Педагогикалық кеңеске баяндама Амиржанова М.А.
Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту және шығармашылық ізденіс
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің III съезінде: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жағынан әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа фармацияның педагогы қажет» десе «Қазақстан -2050» стратегиясында мұғалімдерге сенім арта отырып, жастарымыздан үміттенеді. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр». Бұл міндеттерді шешу үшін әрбір мұғалім заманауи, яғни педагогикадағы жаңа тәсілдердерді меңгеруі қажет.Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерінде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы. орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән берeміз.Тәрбиелеу мен оқытудың нәтижесі әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді екенін қазіргі уақыт дәлелдеп отыр. Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың психологиялық, жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Жаңа технологияны жетік меңгеру сонымен қатар мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Алдымен жалпы педагогикалық технология ұғымына тоқталып өтуді жөн көрдім.
Педагогикалық технологияларға берілген анықтамалар мен түсініктерді топтастырып жинақтайтын болсақ:«Педагогикалық технология –қоғамның қазiргi таңдағы бiлiм беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталған бiлiм мазмұнын жүзеге асыру үшiн оқыту мақсатына қол жеткiзу жолындағы тұтас дидактикалық жүйе құрайтын амалдар мен iс-әрекеттер тiзбегi».
Қазіргі оқыту үдерісінде қолданылып жүрген білім берудегі тиімді педагогикалық технологиялар ретінде мынадай педагогикалық технологиялар жіктемесі сұрыпталған:
1. Оқушыны объект ретiнде емес, субъект ретiнде қарастырып, оның дара тұлға ретiнде қалыптасуына жан-жақты әсер ететiн, қарым-қатынастың демократиялық, iзгiлендiру бағытын негiзге алған – оқытуды демократияландыру мен iзгiлендiру негiзiндегi педагогикалық технологиялар(оған жататындар: Е.В. Бондаревский, Д.Б. Серикова, Ю.И. Турчанинова, И.С.Якиманский, Ш.А.Амонашвилидiң iзгiлiктi-жеке тұлғалық технологиясы, Е.Н. Ильинаның гуманитарлық пәндерді адам қалыптастырушы пән ретiнде оқыту жүйесi және т.б. жатады);
2. Оқушының белсендi болуына, проблемалық жағдайда одан шығуды үйрететiн – оқушы әрекетiн белсендiру мен интенсификациялау негiзiндегi педагогикалық технологиялар (оған Е.И.Пассовтың коммуникативтiк оқыту технологиялары, В.Ф. Шаталовтың тiрек сигнал конспектiлерi негiзiндегі оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиялары жатады);
3. Балаға сырттан әсер етпей өзiнiң табиғи дамуына ықпал жасайтын, баланың жаны мен жүрегiне жылулық ұялататын– халықтық педагогиканың әдiстерiне сүйене отырып баланың табиғи дамуына негiзделген педагогикалық технологиялар (Л.Н. Толстой, А.Кушнир, М.Монтессори технологиялары жатады);
4. Оқушының туа бiткен ақыл-ой қабiлетiнiң жеке дамуына негiзделген –саралап оқыту технологиясы (Н.Гузик, И.Первин, В.Фирсов т.б.) ;
5. Оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынастың тең дәрежеде жүзеге асуын қамтамассыз ететiн – ынтымақтастық педагогикалық технологиясы(В.П.Беспалько, В.М.Монахов, В.М.Кларин, П.И.Третьчков, И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, М.А.Чошанов т)
6. Әр оқушының жеке қасиетiн аша отырып, оның қабiлетi мен мүмкiндiк деңгейiне қарай оқыту, тәрбиелеу бағытында жүзеге асатын технологияның түрi – деңгейлеп саралап оқыту технологиясы (Ж.Қараев)
7. Оқушылардың өз бетiмен жұмыс жасауына және қоғамдық белсендiлiгiнiң артуына әсер ететiн– дамыта оқыту технологиясы(Эльконин-Давыдов, Л.В. Занков, Г.Д. Кириллова, Г.И.Щукина т.б.);
8. Білім алушыларды ұжымда жұмыс iстеуге үйретуде, тiлдесiмде болуына, бiрiн-бiрi үйретуiне үлкен әсер ететiн технология – оқытудың ұжымдық тәсiлi жатады(В.Дьяченко, А.Соколов, А.Ривин, Н.Суртаева т.б.).
Бұл технологиялардың философиялық негiзiнде дамытушы, проблемалық, тұлғаға бағдарланған оқыту жатады. Олар білім алушыларға бiлiмдi дайын күйiнде бермей, тек баланың өз алдына iзденiп, өзiндiк дамуына жағдай жасатуға, белсендiлiкке, мәселеге сыни көзқараспен қарауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы әдісті тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.
Белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы осы орайда былай депті: «Шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу.»Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.
Оқыту процесінде
жаңа педагогикалық технологиялардың маңыздылығын айта отырып,
мектебіміздің даму жоспарына сәйкес мектебіміздегі өзекті
мәселелерімізді шешу үшін таңдалынып алынған Сын тұрғысынан ойлау
модуліне тоқталуды жөн санадым. «Сын тұрғысынан ойлау» американдық
көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған
жоба болып саналады. Жобаны жүйеге келтірген АҚШ ғалымдары Джинни
Стилл, Куртис Мередит, Чарльз Темпл.
Бұл жоба атақты ғалым
зерттеушілер Ж.Пиаже мен Л.С.Выготскийдің даму теорияларын
басшылыққа алады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасының мақсаты
барлық жастағы оқушыларға кез келген құбылыс пен заттарға, әрекет
пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін
таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету болып
табылады. 1978 жылы Канадада
Виндзор қаласында сын тұрғысынан ойлауға арналған Бірінші
Халықаралық симпозиум өткізілді. Шығармашылыққа баулуда сын тұрғысынан ойлау технологиясының
орны ерекше екені туралы осы симпозиумда көп
айтылды.
Ал Қазақстанда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы 90-шы жылдардан бастап белгілі бола бастады. Саданова Ж.К., Саданова С.К. сын тұрғысынан оқыту жобасының мынандай кезеңдерін атап көрсетеді: Бірінші кезең – қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» тағы басқа деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.Екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында «V» - «білемін», «-» - «білмеймін», «+» - «мен үшін жаңа ақпарат», «?» - «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.
Тақырып туралы ой толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өзі білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Эссе», «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Оқушыларды оқытуда «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын қолдану барысында оқушылардың өзара бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру, соның нәтижесінде олардың бойында өзара көмек көрсету, еркін түрде өз ойларын көпшілік алдында қорғау, басқалармен өзін салыстырып түзеу, өз-өзіне сыни көзқараспен қарау, сыни ойлауды дамыту, еркін қарым-қатынас жасау, өзін-өзі жетілдіру міндеттері шешіледі. Мұғалім алдын-ала сабақ жоспарын құруда түрлі интерактивті оқыту формаларын, СТО-ның әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы ұйымдастырады. Сабақ бір сарынды болып кетпеу үшін шағын топтар жұмыстарын, жарыстар, тренингтер ұйымдастырады. Себебі, психологтардың дәлелдеуінше іс-әрекетпен сана тығыз байланысқан ұғымдар. Іс-әрекетте болмаған нәрсе санада да қалыптаспайды. Сондықтан оқушылардың өзара бірлескен белсенді іс-әрекеті арқылы ғана саналы білімдер қалыптастыруға болады. Мұндай технологияны ендіруде жұмыссыз отыратын оқушылар болмайды. Оларда сабаққа деген қызығушылық жоғары болады, сабаққа қатыспаушылық болмайды, олар өздерінің даму динамикасын, жетілгендерін жақсы сезінеді. Аталған технологияны қолдануда әрбір оқушы түрлі қарым-қатынастық жүйелерге ендіріледі. Оқушылар өздерінің құрдастарымен ынтымақтастықта жұмыс істеу барысында өз білімін басқалардың білімімен салыстыруға, рационалды ойлау тәсілдерінің қалыптасуына және сонымен қатар дүниетанымын кеңейтуге мүмкіншілік алады. Сондықтан оқушыларда бірлесіп, бірігіп жұмыс істеу арқылы өз күштеріне деген сенімділік пайда болады, олар өздерінің жеке пікір иесі болуына құқықты екенін сезінеді, басқа бір пікірлермен салыстыра отырып дұрыс шешім қабылдауға, өзін-өзі бағалауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын ең басты педагогикалық түсінік.Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді.
Ғалым-әдіскерлер cыни тұрғыдан ойлау технологиясы оқушыны саналы түрде ізденуге, өзінің көзқарасын қалыптастыруға, басқалардың да пікірімен санасуға, өзіндік қате тұжырымынан бас тартуға көмектеседі. Аталған технология ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызды рөл атқарады.
Әдіскер-ғалымдар аталған технологияның төмендегідей сұраққа жауап іздеуге ықпал ететінін айтады:
-
Мен не білемін?
-
Мен жаңаша нені білдім?
-
Менің білімім қалай өзгерді?
-
Мен осы біліммен не істей аламын?
Жалпы сыни тұрғыдан оқыту ойлау технологиясы жан-жақты қолданылып жүр. Ол өзінің тиімділігін дәлелдеді. Сонымен сыни тұрғыдан оқыту технологиясы оқушының өзіндік және жеке ойлауын қалыптастырады. Оқушы өз ойлары мен пікірлерін білдіруге дағдыланады. Яғни оқушы үшін басқа біреу ойлай алмайды, сондықтан ол өз пікірін айтуға үйренеді.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы әдебиетті оқытуда аса тиімді деп танылады. Көркем шығарма негізінде өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алуға үйрететін бұл оқыту түрі сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдермен қисынын зерттеу дегенді де білдіреді. Сын тұрғысынан ойлау-ең алдымен шығармашылық ойлау. Шығармашылық сөзі «шығару», «іздену», «ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс-әрекеті деп тұжырымдалады.Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. (Л.С.Выготский) Оқушы шығармашылығын шыңдауға «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының берер көмегі зор.
Сабақта осы бағдарламаның әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болады. Мұнда ең бастысы оқушылар өз ойын шыңдап, кез-келген даму деңгейіне сыни көзбен қарай алады. Бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауды және бірін-бірі тыңдай білуді үйренеді. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығып отыратын оқушылар да өз ойларын аз да болса жүйелеп еркін айтатын болады. Сабақта оқушыларды орталықтарға бөлу кезінде сабаққа деген қызығушылығы артып, бір-бірімен пікір алмасып, еркін сөйлеуге үйренеді және сөздік қорлары молаяды.
Оқушы–ізденуші тұлға. Кез-келген пәнге оқушы қызығушылығын арттыру үшін дәстүрлі әдеттерге қоса хабарлама, көрнекі көрсету,безендіру әдістерін қолдану, сонымен қатар зертханалық және сарамандық тәжірибелерді дұрыс ұйымдастыра білу мұғалім шеберлігінің бір көрінісі.Адам топ ішінде ғана толығады десек, оқушылардың топтасып жұмыс істеуі өз әсерін береді. Ойды ой жетелейді. Сабақтың байланысып, бір-бірімен сабақтасып жатуына бағдарлама әдістерін пайдалану септігін тигізеді.Сонымен бірге оқушыларды сабаққа ынталандыру сабақ жоспарының түрлеріне де байланысты. Мәселен, жарыс сабақ, сахналау сабақ және ойын сабақтарын қолдану баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.
Қорыта келгенде, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі - ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Ал біз болсақ сол ұрпаққа білім нәрін себушілер мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту , болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқаратынымызды ұмытпайық дегім келеді.
Баяндама: Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту және шығармашылық ізденіс
Амиржанова М.А.
Алматы 2015
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама«Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту және шығармашылық ізденіс»

шағым қалдыра аласыз