Баяндама:Ата - ана мен бала арасындағы қарым – қатынас

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама:Ата - ана мен бала арасындағы қарым – қатынас

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама мазмұны ата-аналар жиналысында оқып талқыға салуға өте тиімді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама:

Ата - ана мен бала арасындағы қарым – қатынас

«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықтарды меңгере бастайды. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғұрлым жақсы тұрады. Жалпы адамзат баласын толық қанды адам ететін қоршаған орта және тәлім тәрбие десек жеткіншектердің тұлғалық коммуникативтілік қабілеттерінің қалыптасуына отбасы, отбасылық қарым - қатынас, отбасының психологиялық ахуалы мен тәрбиелеу стилінің маңызы зор екені даусыз. 
Жеткіншек кезеңде ер балаларда да, қыз балаларда да, бір проблемамен кездеседі: ол ата-анамен, құрдастарымен, мұғалімдермен өзара қатынасы, сонымен қатар, алғашқы махаббат, мамандық таңдау т.б. 
Жеткіншектерде кездесетін негізгі проблема- бұл «ата-аналармен» өзара қатынасы болып келеді. Жеткіншек жаста бала «балалық шақта» (детской) арылады, яғни олар өзара сенімді, сыйлауды және өзіне ата-анамен тепе-тең қарым – қатынасқа түсуді қажет етеді. 
Жеткіншектік жас- отбас мүшелерін әлеуметтік, тұлғалық жағынан тексеретін уақыт болып келеді. Бұл жас дағдарыс және конфликтті болып өтеді. Осылай жеткіншек балалар өз ата-аналарынан бөлінеді, тіпті оларға қарсы да тұрады. Бала осы жаста дөрекі, қатыгез, өз ата-аналарын және басқа да үлкендерді сынайтын да болып кетеді. 
Жеткіншек балаларды, ата-аналары кей кездері түсінбей де қалады, өйткені ата-аналар бұл балағанеге тиым салып, неге рұқсат ету керек екенін білмей қалады. Мұның бәрі оңай жағдай тудырмайды. 
Осындай жағдайлардан кейін отбасы түрлерін бес топқа бөліп қарастыруға болады: 
1. Ата-аналар мен балалар арасында өте жылы, достық қатынас бар отбасы. Бұл атмосфера барлық отбасы мүшелері үшін жағымды, өйткені бұл отбасының ата-аналары балаларын түсінеді, қолдайды, сенедіБұл отбасындағы жеткіншектер белсенді, тәуелсіз, достық қатынаста болады. 
2. Тілектестік отбасы. Бұл отбасы ата - аналары өз балаларының дамып жатқанын бақылайды, олардың өмірлеріне қызығушы аналары өз балаларының дамып жатқанын бақылайды, олардың өмірлеріне қызығушылық танытады. Бұл отбасында да конфликттер болып тұрады, бірақ бұлар ашық түрде өтіп, тез шешіледі. Бұл отбасындағы жеткіншектер ата-аналарынан ештеңені жасырмайды, оларға сенеді. Мұндай отбасында үлкендер мен кіші арасында белгілі арақашықтық сақталады. 
3. Көптеген отбасында ата-аналар балаларының оқуына, күнделікті өміріне көбірек





зейін аударады. Тек осылармен ғана шектеледі. Мұндай отбасындағы балаларға өмірде керекті барлық заттары бар: киім, аудио-видео, құрал жабдықтар т.б. Және өздерінің бөлек бөлмелері, қымбат жиһаздары бар. Бұл отбасындағы бөлмеде кір жатпау керек. Мұндай отбасы ата-аналарының ұрандары мынадай: «басқалардан кем емеспіз». Мұнда анық ата-аналар мен жеткіншек арасында конфликт көрінеді. Мұндай отбасында балаларды материалдық қамту жеткіліксіз, оларды қанағаттандырмайды. Балаларға ең керегі өздеріне деген «үлкен зейін» аудару болып келеді. 
4. Балаларының соңынан аңдитын, оған сенбейтін, балаларына қол көтеретін отбасыларда бар. Мұндай отбасыларында өсіп келе жатқан жеткіншек пен ата-ана арасында конфликт болады. Кейде ол жасырын түрде де болып өтеді. Мұндай отбасындағы жеткіншектер ата-анасына деген өшпенділікті, үлкен адамдарға деген сенімділікті жоғалтады, сонымен қатар өз құрдастарына, ортаға сенімсіз болады. 

5. Бұл отбасындағы атмосфера өте тығыз (критический). Үйде қысым өте көп, әлеуметтікке қарсы, мұндай отбасы ата-аналарының бірі ішкіш болып кетеді. Мұндай отбасының күйі, көбінесе жеткіншектердің қылмыс жасауына себеп болады. 
Сонымен жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, көбінесе жеткіншектердің жүріс-тұрыстары отбасындағы атмосфераға байланысты екен. Егер жеткіншек ата-ананың өзіне деген махаббатын сезінсе, оған деген зейін аударуды да сезінсе, онда бұл жеткіншектік кезең оңай өтпек. Егер жеткіншек үйде ешкімге керек емес сезімін, зейіннің жетіспеушілігін сезінсе, онда бала, өзімшіл, дұшпаншыл, балаларға деген агрессияны сезініп өседі екен. 
Жеткіншек жастағы балалар мен олардың ата - анасының арасындағы конфликт қиындықтың болуы, яғни жеткіншектер өз бетімен әрекет еткісі келеді, ал ата-аналар бұрынғы кішкентай кездегідей біздің айтқанымызды бұлжытпай орындаса екен дейді. Міне осыдан барып қиын конфликттер пайда болады. 
Жеткіншектер үшін болған проблемалар, олардың ата-аналары үшін түк емес, өйткені олар бұл проблемаларды кезінде бастан кешіріп, тіпті ұмытып та кеткен болатын. Жеткіншектер үшін жастық шақ, проблемасыз сияқты, яғни «идеалды уақыт» сияқты, бәрі оңай секілді болады. Ал, ата-аналар үшін маңыздысы, яғни балаларына алдын-алу, ескерулерін айтқысы келеді, ал балалар үшін бұл маңызды емес болады. Жеткіншектер мұндай 35-45 жастық жауапкершіліктен, тәжірибеден, үміттен әлі алыста еді. 
Үлкендер мен жеткіншектер арасында, кіммен дос болу керек екендігін, қандай мамандықты таңдау керек екендігін, заманға сай әндер, кино, сән үлгілеріне келгенде пікірлері сай келмейді. Балалар өздерін шамданып ұстайды. Ата-аналарының заманға сай емес талғамдары, жеткіншектерді тітіркендіреді. 
Нәтижесінде қатынас пен сыйластық жоғалады. Бәріне бұл жағдай жағымсыз тиеді. Кім болса да, бірінші болып қадам жасау керек. Көптеген жағдайда ата-аналар







қарым-қатынасты жақсарту үшін бірінші болып қадам жасайды. Өйткені олар данышпан, сонымен қатар қарым-қатынаста да тәжірибелі болып келеді. Және де проблемаларын шешуге өзіндік сананың көмектесетінін ұғынуы олып келеді. 
Көбінесе жеткіншек жастағы ер бала үшін де, қыз бала үшінде өз проблемаларын үлкендердің көмегімен шешкенді ұнатады. Ата-аналардың алдында өзінің әлсіз, қорғаусыз екенін жасырмайды, егерде отбасында эмоционалды қысым жоқ болса. Егер де қысым бар болса, онда конфликтіден бас тарта алмай қалады. 
Барлық нәрсе бірге болу керек: қуаныш, күлкі, қайғы. Үміт күту, арманымыз қобалжуларымызды бірге бастан кешірсек, онда отбасын оданда жақсы тығыз қарым-қатынас болады. Жеткіншек отбасында шешім қабылданатын барлық кеңестерге тең құқылы қатысуы керек. Сонымен қатар, оның яғни, баланың да жүріс-тұрысы талқыланады. 
Ата-аналар шешім қабылдағанда тек өзінің көз-қарастарын ғана ескермеу керек, яғни балалары үшін тиімді жағын қарастыру керек. 
Ата - ананың міндеті - ескі өмірлік таптауырындардан бас тартып, адамдар өзара соғыспай, ынтымақтасатын жаңа таптауырындар жасау. «Жекеше» қаралатын әлеуметтендіру факторларының ішіндегі ең маңыздысы ата-ананың отбасы болып табылады, себебі бала өзінің неғұрлым қабылдағыш кезеңінде отбасының әсерін бәрінен бұрын сезінеді. Отбасындағы жағдай, оның ішінде ата-ананың әлеуметтік жағдайы, қызметі, материалдық деңгейі, білім деңгейі баланың өмірлік жолын едәуір анықтауға мүмкіндік береді

Жеткіншек үлкендерден өзінің есейгенімен, өзбеттілігімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде немесе өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен, орындағысы келеді.

Бұлардың қарсы шығатын себебі, баласына сенімбілдіргісі келмегеннен емес, оны «бала» деп бәлендей істі не тапсырманы бүлдіріп алады ғой деуінен. Бірақ жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп сенбей отыр», -дейді. Егер осындай қатынас көп созылса, жеткіншек пен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік болып, бала ызаланып, ерегісуге, не негативті халде болып, үлкендер не айтса да соны орындамауға тырысады. 
Жеткіншектің үлкендерді түсінбеуі, кейін оны жан-жалға, не сергелдеңге апарып соғады. Мұндай оқиғалар, әсіресе қалалық жерлердегі отбасыларда жиі кездеседі. Көпшілік жұрттың мақсаты үлкендердің абыройын төкпей, тіпті осылардың өзі жауапты болғанда да, қайткенде де арашалау болып табылады. 
Жалпы алғанда жеткіншектің үлкендерге қоятын талабын түгел қате деуге болмайды: біріншіден, үлкендер өзінің өмірбаянын мысал ретінде келтіріп, «біз жас кезімізде мынадай болып едік» деп, өзі сол кезде қандай болса, баласы да сондай болуы тиіс десе, қателескен болар еді. Себебі үлкендердің жас кезі мен жеткіншектің қазіргі жас кезіндегі жағдайлар мен талаптар бір емес. Екіншіден, бір







кісінің үйренген, не қиыншылықты жеңуге қолданған тәсілдерді өзгелердің игілігіне барлық жағдайда сіңе бермейді. 
Отандық педагогтар ата-аналық тәрбие стилінің келесідей классификациясын ұсынады: босаң (либералдық), авторитарлық және демократиялық. Біріншісі қандайда бір қарым - қатынастың жоқтығымен сипатталады: отбасы мүшелерінің бір-бірінен алшақтығы, бөлектенуі, бір - бірінің сезімдеріне немқұрайды болуы. Авторитарлық стиль қатынас түрлеріне: Әрқашанда дұрыс. Отбасында ата-ананың бірі билік етеді. Тәкәппар, өрескел, үстірт, ресми, кейде дөрекі сөзбен де қатынасады. Отбасылық тәрбие стратегиясына: Қатаң қадағалау, жазалау, «бастық бағынушы» стратегиясы қолданылады. 
Демократиялық стилдегі қатынас, ол отбасында баланың дербестігі дамиды. Мейірімді, сыпайы, әдепті, баланың қабілеті, мүддесі ескеріледі. Отбасылық тәрбиесә стратегиясы: Достық. Кейде өзара қамқорлық. Назар балаға аударылған: бала отбасының құндылығы ғана емес, отбасын сақтау құралы, әйел мен еркетің түйісетін ортақ нүктесін табу құралы. 

Қорытындылай келе, ғылыми жұмысымның нәтижесіне сәйкес тұлғааралық қарым - қатынасты психологиялық нормалары бұзылған отбасына психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы және ата – аналар мен балалар қарым – қатынасына келесідей ұсыныстар жасасаймыз. 
1. Жеткіншек пен ата-анасы арасындағы қарым-қатынаста тұлғааралық қатынасты үлкендер достық қатынасты орната отырып жетуге болады. 
2. Отбасының психологиялық жағдайын диагностикалауға арналған әдістемелердің басым көпшілігінің психокоррекциялық әсері мол 
3. Психокоррекциялық іс-шараларға ата-аналармен қатар балалары да қатысуымен жүргізілсе отбасында орын алған келіспеушілік, шағымдану, басқа да қақтығыс жағдайларды талдау және оны шешу жолдарын анықтау, тіл табысу мәселерін шешу тиімділігі арта түседі. 
4. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз. 
5. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз. 
6. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз. 
7. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз. 
8. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз. 
9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз. 
10 Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз. 
Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. 










Қолданылғын әдебиеттер тізімі: 
1. Күнсләмова Т.К Жеткіншектердегі өзіндік бағалау, өзіндік реттелу және эго күйдің белсендірілуі мен агрессиялықтан өзара байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг негізінде зерттеу . Автореф. канд. дис. Алматы, 2002. 156 б. 
2. Колокина Р.С. Қазақстан балалары мен жасөспірімдерінің адамгершілігі қалыптасуына және денсаулығының сақталуына отбасылық қарым-қатынасының ықпал етуі Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар.2009. Б 21-22 . 
3. Баймуканова М.Т. Отбасымен және балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс бойынша практикум: оқу-әдіст. құрал Карағанды: КарМУ баспасы, 2006. 104 б. 
4. Кон И.С.Психология юнешского возраста М: Просвещение, 1979.176с

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2018
4141
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі