Материалдар / Баяндама "Тарих сабақтарында АКТ қолдану арқылы оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Тарих сабақтарында АКТ қолдану арқылы оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру."

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2021
481
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


БАЯНДАМА ТАҚЫРЫБЫ: Тарих сабақтарында АКТ қолдану арқылы оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру.



БАЙМАНОВА ЖАНАТ САПАРБЕКҚЫЗЫ

Шардара ауданы

«Қоссейіт» жалпы орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі



 Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту барысында оқушыларға ыңғайлы, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сапалы білімге бағыттау.

  Қашықтан оқыту- бұл белгілі бір қашықтықта оқыту, яғни оқытушы мен оқушы бір-бірінен кеңістікпен алшақтатылған және оқу үрдісінің барлығы немесе оның басым бөлігін қазіргі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырады.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы –оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.

  Сол себепті тарихшы ұстаз өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуы қажет, әрі оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта АКТ құралдарын қолдана білу керек.

  Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, қашықтықтан оқыту режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

 Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технолгияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.

  Қашықтықтан оқуда компьютерлік технологияны қолдану оқушы шығармашылығын арттыруда белсенді роль атқарады. Жеке оқушының компьютерде жұмысты салауатты орындауы, ақпарат көздерін ала білуі дара тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.

  Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютер арқылы жүргізу– оқу үрдісін белсендіруге, проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады әрі оқушы ерекшелігін ескере отырып оқытуды жүзеге асырады.

 

Оқытушы қашықтықтан оқытуда сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.

  Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың талаптары:

  • ақпараттық -коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету;

  • тарих пәніне деген қызығушылығын тудыру;

  • өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;

  • өзіндік пікір, тұжырым, түсінік келтіру;

  • дайынды көшіріп алмай, салыстырмалы жұмыс істеу;

  • пікірін, тұжырымын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;

  • қашықтықтан оқытуда әрбір оқушы кері байланысты жүйелі орындау:

 Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті:

  • мұғалімнің білімділігі, тың идеяларды жеткізуі, компьютерлік сауаттылығы;

  • қашықтықтан оқытуда сабақтың мақсаты мұқият ойластырылған болу керек.

  • білім мен тәрбиенің бірізділігі;

  • сабақтың жүйелілігі;

  • әр оқушының психологиялық ерекшелігін ескеру;

  • өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну;

  • оқушылар пікірлерімен санасу, ерекше идеяларға қолдау жасау;

  • бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы;

  Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін қашықтықтан оқыту сабақтарында оқушылар өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Тарих сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. Тарихшы ұстаз АКТ қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап он-лайн режимінде мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады.

  Әр сабақта интернет, электронды почта, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. Кез – келген пәндік әдістеме оқушыларға сол пәнді тереңдетіп игеруге, алған білімді практика жүзінде қолдануы мен проблемалық жағдайлардан шыға алуымен айқындалады.

  Ақпараттық технологиялардың бірі – он-лайн сабақтары. Соның ішінде Daryn Online білім беру платформасы арқылы мұғалім әр сабақта өзіне қажетті әдіс-тәсілдерді алады ал, оқушы әр өткен жаңа тақырыпқа байланысты мәлімет алады және өзін сынау арқылы тест тапсыруға болады. Сонымен қатар қашықтықтан оқытуда компьютердің орны ерекше. Ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері.

 Мысалы 8 сыныпта «Ішкі Бөкей ордасындағы 1836-1838жылдардағы шаруалар көтерілісін» өткен кезеңде көтеріліс басшылары туралы материал жинақтап, өте құнды презентация жасалды, толық мәлімет берілді. Бейне фильм көрсетілді, электронды оқулықтан мәліметтер берілді.

  Осындай жұмыс түрлерін қолдану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың осы пәнге деген қызығушылығын оятуға, дарынды тұлғаны қалыптастыруға әбден болады.

  10 сынып оқушылары тарих пәні сабақтарында презентациялар жасап тақырыпты қорғауға жаттыққан.

  «Алғашқы адамдар өмірі» тақырыбын өткен кезде слайдтар жасалды, мәліметтер берілді, тексеру жұмыстары орындалды.

 Мысалы:

  Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Электрондық оқулық арқылы Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.

  Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады,белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.Әр оқушы қажет жағдайда үйдеде өз бетінше жұмыстана алады және аннимацияларды көре отырып меңгерілуі қиын тапсырмаларды есте сақтай алады.

  Өз сабақтарымда электронды оқулықтарды жиі пайдаланамын. Қазақстан тарихы бойынша барлық сыныптарға арналған электронды оқулықтар бар.

  10сыныпта «Ұлы Жібек жолы және оның тармақтары» тақырыбын өткен кезде «Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихынан» мәліметтер берген кезде

 электронды оқулықтан үзінді алынып, анықтама берілді.

  «Ұлы Жібек жолының шаруашылыққа тигізген әсері»тақырыпшасы бойынша  берілген мәлімет, анықтамалар оқушылардың таным дағдысын қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар түрлі суреттер, кестелер мен сызбалар, слайдтар көрсетілді.

  Электронды оқулықты қолдану оқушылардың жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді.

 Мысалы:

(Музыка аспаптары туралы бейнефильм)

  Қорыта айтқанда, қашықтықтан оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

  • Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;

  • Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

  • Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

  • Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;

  • Тіл байлығын дамытады;

  • Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;

  • Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.

  • Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»- деген ойын басшылыққа ала отырып, жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.















Пайдаланған әдебиеттер:


  • І. Есенберлин «Көшпенділер»

  • Тұрлығұл. Т. Қазақ балалар энциклопедиясы. Тарих ата. Ежелгі Қазақстан. “Аруна” баспасы, 2002 ж.,

  • Қазақстан тарихы әдістемелік журналы. №3, 2009

  • «Нұрын шашқан Оңтүстік» таныстыру альбомы. Алматы, 2003

  • Бакирова У. Ж., Ахметова Г. Б. «7 сыныпқа арналған электронды оқулық».



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!