Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама Ұстаз келбеті – білік пен дағды жетілдіруде
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы КММ
Тақырыбы: Ұстаз келбеті – білік пен дағды жетілдіруде
Дайындаған: Омарова Ұлбала көркем еңбек пәні мұғалімі
«Еліміздің ертеңі
бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың
қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты
білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты,
мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Олай
дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында
жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден,
үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген
бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған
маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп
қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне
шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек.
Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір
тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз
кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін шексіз сүйетін адам. Осы іске
деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге
жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір
емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың
осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен
әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен
қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім
киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті,
білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын
ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім
түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,
- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен
ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін - өзі басқару,
өзін - өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді.
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында бүкіл дүниежүзі елдері
арасындағы алдыңғы 50 мемлекеттің бірі болу мақсатында: бәрі де
мектептен басталады. Егемен еліміздің тірегі – білімді ұрпақ.
Мектеп – келешек ел басқарар, жер – суына иелік етер, ел – халқын
гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды
шыңдар киелі ұя. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз
шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» демекші, ұстаз – қай кезде де
мектептің жүрегі, қоғам тірегі. Қазақстан Республикасының жоғары
педагогикалық білім беру тұжырымдамасында «Жаңа формация мұғалімі –
кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар,
рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп
көрсетілген, яғни ізгілігі мол әр іске жаңашылдықпен, үлкен
ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын ақпараттық технологияны толық
меңгерген, коммуникативтік, бір сөзбен айтқанда толыққанды құзырлы
адам. Қазіргі инновациялық технологияларды қолдану оқушылардың ой
өрісін, қиялын еркін дамуына, танымдық қабілетінің дамуына, жан -
жақты білім алуына жағдай жасайды. Әрбір оқушының білім деңгейін
талапқа сай көтеру үшін инновациялық технологияларды тиімді қолдану
қажет. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа,
баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға,
қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Яғни әр
сабақта интерактивті әдістерін қолдану; Әр оқушының психологиялық
ерекшеліктерін ескеру; Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра
отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу; Инновациялық технологияларды
сынау арқылы тиімділігін арттыру деп ойлаймын.
Мен өз сабақтарымда оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау,
өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алу, талдап,
зерделей білу құзіреттіліктерін қалыптастыру үшін жаңа
технологияларды қолданамын. Заман талабына сай технологияларды
қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты
технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Осы орайда
сабақтарымда өзім оқып келген жеті модульді ықпалдастыра отырып
жоспарлаймын. Яғни олар: «Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер», «Сыни
тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»,
«Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдалану», «Тaлантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқытa», «Оқытуды басқару
және көшбасшылық»
Сабағымды Блумның ( білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау,
бағалау) таксономиясына салып құрамын. Атап айтқанда жобалау
технологиясы; саралап даралап оқыту; дамыта оқыту технологиясы;
модульдік оқыту технологиясы; сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
деңгейлеп оқыту технологиясын сабақ барысында тиімді пайдалану
арқылы мынадай нәтижелерге жетуге болады.
Инновациялық технология нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға
көмектеседі.
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аламын.
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аламын.
5.Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге
үйретемін.
6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы,
шығармашылық белсенділігін арттырамын.
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне
деген кәсіби сенімін қалыптастырамын.
8. Оқушы өзіне және өзгеге баға беруге машықтанады.
Сол себепті де жас ұрпақтың саналы да сапалы
білім алуының бірден-бір шарты - оқу орындарындағы білім беру
процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз
түсінікті. Өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолдана отырып,
оның нәтижесін көрудемін. Атап айтсам еңбекке баулу, технология
сабақтарында оқушыларды топқа бөліп, өз беттерімен жұмыс жасап,
ізденуге еркіндік беріледі. Сарамандық жұмыстарды топпен жасағанда
оқушылар қызығады, бір-бірімен пікірлесуге, ынтымақтастыққа
машықтанады. Мысалы теориялық сабақтарды өткенде, алдымен әр оқушы
өзін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасалады. Сабақты жақсы
көңіл-күймен бастап, оларға да жақсы көңіл-күй сыйлау үшін сыныпта
ынтымақтастық пен сенім атмосферасын қалыптастыруда оқушыларды
«Шаттық шеңберіне» тұрғызып, «Жүректен жүрекке» тренингі өткізімен.
Мақсатым: Оқушылар арасындағы тұлғааралық байланыс орнату болды.
Олардың бір-біріне айтылған тілектері өте жақсы, жағымды болды.
Мәселен мынадай тілектер болды: «Сен әдемісің, саған бүгінгі
сабаққа сәттілік тілеймін, өте ақылдысың, сабақта белсенділік
таныта біл, өте жақсы баға ал, әрқашан күлімдеп жүр! Жүзіңнен күлкі
кетпесін» дегендей тілектер айтылды. Келесі кезеңде оқушылар
бірлесе отырып жұмыс істеу үшін бой бойымен тұрып, топқа бөлініп
отырды. Төрт оқушыдан тұратын үш топқа бөлінді. Әр топқа неліктен
шағын топтардың осылай бөлінудің мәні неде деп ойлайсыздар?, шағын
топқа бөлінген оқушылармен қандай жұмыс істеуге болады? деген
сұрақтар қойылды. Топтардың назарын аудару және сабаққа деген
белсенділігін арттыру үшін ең алдымен оқушылар «Алтын ережені»
қайталап шықты. Алтын ережені балалардың өздері құрады. Мысалы онда
сабаққа кешікпеу, үй тапсырмасына дайындықпен келу, бір-бірімізді
тыңдау, топта тату болу деген сияқты
ережелер болды. Ережені қайталап алғаннан кейін «Қызғалдақ»,
«Сымбат», «Әсем - ай» деп топтарына ат қойды.. Негізгі бөлімде жаңа
сабақты бастамас бұрын сыныптың білім деңгейін анықтау мақсатында
«Кубизм» әдісі арқылы сұрақтар қойылды. Онда кубиктің қабырғаларына
сұрақтар жазылып, қай сұрақ түссе соған жауап береді.
Мысалы: Бизнес – жоспар дегеніміз не?
Бизнес – жоспарды қалай құруға болады?
Кәсіпкерліктің қандай түрлерін білесің?
т.б. Үй жұмысына дайындықтарын тексеру
барысында оқушыларға алдын ала бизнес, бизнес –
жоспар, кәсіпкерлік туралы қосымша ақпарат жинақтап келуге
тапсырма берілді. Оқушылар интернеттен берілген
тапсырма бойынша мәліметтерді жазып әкелді. Сыныптағы дарынды
оқушылар бірден қағазға шығарып әкелген ақпараттарын көрсете білді.
Осындай шығармашылық тапсырмалар орындауда оқушылардың бойында
көшбасшылық қасиеттерді де байқауға болады. Формативті бағалау
сабақтың әр іс - әрекетінде жүргізіліп отырады. Үй тапсырмасын
тексергеннен кейін оқушылар өз жұмыс барыстарына рефлексия
жүргізді. Онда «Табыс ағашы» арқылы жүргізді, ағаштың макетіне
ұнаса қызыл түсті алма, ұнамаса жасыл түсті алма ілді.
Бағалаудан кейін «Блум» таксономиясының білу, түсіну сатысында
«Кәсіпкерлік» туралы слайд көрсетілді. Тақырыптың мазмұны
оқушыларға топта талдауға берілді. Оқушылар топта талдау жасады. Әр
топ бір-біріне сұрақ қойды. Сұрақ қою барысында үндемейтін
оқушылардың да қол көтеріп қатысқаны байқалды. Оқушыларға ой қозғау
мақсатында, ойларын жинақтауға бағыт беріп отыру керек. Сұрақты
оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру
қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды
саралауға болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың
түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі
техникаларын пайдалануға болады. Осыны негізге ала отырып оқытуда
диалог рөлін арттыру мақсатында, әзірленген іс-әрекет «Кәсіпкер не
істейді?», «Бәсекелестік ұғымын қалай түсінесің?», деген сияқты
түрткі сұрақтар қойылды. Оқушылар сұрақтарға дәлелдер келтіре
отырып жауап берді. Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар ( «+», «-»,
қызықты ) әдісі арқылы өзін-өзі бағалады. Бұл әдісте қосу –
жағымды, алу – ұнамағаны, сабақтағы қызықты кезін жазады. Топтағы
өзара қарым - қатынас оқуда маңызды рөл атқарады. Оқушылармен жұпта
немесе топта жұмыс істегенде олар «мұғалім-оқушы» түріндегі өзара
іс қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын іс
қимылға тартылады. Осылайша негізделген дәлелдерді әзірлеуде және
қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.
Осыны ескере келе, «Топтық әңгіме» барысында оқушылар сұхбаттасып,
өзара бір-біріне сұрақ қойып, әрекетке түсуі ұйымдастырылып
отырылды. Жауапты толық алу үшін оқушыға уәж туғызып, мадақтап
отыру керек. Сен сұрақ қоя ғой, жақсы!, тамаша! деген сияқты
мақтаулар айтылып отырды. Осындай жұмыстардан кейін оқушыларда
белсенділік артып, алдағы уақытта өздерін бұдан да жақсы нәтижемен
көрсете білетініне сенімділік білдірді. Бұл стратегияның мақсаты:
өз бетімен білім алуға, өзін-өзі реттеуге дағдыларын қалыптастыру
болатын. Қолдану сатысында дәптерге орындауға деңгейлік тапсырмалар
берілді.
Сыныптағы қабілеті жоғары деген оқушыларға күрделі тапсырмалар
орындауға берілді.
Тапсырманы орындаған сайын мадақтап отыру және аса шыдамдылық
керек. Сабақ барысында АКТ-ны орынды пайдаланып отырса, оқушылардың
бойынан технологияны сабақта жүйелі пайдалана алуға
қалыптасқандарын байқауға болады. Жинақтауда топтарға «Өз
іскерлігің» шығармашылық жоба құру туралы постер жасатылды.
Жұмысты жасап болған соң, әр топтан бір спикер шығып, жұмысты
қорғады. Топтар бір-біріне сыни сұрақтар қоя білді. Топтар
бір-бірін «Бағдаршам» арқылы бағалады. Сабақ соңында оқушылардың
өздері қойған бағалары жинақталып, ортақ бағасы шығарылды. Бағалау
парағына өз-өздеріне баға қойды.
Жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай: әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу; білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу; өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Конфуцийдің «естігенімді ұмытармын, көргенімді есіме сақтармын, ал өз қолымен жасағанда түсінемін» дегендей жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың құзіреттіліктері, алған білімдерін өмірде пайдалануы артады деп ойлаймын. «Ұстаз-ұлы тұлға» осы бір сөздің түп төркінінде үлкен ой жатыр. Жаңа ғасырдың жан - жақты, талантты құзыретті тұлға тәрбиелеу, қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Басты байлық – адам, ал адам байлығы – білім. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа ғасыр білекке емес - білімге, күшке емес - епке тоқтаған заман. Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Егеменді ел болып, « ел межесі - елулікке ену» басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүниежүзілік деңгейге сай болуы керек. Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан - жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды-машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбиеде инновациялық технологиялардың үлесі зор екендігіне көзіміз жетуде. ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады. Сондықтан сабақ барысын жаңаша ұйымдастыру қажет. Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
-
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» жолдауы.
-
Н.Байсеркеева. Дамыта оқыту технологиясы // Ұлағат № 2 2008
-
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ 2012 жыл.
-
Мектептегі технология (Әдістемелік журнал) №2 2015 жыл.