеседі.

* Оқушылардың  барлығын  сабаққа  қатыстыруға  мүмкіндік  туады.

*  Оқушылардың  әрқайсысының  деңгейін  анықтай  аласың.

*   Оқушыларды  түгелдей  бағалау  мүмкіндігі  туады.

*  Оқушыларды  ізденіске  баулып, өз  бетімен  жұмыс  істеуге

     дағдыландырады.

 *Оқушылардың   қабілеттері, сөз  саптау  еркіндігі,  ұйымшылдығы, шығармашылық  белсенділігі  артады.

* Жеке  шығармашылығын  шыңдауда, өзіне  деген  кәсіби  сенімін  қалыптастырады.

Ол  оқушылардың  неғұрлым  өз бетінше  білім  алып, оны  іс  жүзінде  қолдана  білу  қажеттілігін  тәрбиелеуге  бағытталған. Оқушылардың зерттеу жұмысын  ұйымдастыру және  жоба  жұмысын  жасау  мақсатты, әрі  жүйелі  түрде  бағыттау  керек  екені – бүгінгі  күнің  талабы. Сондықтан  да  жобалау  технологиясының тиімділігі  күннен  күнге  артуда. Бұл  технология  әлемдік  педагогикада  жаңалық  емес. Жоба әдісі  оқушылардың бір проблеманы шешуін талап етеді. Ал проблеманы шешу үшін олар бір жағынан әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданса, екінші жағынан әр түрлі пәндерден алынған білімнің интеграциясын пайдалануы керек.
Ағылшын  тілінен  аударғанда  «cooperative (корпоротив лёрнинг) learning» — «бірге үйрену», ал  латын тілінен аударғанда (проджектус) «projectus» —  «алдын  ала»  деген  мағынаны  білдіреді  деген  екі  ұғым  бар.

Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Шығармашылық қабілетті дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі өте тиімді болып табылады. Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет. Зерттеуші - оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізуге баланың балалығымен бірге  жүретін процесс. Зерттеу, іздеу белсенділігі – баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыруға, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. Ал бүгінгі күні бұл әдістеме оқытудың құзіреттік тәсілі жағдайында ерекше қажеттілікке ие. Зерттеушілік оқыту- баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құралған оқытудың негізгі тәсілі. Зерттеудің жобалаудан айырмашылығы мынада. Зерттеу алдын ала жоспарланған нысанды құруды көздемейді.Ол белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу процесі. Бұл - адамның танымдық әрекеттерінің бірі. Осылайша, жобалау мен зерттеу басынан - ақ әрекет түрлерінің бағыттары, мәні мен мазмұны жағынан түрліше. А.И.Савенков  “жобалау мен зерттеу бағыттылығы, мен мағынасы және іс-әрекетінің мазмұны бойынша әртүрлі ’’, атап көрсетті. Дегенмен жобалар әдісі мен зерттеу әдістерінің негізіне мыналар жатады:

  • оқушының танымдық білігі мен дағдысын дамыту;

  • ақпараттық кеңістікте бағдарлай алу білігі;

  • өз білімін өздігінен құрастыра алуы;

  • ғалымның әр саласының білімдерін кіріктіре алу білігі;

  • сын тұрғысынан ойлай алуы;

Екі әдіс те оқушылардың өзіндік әрекетіне бағдарланған (дербес,топтық, жұптық), оны арнайы бөлінген уақыт аралығында (сабақтың бірнеше минуттарынан бастап бірнеше апталар мен тіпті айлар аралығында) орындайды. Жобалау технологиясы және зерттеушілік әрекет технологиясы төмендегілерді қамтиды:

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Бірақ  оның  негізгі, түпкі  мақсаты  қай  кезде  болса  да  қала  бермек – оқушыны  білім  алуға  және  сол  білімін  мектеп  қабырғасынан  шыққанда  нақты  проблемаларды  шеше  білуде  қолдануға  үйрету.
Соңғы жылдардың ішінде мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан жақты қалыптасқан, бәсекелістікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу. Әрине сабақта әртүрлі жаңа технологиялар және олардың бөлшектері қолданылады. Бірақ оқушыларды білімді игеруде біраз проблемалар туындайды. Солардың ішінде мынадай өзекті мәселелерді атап айтуға болады:

1.«Жобалық  оқыту»  әдісі – жаңа  ғасыр  технологиясы.

2.Жобалық  оқыту  әдісінің  кезеңдері.

3.Жобалық  оқыту  технологиясы  бастауыш   сыныптың оқу –тәрбие үрдісінде   (сабақтар, тәрбие шарасы үлгілері)

Егер  оқушы  жоба  тақырыбын  дұрыс  таңдай  отырып, жоспарлай  білсе, оны  дұрыс  орындай  алса – ол  болашаққа дұрыс  бейімделген  тұлға  болып  қалыптасады. Әртүрлі  жағдаяттарда  дұрыс  шешім  қабылдай  отырып, әртүрлі  адамдармен  тіл  табыса  отырып, әр  ортада  дұрыс  бағыт-бағдар  бере  алады.

Жобаның  тиімділігі – көзбен  көріп,  құлақпен  естіп, есте  сақтай  отырып  оқушыны  ізденіске,  іскерлік  пен  танымдық  ынтаға, шығармашылық  қабілетті  жетілдіру  арқылы  түрлі  мәселелерді  шеше  білуге, тапқырлыққа, жаңа  ғылыми  ізденіске  жетелеуде. Жобалау  технологиясының  негізінде – оқушылардың  жұппен  немесе  топпен  бірігіп  дайындайтын  шығармашылық  жұмыстар .

Жоба  жұмыстарын  ұйымдастыру  үшін, оны  жоспарлай  білу  қажет:

Жоба  жұмысын  дайындау   кезеңдері:

 Бастапқы: негізгі  тақырыпты  анықтау;

Ізденіс: жоба  жұмыстарын, ақпарат,  әдебиет  көздерін айқындау, жоба  бойынша  жеке  жұмыстарды  топ  ішінде  ұйымдастыру;

Нәтижені  өңдеу: зерттеу  тақырыптары  бойынша презентациялар  дайындау;

Тұсау  кесу: жұмыстарын  қорғау;

Бастауыш  сыныптарда  жобалық  технологияны қолдануда әр оқушы :

Білімді  өздігінен  меңгеруге,  сол  білімді  жаңа  танымдық  және  тәжірибелік  мәселелерді  шешуге  жұмсауға  үйренеді;

Жобалау технологиясы және зерттеушілік әрекет технологиясы төмендегілерді қамтиды:

- кіріктірілген білім мен оны шешудің зерттеушілік ізденісін талап ететін проблеманың болуы;

- алынатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық маңыздылығы;

- оқушының өзіндік әрекетін;

- жобаның мазмұндық бөлігін оның кезеңдік нәтижелерін көрсете отырып құрылымдау;

- зерттеу әдістерін қолдану, яғни проблеманы және одан туындайтын зерттеу әдістерін анықтау, талқылау, ақпарат жинау, соңғы нәтижелерді рәсімдеу; алынған өнімнің тұсауын кесу, талқылаулар мен қорытындылар.

Зерттеу  жұмысының  негізгі  сатылары:

1. Ақпараттық  —  «не  істеу  керек?»

2. Жоспарлық  —  «бұған  қалайша  жетуге  болады?»

3. Шешім қабылдау  —  «іске асырудың жолдары мен құралдарын анықтау»

4. Орындау  —  «жүзеге  асыру»

5. Бақылау – «тапсырма  дұрыс  орындалды ма?»

6. Бағалау  —  «келесі жолы  нені  дәлірек  істеген  жөн?»

Зерттеу жұмысының басты шартыоның жаңалығы және өзектілігі. Жұмыстың сәтті болуы үшін зерттенудің  мақсаты  мен  міндеттерін ұғыну қажет.                                                                                                                   

 Мақсат бұл зерттеушінің ізденіс нәтижесі. Зерттеу мақсаты нақты және қол жетерлік болсын.

Міндеттерқадамдарды, мақсатқа жету кезеңдерін көрсету болып саналады.                                                                

 Жұмыстың өзектілігі –яғни бұл жұмыстың қазіргі кезеңіндегі проблемасы.





Қорытынды

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Білім – болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық- коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.

АКТ-ны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Өз сабақтарымда АКТ пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда да маңызы зор болды. Бұл оқушы және оқытушы жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді, жаңа нысандарды жасауға және жылжыту тиімділігіне жетеді. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Ақпараттық технологияларды педогогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, сабаққа деген ынтасы оянады, өз бетімен жұмыс істеуге, дебат ұйымдатыруға, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, өмірмен байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік береді.

Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту болып отыр.Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Әрине, маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деп текке айтпаған. Өйткені қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді.Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу.







Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1.     Н.А.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. // Ана тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012 ж.

2.     Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.

3.     Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. ІҮ том. Алматы, Ғылым, 1998ж – 437 бет.

4.     Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. Ү том. Алматы, Ғылым, 1999ж – 301 бет.

5.Құзыреттілік және ойын технологиясы // С.Буланов.

6. «Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу». Петров А.В. 2001.

7. «Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту». Калмыкова Е.В

8. Ойын технологиясының ерекшеліктері // Интернет.

9. Креативтілікті дамытудағы ойын технологиясы // Интернет.

10. Баспасөз материалдары.




ЖИ арқылы жасау
20 Қаңтар 2019
20944
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі