Материалдар / Баяндама тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамытуға арналған тапсырмалар»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамытуға арналған тапсырмалар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамытуға арналған тапсырмалар» қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2018
774
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ақмола облысы

Жақсы ауданы

Подгорное ауылы

«Подгорное орта мектебі» КММ




Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі:Аренова М.Ж.




Баяндама тақырыбы:

«Қазақ тілі сабақтарында

оқушылардың

тілін дамытуға арналған тапсырмалар»












2015-2016 оқу жылы







Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім берудің ізгілікті, дамытушылық сипаты және адамды қалыптастырудағы рөлі, жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр деген саясатты ұстана отырып, қазіргі заманға сай технологиялардың үлгілерін таңдап, сабақ барысында пайдалана білу – бүгінгі заманның талабы.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгерту өзекті мәселенің бірі екендігі баршаға мәлім. Бүгін заман өзгерді, қоғам алмасты, еліміз тәуелсіздік алды, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қайта жанданып жатыр.

Тіл дамыту дегеніміз не?

«Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманың жетілу, ширау, даму дәрежесі» - деп түсіндіреді тіл ғылымдарының ғалымы М. Балақаев.

Тіл үйренуде ең басты міндет- оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.

Тіл дамытудың шарттары:

1.Сөздік қорын дамыту.

2.Сөйлеудің грамматикалық жағын ескере отырып қалыптастыру.
3.Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
4.Әңгімелеуге үйрету.

Міндеттері :

Сөздікті дамыту.

Сөйлеу тілінің граматикасын қалыптастыру.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.

Диалогтік сөзді қалыптастыру.

Түсінгенін айта білу.

көркем шығармамен таныстыру.

Сауатты жазуға дағдыландыру.

Тіл дамыту – қазіргі мектептің оқу тәрбие ісіндегі басты проблема – тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен
жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты
 жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздеріне қолдана білуіне  жағдай жасайды. Оқушының тілін дамыту жұмысы, ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы пәнді оқып үйренсе де, өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбе-күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады, яғни оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырылса, сондай-ақ, ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады.

Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, туған елінің тыныс тіршілігімен жан-жақты, терең таныстыру, тілдерін дамыту.

Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл – ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір – бірімен достық қарым – қатынас мәселелері де дұрыс жолға қойылады.

Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамыту керек. Осы мақсатта тіл дамыту оқушыларға еркін тақырып аясында ауызша мәтіндер құрастыруға, өздері оқыған шығармаларын мазмұндап, көркемдеп баяндауға, ертегі, әңгіме құрауға үйретіледі. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ойтолғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады. Әр сыныпта белгілі

бір тақырыптар қайта қайталанғанымен оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жұмыс көлемі күрделенетіні анық.










сұрақ- жауап

Shape1

Тіл үйренуде ең басты міндет – оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.

Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті- Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. сол әдістерді ұсынып отырмын.

Түсіндіру әдіс - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. Сондай – ақ қазақ тілі грамматикасының кейбір ерекшеліктері (алфавит бойынша қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды, дауысты дыбыстардың жуан,жіңішке , ал дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетіндігі, екпіннің соңғы буынға түсіп ,не істейді? сұрағына жауап беретін сөздердің сөйлем соңында тұратындығы, жалғау, жұрнақтардың жуан, жіңішке, екі вариантта болатындығы кім? сұрағының тек адамға қойылатындығы,ма, ме , ба, бе, па,пе деген қосымшалардың бірде жалғау болатындығы,т.б ) түсіндіріледі.

Көрнекілік әдіс – Сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. 1- 2 сыныптарда түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , ірі. екі немесе үш түстен болуы керек .

Мысалы : «Ұлттық киімдер» тақырыбын өткен кезде киімдердің суретін көрсету арқылы немесе сыныпқа кәдімгі киімдерді көрсету арқылы жүзеге асып отырады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді , сөз тіркестерін үйретуге болады. Ы. Алтынсарин Натуральды әдіс туралы былай деген: «балаға айтып түсіргеннен гөрі , қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды » деген. Бұл әдісті сөздік қорды дамытуға бастауыш сыныптарда қолданады. Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – Жеміс- жидектер, Оқу құралдары, Ойыншықтар, Тағамдар , тақырыптарында жүзеге асады.

Келесі бір тағы әдіс: Сұрақ – жауап әдісі.

Балардың тілін дамыту үшін манызды әдістің бірі.Қай сынып болсын, сабақтың қай кезеніңде болсын қолдануға болады . Өте белгілі де тиімді әдіс. Жас ерекшелігіне байланысты сұрақ дайындайды. Мысалы:

Сенің тұратын қалаң қалай аталады?

Менің қалам Қостанай деп аталады.

Қаланың жанынан қандай өзен ағады?

Тобыл өзені ағып өтеді.

Практикалык әдіске ойнау элементтері бойынша тіл үйрену кіреді. Дидактикалық ойындар оқушылардың білімін бекітіп, сөздік қорын молайтады, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға , қажетті сөздерді дұрыс тауып қоюға, кішігірім әңгіме айтуға жаттығады. Балалар ойынның тәртібін білмейтін балаға үйретеді, түсіндіреді.

Сонымен қатар бұрынғы ойнаған ойындарын естеріне түсіреді. Белгілі суретшілердің туындыларын , балаларға арналған суретті кітапшалар, меркелерге дайындық, түрлі ойын – сауықтар өткізу де балалардың тілін дамытуға септігін тигізеді.

Баллармен түрлі әдеби – музыкалық ойындар өткізу – олардың әдеби тілде сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет. Оқушылар қазақша сөз , сөз тіркесі, сөйлемдерді оқығанда сөйлеу екпінін дикциясы , яғни сөзге, буынға , екпінді дұрыс түсіруге үйренеді. Рөлге бөліп ойнайтын ойын баланың ойын өз бетінше тұжырымдап айтуына көмектеседі.

Интерактивтік әдіс .

Интерактивтік деген сөз энциклопедияда көрсетілгендей, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің , топтың, жұптың, өзара біріккен әрекетке бір – біріне алма – кезек әсер етуі. Бұл әдіс әсіресе , сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады . Бірігіп жұмыс істеуге үйретеді. Олардың ізденуін, шығармашылықпен әрекет етуін қамтамасыз етеді. Интерракция кезінде оқушылардың істі ұйымдастыра білу қабылеттері де көрінеді. Интерактивті әдіспен сабақ өткізіп кезінде оқытушы кеңесші , серіктес рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін- бірі қолдау , толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. Екі оқушының сұхбатына үшіншісі де араласуына болады. Ол қарсы топтың оқушысы болуы да мүмкін .

Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Әр оқушы жеке тапсырмамен жұмыс істей отырып, топ мүддесін ойлауға үйренеді. Әрқайсысы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады.

Тағы да өте көп әдіс – тәсілідерді оқушылардың тілін дамытуға қолданып жүрмін. Қандай әдіс болсын мұғалім өз сабағына икемдеп қолдануы керек .

Тіл дамытуға арналған тапсырмалар:

Shape2

Осы жұмыстардың ішінде сабақ барысында өте жиі қолданылатыны мәтінмен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс істегенде әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бірақ сол қолданылатын әдіс-тәсілдердің мақсаты оқушыларға айқын болуы керек.

Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:  

   1.  Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс;  

   2. Мәтінмен жұмыс кезеңі;  

   3. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең;  

 Мәтін алдындағы жаттығулар мен соған сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалдарды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, т.б.) меңгерту.  

Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әртүрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмысты былайша ұйымдастырамын: оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі жанама ойды таптыру, қорытынды жасату.   

Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, негізгі ойды қазақ тілінде жеткізе білу.  

  Мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:

 1. Логикалық сұрақтар  

 2. Сөздік жұмыстар  

 3. Фонетикалық жаттығулар  

 4. Сөйлем құру  

   5. Мәтінге жоспар құру  

   6. Аударма  

   7. Мәтінге ат қою  

   8. Диалог, ситуация құру  

9.Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту.


Тіл дамыту жұмыстарының негізгі түрлерінің бірі – сөздік жұмысы.

Орыс мектебіндегі қазақ тілі сабағын өтуде мұғалімнің ас зер салатын өзекті мәселелерінің бірі де осы. Тақтаға екі тілді сөзді жазып, оны дәптерлеріне көшіріп, жаттатқаннан балалар
ол сөзді жадыларында ұстай алмайды, ұғып алса да кейінірек ұмытып қалады.

Сондықтан балаларға жаңа сөз үйретуде оның орысша баламасымен қоса суретін көрсетіп, жанына қатарласа аттың аты қазақша жазылады, оны бірнеше рет қайталатып оқытып, мағынасын түсіндірсе, бұл жұмыс әлдеқайда ұтымды болады. Ал енді оны есте сақтау үшін сол сөздер бар сөз тіркесін құрып, күнделікті тұрмыста қолдана алатындай сөйлемдер құратып, оны
дәптерлеріне жаздырып отырса, тіл дамыту жұмысы тиянақты жүргізілгені.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазып, хормен және жеке-жеке оқиды. Одан әрі мұғалім оқушыларға осы тақырыпта диалог құру тапсырмасын береді.
Мысалы: «Қыс» деген тақырып бойынша мынадай сөздік жұмысын жүргізуге болады.
Қыс айлары –зимные месяцы
Желтоқсан-декабрь
Қаңтар-январь
Ақпан-февраль
Суық-холодно
Қысқа-короткий
Қар-снег
Қырау-иней
Шаңғы-лыжи
Сырғанау-кататься
Сырғанайды-катается
Жылы киім-теплая одежда
Киеміз-одеваемся
Жаңа жыл-новый год
Қызықты-интересный
Сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қыс.
- Қыс айларын ата!
- Қыс айлары-желтоқсн, қаңтар, ақпан.
- Қар қандай болады?
- Қар ақ болады.
- Қыста күндер қандай болады?
- Қыста күндер суық болады.
- Балалар қыста не істейді?
- Балалар шаңғы тебеді? т.с.с.

Суреттерді іріктеу ең алдымен суретпен жұмыста оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 1-сыныптан, 11-сыныпқа дейін күрделендіріп, үйренген сөздік қорларына қарай дамып отырады.

Суретпен жұмысты үлестірме қағаз ( карточка) түрінде немесе, үлкен сюжетті тақырыпты көрсетіп, іліп қойып орындауға болады. Әсіресе бастауыш сыныптарда заттық суреттер таратып, атын айтқызып, оны әр қырынан суреттету де тіл дамытудың нәтижелі түрінің бірі болып табылады. Мысалы: Мынау нелер? Мынау гүлдер. Гүлдер қандай? Гүлдер әдемі. Ыдыста қандай гүлдер бар? Ыдыста қызыл, сары, ақ, көк, гүлдер бар. Жоғары сыныптарда бұл жұмыс сюжеттік суреттермен жұмыс жасауға ұластырылады. Оқушыларға суретпен сөз, сөз тіркесі, сөйлем, әңгіме, шығарма жаздыру өте тиімді. Өйткені,  суретке қарап бала өз ойын, көргендерін тиянақты көркем тілмен жеткізе білуге үйренеді.Суретпен жұмыс жүргізгенде оқушыларға суретті ребус, сөзжұмбақтар шешкізуге де өзінің тиімділігін көрсетті. Бұл жұмыстардың нәтижесінде жазған зат атауларын, сөйлемдерді келесі кезекте қатесіз жазуға және естерінде берік сақтауға әдеттенеді.

Сурет бойынша жұмысты ұйымдастыра отырып, мұғалім сабақтың мақсатына, оқушылардың білім деңгейіне, нақты шарттарға байланысты салыстыру тәсілін әр түрлі пайдаланады.

Сабақ үрдісінде жаңылтпаштарды оқулықтағы мәтін мазмұнына және грамматикалық, фонетикалық тапсырмаларға байланысты қолданамын. Жеке дыбыстарды таныстыру сабақтарында coл дыбыстарға сәйкес жазылған жаңылтпаштарды балаларға жаттатып, сабақты бекітерде бой сергіту сәтінде қолдануға болады. «Қ» дыбысы мен әрпін өткенде дыбысты дұрыс дыбыстату үшін
Қойым семіз бе?

Ешкім семіз бе?

Қойым тоғыз ба?

Ешкім сегіз бе?

Сабақтың тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер, өлеңдер жаттату арқылы оқушылардың тілдерін дамыту жұмыстарын жүргіземін.

Деңгейлік тапсырмалардың төмендегідей түрлері қарастыралды:

 Әңгіме құруға арналған тапсырмалар:

а) ақ қар, биік тау, көп бала, қызық ойын, сырғанақ, ауыл маңы т.б.

ә) мына сұрақтарды басшылыққа ала отырып, әңгіме құрыңдар.

сен кімсің? Ол кім?

әжең үлкен бе? Атаң үлкен бе?

Қайда тұрасыңдар?

Сендер нешеусіңдер?

Сіздің ағаңыз бен апаңыз кім?

Олар не істейді?

Оқушыларының сөйлеу тілін дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік тапсырмалардың түрлері мен ерекшеліктері туралы айтқанда, деңгейлік тапсырмалар – бір жағынан оқушының білімін дамытушы, ал екінші жағынан әдістемелік міндеттерді жүзеге асырушы.

Деңгейлік тапсырмаларды құру жеңіл шаруа емес. Бағдарламаға сай тапсырмалар түрін сараптап, зерттеп, оқушылардың оқу дағдысын қалыптасытру талаптарыны басшылыққа ала отырып, ғылыми-әдістемелік түрде оқушы деңгейіне сай құрылуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалар оқушы сұранысын қамтамасыз ететіндей, ықшам, әсерлі, жүйелі, түсінікті сипатта болуы қажет. Тапсырмаларда мәтін жұмысы, ситуациялық әңгіме т.б. көркемдік жағы ескерілуі тиіс.

Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, орыс тілді мектептердегі оқушылардың қазақша сөйлеу дағдылары қалыптасып, пәнге деген қызығушылықтары артады.

Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу арқылы білім сапасын көтеріп, мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру әр мұғалімнің басты міндеті болып табылады.

Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма, өлең жазу арқылы жазба тілді де дамытуға болады.
Тіліміздің мәртебесі – еліміздің мәртебесі, сондықтан сауатты, мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тәрбиелеу біздің мақсатымыз.







































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!