Материалдар / Баяндама. Тақырыбы:«Заманауи сабақ: Оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрлері »
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама. Тақырыбы:«Заманауи сабақ: Оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрлері »

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи оқыту оқушылардың білімін, іскерлігі мен дағдысын, шығармашылығын, кәсіби деңгейін жетілдіруде оқытудың жаңаша әдіс- тәсілдерін қолданудың тиімділігін көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2022
1604
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Заманауи сабақ:

Оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрлері »


Жумаханова Шолпан Кумисбековна

1 «Мырзакент» мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мырзакент кенті

zhumakhanova2021@mail.ru


«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың

қолында ,ал ұрпақтардың тағдыры

ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев

Мақсаты:

Заманауи оқыту оқушылардың білімін, іскерлігі мен дағдысын, шығармашылығын, кәсіби деңгейін жетілдіруде оқытудың жаңаша әдіс- тәсілдерін қолданудың тиімділігін көрсету.



Міндеттері:

  1. Қазіргі оқытуда қолданылып жүрген әдіс- тәсілдерге сипаттама жасау;

  2. «Қазақстан тарихы» сабағында оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерінің қолданылуы



Жоспар:

Кіріспе

1. Заманауи әдістің тиімділігі

2.Заманауи оқытудың мақсаты

3. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың заманауи әдістері

4. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың заманауи әдістерін қолданудың тиімділігі

5.Қорытынды

6.Пайдаланған әдебиеттер тізімі










Кіріспе

Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбігейлі өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян.Оның негізгі факторы жаһандану үдерісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің пайда болуы мен білім беру үрдісінің ақпараттандыруы болып табылады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауында: «Ең алдымен білім беру жүесінің өзгеруі тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»-деп атап көрсетті. [1]

Ақпараттық және педогогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің ролін түбігейлі өзгертуге мүмкіндік туды,мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып табылады. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістермен оқытудың интерактивті моделі болып табылады.

Ұлы ойшыл Уильям Уорд «Жай мұғалім – хабарлаушы. Жақсы мұғалім түсіндіруші. Керемет мұғалім көрсетуші. Ұлы мұғалім – шабыттандырушы» деген керемет сөз қалдырған. Қазақта «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген керемет қанатты сөз бар. Бұл сөздің мәні тәуелсіз мемлекеттің болашағы болып саналатын біз тәрбиелеп отырған бүгінгі жас ұрпақтың алған білімі, жинаған тәжірбиесі өзінің болашаққа деген қадамына пайдаға асатынын сеніммен айтқым келеді.

Қазіргі заман уақытында ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің атқарушы рөлін түбегейлі өзгерту мүмкіндігі туындап отқаны баршамызға белгілі. Қазіргі заман мұғалімі тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының бойында өзіндік шығармашылық жұмысына жетекші және бағыт бере алушы болып анықталады.


Заманауи әдістің тиімділігі:

Заманауи сабақтың тиімділігін анықтау мақсатында дәстүрлі сабақпен салыстырудың жолдарын қарастырып көрейік.

  • Сабақ 3-4 оқушыдан үй тапсырмасын сұраудан басталады. Бір – екі оқушы тапсырманы шешеді. Бір – екі оқушы үй тапсырмасын оқиды.

  • Мұғалім жаңа сабақ тақырыбын түсініреді. Оқушылар жаңа тақырып бойынша бір немесе бірнеше тапсырмалар орындайды.

  • Сабақтың ресми бөлігінде мұғалім оқушыларға бағаларын айтады.

Үй тапсырмасын берумен аяқталады.

-Бұл жерде үлгерімі төмен оқушылардан сұралмай қалуы мүмкін. Олардың ойларын толық жеткізу үшін бағалы минуттар қажет болады.

-Дәстүрлі сабақта бағалау әр оқушыға тимейді т.б


Ал енді заманауи сабақтардың бізге не беретіне тоқталып кетейік:

  • Оқушылар барынша еңбек етеді:

  • Мұғалім сабақты оқушылардың білімді алу мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастырады:

  • Оқушы еңбек жасап, іздене отырып, өз жұмысына өзі баға береді.

  • Оқушы бір ғана тақырыпты ғана қамтымай, өмірімен салыстыра алады, тұжырым жасай алады.

  • Оқушы өзінің қасиеттері шегінде барынша белсенді әрекет етеді және өзі үшін пайдалы да маңызды ,қажетті мағлұмат алады.

  • Барлық оқушылар тепе – тең дәрежеде болады ;

  • Бірдей тапсырмалар және бірдей уақыт;

  • Өз елінің қоғамының талаптарына сәйкес, оқушы тұлғасын қалыптасатын сабақ;

  • Оқушының заманауи өмірге ену үшін қажетті құзыреттілікер қалыптастыратын сабақ.

-Бұл мұғалімнің сыныпта жүзеге асыратын, мақсаттарға жетуге, баланың жаңа әлеуметтік-педагогикалық жағдайда өмір сүруге дайын тұлғасын қалыптасыру мен дамытуға бағытталған сабақ.

-Мұндай сабақ барысында оқушылар аянбай жұмыс жасайды, ал мұғалім оқу үрдісін басқарады.

-Заманауи сабақ оқушыны күнделікті өзгеріп отырған өмірдің ағымына бейімдейді.

  • Оқушы жаңа ақпарат мәдениетті қалыптастырады.

  • Оқушы өз құзіреттілігін қалыптастырады, интелектуалдық, шығармашылық қабілетін дамытады.

  • Өзін-өзі тәрбелеу процесін қалыптастырады.

Заманауи сабақ өтуде мұғалім мынаны жетекішілікке алу қажет:

- Әр оқушы жеке интелектуалды және шығармашыл тұлған екендігін есепке алу;

- Әр оқушы білім алуға құқылы екендігін;

-Білім алушыға өзінің интелектуалды және шығармашыл қабілетін барынша жүзеге асыратын әдіс тәсілдеді меңгерту.

- Әр оқушыға өзінің интелектуалды және шығармашыл мүмкіндіктерін анықтай алатынына сенім ұялату.

- Сабақта әр оқушының білімін бағалауды және өзара бағалауды меңгерту.


«Қазақстан тарихы» пәнін оқытуда заманауи әдістерді қолдану

тиімділігі.

Мен өз сабақтарымда оқытудың заманауи әдістерін түрлендіріп

қолдануға тырысамын.

Мысалы: «Х1Х ғасырдың екінші жартысындағы

Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары» тақырыбында

сабақ өту барысында , жаңа сабақты түсіндіру барысында

«ДЖИГСО» әдісін қолданамын. Интербелсенді әдістің бірі

Оқушыларды бес топқа бөлемін Таратпа қағаздарға өздері таңдаған

Сандарды жазып топтасады:

1-топ «Реформа» 2-топ«Генерл-губернатор» 3-топ «Сот»

4-топ «Уезд» 5-топ «Округ» Осы берілген тасырма және жоспар

бойынша тақырыпты игеріп, постер қорғайды.

«Джигсо» әдісі бойынша тақырыпты талдап, бірігіп жұмыс жасауына жол ашу. Тапсырмаларды оқытушы топтарға барып, бақылайды, бағыт береді.

1 – топ: Ақпараттық жаңалықтар бағдарламасы бойынша әкімшілік реформалар туралы ақпарат береді.

2 – топ: «Фишбоун» әдісі бойынша проблеманың себептерін анықтау,дәлелдер келтіру, нәтижесін шығарады.

3 – топ:1822/24 жылғы жарғылар мен 1867 – 1868 ж.реформаларды салыстыру «SWOT» кестесі арқылы қорғайды.

4 – топ: Халық шаруашылығында қалыптасқан жағдай, реформалардың отаршылдық мәні туралы әңгімелесу.

5 – топ: Реформаның салдары, нәтижесі.

«Джигсо» әдісі бойынша әр топтағы оқушылар берілген тақырыптарды топта талқыланады. Талқылап болған соң, тақырыпты басқа топ мүшелеріне түсіндіреді, қалған оқушылар басқа топтың тапсырмаларын тыңдады, сұрақтар қояды, маңызды жерлерін дәптерлеріне жазып отырады. Әр топ берілген тапсырмаларын фличартқа түсіреді, білімдерін жинқтап, ортақ шешімге келеді.

3) Сабақтың тақырыбы: Қазақстан өлкесіндегі ХХ ғасырдың басындағы саяси партиялар. Қазақ өлкесіндегі ұлттық автономиялар. Сабақта жаңа білімді игеру үшін «Өкіл» әдісін қолданамын. Топты төрт топшаға бөліп «Алаш» партиясы, «Үш жүз» партиясы, «Түркістан автономиясы» «Кадеттер партиясы» деген тақырыптарды үлестірме карточкалар арқылы таратамын. Топтар бір – біріне берілген берілген жаңа материалдарды түсіндіру арқылы жаңа мәлімет береді. Топтар талқылап болғаннан кейін, топта белсенді түсіндіргендер келесі топқа «елші» ретінде барып, жаңа мәлімет таңдауға және өз мәліметімен бөлісуге барады. Бұл тыңдаушылардың мәліметін толықтырады.


Қорытынды


Қорыта айтқанда, оқу тәрбие үрдісін жаңартып,білім сапасын арттыру мұғалім құзырындағы жауапты іс. Білім алу, шеберлікке баулу, іс-әрекет дағдыларына үйрету мен меңгерту , адам баласын өмір мен еңбекке бейімді етіп даарлаудың негізгі құралы бұл - оқыту болып табылады. Жаңа әдістердің көмегімен білім алушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады.

Қазіргі интербелсенді оқыту әдістері бойынша жжүргізілген сабақтар ізденудің мән –жайына қаныға,білімді тереңінен айтуға төселдіреді, дәлелдер келтіру,дәлелдеу тәсілдеріне жаттығады, теория мен практиканың бірлігін игереді,жеке және топпен бірлесіп мәселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады,өз жолдастарының пікірімен санасуға,өткір сындарды тыңдап одан тиісті қорытындылар жасай білуге машақаттанады.

Қарапайым сұрақтан күрделі сұрақтарды қоя білу арқылы оқушылардың ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта жасауға,кеңейтуге,өзіндік көзқарастарын білдіріп, бағалауға және талдауға жаттығады. Топтық жұмыс барысында беленділік таныту арқылы білім алушының дарындылығын байқата отырып, топта өзіндік пікірлермен ғана емес,көшбасшылық қырымен де таныла бастайды.

Оқытудың әдіс-тәсілдерін өз сабақтарымда қолдану барысында түсінгенім оқушылар бірін-бірі тыңдап,құрметтеуіне үйретуі, бұрын үндемей отыратын білім алушының сабақ барысында сабаққа қызу араласуы олардың еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге мүмкіншілік туғызады. Мұндай әрекет сабақтың барлық үш кезіңінде де байқалып отыратындығы сөзсіз. Білім беру процесі-ақпараттық қоғам жайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процестер болуы қажет. Осы жоғарыда айтылған сөздің астарына қаншама керемет ой мен болашаққа жетелейтін үлкен сенім мен үміт жатқаны мәлім.

ХХ1 ғасыр жан-жақты дамыған,білімді өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын,өзіне сенімді , Отанның әлеуметтік–экономикалық дамуына зор үлес қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 31.01.2017 жыл

2.Интернет ресурсы: Қазақстан тарихын оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану- сапалы білім негізі. Кайсарова Гулдаурен Тураркызының мақаласы

3. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық.  ІІ деңгей. НЗМ ДББҰ, 2017.  -139 б.

4. Қазақ тарихы № 2 (141), 2016 -44 б

5. Әлімов Асхат Қамзаұлы. – Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану: Оқу құралы.-А 2015-180б

6. Қазақстан тарихы:әдістемелік журнал. №6, 2009ж., 25 б

7.Қазақстан Республикасының 2015 жылңға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы Егемен Қазакстан 28 желтоқсан 2003ж.

8.Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты А-2002.

9.Т. Қазыретэлі «Мектепте тарихты окыту әдістемесі», А-2004.







Аннотация

Заманауи әдістерді Қазақстан тарихы сабағында қолданудың тиімділігі көрсетілген.


Аннотация

В статье рассмотрены особенности применения современных методов и приемов на уроках истории Казахстана.


Annotation

This article is about using of modern methods and strategies in the lessons of the history ofKazakhstan.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!