400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Ұстаз – ұлы іс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама "Ұстаз – ұлы іс"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама.

Ұстаз – ұлы іс

Ұстазым ертеңді ойлап, батыл көсіл,
Өзіңе үйрететін шәкірт өсір… (Абай)

Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш — білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білікті тұлға дегенде рухани жан дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын қалыптастырған жеке тұлғаны айтамыз.

«Қазақстан Республикасының 12 жылдық оқыту мерзіміндегі жалпы орта білім беру тұжырымдамасында да» қазіргі мектеп білім берудің тұлғалық – бағдарланған стратегиясын іске асырудың негізгі идеясы оқушыларға білім беру, олардың табиғи қабілеттерін қалыптастырып, өмірлік жоспарларын жүзеге асуларына кең мүмкіндіктер жасайтын білім кеңестігін құру екендігі атап көрсетілді. Бүгінгі таңда мемлекетіміз жастардың сапалы білім алуына жете көңіл бөліп отыр.

Елбасы өз жолдауында «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деп үлкен сенім білдірді. Білім – әрқашан адамзаттың ұлы мұраты, рухани байлығы. Сондықтан мектебіміздің ұстаздары да жастар білімін өркендету жолында аянбай еңбек етуде. Әдетте алыс жолға шыққан жолаушы барар жерін бағыттап, жүрер жолын бағамдап алады. Біздер де жарқын болашаққа бет алған жолаушы сияқтымыз. Бағытымыз айқын – білімді, дарынды, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Ендеше «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай: қазіргі мұғалім тек өз ісінің шебері ғана болып қоймай, сонымен бірге уақыттың мағынасын қоғам өзгерісін терең сезінуі керек. Себебі, мемлекет абыройы бүгінгі жас ұрпақтың білімділігіне байланысты. Өйткені сауатты да саналы, белсенді де іскер, елін сүйетін ұрпақты тәрбиелеу — ұстаздардың қолында. Бұл үшін әрбір мұғалім оқу – тәрбие үрдісіндегі жұмысын жан-жақты жандандырып, оқушылардың білімге және тәрбиелік шараларға ынтасын арттырып, оладың сана – сезімін дамыту жолында заман талабына сай тынымсыз жұмыс жасауы тиіс. Ол бір үлкен сенім мен жауапкершілікті терең түсініп, өскелең ұрпақтың өмір талабына жауап бере алатын өз ісінің шебері ретінде оқушыларымызды баулуымыз қажет. Сондықтан әр ұстаз шығармашылықпен ізденуі керек. Шығармашылық дегеніміздің-өзі жаңалық. Ал жаңалыққа ұстаз алдындағы балалары арқылы барады. Өйткені бір сарынды үрдіс алдымыздағы оқушыларымызды зеріктіріп алуымызға жетелейді дегім келеді.

Ұстаз – ұлы іс.

«Ұстаз болу құрметті іс жер көкте,

Біліміңмен, ақылыңмен жақсаң егер сен көпке»…

Дағдарыстан дамуға деп жатқан қазіргідей заманда ұстаздарға қойылатын талап жоғары дер едім, өйткені талапты талғаммен ұштастыра алатын ұстаз ғана бала жүрегіне жол тауып, шәкіртті алға жетелейді. Сол ұрпаққа берілетін ең жоғары қасиеттің бірі – тәрбие.

Тәрбие – мәңгілік және адамзаттық. Бұл ерекшіліктер ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирасқа қалып отырады.

Тәрбие – қоғамдық құбылыс, өйткені жарық пен жылу, от пен су жоқ жерде тіршілік жоқ, ал осылардың көктегі көзі күн болса, тіршіліктегі көзі адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды. Тәрбиесі түзелмей елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей болашақ түзелмейді десе, ал ғұлама Әл-Фарабидің « Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне апат әкеледі »дегені де мәлім. Демек білім бере отырып, оқушыларымыздың бойына тұлғалық дамуының қалыптасуына бағыт – бағдар беретін жағдайлар жасауымыз қажет. Халқымыз ежелден ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесіне көп көңіл бөліп қарап, ұлды шаңырақ иесі, қызды халқының келешегі, үй ұйытқысы ретінде тәрбиелеп отырған.

Әдепті, инабатты, білімді, адамгершілігі мол, сыпайы қыз тәрбиелеу-бүгінгі мектептің, қоғамның міндеті дей келе жас ұрпаққа өмір салтын насихаттау, денсаулықтың қымбаттылығын ұғындыру, ұстазбен және шәкірт арасындағы байланысты нығайту.

Ұстаз – қашан да қоғамның жол бастаушысы, интелегенция өкілі. Адам баласына бесікте жатқан сәбилік кезден бастап даритын қасиетті нәр бар. Ол құдірет қазақтың қазақтығын танытатын әйгілі ететін бірден-бір белгі қазақ тілі деп санаймын.

Қорытындылай келе қазақ тілін қастерлейтін, шығармашылық қабілеті дамыған, сөйлеу шеберліктері жоғары ұл-қыздарымыз көп болады деп ойлаймын.

Қазіргі мұғалім тек өз ісінің шебері болып қоймай, сонымен бірге уақыттың мағынасын, қоғам өзгерісін терең сезінуі керек. Себебі мемлекет абыройы бүгінгі жас ұрпақтың білімділігіне байланысты. Өйткені сауатты да, саналы, белсенді де іскер, елін сүйетін ұрпақты тәрбиелеу- ұстаздардың қолында. Осындай әдіспен оқу-тәрбие жұмысын жан-жақты жандандырып, оқушылардың білімге ынтасын барынша арттыру, олардың сана-сезімін дамыту.

Ұстаздар мен ата-аналарға кеңестер:

  • Баланы бақылаудың орнына ынталандыру қажет.

  • Баланы мәжбүрлеудің орнына кеңес беру қажет.

  • Баланы ауыстырудың орнына сенім білдіру қажет.

  • Баланы үгіттеудің орнына үміт арту қажет.

  • Баланы жоюдың орнына түзеу қажет.

  • Баланы басқарудың орнына қатысу қажет.

  • Баланы мәжбүрлеудің орнына таңдау қажет.

  • Балаға айғайлаудың орнына әзілдеу қажет.

  • Баланы кінәлаудың орнына қорғау қажет.

Мына біздер, алдымыздағы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде қателік жібермей, белгілі жүйемен жан – жақты жаңаша жұмыс жүргізіп, жаңа үрдістермен қиялымызды ұштастыра келе, барлық ұстаздарға тілерім мектептің жүрегі болайық дегім келеді.

Юлдашева Нафиса Адашбековна.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 қаңтар
664
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі