Баяндама. Ұлы тарихи тұлға - Абай

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама. Ұлы тарихи тұлға - Абай

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайды тарихи бағытта танып-білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлы тарихи тұлға, саясаткер - Абай

ХІХ ғасырда Ресей патшалығы Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.  Отаршылдыққа қарсы өмірге келген тарихи тұлға, ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, реалистік жаңа жазба әдебиеті негізін қалаушы – Абай Құнанбаев. Абайдың арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір Рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ,Топай. 
     Атап айтқандай, шынында, Абайдың шыққан ортасы атқа мінер азамат тұлғалар екенін айқындайды. Бұлардың ішінде
Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, "Ісің адал болса Өскенбайға бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады. Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдың " Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған "кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Ел жұмысында өзіне серік болатын баланың Абайдан қолайлысы болмағандығы. Құнанбай Абайды ел ісіне араластыруды ойлағанда бойындағы қай қабілетін таныған сыңайлы.Бала болса да сол кезде Абай әкесі дәме қыларлық белгілерді көрсете бастаған сияқты. Барлық балаларына қатал, қатты сыншы болған Құнанбай, Абайдың өзгелерден артық екенін ертеден сезген деуге болады.

Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жұмыстарына араласады. Ең бірінші әкесінің ел билеу, басқару ісіне қатысты секем туындайды. Әкесі Сүйіндікке жер мәселесі жөнінде Абайдан сәлемдеме жеткізеді. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Құнанбай мен Абай екеуіде діни бағытты ұстанды, соның ішінде шариғат бойынша түсінік қалыптасқан Құнанбай ескілікті көзқарас, ал Абай адамгершілік қасиетті бойына дарытты. Дегенімен Абайға өз дегенін істеткісі келмеді. Қарапайым халық басым бөлігі қараңғылықтан көз ашпады. Құнанбайдың шариғатқа сүйене отырып ұстанған саясаты, халық кедейліктен құтылалмады. Соның ішінде білімге деген құштарлығы төмен болуы, Абайды іштей қынжылтты. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартысқа түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 — 78 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең үстауға күш салды. Ел ішіне билік ісіне араласа отырып қана қоймай, ол әр жолында білімін толықтырып отырады. Атап айтсақ, орыс демократ, ағартушылардың оқулықтарын оқып,өздерімен жиі араласады. 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі. Қара халық мүмкіндігінше қолдау көрсетті. Халық Абайдан қол үзбеді.

1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Карамола деген жерде Семей ген.-губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға "Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін" өзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті. Бұл қазақ кауымындағы әдет заңдарына да, патша өкіметінің халқы канаушылыққа, зорлық-зомбылықка негізделген заңнамада үқсамайтын, өзгеше кұжат еді. Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен әйел мәселелеріне арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсыластары көбейіп кетеді. 1890ж. Байғұлақ, Күнту деген кісілер бастаған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға карсы дұшпандық әрекетке сөз байласады. 1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындағы жанжалға, Абай өміріне қастандық жасауға әкеп соқтырады. Оразбай Аққұлы баласы Жігітек, Мырза-Жөкең ру басылары - Әзберген, Бейсенбі, Бұланбай мен Әбендерді ұйымдастырып, Абайдың өміріне қастық жасайды. Бірақ Кәкітай, Уәйіс, Аппас деген жақын достары ара түсіп, оны қорғап қалады. Осыдан соң ақын ел жұмысына араласпайды да бұрынғы араздықпен өзіне қастық істеткен адамдарымен татуласады. Семей облыстық архивында сақталған мәліметтерге қарағанда, Абай туралы үкімет зор жұмыс қозғаған. Абай туралы жеті жүзден астам адаманан жауап алған. Осы фактінің өзі-ақ патша үкіметінің Абайды құрту үшін соңына мықтап түскенін сыйпаттайды. .Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің ақ екендігін патшаға жазған хатында айғақты деректермен дәлелдеп береді. Ел баскару қызметінде барын-ша әділ болып, халық камын ойлаған, «тура биде туған жок» принципті ұстанған. Ғұмырының соңына қарай пенделік шаруалардан бойын аулақ салып, уақытының көбісін шығармашылыкка арнаған.

Қорыта айтқанда, тарихи тұлғаның өз халқынан және жалпы адам баласының өмірі,ой байлығынан алған - үш үлкен салалы барын байқаймыз. Мұның біріншісі – қазақ халқының есте жоқ ескі заманнан жиып, өсіріп келген өз даналығы, халықтың ауызша әдебиет қоры. Екінші бір қол артқан қазынасы -араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың көркем классик поэзиясы. Үшінші, үлкен өнер, мол азық алған зор саласы - орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Еуропа мәдениеті. Абай өз заманы үшін әрі жаңа тарих, жаңа дәуірдің басы, әрі кең майдан келешек еді! Міне кешегі елбасымыз айтқандай тарихи тұлғамыз - Абайды танып білу біз үшін бірден-бір өмір баспалдағы, ал Абайды  әлемге танытсақ, қазақ халқының әлем тарихындағы өшпес мұрасы болатындығына мен сенемін!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2020
692
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі