Баяндама. «Зиянды заттардан бойын аулақ ұстау»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама. «Зиянды заттардан бойын аулақ ұстау»

Материал туралы қысқаша түсінік
йцукенглорпавьтимсчлорпавышгнекувбоьртпи
Материалдың қысқаша нұсқасы





«Сасан би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекттік мекемесі

















БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Зиянды заттардан бойын аулақ ұстау»









Педагог-психолог: Ж.Аскергалиева

















Құмкөл ауылы

2017-2018 оқу жылы



Тақырыбы:  «Зиянды заттардан бойын аулақ ұстау»

Мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескерту. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру.

Құрметті оқушылар!.Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізгі – оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің  бірі – адамның денсаулығы.  Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық  жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды  әдеттер болып табылады.

Сонымен, бүгінгі тақырып: «Зиянды әдеттерден аулақ бол» бүгінгі ток – шоуымызды «Сонымен, солай дейік…» бағдарламасы негізінде өткізгелі отырмыз.  Адамның өмірі тамаша, сәулетті көктем емес пе? Еліміздің әрбір адамы қалауынша өмір сүруге құқылы. Ал енді өмір туралы, денсаулық туралы ойланып көрейікші. Адам өмірі ғажайып нәрсе болғанымен, қас қағым сәтте үзіледі. Сол жіпті үзетін дерт- наша, темекі, арақ. Ал, енді  сендерге мынадай сұрақтар қойғым келіп тұр:

Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез. Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Ертеде Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартатындарды дарға асқан. Ал Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді. Қазіргі кезде республикамыздағы мектеп оқушылары арасында 13-15 жастағы оқушылардың 46 пайызы шылым шегеді. Бұл – өте өкінішті жағдай.

  1. Бүгінгі таңда елімізді толғандыратын адамның денсаулығына әсер ететін қандай зиянды заттарды білесіздер?

  2. Темекі шегетін адамның өмірі қысқа болады ма?

  3. Темекінің құрамында қанша химиялық заттар бар?(4000 астам)



  1. Темекі шегудің алдын алу жолдары қандай? (темекі тастағысы келгенге

  2. көмек көрсету, қоғ/қ орындарда темекі шеккенге тыйым салу, кәмелетке толмағандарағ темекі сатпау) (темекі туралы слайд жүріп жатады)

  3. Насыбай құрамында не бар?

  4. Насыбай қолдану адамның қандай ағзаларын зақымдайды? (асқазан, бауыр)

Темекі туралы оқушыларға толығырақ мағлұмат беру үшін СӨС қолдайтын орнанын дәрігерін ортаға шақырамыз.

-   Оқушылар темекі жайлы өз ойын айтып шықты, сол жауаптармен келісесіз бе және темекі адам ағзасына қандай әсері бар екенің айтып кетсеңіз?

Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем. Баланың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі ата-аналарының маскүнемдігі. Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдіктерін пайдаланады, оның ішінде балалар-7 %, жасөспірімдер-37 %, жастар-54,5 %. Бұл балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екені анықталған.

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  1. «Арақ ішу – айып, мас болу – қылмыс» дегенді қалай түсінесіздер?

  2. Арақ ішкен адам қандай болады?

  3. «Арақ ішу, жерде аунау…» дегенді қалай түсінесіздер?

  4. Арақ ішіп қылмыс жасаған адам заң алдында қалай жасасын өтейді?

  5. Отбасының бұзылуына ішімдіктің әсері бар ма?

  6. Қалай ойлайсыздар, маскүнемдікке салынудың басты жолдары не?

- Жасөспірімдер құқық бұзушылық іс әрекет жасаса қалай жазаланады?           ( насыбаймен ұсталынса, ішімдік ішкен болса т.б.)

Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.

Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана және т.б. жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.



Біздің елімізде ресми түрде 35 мыңға жуық нашақор наркологиялық диспансерде тұр, ал тіркелмегендердің саны одан әлдеқайда көп. Қазірде Алматы қаласында нашақорлықтан емделетін диспансерлік орталықтар жұмыс істейді.

2000 жылы республикамыздың есірткі  бизнесі аумағында 20 мыңға жуық  қылмыс тіркелген. Барлығы 30 тоннаға  жуық түрлі есірткілер тәркіленген. 2002 жылдың 9 айында есірткі айналымына  байланысты 14687 қылмыс тіркелді.

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  1. Есірткінің кең тараған түрлері қандай?

  2. Тәуелділік дегеніміз не?

  3. Тәуелділіктің белгілке?

  4. Есірткінің ағзаға әсері және зардаптары?

  5. Нашақор адамның достары бар ма?

  6. Есірткіні қолдануға не итермелейді? (қызығушылықтан және жаңа сезімге талпыныстан. Адам өзіне белгісіз нәрсені сынағысы келеді.)



- Павлодар облысы бойынша есепте тұрған нашақорлар бар ма? Тіркелген бе?

Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел. Алкоголь ішімдіктеріне құнығу жолдары:

1. Тұрмыс жағдайындағы маскүнемдік.

2. Бас жазу синдромы немесе  үнемі ішкісі келу.

3. Ішкен ішімдік мөлшерін бақылауды  жоғалту.

Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем. Баланың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі ата-аналарының маскүнемдігі.

Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдіктерін пайдаланады, оның ішінде балалар-7 %, жасөспірімдер-37 %, жастар-54,5 %. Бұл балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екені анықталған.









Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  1. Ішімдік деген не?

  2. Ішімдіктер адам ағзасының қандай мүшелерін зақымдайды?

  3. Ішімдіктің болашақ анаға, ана құрсағындағы балаға әсері бар ма?

  4. Адам арақ ішпей өмір сүре ала ма?

  5. Қалай ойлайсыздар, маскүнемдікке салынудың басты жолдары не?

Қорытынды: Бүгінгі сабақтан сендер көптеген мағлұматтар алдындар деп ойлаймын, болашақта зиянды әдеттерден аулақ жүреді деп сенеміз. Сонымен, солай дейік, солай болатына сенейік!









































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.06.2018
2611
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі