Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама: Тарих сабағында қазақстандық патриотизм «Мәңгілік Ел» идеясына баулу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Нуртазин Фархат Муктарканович,
тарих пәнінің мұғалімі
«Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ,
Катонқарағай ауданы, ШҚО
Тарих сабағында қазақстандық патриотизм «Мәңгілік Ел» идеясына баулу
«Мен жастар-біздің болашағымыздың тірегі дегенді әр кез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлап сермейтін тұсы осы! Біз жалпыұлттық идеямыз- Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел- елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, ХХI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі- Мәңгілік Ел! Ол барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы».
Н. Назарбаев
«Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала!
Әр адамда өз анасынан басқа жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр, әрі қасіретті болса да,
Төрт ананың өңін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?».......
Заманымыздың классик ақындарының бірі Мұхтар Шаханов әр адамның
бойында туған жері, туған тілі, туған салт дәстүрі, туған тарихы сезімдері болу керек деп жырлаған еді. Бұл сезімдердің арқасында біздің еліміз тарихтың сан толқынынан өтіп, сан мәрте сынға түсіп, сынып кетпей, шыңдалып, тар
жол тайғақ кешіп осы заманға жетіп отыр. Бұның барлығы тек қана Ұлы
Отанға деген сүйіспеншіліктің арқасында болып отыр. Бұл сүйіспеншілікіті
біз патриотизм деп атаймыз. Патриотизм- әр адамның өз ұлтын, тілін, салт дәстүрін, Отанын сүю деген мағынаны
береді. Патриотизм ұғымы Қазақстанда ерекше бір сипатқа ие болып отыр. Қазақстан – жүзден астам ұлт өкілдері қоныс тепкен мемлекет. Сондықтан да біздің елімізде патриотизмді қалыптастыру бір ғана қазақ ұлттың шеңберінде ғана жүргізілуі мүмкін емес. Ортақ Отанымызға деген сүйіспеншілік Қазақстанда тұрып жатқан әр
ұлттың азаматына қатысты болуы үшін баршамызға ортақ саясат
жүргізілуде. Немесе, біздегі насихат жұмысы ұлты мен дініне қарамай,
татулық пен бірлікті бәрінен де жоғары көтеруге бағытталған . Осы саясаттыңарқасында елімізде күн артқан сайын бейбітшілік пен ұлтаралық
татулық барынша нығайып келеді. Дәл осындай салиқалы саясаттың нәтижесінде ерекше бір,
кейбір елдерде мүлдем бола алмайтын жаңа ұғым пайда болды. Ол- қазақстандық патриотизм ұғымы.
Қазақстандық патриотизм дегеніміз- мемлекетімізде тұрып жатқан әрбір азаматтың, әр түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ мекеніміз Қазақстанды Отаным деп сезініп, оны дамытуға
, қорғауға дайын болуы.
Жоғарыда айтылған төрт ана тек қазақ ұлтында емес, ол барлық қазақстандықтарда болуы тиіс. Себебі, елімізде тұрып жатқан әрбір халық әртүрлі себепке байланысты осы өлкені мекендейді. Олардың өз
тарихы, ерекше салт-дәстүрі, тұрақты мекен-жайы, ана тілі бар. Бірақ, қазақ жері- олардың Отаны, қазақ тілі – мекендеп жатқан ортақ отанының мемлекеттік тілі, қазақ салт дәстүрлері- өз бойларына етене сіңіріп, күнделікті көріп жүрген салт дәстүрі. Сонымен қатар өзге ұлттардың тілдері, салт дәстүрлері қазақ халқы үшін де жат емес, керісінше өзінікінен кем көрмейтін, қолдау тапқан, қамқорлыққа ие болған. Өзге ұлт өкілдерімен бірге сан белестер бағындырылды, ел басына күн туған сәтте қаншама қиыншылықтар бірге басымыздан өтті. Оның бәрі жеті қырдың ар жағындағы жат жерде емес, өз еліміз, өз кіндік қанымыз тамған жерімізде болып өтті. Осы себерті де Отан- ортақ, тіл- ортақ, салт-дәстүр- ортақ, тарихымыз- ортақ. Міне, бұл қазақстандық патриотизмнің ерекше бір белгілері.
Патриотизмнің негізін қалаушы, көш басшысы болатын қазақ ұлтының өкілдері екені белгілі. Еліміздің әрбір азаматын ұлт жандылыққа, ел жандылыққа баулуда қазақ елінің тарихының, содан тағлым алудың, қазақ тілінің, оны үйренудің, қазақи салт дәстүрлердің, оларды ұстанудың маңызы өте зор. Қазақ халқының бастан кешкен тарихын зерттеп, тәрбие саласындағы мәндi тағлымдарды пайдаланып‚ қазақтың ұлтжандылық‚ отансүйгiштiк тәрбиесiн, яғни елін-жерін сүюді, ұлт-елжандылық сезімді отбасынан бастап, еліміздің тарихын білуге итермелейді.
Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауларында білімді жас
ұрпақты
тәрбиелеуде дүниежүзілік өркениеттің көшінен қалмауды, қазақстандық патриотизмді, ұлтжандылықты назардан тыс қалтырған емес. Отанының білімді, білікті ұрпағы болуы үшін ол ұлтын, жерін, Отанын сүйетін азамат болуы тиіс.
Осы себепті ұлттық тәрбиені жандандырудың, ұлтжандылығымызды оятудың маңызы зор. Біз мұны ХХІ ғасырға аяқ басып отырған кезеңде нағыз дұрыс бағыт деп
санаймыз.
Бағытымыздың бастауы сонау замандарда қаланып та қойылған. Қазақ халқы өзінің отбасына, туып өскен отанына нағыз берілген халық. Шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап өз балаларына патриотизмнің рухында тәрбие берген. Тәрбиенің құралдарын арнайы дайын оқулықтардан немесе біреулердің педагогикалық еңбектерінен алған жоқ. Өзінің ауыз әдебиетімен, салт дәстүрлерімен, тіл байлығымен өзіндік тәрбие жүйесін қалыптастырды. Батыс еуропалықтар оны тіпті «дала педагогикасы» деп те атап жүр.
Ата ана өз болмысымен, жеке өмірдегі үлгілерімен, өіндік іс әрекеттерімен, қоғаммен қарым қатынасымен ерекшеленді. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген қағида осыдан қалса керек.Біз осы қағиданы қазіргі қазақ жастарына және елімізде тұрып жатқан басқа ұлт пен ұлыстарға да сіңіруіміз қажет.
Осы тарихи миссияны орындауда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінің маңызы зор. Ол ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық стратегиясы бірден бір бағыт бағдар беруші тарихи құжат. «Мәңгілік Ел» жоспарын орындау отансүйгіштіксіз, өз елі үшін аянбай тер төгетін азаматтарсыз мүмкін емес. «Мәңгілік елдің» орталық идеясы- отансүйгіштік.
Тарих пәні «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясын жүзеге асыруда аса маңызды рөл атқарады. Бұл пәнде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қабылдайтын, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін және Отанын сүйіп, оның дамуына өз үлесін қосуды қалайтын тұлғаны тәрбиелеу жүзеге асырылады.
Пәннің мақсаты: Оқушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, толеранттылық, өз елінің және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту.
Пәннің міндеттері: Адамзат өркениетінің және Қазақстан территориясындағы ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі қоғамның әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері мен түрлі халықтардың тарихи даму жолының ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру; әлемнің тарихи дамуы барысында қалыптасқан ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі туралы білім беру; негізгі оқиғалар, құбылыстар мен тарихи дамудың процестерінің мәні туралы түсінік қалыптастыру; тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін тарихи контекстінде сын тұрғысынан талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыру мен дамыту; тарихи деректердің негізінде дәлелді пайымдау дағдыларын дамыту; тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау); қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру; коммукативті дағдыларды қалыптастыру, соның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды, жарияланым мен электронды құралдарды қоса алғанда, қолдану.
Елбасы «Мәңгілік Елді жалпыұлттық идея етіп бағдарлап, оны Қазақстан халқын біріктіруші күшке, таусылмас қуат көзіне айналдырғандықтан», осы идеяны жүзеге асырудың тетігі не болмақ, білім беру ісінде қандай ұстанымдарды басшылыққа алуымыз керек деген сұрақтар туындайды. Елбасының «Біздің жастарымыз жаңа, тәуелсіз елде өсіп келеді. Бүгінгі буын 90-жылдардағы этносаралық соғыстар мен қақтығыстарды, күйреуді көрген жоқ. Сондықтан көпшілігі Қазақстандағы тұрақтылық пен қолайлы өмірді туғаннан солай болуға тиіс сияқты қабылдайды» деген сөзін Мәңгілік елге, қазақстандық патриотизмге қатысты да айтуға болады. «Тәуелсіз Қазақстан елі - мәңгілік» деп айта бергеннен мәңгі болып қала бермейді. Мәңгілік ел болып қалудың тетіктері Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» бағдарламасында, «Ұлт жоспары - 100 қадам» реформасында анық айтылған.
Енді біздің алдымызда, білім беру ісінің қызметкерлерінің алдында, жастарды саналы түрде «Мәңгілік Ел болып қалу» идеясына бағыттаудың басты ұстанымдарын айқындап, оларды жүзеге асыру тетіктерін анықтау міндеті тұр. Үздіксіз білім беру жүйесінде «Мәңгілік ел» идеясын іске асырудың тетіктері не болмақ? Біріншіден, Елбасының сөзінде орын алған ата-бабамыздың армандарын тарих сабақтарында қалай қарастырамыз деген мәселе. Екіншіден, іргесі қаланған Мәңгілік елдің өміршеңдігін баянды ететін «тәуелсіздік» ұғымын санада орнықтыру мәселесі.
«Мәңгілік ел» идеясы тарихшылар мен әдебиетшілер айтып жүргеніндей, жалпы түркі жұртына ортақ мұралар мен ақын-жыраулар шығармаларында, батырлар жырында және би-шешендер сөзінде негізі қаланған. Осы уақытқа дейін бұл аталған мұралар оқытылмай келеді деген сөз емес, әдебиетте, тарихта оқытылып келеді, бірақ жалпы мазмұнда оқытылып жүр, кейде мазмұнға да бара алмай, анықтамалық дерек ретінде ғана айтылып келеді.
Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы! «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі.
Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – татулық,бірлік, берекесі» деген еді. Қазақ хандығының 550 жылдық тойын атап өтілуі, бұл халқымыздың Егеменді, Тәуелсіз «Мәңгілік ел» болғанымызды дәлелдейді. Тарихы, тілі, діні, салт-дәстүрі ғасырдан-ғасырға ұласып, ата-бабаларымыздың мұра етіп қалдырған жерін,байлығын бүгінгі күні «Мәңгілік ЕЛ» болашақ ұрпақтары жалғастырады және ұрпақтан- ұрпаққа мұра етіп қалдырады деп кәміл сенеміз.
Қазақстандықтардың жауынгерлік, ерлік дәстүрлерімен, тарихи тағылымымен таныстыру жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізі бола алады. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны – туған жер, ұлттық тіл, ұлттық дәстүр, батыр бабалар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерін ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы бола алады.
Отанға деген сезімнің шынайы қайнар көзі – туған жер табиғаты, ана тілі, салт – дәстүрі, тарихи ата – бабаларының ерлігі. Олар әр адамзат бойына намыс, ар, сүйіспеншілік ұялатады.
Бірде бір адамзат өзінен бұрынғы ата – буынның ақыл – ойын, тәрбиелік тәжірибиесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Қай ел, қай халықтікі болмасын, озық тәжірбиені жатсынбай қабылдағаны дұрыс.Осыған орай өзге емес, өзіміздің ата-бабаларымыз, яғни батырларымыз Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бегелдинов және тағы да басқалардың өткен ерліктері, көрсеткен қызметтері неге тұрады?! Тек солардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арқасында ғана қазір бейбітшілік заманда өмір сүріп жатырмыз.
Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Н.Назарбаев. «Мәңілік ел – қазақ халқының ұлттық идеясы» Жолдауы. А., 2014.
2.Н.Назарбаев. «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» бағдарламасы. А.,2014.
3. Н.Назарбаев. «Ұлт жоспары- 100 қадам» реформасы. А., 2015.
4.Қасқабасов С. «Бабалар сөзінің» (фольклорының) 100 томының жарыққа шығуына байланысты «Мәңгілік елдің Мәңгілік фольклоры». Г. «Егемен Қазақстан» 23.01.2014 ж.
5.Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. «Атамұра» Алматы 1999
6. Шаханов М. Өлеңдер жинағы. Алматы. «Жазушы» 2002
7.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. –Астана, 2010 ж..