Материалдар / Баяндама тіл кемістігі және оның себептері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама тіл кемістігі және оның себептері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл кемістігі және оның себептері, оны зерттеген ғалымдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2024
190
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жоспар:

Кіріспе


Негізгі бөлім

1. Тіл кемістігі және оның себептері

2.   Сөйлеу тілі ақауларын зерттеген дәрігер-ғалымдар

3.   Баланың сөйлеу тілі дамуына және ауытқуына әсер ететін факторлар

4. Баланың сөйлеу дамуының бұзылыстарын жіктеу


Қорытынды




































Тіл кемістігі және оның себептері

Логопедияда сөйлеу тілінің қалыпты дамуы мен бұзылысын ажырату ең маңызды болып табылады. Сөйлеу тілінің нормасы- көпшілік мақұлдаған сөйлеу тіл әрекетінде сөйлеу тілін қолданудың жалпы нұсқалары деп білеміз. Қалыпты сөйлеу тіл әрекетінде сөйлеу психофизикалық механизмдерді сақтаулы болады.

Тіл кемістігі деп сөйлеу қабілетініңң психофизиологиялық механизмнің бұзылу салларынан сөйлеушінің тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтады. Коммуникатитв і теория бойынша сөйлеу тілі бұзылысы- ол вербальды қатынастың бұзылуы деп есептеледі.

Сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегідей белгілермен сипатталады:

-өз бетінше жоғалмайды, қайта бекиді;

-логопедиялық ықпал жасауды талап етеді;

- сөйлеушінің жасына сәйкес келмейді;э

-баланың одан әрі дамуына жағымсыз әсер етеді;

- сөйлемейтіндің, диалектизм тіл кемістігі болып саналмайды.

Мұндай сипаттама сөйлеу тілінің бұзылыстарын баланың жас ерекшеліктеріненғ, бала мен ересектердің уақытша сөйлеу тілінің бұзылыстарынан, диалектілерден ажыратуға мүмкіндік береді.

Логопедияда тіл бұзылысын білдіретін «сөйлеу тіл кемістігі», «сөйлеу патологиясы», «сөйлеу тілінің ауытқуы», «сөйлеу тіл дамымауы» деген ұғымдар қолданылады.

Бала тілінің дамымауы- кейбір сөйлеу функцияларының немесе сөйлеу жүйесінің қалыптасуының төмен деңгейі.

Сөйлеу тілінің бұзылысы- сөйлеу әрекетінің механизмдерінің қалыптан ауытқуы, бұзылуы. Мәселен, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының жетілмеуінде тілдің морфологиялық жағын меңгеру, сөйлемнің синтаксистік құрылысының деңгейі өте төмен болады. Жалпы сөйлеу тілі дамуында сөйлеу тілінің өзара компоненттерінің қалыптасуының бұзылуы байқалады (фонематикалық, лексикалық, грамматикалық жағының). Жалпы сөйлеу тілінің дамымауының механизмі әр түрлі болуы мүмкін, соған байланысты ауытқудың құрылысы да әр түрлі болуы мүмкін. Ол дизартрияда, алалияда, т.б. тіл кемістіктерде байқалуы мүмкін.

Логопедияда «сөйлеу тілі дамуының бұзылуы» және « сөйлеу тілінің тежелуі» деген ұғымдар қолданылады. Сөйлеу тілінің дамуының бұзылуы кезінде сөйлеу процесінің онтогенезде бұзылуы байқалса, ал сөйлеу тілінің тежелуі дегеніміз сөйлеу тілінің дамуының темпінің тежелуі. Бұл жағдайда баланың сөйлеу тілінің даму деңгей жасына сай келмейді.

«Сөйлеу тілінің жойылуы» деген ұғым бас миының оқшауланған немесе диффузды зақымының салдарынан қалыптасқан сөйлеу дағдыларының және қатынас икемділігінің жойылуын білдіреді.

Сөйлеу тілі ақауларын зерттеген дәрігер-ғалымдар

Сөйлеу тілі ақауларының алуан түрлі себептерін қарастырған кезде

ақаулықтың пайда болу процесін талдау,жас ерекшелігінің әр кезеңінде сөйлеу тілі дамуының жалпы заңдылықтарын ескеруге негізделген (И.М.Сеченов, Л.С.Выготский, В.И.Лубовский) эволюциялық-динамикалық негіз қолданылады.

«Этиология» термині (грек тілінде «этио»- себеп, «логос»-ғылым, ілім) – аурудың пайда болуының себебі немесе патологиялық жағдайын білдіреді. Этиологияның ғылым ретінде дамуы бірқатар медициналық және жаратылыс пәндердің жалпы ғылым прогрессіне байланысты.

Сөйлеу тілі бұзылыстарынң этиологиясы да дерттілік себептері туралы жалпы ілімінің тарихи даму жолдарын өтті.

Көне заманның грек философы және дәрігері Гиппократ (б.ғ.д. 460-377) сөйлеу тіл кемістіктерінің, атап айтқанда, тұтықпаның себебі бас ми жарақаттануында деп атап көрсеткен. Басқа грек философы Аристотель (б.ғ.д. 384-322) сөйлеу тілінің пайда болуын шеткі сөйлеу аппаратының анатомиялыұ құрылысымен байланыстырып, сөйлеу тіл бұзыыстарының себебін соның ақаулығынан деп білген.

Сонымен көне заман ғалымдарының зерттеулерінде де сөйлеу тілі бұзылыстарының себептерін түсінуде екі бағыт белгіленді. Біріншісі Гиппократтан бастап шыққан – сөйлеу тілі бұзылыстарынң пайда болуында бас мидың зақымдалуы басшы болса, ал екігншісі Аристотельден басталған перифериялық сөйлеу аппаратының бұзылыстары басшы болады деп мақұлдайды. Кейін де сөйлеу тілі бұзылыстарының себептерін зерттеу кещнде осы екі көзқарас сақталған.

Гиппократтың ойын француз дәрігері Поль Брока тек 1861 жылы ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді. Ол бас миында сөйлеу тілге қатысты арнайы бөлек бар екенін көрсетіп, сө леу тілінің жойылуын сонымен байланыстырды. 1874 жылы Вернике осыған ұқсас жаңалық ашты: түсіну мен ми қыртысынң белгілі бір бөлігінің сақтаулы болуы арасындағы байланыс. Осы кезедн бастап сөйлеу тілі бұзылыстары мен ми қыртысының белгілі бөліктерінің морфологиялық өзгерістері өзара байлансты екені дәлелденді.

Сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясы мәселесінің қарқын дамуы ХХ ғасырдың 20- жылдарында басталды. Осы жылда ғалымдардың сөйлуі тіл бұзылыстарының пайда болу сбептеріне қарай топтастыруға алғашқы әрекеттенді. Осылай, С.М.Доброгаев (1922) сөйлеу тіл бұзылыстарының себептері ретінде жоғары жүйке жүйеснің аулһруларын сөйлеу аппараттарының патологиялық өзгерістерін бала кезіндегі жетіспеушілігін сонымен қатар «ағзаның жалпы невропатиялық күйін» атайды.

М.Е.Хватцев сөйлеу тіл бұзылыстарының барлық себептерін бір-бірімен тыңыз байланыста болатын ішкі және сыртқы деп бөлді. Сонымен қатар ол органикалық ( анатомиялық-физиологиялық), морфологиялық, функционалды (психогенді), әлеуметтік-психологиялық және психоневролгиялық себептерді де ажыратты.

Органикалық себептерге бала миының құрсақтағы даму жағдайы, анасының босанып жатқан кезде зақымдалуы, туылғаннан кейін зақымдалуы және жетік дамымауы, сонымен ұатар перифериялық мүшелердің әр түрлі органиукалық бұзылыстары жатады. М.Е.Хватцев органикалық орталық (ми жарақаттары) және органикалық перифериялық (есту мүшелерінің зақымдалуы, таңдай жарықтары және артикуляциялық аппараттың басқа да морфологиялық өзгерістері ) себептерін белігледі.

М.Е.Хватцев функционалды себептерді И.П.Павловтың орталық жүйке жүйесіндегі қоздырғыш және тежелу процесстерінің арақатынасының бұзылыстары туралы ілімімен түсіндіреді. Функционалды себептер сөйлеку аппаратының құрылымын өзгертпейді, тек оның қалыпты жұмысын (фуекциясын) бұзады. Мұндай себептерге әр түрді стресстік жағдайларды, баланың жүйке жүйесіне әсер ететн ерт е жасынан жиі және ұзақ мерзімге созыдған ауруларды, қоршаған орсһтасында сөйлеу т үрлі дұрыс болмауды, т.б. себептерді жатқызуға болады.

Ұзаққа созылған функционалды органикалық бұзылыстарға айналуы мүмкін екенін ескертген жөн. Тағы да айтып кететін бір жағдай, сөқйлеу аппаратынынң бір бөлігінде кездесетін органикалық бұзылыстар басқа бөліктерде екінші ретті функционалды бұзылыстар пайда болуына әсер етеді. Мысалы, сөйлеу аппараты құрылымының органикалық бұзылыстарынң салдарына балада тек дыбыс айтуының ақаулары байқалады. Бірақ, бала өзінің күнделікті қате айтқан дыбыстарын естуі сөйлеу-есту анализаторының екінші реттік функционалды бұзылысына әкеледі-бала дыбыстың бұзылып айтылуын қалыпты ретінде қабылдайды. Ал, егер бала сөйлеу барысында бір двбысты екінші дыбыспен алмасытырп айтатын болса, ( «шананың» орнына «сана»), сауат ашуға үйрету кезінде үшінші реттік бұзылыс пайда болуы мүмкін- алмастырып айтылатын дыбыстар жазылуында әріптер алматырып жазылады. Нәтижесінде бір емес, үш кемістікті түзетуге тура келеді.

М.Е.Хватцев органикалық және функционалды, орталық және шеткі себептердің өзара әрекеттестігіне көңіл аударған. Психоневрологиялық себептерге ақыл-ойы кемістігін, есінің, зейінінің бұзылуын жатқызған. Ол әлеуметтік-психологиялық себептерге аса назар аударған. Бұл сеептерді қоршаған ортаның әр түрлі жағымсыз факторлары деп білген. Сонымен, ол сөйлеу тілі бұзылыстарынң себеп-салдарын анықтауда алғашқы рет диалектикалық тұрғы негізінде сөйлеу тілі бұзылыстарынң түсінкін дәлелдеді.

Соңғы жылдары биология, эмбриология, теориялық медицина саласындағы, медтһициналық генетика, иммунология, және басқа да пәндердің көптеген жетістіктері сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясы туралы түсініктерліһһді тееңдетіп, олардың пайда болуында экзогенді (сыртқы) және эндогенді (ішкі) зияндылықтардың маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік берді. Сөйлеу тілі бұзылыстарының себептерін ғана біліп қоймай, сонымен қатар баланың ағзасына әсер ететін жағымсыз факторлардың әсерінен сөйлеу тіл бұзылыстарының механизмін білу қажет. Бұл сөйлеу бұзылыстарын түзетуде тиімді жолдары мен әдімтерін анықтауға мүмкіндк туғызады.

Сөйлеу тіл бұзылыстарының себептері ағзаға сөйлеу тілі бұзылыстарынң ерекшеліктерін дәйектейтін сыртқы немесе ішкі зиянды факторлардың әсері болып табылады.

Баланың сөйлеу тілі дамуына және ауытқуына

әсер ететін факторлар

Бала дамуының қай кезеңінде және қандай жағдайларда сөйлеу тілінің бұзылыстары пайда болады?

Әлі туылмаған баланың сөйлеу тілі дамуына және ауытқуына әсер ететін жағымсыз факторлар әсерін тигізуі мүмкін. Оны баланың денсаулығына және сөйлеу тілі дамуына жағымсыз тұқымқуалаушылық және болашақ ата-аналарырың дұрыс емес өмір салты әсер ететінімен түсіндіруге болады. Балаға ата-аналарынан психикалық- жүйке ерекшеліктері, сөйлеу аппаратының перифериялық және орталық бөлімдерінің құрылымының ерекшеліктері балаға берілуі мүмкін. Бірақ, сөйлеу тілі бұзылыстары тұқымқуалаушылық арқылы берілетін мәселеге бірдей көзқарас жоқ.

Ұрықтың іштей қалыпты дамымауы, яғни сөйлеу аппаратының перифериялық және орталық бөліктері дұрыс қалыптаспауы, келесі жағымсыз факторлардың салдарынан болуы мүмкін:

-жүктіліктің бірінші-екінші жартыжылдығында токсикоздар,

-жүктілік кезіндегі анасының созылмалы аураһулары (тұмау, қызамыз, эндокринді бұзылыстары, бүйрек және жүрек аурулары, т.б.)

-резус-қайшылық

-анасының жүктілік кезіндегі әр түрлі жарақаттары,

-жағымсыз кәсіби жағдайлар ( жоғарыда аталған факторлардан басқа болашақ анаға ауыр физикалық жұмыс және түнгі ауысымда істеуге болмайтынын айтқан жөн),

- анасының жүктілік кезінде шылым шегуі және ішімдікке құмар болуы,

-стрессітік жағдайлар (ажырасу, жақын адамдарының қаза болуы, т.б.)

-тастанды түсік жасауға әректтену, бірақ оның нәтижелі болмауы.

Анасының жүктілік кезінде шылым шегуінің балаға тигізетін әсеріне ерекше тоқталып кеткен жөн. көптеген зерттеулер нәтижесінде ғалымдар шылым шегудің ұрықтың дамуына тигізетін жағымсыз әсерін анықтаға. Эхографияның көрсеткіштері бойынша, анасының шылысһм шеккен кезінде баланың жүрек қағысы жиілейді, ал баланың өз бетімен қимылы тірте-бірте тоқталады-бала тұншыға бастайды. Шылым шегетін анадан туған балалар өмірінің алғашқы айында тыныс алу мүшелерінің ауыруына бейім болады. Олардың өкпелерінің көлемі шамадан 5%, ал салмағы 70-140 граммға аз болады. Егер анасы күніне 10 шылым шегетін болса, баланың интеллектісінің коэффицинеті 9 пунктке төмен болады, өйткені темекі бас миына баратын оттегін және қоректі заттарды азайтады. Соның нәтижесінде бас мидың дамуына кері әсерін тигңзеді. Темекі түтінінің құрамындағы химиялық элементтер әлі дүниеге келмеген баланың жүйке жүйесінің дамуына кері әсерін тигізеді.

Баланың ерте жас кезеңінде сөйлеу тілінің қалыптасуына келесі жағдайлар кері әсерін тигізуі мүмкін:

  • бас жарақаттары, ми шайқалуы,

  • бас миының асқыну ауырулары (менингит, менингоэнцефалит)

  • естудің төмендеуіне немесе мүлдеи естімей қалуына себеп болатын аяғына дейін емделмеген ортаңғы және ішкі құлағының асқыну уырулары, т.б.

  • сөйлеу тілінің қалыптасқанға дейін сөйлеу аппаратының перифериялық бөліктерінің зақымдалуы;

  • баланың сөйлеу тілі дамуына ересектердің жеткілікті көңіл бөлмеуі немесе айналасындағы адамдардың сөйлеу тіл ақаулары.

Сонымен, бала өмірінің алғашқы жылдарының жүйке-психикалық ауырулары әдетте сөйлеу тіл бұзылыстарымен қабаттасады. Осыған байланысты сөйлеу тілінің қалыптасуындағы ақаулармен қатар оынң қалыптасқан кезіндегі ақауларды ажыратқан жаңды.

Сөйлеу тілінің бұзылуының пайда болу себептеін анықтау кезінде сөйлеу тілінің ақаулығы мен сақтаулы анализаторларының және коррекциялық жұмыста мүмкін болатын компенсацияның өзара қатынастығын ескерген жөн.

Сөйлеу тілінің дамуындағы әр түрлі ақауларды ерте жастан диагностикалаудың маңызы зор. Егер балада сөйлеу тілі ақаулары мектепке барған кезде немесе бастауыш сыныпта анықталса, олар баланың сабақ үлгеріміне кері әсерін тигізеді. Ал, егер бұл ақаулар баланың ерте жасында анықталса, оған көрсетілген медициналық және педагогикалық түзету жүмысы арасында мектепте толық бағалы білім алуына мүмкіндк береді. Сөйлеу кемістігі құрылымының астында берілген сөйлеу кемістігінің сөздік және сөздік емес симптомдарының жиынтығы (құрамы) мен олардың байланысқан сипаты жатыр. Сөйлеу кемістігінің құрылымын бұзылысқа (ядро) әкелетін бастапқы кемістік және бастапқымен себептік-салдарлық қатынаста болатын екінші кемістік сияқты түрлері бар. Сөйлеу кемістігінің әр түрлі құрылымдары өзінің бейнесін бастапқы және екінші симптомдардың белгілі бір арақатынасынан табады және көбінде мақсатқа бағытталған логопедиялық әсер ету спецификасын анықтайды.

Баланың сөйлеу дамуының бұзылыстарын жіктеу

Сөйлеу дамуының бұзылыстарын диагностау балаға тек дәрігерлердің көмегі ғана емес, сонымен қатар логопедтердің, психологтардың, коррекциялық педагогика мамандарының көмегінің керектігін болжайды. Қазіргі кезге дейін баланың сөйлеу бұзылыстарының біріккен жіктелімі әлі жасалынбаған. Балалардың сөйлеу бұзылыстары негізінде жатқан бұзылыстарға байланысты Л.О. Бадалян (1986, 2000) төменде келтірілген жіктеулерді ұсынды.

I. Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) органикалық зақымдануымен байланысты сөйлеу бұзылыстары. Олар сөйлеу жүйесінің бұзылу деңгейіне байланысты келесі формаларға бөлінеді:

афазия — сөйлеудің қыртыстық аймақтарының бұзылуы нәтижесінде сөйлеудің барлық компоненттерінің ыдырауы;

алалия — сөйлеуге дейінгі кезеңдегі сөйлеудің қыртыстық аймақтарының бұзылуы нәтижесінде сөйлеудің жүйелік дамымауы;

дизартрия — сөйлеу бұлшықетінің иннервациялық бұзылуы нәтижесінде сөйлеудің дыбысты айту жағының бұзылуы. Зақымдану локализациясына байланысты дизартрияның бірнеше нұсқауларын бөледі: псевдобульбарлық, бульбарлық, қыртыс астылық, мишықтық.

II. ОЖЖ-нің (тұтығу, мутизм және сурдомутизм) функциялық өзгерістерімен байланысты сөйлеу бұзылыстары.

III. Артикуляциялық аппараттың (механикалық дислалиялар, ринолалиялар) құрылу кемістіктерімен байланысты сөйлеу бұзылыстары.

IV. Әр түрлі жағынан пайда болған сөйлеу дамуының тежелуі (шала туғанда, ішкі органдарының күрделі ауруларында, педагогикалық қараусыз қалушылық кезінде).

Отандық логопедияда сөйлеу бұзылысының екі жіктелулері қолданылады: клиникалық-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық (Л.С. Волкова, С.Н. Шаховская және т.б., 1999ж.). Бұл жіктелулер бір құбылысты әр түрлі көзқараста қарастырса да бір-бірін толықтырып отырады және сөйлеу дамуын түзеудің көп аспектілі процесінің әр түрлі міндеттеріне бағытталған. Жіктелудің екеуі де балалар сөйлеуінің бастапқы дамымауына, яғни сөйлеудің дамуы қалыпты есту мен қалыпты интеллект кезінде бұзылған жағдайда байқалатын жағдайлар жатады.

Клиникалық-педагогикалық жіктелу «ортақтықтан жекеге» принципі негізінде құрылған. Бұл бағыт сөйлеу бұзылыстарының түрлері мен формаларын нақтылауға, олардың алдын-алудың дифференциалды бағытын өңдеуге бағдарланған (Л.С. Волкова, С.Н. Шаховская және т.б., 1999ж.). Ауызша сөйлеу дамуының бұзылысы екі түрге бөлінеді: сөйлеудің айту жағының бұзылысы деп аталатын айтудың фонациялық (сыртқы) дайындығы, және айтудың құрылымдық-семантикалық (ішкі) дайындығы.

Психологилық-педагогикалық жіктелу (Л.С. Волкова, С.Н. Шаховская және т.б., 1999ж.) — «жекеден ортақтыққа» кері принцип негізінде құрылған. Бұл бағыт педагогикалық процесс ретінде балалар ұжымымен (оқыту тобымен, сыныппен) жұмыс жасау үшін логопедтік коррекциялау әдістерін өңдеуге, логопедтік әсер етуге бағдарланған. Осы мақсатпен сөйлеу бұзылыстарының әр түрлі формаларының жалпы пайда болуы анықталады. Осы жіктелуге сәйкес сөйлеу бұзылысы екі топқа бөлінеді: қарым-қатынас құралдарының бұзылысы және қарым-қатынас құралдарын қолданудағы бұзылыстар. Қарым-қатынас құралдарының бұзылыстарына фонетико-фонематикалық дамымау және сөйлеудің жалпы дамымауы (СЖД) жатады.



Қорытынды


Логопедия өзінің алғашқы қалыптасу кезінде жеке классификациясы болмаған және осы классификация жайында мәселе көтерілмеген де. Өйткені сол кезде логопедич еуропалық медицинаның тіл кемістіктерін зерттеуіндегі үлкен жетістіктерінің әсерінде болды және ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында солардың қалыптасқан классификациясына сүйенетін. Алғашқы классификациялардың бірін Куссмауль құрастырған. Ол тіл кемістіктерінің түрелі жайында бұрыннан қалыптасқан көзқарастарға сындық талдау жасап, тіл кемістіктері туралы түсініктерді жүйелеп, терминологиясын ретке келтірді. Бұл жіктеу кейіннен клиникалық деп аталды. Осы топтастыру ХХ ғасырдың басында көптеген шетелдік, ресейлік ғалымдардың жүргіген зерттеу жұмыстарының модификацияларының негізіне алынды: В.Олтушевскийдің, Г.Гуцманның, Э.Фрешельстің, С.М.Доброгаевтың.

Соңғы жылдары биология, эмбриология, теориялық медицина саласындағы, медтһициналық генетика, иммунология, және басқа да пәндердің көптеген жетістіктері сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясы туралы түсініктерліһһді тееңдетіп, олардың пайда болуында экзогенді (сыртқы) және эндогенді (ішкі) зияндылықтардың маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік берді. Сөйлеу тілі бұзылыстарының себептерін ғана біліп қоймай, сонымен қатар баланың ағзасына әсер ететін жағымсыз факторлардың әсерінен сөйлеу тіл бұзылыстарының механизмін білу қажет. Бұл сөйлеу бұзылыстарын түзетуде тиімді жолдары мен әдімтерін анықтауға мүмкіндк туғызады.























Пайдаланған әдебиеттер


1.Қ.Қ.Өмірбекова, Г.С.Оразаева, Г.Н.Төлебиева, Г.Б.Ибатова. Логопедия. Алматы 2011

2.  « Специальная дошкольная педагогика» Н.И.Белова. Москва

Просвещение 1985 год.

3. « Воспитательная работа» под.ред. С.Б.Хмырова Москва 1962 год.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!