Материалдар / Баяндама.Жаңартылған білім мазмұныгың тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама.Жаңартылған білім мазмұныгың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2021
448
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны



І. Кіріспе

І.1.Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты

І.2.Жаңартылған білім беру мазмұнындағы білімді бағалау

ерекшеліктері

ІІ.Негізгі бөлім

2.1. Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері

2.2.Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын жалпы ұғымдар

2.3.Критериалды бағалау жүйесін физика пәнін оқытуда қолдану

ІІІ. Қорытынды

ІV.Қолданылған әдебиеттер тізімі





















І.Кіріспе



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған технологиялардың, жаңа әдіс-тәсілдердің оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырудағы маңызы – білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. . Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

Елімізде әрқашан білімге құрмет көрсетілген. Білген адам білімді өмір бойы іздейді.Білім ғана адамды адам етеді, жетілдіреді және сақтайды. Адамның тырнақтап жинаған білімі - оның ешкім тартып алмайтын азығы болып табылады.

  Қоғамды өзгертуші де, оны жасайтын да адам. Тарихты жасайтын,  қандай қоғамның  да бет - бейнесін өзгертіп, бағытын жаңғыртатын да адам.  Адам өміріндегі мұғалім еңбегі өлшеусіз, адам тағдырында оның тәрбиесі мен тәлімінің алар орны  ерекше. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, ғылым негіздерінен білім беруші, екіншіден, білсем, үйренсем деген шәкірт арманы мен оның сырлы тағдырына бағыт беруші, үшіншіден, жаңалық жаршысы, ел болашағының мүсіншісі. Мұғалім еңбегі – қиын да аса жауапты іс. Мұғалімнің де, мектептің де міндеті – әр оқушыға терең білім беру. Сонымен қатар оқушының  ойлау қабілетін арттыру болып табылады.  Біліктілікті арттыру жүйесінде соңғы уақыттарда отандық педагогикалық технологиялармен қатар шет елдік, олардың ішінде  әлемдік озық идеялар негізінде жасалған жобаларды қолдану жақсы нәтижелер беруде. 











І.1.Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты



Білім беру үрдісіндегі заманға сай жаңа ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігінен сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға. Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді. Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай  өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына  ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне  пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес, педогогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құндылықтары да жатады.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды. ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтті. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады.

Сыни ойлау - менің ойымша адам өмірінің бір саласы. Олай болатын себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін ненің  маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата білуге көмектеседі. Бұл бағдарламаның дәстүрлі оқытудан  басты айырмашылығы -  білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты  – демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар, өз – өзін жетілдіріп отыратын,  айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

  Жалпы бағдарламадан  күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.



І.2.Жаңартылған білім беру мазмұнындағы білімді бағалау ерекшеліктері

Оқу үлгерімін бағалау маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Білім беру жүйесінде ұзақ жыл бойы оқушылардың білім – білік дағдысын бес балдық жүйеден негізделген дәстүрлі түрлі мынандай қайшылықтарға себепші: оқушы жетістігі басқа жетістіктермен бағаланып келді, оқушылардың жетістігі объективті және шынайы бағалануы болмады. Оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын жоғарлатуға нақты критерийлер жоқ, мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс болған жоқ,бес балдық жүйенің қазіргі кезде қанағаттандыра алмауы, дәстүрлі әдіс – тәсілдер қолданылды, басқа да тәртіп жетіспейтін нормативтік құралына айналды.

Білім саласында және оқушы танымындағы өзгерістер арасындағы қайшылықтар, қоғамдағы сұраныстың өзгеруі, бір және екі деген баға болғанымен іс – жүзінде қолданылмайды. Оқушыны бағалауда субъективтілік және бағалаушыға тәуелділік бар.

Бағалау кезінде мынандай мақсаттар болуы мүмкін:

  1.    Оқытудың қиындықтарын анықтау;

  2.     Оқыту жетістіктеріндегі кері байланыс;

  3.     Уәж;

  4.    Болжау;

  5.    Стандарттауды бақылау;

  6.    Бағдарламаның мазмұн мен стилін бақылау бұл келтірілген барлық бақылаудың түрлері интерпретациялау қортындылауды қамтиды.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі білім беру оқыту үдерісінде әдіс – тәсілдердің барлық түрлеріне байланысты болады. Оқушылардың алға қою мақсатында, жұмыс нәтижелерінде  өз – өздерін бағалай үйренді.

Оқуды бағалаудың мақсаты – оқушылардың оқып білгенін жинақтау. Мұғалімнің іс – әрекетіне қарай, шеберлігіне қарай оқушыларды бағалауды бірнеше әдіс – тәсілдер қолдана аламыз. Мысалы: жеке, жұптық, топтық, жиынтық, қателерді табу және салыстырмалы түрде өз – өздерін бағалау және кері байланыс. Критериалды бағалау –оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша  салыстыруға негізделген үрдіс.

Оқушылардың мұғалімге деген сенімі артып, көзқарасы өзгере бастады. Әйтсе де, баға оқушылардың кемшіліктерін табу үшін, әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан тұрады және бала келесі балаға баға қоймайды тек қана бағалайды, бірақ осындайда оқушыларға әділ баға қою қиын, себебі тапсырманы бірлесіп орындағанда оқушының білімін анықтау қиындатады. Сондықтан, формативтік бағалау жиынтық баға беру болып табылады.

Тұлғаның өзіндік жауапкершілікке, тұлғаның нәтижеге, бағытқа жеткіземіз. Білім алушылардың дайындық деңгейлері мен өсу динамикасын бізге келгенде анықтай аламыз. Және де әртүрлі жұмыстарды алған білімдерін диференция талдауға қол жеткіземіз. Бірақ та осы бағалауды дұрыс, толық, нақты жүйесін жасатып тарату бүгінгі біз бен сіздің жұмысыңыз.                                                                                         

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім сапасын арттыру мақсатында критериальдық бағалау жүйесін дамыту маңызды екендігі сөзсіз.

Мектеп дамуының қазіргі кезеңінде білім сапасын бағалау жүйесін өзгерту немесе жаңарту мәселесі неліктен пайда болды? Ол үшін ең әуелі, мәселенің туындауына себепші болып отырған мынадай қайшылықтарды қарастыру қажет:

1.      бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы( бағаның субьективтілігі, нақты бағалау критериінің болмауы- бағалаудың дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы ақпараттың болмауы);

2.      оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қарым-қатынастар сипаты арасындағы қайшылықтар;

3.      білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер мен осы жүйені басқарудың сипаты арасындағы қайшылықтар.

4.      әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі

Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек.

Оқушының құзіреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялар мен бағалау жүйесінің алатын рөлі зор. Ал бұл өз кезегінде бағалау жүйесіндегі дамытушылықты қажет етеді.

Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі қалыптасқан уақытта ол оқушының білім деңгейін көтеруді негізге алып құрылған болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған.





ІІ.1. Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері

Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі- нормативті, яғни қандай да бір белгіленген нормамен салыстыру арқылы бағаланады. Критериалдық бағалау жүйесі нормативті бағалау жүйесіне жатады. Критериалдық бағалау жүйесі-Халықаралық бакалавриат мектептерінде кең қолданылады. Бұл бағалау жүйесі- білім алушының құзіреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі.

Критериалды бағалау –оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша  салыстыруға негізделген үрдіс.

 Критериалды бағалаудың міндеттері:

v  Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;

v  Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

v  Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

v  Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;

v  Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

v  Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.

Критериалды бағалаудың артықшылықтары:

•         Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

•         Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;

•         Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;

•         Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;

•         Білім берудің сапасы артады;

Критериалды бағалау:

Мұғалімдерге:

•         Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;

•         Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;

•         Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;

•         Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып,  оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;

•         Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

•         Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Оқушыларға:

•         Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;

•         Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;

•         Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.

Ата-аналарға:

•         Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;

•         Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;

•         Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. [1]



ІІ.2.Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын жалпы ұғымдар

 

Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:

Қалыптастырушы және қорытындылаушы бағалау:

•         Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін  қолданылады.

•         Қорытындылаушы бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың немесе модульдің соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының жетістіктерін бағалау үшін қолданылады.

Қалыптастырушы бағалау:

Ø  Күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі (өздік жұмыстар, тесттер т.с.с.)

Ø  Оқушыға өз жұмыстарын өңдеуге және жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі;  

Ø  Мұғалімге оқушының материалды меңгергені туралы  ақпарат жинақтауға, талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.

Қорытындылаушы бағалау:

Ø  Әрбір бөлім соңында өткізіледі(бақылау жұмысы немесе қорытынды сынақ жұмысы

Ø  Оқушыларға  әрбір бөлім бойынша өз білім деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік береді

Ø  Мұғалімге оқушылардың жетістіктері туралы қорытынды пікір жасауға жәрдем береді.

Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Кіріктірілген білім беру бағдарламасында физика пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.

Мен өз сабақтарымнан мысал келтіріп кетсем, «Күш.Деформация» тақырыбында оқушы күш жайлы 7 сынып жаңа фактілерді, сондай - ақ күш түрлеріне жататын қасиеттерін қабылдайды. Бұл білімді қабылдау деңгейіне жатады.
1- деңгей – білу;түсіну, яғни қабылдаған жаңа мәліметті пысықтап бекіту, өз сөзімен естігенін айтып беру. Мысалы: Күштердің өмірде алатын орны.
2- деңгей – Қолдану;талдау Қабылдаған білімді формула бойынша тұжырымдау, есеп шығара білу, ұқсас мысалдар келтіру.
3- деңгей – Жинақтау;бағалау Оқушы алған білімін, сабақтың мәнін түсіндіре білу, басқа фактілермен салыстыра отырып, қорытынды жасай білу. Қарапайым түрде күштер жайлы есептер шығара алады. Бұл білім деңгейін анықтау «Блум таксономиясы» болып табылады.

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу  қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.  Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің  жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы  көңілді қуантады. 



ІІ.3. Критериалды бағалау жүйесін физика пәнін оқытуда қолдану



Елімізде әрқашан білімге құрмет көрсетілген. Білген адам білімді өмір бойы іздейді.Білім ғана адамды адам етеді, жетілдіреді және сақтайды. Адамның тырнақтап жинаған білімі - оның ешкім тартып алмайтын азығы болып табылады.

  Қоғамды өзгертуші де, оны жасайтын да адам. Тарихты жасайтын,  қандай қоғамның  да бет - бейнесін өзгертіп, бағытын жаңғыртатын да адам.  Адам өміріндегі мұғалім еңбегі өлшеусіз, адам тағдырында оның тәрбиесі мен тәлімінің алар орны  ерекше. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, ғылым негіздерінен білім беруші, екіншіден, білсем, үйренсем деген шәкірт арманы мен оның сырлы тағдырына бағыт беруші, үшіншіден, жаңалық жаршысы, ел болашағының мүсіншісі. Мұғалім еңбегі – қиын да аса жауапты іс. Мұғалімнің де, мектептің де міндеті – әр оқушыға терең білім беру. Сонымен қатар оқушының  ойлау қабілетін арттыру болып табылады.  Біліктілікті арттыру жүйесінде соңғы уақыттарда отандық педагогикалық технологиялармен қатар шет елдік, олардың ішінде  әлемдік озық идеялар негізінде жасалған жобаларды қолдану жақсы нәтижелер беруде.  Сыни ойлау - менің ойымша адам өмірінің бір саласы. Олай болатын себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін ненің  маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата білуге көмектеседі. Бұл бағдарламаның дәстүрлі оқытудан  басты айырмашылығы -  білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты  – демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар, өз – өзін жетілдіріп отыратын,  айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

  Жалпы бағдарламадан  күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.

Оқу үлгерімін бағалау маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Білім беру жүйесінде ұзақ жыл бойы оқушылардың білім – білік дағдысын бес балдық жүйеден негізделген дәстүрлі түрлі мынандай қайшылықтарға себепші: оқушы жетістігі басқа жетістіктермен бағаланып келді, оқушылардың жетістігі объективті және шынайы бағалануы болмады. Оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын жоғарлатуға нақты критерийлер жоқ, мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс болған жоқ,бес балдық жүйенің қазіргі кезде қанағаттандыра алмауы, дәстүрлі әдіс – тәсілдер қолданылды, басқа да тәртіп жетіспейтін нормативтік құралына айналды.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі білім беру оқыту үдерісінде әдіс – тәсілдердің барлық түрлеріне байланысты болады. Оқушылардың алға қою мақсатында, жұмыс нәтижелерінде  өз – өздерін бағалай үйренді. Мен өз сабағымның өту барысына, әдіс-тәсілдеріме қарай оқушыларды бағалаудың бірнеше әдіс – тәсілдерін қолданамын. Мысалы: жеке, жұптық, топтық, жиынтық, қателерді табу және салыстырмалы түрде өз – өздерін бағалау және кері байланыс арқылы оқушылардың алған білімдері мен бағасын анықтауға мүмкіндік аламын.

Мұғалім үшін бірінші маңызды қадам барлығына түсінікті болатын бағалаудың анық көрсетілген құрылымы мен моделі. Бұл бағалау компоненттерін логикалық талдау (алған білім, дағдыларды түсіну және қолдану) немесе теорияны зерделеу немесе оқушының тәжірибелік зерттеулерін жинақтау (өзіндік бақылау немесе зерттеу нәтижелерінің дәлелдерін алу үшін теория мен тәжірибені пайдалану) арқылы сипатталады. Тіпті нені бағалайтынымызды бақылау мүмкін жағдайда да (мысалы, бақыланатын жұптық, топт

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!