жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
баяндама Тәуілсіздік –мәңгілік елдің тұғыры
Тәуілсіздік –мәңгілік елдің тұғыры
Еліміздің елдігін ұлтын сақтап,
Бабалардың арманын іске ақтап.
Тәуелсіз ел болғалы арман бар ма?
Отызға толғанын айтсақ мақтап.
Тәуелсіздік таңы мәңгі шарықтасын!
Азат елдің туы биік қалықтасын!
Қайда жүрсек мақтанышпен айта алатын,
Қазақ елі тек биікте шарықтасын!
Біз тәуелсіз, азат елміз, біз Мәңгілік елміз! Тәуелсіздігіміздің 30 жыл бойы басынан өткерген жетістіктеріне қуана отырып, біз қазақпыз, мен қазақпын!-дегім келеді. Қазақ болып туылғаныма әрқашан мақтанамын. Тілім - туым, жерім – жақұтым, дәстүрім байлығым, елім – бабамнан қалған асыл мұрам.
Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарық көргенін білеміз. Мен ел Президентінің мақаласында көтерілген мәселелер мен елдің өткенін талдауын жан-жақты қолдаймын.Мақалада президентіміз «Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым», «Қоғам мен құндылық», «Ұлағат пен ұстаным» бөліктеріне бөліп, өткеніміз бен болашағымыз туралы, жеткен жетістіктеріміз бен жемісті еңбектеріміз жайлы айтып өтті. Ол тарих тұрғысынан алғанда, 30 жыл-көзді ашып-жұмғандай қас қағым сәт. Тәуелсіздік алғалы ,жеткен жетістікті үш онжылдыққа бөлді. Бірінші онжылдықты жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі деп атады. Осы уақытта Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Ұлттық валютамыз айналымға енді. Қарулы Күштеріміз құрылды. Ата заңымыз қабылданды. Шетелдермен дипломатиялық қатынас орнатылды. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды.
"Қазақстан – 2050" стратегиясын қабылдады. Шығыстағы көршімізбен шекарамызды бекіттік деді. Басқа да іргелес мемлекеттермен шекара жөніндегі келіссөздер қарқынды жүргізіле бастады. Ел аумағын ядролық қарудан толық тазарттық. Елордамызды Арқа төсіне көшірдік. Нарықтық экономикаға өтіп, жекеменшік институтын берік орнықтырдық. Отандық бизнестің негізін қаладық. Жастар әлемнің маңдай алды оқу орындарында білім ала бастады. Түрлі дағдарыстардан аман өтуге мүмкіндік берген Ұлттық қорымыз құрылды. Дүние жүзіне тарыдай шашылған қазақ баласын атажұртқа шақырып, Ұлы көшке жол аштық. Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп, ұлттық рухымыз көтерілді.Қаншама қандастарымыз елге оралды.
Екінші онжылдық – Қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі. Осы жылдарда мемлекетіміздің тұғыры нығайып, экономикалық әлеуетіміз арта түсті. Құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, заң жүзінде бекіттік. "Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асырып, тарихымызды түгендедік. Солтүстік Аралды құтқарып, қашқан теңізді қайтардық. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиттерін өткізуге және басқа да бірқатар маңызды халықаралық жобаларға бастамашы болдық. Елімізге шетелден қомақты инвестиция тарттық. Есілдің жағасында бой көтерген еңселі елордамыз ұлттық идеямызға айналды. "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық дәлізі сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды. Тұрғын-үй құрылысы да бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамыды.
Үшінші онжылдықта шаңырағымыз биіктеп, өсіп-өркендеп, мерейлі мемлекетке айналдық. Шекара мәселесін біржола шештік. "Қазақстан – 2030" стратегиясын қабылдап, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылуды межеледік. Әр бағыт бойынша "Үдемелі индустриялық-инновациялық даму", "Нұрлы жол", "100 нақты қадам" сияқты ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылды. Саяси және экономикалық реформалармен қатар рухани жаңғыруға баса мән бердік.
Осынау толағай табыстардың бәріне Елбасының дара көшбасшылығының һәм халқымыздың даналығы мен парасатының, бірлігі мен ынтымағының, отандастарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан, Елбасы Тәуелсіздігіміздің мәңгі символына айналды десек, ақиқатты айтқан болар едік. Осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев болашаққа нық қадам баса отырып ,қуатты елдің иесі және кемел халық болу міндетін жүктеді.
Саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет. Біз әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз. Кез-келген істе әділдік қағидатын басшылыққа алсақ, бұған анық қол жеткіземіз. . Біз халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтардың мүддесін бірдей қорғаймыз. Менің ұғымымдағы әділетті мемлекет дегеніміз – осы.
Ия, осындай бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс. Ол үшін біз жастарымыздың ұғымына жеңіл қабылданатын, тарихымызды дәріптейтін туындыларды көптеп шығарғанымыз жөн. Бірнеше фильмдер түсірілгенімен олар аздық етеді.
Халқымыздың басынан небір зұлмат қайғы-қасірет өтті. Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті. Сол зұлматтың кесірінен қырылып қалмағанда, халқымыздың саны қазіргіден әлденеше есе көп болар еді.
Және Алаш қайраткерлерінің басына келген қайғы, тек олардың отбасына ғана емес, бүкіл қазақ еліне келген қайғы болатын. Арыстарымызды мәңгі ардақтап, ұлықтап өтеміз. Сонымен бірге, желтоқсан оқиғасында өрімдей жап-жас ұл-қыздарымыздың қайтпас-қайсар ерліктерінің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізіп отырмыз. Бүгінгі және болашақ ұрпақ мұны әрдайым біліп отыруы керек. Сол үшін Қазақстанның жаңа тарихын да жүйелі зерттеген жөн.
Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген. Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманның өзегінде жатыр.
Қазақстан – біртұтас мемлекет. Еліміз оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс деп бөлінбейді. Бұл – тек бағытты білдіретін шартты атаулар. 2018 жылы Елбасының Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысына Түркістан атауы берілді. Тарихи әділдікті қалпына келтірген орынды шешімді халық бірауыздан қолдап, өте жылы қабылдады. Өйткені, мұндағы шежірелі шаһар ғана емес, тұтас өңір көне замандардан бері Түркістан деп аталған. Қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын. Бірақ біз оның бағасына жете алмай жатырмыз. Болашақта жас ұрпақтың бетіне тура қарау үшін,Қазақстанның таңғажайып жауһарларын, көрікті жерлерімізді, керемет табиғатымызды көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Таза экологиялық аймаққа айналдыру өз қолымызда.
Әлихан Бөкейханов "Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден" деген. Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек
ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс. Бұл туралы ұлы Абай: "Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық" деген.
«Ел боламын десең бесігіңді түзе»-деп айтып кеткен М.Әуезов атамыздың қанатты сөзінде астарлы үлкен мағына жатыр. Біздің болашағымыз жас ұрпаққа дұрыс тәрбие мен білім беруде ұстаздар қауымының ролі орасан зор. Балапандарымызды отан сүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке және білім нәрімен сусындатып, шыншылдыққа, адалдыққа тәрбиелей білсек, бірнеше жылдан кейін сол еңбектің жемісін жеп, нәтижесін көреріміз хақ.
Тәуелсіз елімнің –тәуелсіз ұрпақтары көк байрағымызды желбіретіп, әнұранымызды асқақтатып, тұғыры таймаған тұғырлы елімізді жайнатып, өркендете берсін! Жасай бер, жайнай бер Тәуелсіз Қазақстан!
Мақала авторы: Пернебаева Лаззат Жумабеккызы
Қ.Мамытов жалпы орта мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі
Түркістан облысы Төлеби ауданы
2

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген