Баяндама "ТӘРБИЕШІНІҢ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУІНДЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "ТӘРБИЕШІНІҢ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУІНДЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша педагогтарына қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТӘРБИЕШІНІҢ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУІНДЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯсЫ



Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Қазақстан-2030. Өркендеу, барлық қазақстандықтардың қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту» Жолдауында медициналық және медициналық емес сипаттарды құрайтын халықтың денсаулығын қорғау деңгейін жоғарылату қажеттілігін белгілейді: «Біз қоғам құру барысында, біздің азаматтардың денсаулықтары өмір бойы сау болу деңгейін жоғарылатуымыз қажет және оларды табиғи орта қоршауы тиіс».

ХХІ ғасыр – инновация мен индустрияның заманы. Техника өзінің дамуымен бірге жер шарына түрлі экологиялық зиян да әкеледі. Одан алдымен адам баласы зардап шегеді. Ал кез-келген экологиялық жағдайларға адамдардың өздері алдын-ала дайын тұрғаны абзал. Ендеше, балада ортаның қолайсыз жағдайларына өзінің қарсылығы мен қайраттылығын көрсететін тәрбиенің берік негізі қалануы тиіс. Оқытудың 12 жылдық кезеңіне көшу қажеттілігін міндеттейтін бірден бір факторы 12 жылдық білім беру концепциясы мектепке дейінгі балалар мен оқушылардың денсаулығын сақтау факторын атап көрсетеді. Осы фактор әрекеттерін тарату шарттары тәжірибе жүзінде тек балабақшалар мен мектептерде білім берудің денсаулықты сақтау технологияларын ауқымды көлемде енгізу әрекеттері болуы мүмкін.  Балалардың денсаулықтары бүгінгі таңда өте өзекті. Соңғы жылдардағы статистика мәліметтері бойынша  балалар денсаулығы  күрт төмендеп кеткендігі байқалып отыр. Бұның барлығы  балалар денсаулығын сақтайтын технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне  қолдануын туғызып отыр. Бүгінгі таңда барлық мектепке дейінгі оқу орындарында  денсаулықты сақтайтын технологиялар қолданылады.

Білім берудің денсаулықты сақтау технологиясы – бұл балаларды физиологиялық және психологиялық дамыту және сақтау тұрғысынан мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің басты бағыттарының бірі ретінде балалардың білім алу әрекетін ұйымдастыру құралдарының жиынтығын дайындауға итермелейтін денсаулықты сақтау педагогикасындағы ең басты компоненттердің бірі. 
Осылайша денсаулықты сақтау білім беру технологиясы ұғымына талдау жасаған кезде ең алдымен кез – келген білім беру технологиясы ол валеологиялық талаптар аясында толықтай жауапкершілікпен құрылған және дамитын болғанда денсаулық сақтаушы деп аталуы мүмкіндігін есепке алу қажет. Денсаулық сақтау тәсілі жеке және ұлттық құндылықтар ретінде бала денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етеді. 12 жылдық мектептің негізгі ұстанған бағыты да баланың денсаулығы мен жеке дамуына көп көңіл бөлу. Баланы кіші жастан өз денсаулығын күте білуге үйрете отырып, дені сау, қайратты азамат етіп шығару еліміздің мектептеріндегі оқыту үрдісіндегі басты мақсатқа айналып отыр. Бүгінгі күні баланың денсаулығын сақтай оқыту жаңа технологиялардың бірі ретінде оқу-тәрбие үрдісіне еніп те кетті. 
Бұл оқыту технологиясы баланың ақыл-ойын дамытуды көздейтін басқа технологиялармен терезесі тең, мақсат-мүддесі ортақ. Тіпті бұл технология – олардың мазмұнын жинақтайтын, бағыттарын айқындайтын өзегі де бола алады. Ендеше, сабақтың ұйымдастырылуы алдымен баланың денсаулығын сақтай оқытуға бағытталуы тиіс. Денсаулығы түзу болмаған баланың толыққанды білім мен тәрбиеге ынтасы бола қоймайтынына күнделікті өмірде көз жеткізіп жүрміз. Балабақшамызда әр баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені дені сау бала оқу процесіне белсене араласады, әрдайым жайдары, көңіл-күйі жоғары болады. 
Сонымен қатар, осындай денсаулықты сақтау мен нығайту бойынша жүргізілетін жұмыс бағыттарын балабақшаның негізгі күн тәртібі толықтырады. Таңертеңгі даладағы қабылдаудан бастап ертеңгілік қимыл жаттығулары, сабақ арасындағы ойындар, әр сабақ кезіндегі сергіту сәттері, серуен, түскі ұйқы, түстен кейін өткізілетін түрлі шаралар, кешкі серуен, қимылды ойындарға дейін балалар үнемі жоспарланған-мақсатты қозғалыста болады және қандай тәрбие түрінде болмасын баланың жеке бас ерекшелігіне көңіл бөлінеді. 

   Денсаулық кепілі дене шынықтыру жаттығуларының жүйелі сабақтарымен ғана дамиды. Мектепке дейінгі жаста адамның денсаулығының өмір бойы қалыптасуы орындалады. Бұл жаста дене тәрбиесінің ұйымдастырылуы баланың алдағы уақыттағы дамуына әсерін тигізеді. Осы жас аралығында баланың өзіндік қасиеттері,оқу іс-әрекетіне қызығушылығы және баланың қабілеттері  ашыла бастайды.   

   Кіші мектепке дейінгі жас топтарында әртүрлі сауықтыру іс-шаралары ұйымдастырылуы арқылы біз өзіміздің дене шынықтыру  - сауықтыру және профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде дамытып келеміз. Баланың денсаулығын нығайтуда біздің балабақшада: дене шынықтыру залы, дене шынықтыруға қажетті жабдықтар бар. Топтарда өзіндік уқалауға әртүрлі денсаулық  жолдары, спорттық жабдықтар, ойынға арналған көрнекіліктер, жаттығу картотекасы және ойын массажының картотекасы бар. Денсаулықты нығайтуда жүйелі технологиялар баламен жұмыста дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларымен болады. Ауруларды алдын-алу   жұмыстарында біз ұйқыдан соң сауықтыру жаттығуларын, тыныс алу жаттығуларын өткіземіз. Жас ерекшелігіне байланысты жаттығу түрлерінің кешені ойластырылды және олар күрделі түрде топтастырылды. Шынықтыру жаттығуларын өткізбес бұрын, олардың жас ерекшеліктері мен дене дамуы ескеріледі.

Өте ертеден-ақ психологтар мен педагогтар мектеп жасына дейінгі жасты ойын жасы деп атады. Бала үшін ойын - өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі көрсетудің құралы. Ойын бір қатар педагогикалық міндеттерді шешуге көмектеседі. Ойында бала өмірлік қажетті білім, іскерлік және дағдыны меңгереді. Ойын мектеп жасына дейінгі балалар үшін жетекші технология болып есептеледі. Балабақшадағы оқу-тәрбие әрекетінде қолданылатын басты денсаулық сақтау технологияларының бірі – ойын технологиясы. Ойын технологиясы оқу процесіні арнайы бөлімін меңгеретін және жалпы мазмұнын, кейіпкерін біріктіретін толық білім ретінде құрылады. 
Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына жаңа технологиялар енгізуде біз ең алдымен бақытты балалық шақты қамтамасыз ету – бұл әрбір баланың жан-жақты және қазіргі заман талабына сай дамуына, оның көңілінің тыныштығына, денсаулығына қамқорлық жасауды басшылыққа алдық. 

Өткен ғасырдың 50 жылдары түрлі оқиғалардың ішінде  «Стретчинг» атты өте қызықты бағыт орын алады. Стретчинг алғаш Швецияда пайда болып, 20 жыл ішінде бүкіл әлемге активті түрде таратылды. Дәл осы уақытта  ол Америка және т.б. үлкен мемлекеттерде орын ала бастады. Бұл жаттығуларды Швеция және АҚШ ғалымдары бір уақытта мақұлдап, содан бастап дами бастады. Өткен ғасырдың 80 жылдарында стретчинг әрекетіне дұрыс  жасалмаған жаттығулардан, бұлшықеттерге түскен зақымдардан қорғану үшін тәжірибелі бишілер қосыла бастады. Бұл жағдай негізінде тәуелсіз америкалық тәжірибелі  бишілер ассоциациясының өзіндік жүргізген зерттеуіне байланысты болды. Тәжірибелі бишілердің зақымдарын зерттей келе, зерттеушілер мынадай қорытындыға келді: ішкі бұлшық еттер байланысының жарылуының 70 пайызына дейін спортпен шұғылданушының эластикалық байланысының жетіспеушілігінен екенін тапты. Білмегендер үшін: кез келген адам, тіпті тәжірибелі биші болсын, би – адам үшін өте күшті физикалық жүк болып табылады. Расыменде, бимен айналысқанда бұлшық еттердің барлық байланыс топтары түгелімен жұмыс істейтіндігі және ол сағат сайын, әрі күнде болатындығы белгілі. Осы қысым түскен арқылы бишілердің дене бітімі қолдан жасалған мүсінге айналады, әрі тартымды болады. Бірақ, денеге түсетін қарапайым қысым жасайтын жаттығулар арқылы кез-келген адамды болсын, тәжірибелі бишіні болсын денеге түсетін зақымдар қашан да бірге жүреді. Қазіргі уақытта балалар да, ересектер де, тіпті кәрі кісілер де  стретчингпен айналысады.

Стретчинг  жүйесі дененің байланыс жүйесіне, буындарға, бұлшықеттердің барлық жеріне қосымша әрі күшті қысым жасайды. Бұл керемет көрсеткіш, бірақ стретчингпен айналысқанда 470 топ бұлшықеттеріне дейін жұмыс істейді. Стретчингте бір жаттығулардың өзімен айналысқанда барлық жерің қозғалып,  көрінбейтіндей, сонымен қатар денеге түсетін зақымды азайтатындай жағдай жасайтын жаттығу. Стретчинпен айналысқанда сіз денеңіздің жоғары жұмыс істеу қабілеттігіне ие боласыз және жүрек жүйесінің жұмысын жақсартатынына көздеріңізді жеткізе аласыз. Көптеген оқымыстылар мен тәжірибешілердің ойы бойынша, стретчингпен айналысатындарда бұлшықеттерге арналған белдік пайда болатынын айтады.

Мамандар билеушілерге латынамерикандық биі хип-хоп, хаос, джаз-модерн сияқты би түрлерімен айналысуға кеңес береді. Ағылшын тілінен аударғанда «to stretch» етістігі «созылу» деген мағынаны білдіреді. 

Егер сізідің балаларыныз стретчингпен айналысатын болса, мынаны ескертуіңіз қажет – жаттығулардан шығатын қорытынды тек өзінің денесіне ғана тән болады. Стретчингепен айналысушыларға ең басты шарты – ол жаттығуларды тастамай уақытында жасап тұру және оған тырысу керек. 

СТРЕТЧИНГ – жас шамасына қарамайтын және майысу қабілеттілігін арттыратын, барлығына өте керек әрі пайдасы мол созылу жаттығулары. Жақсы нәтижелерге жету үшін сіз күнделікті жасайтын  жаттығулар қатарына үлкен топ тайысу жаттығуларды біртіндеп те немесе өз қалауыңыз бойынша таңдап та жасауыңызға болады.

Неге көңіл бөлу керек: әрқашанда тек мүмкіндігінше ғана созылыңыз. Өзіңізді жағымды әрі еркін сезінуіңіз керек. Егер ауруды сезінсеңіз – онда жаттығулар жасағанда шектен тыс созып жібергеніңіз болып табылады.

 

Пайдаланған әдебиет:


  1. О.Н.Моргунова «Физкультурно-оздоровительная работа в ДОУ» Воронеж, 2007

  2. В.И.Ковалько «Азбука физминуток для дошкольников» Москва, «ВАКО» 2006

  3. Научно-практический журнал «Управление дошкольным Образовательным Учреждением». Тема номера «Здоровье». 2004 №1


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.06.2021
813
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі